Менің мотивациям



Дата07.02.2022
өлшемі4,77 Kb.
#95420
Байланысты:
Менің мотивациям Төкенов Махамбет Д-20-1к


Менің мотивациям
Мен жоғарғы оқу орнында оқимын. Әке-шешем бар, тұрмыс жағдайым жаман емес. Алайда менде өмірге деген құлшыныс жоқ. Не үшін өмір сүріп жүрегенімді білмеймін. Өз сүйген ісіммен айналыса отырып, оны не үшін жасап жүргенімді түсінбеймін. Мен нақты бір өмірдің мағынасы мен мақсатымды іздеймін. Мақсатыма жеткен сайын қатты қуанамын, алайда ол қуанышым өзіме мұның бәрін не үшін істеп жүрмін деген сұрақ қойғанда су сепкендей басылады. Себебі мен бұл сұрақтың жауабын таппаймын...
Өмірдің мәні мен өмірге деген құлшыныстың жоғалуы» деген сынды психологиялық жағдайды немесе депрессияны кез келген адам өмірінің әртүрлі шағында басынан өткеруі мүмкін.
Ақыл-есі дұрыс адамның толыққанды өмірін белгілі бір мақсатсыз, құлшыныссыз, талпыныссыз елестету қиын. Кейде алға жылжудың жоқтығын, өзіміздің дамуымыздағы тоқырауды сезінеміз. Сондай уақытта сиқырлы күш бізді демеп жіберсе екен дейміз. Алайда шын мәнінде біздің сиқырымыз – мотивация екенін көпшілігі біле бермейді. Өмірге деген құлшынысыңызды жоғалттыңыз ба? Ендеше оның қайта пайда болуына жағдай жасаңыз. Өмірдің мәні де сол: әркім өзінің мотивациясын өзі құрайды, өзі жасайды.
Бізге, адамдарға, әрқашан бірнәрсе жетіспей тұрады. Біздің ойымызша, уақыттың жетіспеушілігі, дәл қажетті сәттің болмауы немесе дайындықтың болмауы – бізге әрдайым кедергі болады. Шын мәнінде, біздің әрекетсіздігіміздің басты себебі – жеткілікті дәрежедегі мотивацияның болмауы.
Телехикая көріп отырып, көп қаржы табатыныңа сеніп отыруға, тамақ жеп отырып, міндетті түрде арықтайтыныңа, ұйықтайын деп жатып, жұмыс істеп үлгеремін деп тығы сол сияқты көп әрі ұзақ ойлауға болады. Төсекте жатып ауызбен айту – аса жеңіл, ал орныңнан тұрып әрекет ету – қиынырақ. Себебі ол күш-жігерді, талпынысты талап етеді. Мотвация – өмірдің мәні және жетістікке жетудің жолы. Ал мотвацияны әркім әртүрлі заттан, әртүрлі жерден, айналасындағы адамдардан іздеуі мүмкін.
Мен мотивацияны ата-анамның күлімдеген жүздерінен, маған қолдау білдіретін жылы сөздерінен аламын.Жәнеде мотивация пайда болуы үшін мен үшін жақсы музыка тындап далада табиғатқа қарап жүрып қайту да жеткілікті.Ең бастысы жанымда мотивация беретін адамдар көп. Сол адамдардың арқасында көптеген жетістіктерге жетіп жатырмын Мотивацияны көп адамдар уақытша дейді. Дәл қазір бір затқа шабытың, мотивацияң ашылғанымен, келесі күні ерініп істемей қоясың.
Сен қандай жағдаймен жолықсан да, ешқашан өз жігеріңді жоғалтпау керексің. Мотивация болмаса сен өзіңді бір іспен айналыстыра алмайсын. Сол үшін мотивацияны жоғалтпау керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет