Мәнжазба тақырыбы: ҚР мен тмд елдеріндегі баскетбол ойыны оның дамуы және тарихы Орындаған: Совет А. Тексерген: Муса А



Дата07.02.2022
өлшемі43,49 Kb.
#91613
Байланысты:
дене шынықтыру 7 тапсырма


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

МӘНЖАЗБА
Тақырыбы: ҚР мен ТМД елдеріндегі баскетбол ойыны оның дамуы және тарихы


Орындаған: Совет А.
Тексерген: Муса А.

2020-2021жж
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
1.Баскетболдың даму тарихы
2.Ойын техникасы
3.Ойын тактикасы
4.Ойын техникасын үйрету методикасы
5 Қорытынды

Баскетбол ағылшын тілінен аударганда «basket» себет жане «ball» доп деген сөзді білдіреді.Баскетбол камандалық спорттық ойын,оның мақсаты қарсыластың торын қолмен доп түсіру,сонымен қатар қарсылас каманда допты салдырмау әрекетін жасайды.
Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды.Бұл суретті көріністің казіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төрт бұрышты алаң табылған.Алаңды қоршаған таста соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы төрілген.

КІРІСПЕ
Баскетбол ағылшын тілінен аударганда «basket» себет жане «ball» доп деген сөзді білдіреді.Баскетбол камандалық спорттық ойын,оның мақсаты қарсыластың торын қолмен доп түсіру,сонымен қатар қарсылас каманда допты салдырмау әрекетін жасайды.


Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды.Бұл суретті көріністің казіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төрт бұрышты алаң табылған.Алаңды қоршаған таста соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы төрілген.
Сонымен қатар 1603ж Дитрих Брустың салынған суретінде де қазіргі баскетболға ұқсастығы болған.
1818жылы Фата энциклопедиясында Флориада тұрғындарының ойыны жазылған,онда бағанаға ілінген торға допты көздегені тұр.
1891ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойының негізгі принціптерін құрастырды олар осы күнге дейін маңызын сақтады.
Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихы даму қорытындысы.Уақыт өте келе,тәсілдердің саны да өзгерді.Әр бір тарихи уақыт кесіндісі көп деген ұтымды тәсілдерді ұсынды.Сондықтан,қәзіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білуі қажет және қәзіргі заманғы ең тиімді әдістердің бастысын анықтайтын ойының даму тенденция арсеналын білуі қажет.
Жіктеу-ол белгідегі барлық әдістер мен тәсілдер бөлім мен топ бойынша танықталған белгі негізінде топтастыру.
Техника-ол ойынның тәсілі,ойыншылардыңқорғаны мен шабуылда нәтижені әрекеттерін қамтамассыздандырып,команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады.
Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасымен әдісінің тарихи даму қортындсы.Уақыт өте келе,тәсілдердің саны да өзгерді.
Ойынның белсенді түрде дамуы қазіргі заман техникасының алуан түрлілігіне алып келеді.Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуылын сипаты жай және рационалды,ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық,тиімділік пен дәлдікпен үйлестіреді.
Қазіргі уақытта белгілі бір шарадағы тактика әдістердің дұрыс орындалуы сипатын анықтайды,соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайдағы ойыншылардың өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып тұруы керек.
Баскетболдың даму тарихы.
Баскетбол ағылшын тілінен аударғанда»basket»себет және»boll»доп деген сөзді білдіреді.Баскетбол командалық спорттық,оның мақсаты қарсыластың торына доп түсіру,сонымен қатар қарсылас команда допты торға салдырмау әрекетін жасайды.
Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында,бағытта,түрлі жылдамдықпен орындай отырып,адам ағза жүйесінде және ішкі құрлыстарына жақсы әсер алады.
Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоционалды жүктелген және үлкен қуанышқа бөленіп,қанағат алады.Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор.
Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды иемден отырып,өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге,денсаулықты сақтауға,көңіл көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.Баскетбол ойынымен балалар 9-10 жасынан бастап айналысуына болады(өз жастарына лайықты құрал жабдықтарды қолдана отырып)
Баскетболдың шығу тарихы
Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды.Бұл суретті көрінісінің қазіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төр бұрышты алаң табылған алаңды қоршаған тастан соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы тро ілінген.
Майя және кейінірек ацтек құдайшыларды бұл ойынды өз тілінде»Пок-то-пок»деп атаған.Бұл ойын ұнемі құдайдың құрметіне арнаған мейрамдарда өткізілген.Доп резеңкеден жасалған,ішіне шөппен толтырылған допты қарсыласының торына түсіру қажет болған.
Сонымен қатар1603жылы Дитрих Брусьтың салған суретінде де қазіргі баскетболға ұқсастығы болған.1818жылы Фата энциклопедиясында Флорияда тұрғындарының ойыны жазылған,онда бағанаға ілінген торға допты көздегені туралы жазылған.
1891ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойынның негізгі пинціптерін құрастырды,олар осы күнге деиін маңызын сақтады.
Бұл пинциптері төмендегідей:
— Қолмен доп ойнауға болады,бірақ допты ұстап жүгіруге болмайды:
— Екі команданың барлық ойыншылары қай уақытта,қандай қалыпта болсын допты ұстай алады.
— Екі команда да алаңның бір бөлігінде бола алады:
— Ойыншылар бір-бірінің денесіне қай жері болмасын тиісуге болмайды.
— Допты тастайтын орын көлденең жерде және белгілі бір биіктікте орналасқан.
Баскетбол ойыны өте жылдам тарай бастады және бұл ойынды дүние жүзінің түкпір-түкпірінде ойнай бастады.1-ші халықаралық кездесу 1919 ж АҚШ,Италия,Франция елдедер армиясының командаларының турнирінде болды.1923 ж Франция,Италия,Чехословияның әйелдер командасының турнирі өтті.
1932 ж Халықаралық баскетбол федерациясы құрылды.1935 ж Женевада 1-ші Европа чемпионаты өтті,Ливия құрама командасы жеңінпаз атанды.
1938 жылынан бастап әйелдер 1-шілігі өте бастады.Италия командасы 1-ші чемпион атанды.Қазір Европа чемпионаты 2 жылда 1 рет өткізіліп тұр.
1950 жылы ерлер арасында әлем 1-шілігі өткен,1953 жылынан бері әйелдер арасында өткізіліп келеді.Ерлер арасында әлем біріншілігінің 1-ші жеңінпаздары Аргентина ал әйелдер арасында АҚШ құрамалары болды.Қазіргі кезде әлем 1-шілікгі 4 жылда 1рет өткізілді.
1936 ж Берлинде өткізілген олимпиадалық ойындарда ерлер арасында АҚШ құрамасы чемпион атанды.1976 ж Монреонда әйелдер арасында КСРО құрама командасы чемпион атанды.
Ойын техникасы.
Техника-ол ойынның тәсілі ,ойыншылардың қорғаныс пен шабуылда нәтижелі әрекеттерін қамтамасыздандырып,команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетуін ұймдастырады.
Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихи дамуы қорытындысы.Уақыт өте келе,тәсілдірдің саны да өзгерді.Әр бір тарихи уақыт кесіндісі көптнген ұтымды тәсілдерді ұсынады.Сондықтан,қазіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білу қажет және қазіргі заманға ең тиімді әдістердің бастысын анықтайтын ойынның даму техденсия арсеналын білу қажет.
Ойынның белсенді түрде қазіргі заман техниканың алуан түрлілігіне алып келді.Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуыл сипаты жай және роционалды,ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық,тиімділік пән дәлдікпен үйлестіріледі.Қазіргі уақытта белгілі шарадағы техника әдістердің дұрыс орындалу сипатын анықтайды,соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайға ойыншыларының өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып әр түрлі,алуан түрлілігімен сипатталады.Яғни,барлық қозғалыстардың көмегімен әр түрлі әдістер жүзеге асырылады,ол былыққан сипат болмай,белгі бар заңдылықпен қалыпты жағыдайда қайталанады,оларды топтастыруға және жүйелеуге болады.
Жіктеу-ол белгідегі барлық әдістер мен тәсілдерді бөлім мен топ бойынша анықталған белгі негізінде топтастыру.
Бұрын осындай барлық белгінің санына қозғалыстың кинематикалық және динамикалық құрылымының өзгешелігі,әрекет сипатын белгілеуге қатысты еді.Әрекетті сипаттау бойынша барлық қозғалысты екі үлкен бөлімге бөлуге болады:Шабуыл техникасы мен қорғаныс техникасы.Олардың әрқайсысына доппен және допсыз орындалатын қимылдың әртүрлі сипатты топтпар кіреді:ауысу техникасы,допқа ие болу техникасы, допты менгеу техникасы және тәсілдерге қарсы әрекет.
Ауысу техникасы
Барлық ойын барысында баскетболшы кенеттен болатын,әр түрлі әрекет орындауға дайын болуы қажет.Сондықтан ол әрдайым дайындық кезеңде болуы керек,яғни бұл оған қажетті тапсырманы орындауға мүмкіндік береді. Мүның бастапқы рөлі алға 1.
Техника-ол ойынның тәсілі,ойыншылардың қорғаныс пен шабуылда нәтижелі әректтерін қамтамассыздандырып,команда ішінде ойыншылардың бірігіп әректтесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады.
Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихи даму қортындысы.Уақыт өте келе,тәсілдердің саны да өзгерді.Әрбір тарихи уақыт кесіндісі көптеген ұтымды тәсілдерді ұсынады.Сондықтан,қазіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білуі қажет және қазіргі заманға ең тиімді әдістерінің бастысын анықтайтын ойынның даму тенденция арсеналын білу қажет.
Ойынның белсенді тұрде дамуы қазіргі заман техникасының алуан түрлілігіне алып келеді.Олашық көрсетілген динамикалық шабуыл сипаты жай және рационалды,ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық,тиімділік пен дәлдікпен үйлестіреді.Қазіргі уақытта белгілі бір шарадағы тактика әдістерінің дұрыс орындалу сипатын анықтайды,соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайдағы ойыншылардың өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып тұруы керек.Кез- кеген уақытта қарсыласынан допты алуға дайын болу қабілеттілігі мен бір қалыпты жағыдайды сақтау негізгі талап болып табылады.Бір қалыпты жүгіру ойынның ауысу жұмсақтығымен оның еркіндігімен ерекшеленеді.
Жұлқыну-тез шапшаңдау.Жұлқұнудың көмегімен қарсыласынан жұлып алу және бағытты өзгерту іске асырылады.Жұлқыну үшін жақын қашықтықта жүгіру қолданылады.
Қосымша қадам-қимыл бағыты бойынша бірінші тұратын аяғы баскетболшының тік тұру қадамынан басталады.Бір уақытта жұмсақ,айнымалы қозғалыспен екінші аяқ оған тартыла түседі.Қорғаныста қарсы әрекетке тәсілдерді қолдануда олар ерекше кең пайдаланады.
Секіру-барлық үйлесімді тәсілдерменбірге қолданылады және оның еш қарсы әрекетсіз және оның еш қарсы әрекетсіз және тиімді орындауына жақсы жағдай жасайды.Секіру екі аяқпен және бір аяқпен секіру болып бөлінеді.
Екі аяқпен жұлқына секіру тік тұру негізінде орындалады.Секіріс сәл ғана шамалап отырып алаңнан аяқтың бүгілуімен қоса қалдың алға жоғары бағытта серпілуі арқылы орындалады.Секіріп жерге қайтадан түскенде,тізкнің бүгілуі,жерге жайлап түсуге бір уақытта тік тұруына көмектеседі.Бір аяқпен жұлқына секіріп ол тек жүгіру кезінде орындалады.Жүгірудің соңғы қадамы жай қадамға қарағанда бір шама үлкенірек болады және алаңға бірінші өкше тиеді.Осы себептен отырыстың табиғи жағдайы қалыптасады,бұл алаңнан өзін итеру кезінде керек.Ұшудың жоғары нүктесінде бұлғанған аяқ жайлап жерге түседі,сона баскетболшы толығымен ұзарады.Жерге түсу екі бүгіліп жасалған аяқпен жасалады.
Аялдау-бұл әдіс,бір шама ауысуды тақтатуға мүмкіндік береді,яғни қарсылыс топтың уақытын немесе ене белсенді кедергісіз әрекеттердің орындалу арақашықтығын ұтуына мүмкіндік береді.Аялдаманын екі тәсілі бар:екі қадам,секіру.Екі қадаммен аялдау аялдамаға дейінгі сонғы қадам жүгірістен кейінгі үлкен болдады,аяқтың қайырылыстан кейін аялдамадағы баскетболшының денесі біршама бір жаққа қарай ығысады,ол қарсы қозғалысқа байланысты болады. Жерге түсу аяқтың бүгілуімен яғни сәл отырынқырап орындалады.Екінші аяқ алға қарай яғни бастапқы қозғалыстың бағытына қарай қойылыды,баскетболшы тірек алған жаққа қарай бұрылыды.Тіреуші аяғы амортизация функциясы мен қозғалыстың жылдамдығын баяулату үшін қолданады.Жүгірістің жылдамдығы коп болған сайын жерге қону кезіндеол қатты бүгіледі.Екінші қадам тоқтату функциясын орындап дененің еш бір қалыптылығын жоғалтпайды,тіреу шегінде бір қалыпты ұстап тұру мен қамтамасыз етеді.
Секіру аялдау.Алаңнан денені итергенен кейін келесі жерге түскендегі жүгіріс қадамы,ал алдындағы тәсіл сияқты бірден екі аяқпен орындалады.
Бұрылыстар арқылы ойыншы допты қарсылысынан қорғап қала алады және де сол шарттар бойынша ойыншы қарсыласына жақындай және алыстай алалады.Бұрылыстар алға және артқа қарай болады.Келесі аяқ бұрыла қара қадам жасайды.Егер бұрылыс кезінде ойыншының кеудесі алға бұрылса,бұрылыс алға қарай болады,егер әрекет артқа қарай болса,демек бұрылыс артқа қарай болады.Тіреу болатын аяқтың бүгіліп тұрып тіке тербеліссіз ось айналасында айналуы негізгі талап болып табылады.
Допты билел техникасы.
Допты билеу техникасының қабылдануына тосып алы,қолға беру,допты басқару және жүгіріс жатады.
Тосып алу-баскетболистің допты басқару тәсілі.Сәтті тосып алу басқа тәсілдердің сәтті орындалуын қамтамасыз етеді.Егер ойыншы өз әрекетін белгілепалмаса,доп бел жаққа келіп тиеді.
Екі қолмен тосып алу.Допты алу үшін қолдарды жарты шар тәрізді етіп доп сыйып нететіндей дөңгелек жасап,қарсы ұшып келе жатқан допқа қарсы тосады.Допты тосып алысымен келесі тәсілді орындауға дайындалады.Қолдың иілуі доптың ұшу жылдамдығының амортизациясын қамтамасыз етеді.
Қолдар ертерек иелгіндіктен доп қолға тигенде ұрылмауды керек.
Бір қолмен тосып алу.Бұл тәсіл екі қолмен тосу мүмкіншілігі болмаған жағдайда немесе келесі бір қолмен орындалатын балса қолданылады.Тосусоңында келесі қолмен тіреуге болады.Қолды доптың ұшу биіктігіне қарай сәйкес көтереді.Доптың ұшу траекториясын көріп бақылау маңызды шарт болып табылады.
Қолдан-қолға беру-ойыншылардың бір-бірімен бірлесіп әрекет қылуына және допты торға жақындатуға көмек тесетін ең басты тәсіл.Оны орындаудың түрлі тәсілдері бар,олар бастапқы қалыпқа және әрекет өзгешегіне байланысты.Кез-келген қолдан-қолға беруді дайындау фразасы доптың бастапқы қалпына келуін қамтамасыз етеді.Негізгі фразаның әрекетін керекті бет бұрыс пен доптың ұшу жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Қолдан-қолға беруді тпотастыруды оның алдынғы қалпына байланысты.Негізінде 3 құрылым бар:
а) Негізгі қалыптағы доп иықтан биік жерде тосылады.Бұл жағыдайда саусақ бастары иін алдында немесе иінде сүйеніп болады.Бұл тәсіл қолдың сәл бүгілуі және білезіктің көмегінен орындалады 2 және 1 қолмен допты жоғарыдан беру жатады.
Екі қолмен жоғарыдан қолдан-қолға беру қарсыластың белсенді қарсы әрекетінің қолданылады. Бұл жағыдайда доп бастан жоғарыда,ал шынтақ алда болады.Қолдың жай ғана бүгілуі арқылы доп ойыншының серігіне беріледі.Бір қолмен жоғарыдан қолдан-қолға беру доптың бір білезіктегі негізі қалпы.Алдыға қарай жасалған әрекет арқылы қол бүгіледі және білезік допқа шарпа тиуі арқылы доп қолға беріледі.
ә)Бастапқы қалыпта қол шынтақ бүгілген қалыпта допты ұстап тұрады.Қолдан-қолға беру допты кеуде тұстан лақтыру арқылы қолданады.Оған кеудеден екі қолмен лақтыру,бір қолмен иықтан лақтыру сияқты тәсілдер жатады.Кеуде тұстан екі қолмен қолдан-қолға берілу.Бұл тәсіл алты метірлік қашықтықта допты дәл және тез беруге мүмкіндік жасайды.Бастапқы қалыпта доп кеуде тұста тұрады.Қолдардың алға қарай иілуі мен аяқтардың да сол уақытта иілуі арқылы немесе алдыға бір қадам білезіктердің белсенді әрекеті арқылы доп керекті бағытқа лақтырылады.Иық тұсынан бір қолмен қолдан-қолға беру.Бұл тәсіл едәуір қашықтыққа тура лақтыруға мүмкіндік береді.Бастапқы қалыпта допты бір қолдың білезігінде иық тұсында ұстап тұрады.Екінші қол оның тіреуі болады.Қолды сермеу кезінде ойыншы беретін қолға қарай бұрылып қайтадан бұрылғанда қол иіліп доп керекті бағытқа қарай лақтырылады.
б)Бастапқы қалыпта доп белден томенгі қалыпта болады және беріліс серлеу әрекеті арқылы орындалады.Осы принципке байланысты екі қолмен төмене қолдан-қолға беру,бір қолмен бас үстінен қолдан-қолға беру әрекеттері ұйымдастырылады.
Екі қолмен төменен қолдан-қолға.Доп кең ашылған саусақтар арқылы жанынан артынан тосылады.Бір қолмен төменен қолдан-қолға беру.Бастапқы қалыпта доп ойыншының бір қолының білезігінде болады,ал қолдың алақаны бүйір тұста болады.
Лақтыруға. Лақтыруға дайындалу және кәрзенкеге дәл тию ойын мақсатын құрайды.Лақтырудың дәлдігі көптеген факторларға байланысты,жақсы техника болып табылады,ал басқа факторлардың теріс әсерін төмендетеді және жәлдік қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.
Кәрзеңкеге лақтыруды берілістің барлық тәсілдері иен орындауға болады.Ең көп тараған түрі екі қолмен кеуде тұсынан лақтыру,екі қолмен жоғарыдан лақтыру,бір иықтың тұсынан лақтыру,бір қолмен жоғарыдан лақтыру.Екі қолмен кеуде тұсынан лақтыру.Негізі бір орында орындалады,алыс және жақын қашықтықтан орындалған да әсерлі болады.Бастапқы қалыпта доп кеуде тұсында болады.Аяқтардың біреуін сәл алға қойу болады.Аяқтардың иілуімен қатар,олар жоғары қарай тұзу көтеріледі.Соңғы кезде ойыншының денесі мен қолдары жоғарыға қарай созылады.Екі қолмен жоғарыдан лақтыру.Доп бастың үстінде кеңінен ашылған қолда орналасады,алақан алға қарай орнатылады,шынтақ барынша төмен түседі.Аяқ бүгіліп дене жоғары көтеріледі және ол қолдың шынтақ тұсының бүгілуімен бірдей тұзуленеді.Осы әрекет арқылы доп кәрзенкеге жөнелділеді.Бір қолмен иық тұсынан лақтыру орта және жақын қашықтықтан шабуыл жасау үшін қолданылады.Бастапқы қалыпта доп иық тұсында болады,қолдың басы алға қаратылады.Доп астынан екінші қолмен тіреледі.Аяқты бүгіп доп бар қол жоғары жіберіліп,бір қалыпты,жұмсақ әректпен доп нысанаға лақтырылады.Сонғы кезде қол тегісімен созылып ,денінің ауырлық орталығы алда тұрған аяқа ауысады.Бір қолмен жоғарыдан лақтыру қарсы әрекетте әсері болып келеді.Допты дегеніне жеткізу үшін ойыншы жоғары секіріп,созылған қалпымен,ашылған саусақтармен допты жоғарғы нүктеде қарсы алуы керек.Жұмсақ әрекетпен допты кәрзенкеге қарай итеріп жібереді.
Секіріп лақтыру.Секіре лақтыру қандайда болса тәсілмен орындалады.Секіру үшін ойыншы екі және бір аяғымен де жұлқына көтеріле алады.Баскетболда «секіре лақтыру» термині екі аяқтап секіріп бір немесе екі қолмен жоғарыдан лақтыру дегенді білдіреді.Бұл жерде негізінен секіру мен лақтыру түйіседі.
Лақтыру үшін бастапқықалыпқа екі жолымен шығуға болады:
1)Ойыншы бел тұсындағы добымен тік тұрады.Содан кейін,секіріп допты бастапқы қалыпқа алып келеді,секірудің жоғаргы нүктесіне жетіп,қол бүгіліп нысанаға бағытталады.Бұл тәсіл көбінесе егер лақтыру бастапқы орында орындалса қолданылады.
2)Ойыншы тік тұрып допты ұстап лақтыруға негізгі қалыпта тұрады,содан соң секіріп лақтырады.Бұл тәсіл кобінесе ойыншының әрекетінен кейін қолданылады.
Жүргізу(басқару)-допты ұзақ ұстай алаңды соққылау.Егер доп ұзақ қолда тұрса,жүгіру бітті деген сөз.Допты жүргізу үшін сәл бүгілген аяқтарға ауысып тұру керек.Допты еркіндікте басқару үшін оны алды жақта,бүйір тұсында ұстау керек.
Қарапайым басқаруда доп қайтадан көтерілгенде белге дейін не жоғарыға жетеді.Төмендеген секіріспен басқаруда допты алаңға жақын жерде қарсы алу керек.Мұндай ойыншы аяғын қаттырақ бүгеді,допты соғу көбіне колдың басына жүктеледі.
Допты иелену және қарсы әрекет техникасы.
Допты иелену тәсілдеріне қағып алу,жұлып алу және қалқаннан секіргенде алу жатады,ол қарсы әрекет тәсілдеріне адастыру,жұлып алу,лақтырғанда тартып алу жатады.
Бұл тәсілдердің ерекшіліктері қарсы әрекеттің тәсілінің таңдауы,оның атқарылу уақыты,әрекет озгешілігі әр қашан доп басқаратын қарсыласқа байланысты.Оның әрқашан әрекеті бірінші болып жасауға мүмкіндігі бар.
Қағып алу-қорғаныс техникасының ең белсенді тәсілдерінің бірі.Ол қарсы шабуыл жасауға және допты жүргізуге мүмкіндік береді.Оның арқасында қолдан-қолға беруге,жүргізуге қарсы тұруға болады.Қолдан-қолға бергенде қағап алу.Шабуылушыға қолдан-қолға беріп жатқан кезде қорғаушы оның жанына немесе арқасына орналасады.Доп беретін адамның қолынан шыққанда денеде алға шығп допты қағып ала білу керек.
Жұлып алу.Егер қарсылас допты ұстап тұрып айналып жатқанда жұлып алса пайдалы,жұлып алудың 2 тәсілі бар:өзіне қарай жұлқу және қарсыластан алға-төмен жұлқылау.
Өзіне қарайжұлқу арқылы жұлып алу.Ойыншы допты екі жағынан ұстап алып,жылдам әрекетпен өзіне қарай жұлқып тез теріс қарау керек.Алға төменге жұлқалау арқылы жұлып алу.Ойыншы допқа бірден бас салып оны қарсыласы жоқ жерге итереді.
Допты секіру кезінде ал.Бұл тәсіл өте маңызды және өте әсерлі.Ол кезде лақтыра шабуыллға және қарсы шабуылдауға мүмкіндік береді.Доп секіргенде екі жақтың ойыншылары да теңдей қалыпта болады және допты басқаруды ойластырып тұрады.Допты алу үшін бірінші болып алып шығып,жоғары секіріп,допты ұстап алуы керек. Жерге түскенде аяқтарды кеңінен ашып,шынтақтарды шетке кіріп,допты кеуденің астына тығу керек.Бұл тәсілдің сәттілігі допты алып үлгеруге және секіруге байланысты.
Тартып алу.Бұл тәсілді ойыншы орнында допты ұстап тұрғанда немесе жүгіртіп жүргенде орындауға болады.Қолдан тартып алу.Ойыншының жанына сәтті әрекет жасай алатындай немесе сәтсіздікке артқа шегінуге болатындай қалыпта жақындау керек.Шапшаң және өте аз уақытта тырыстыра ұстаған саусақтармен допты бос жерге ұрып үлгеру керек.Жүгірту кезінде тартып алу.Доп басқарған қарсыласты шеттегі сызыққа бағыттап сәл итермелеп допты жанынан тартып алады.
Алдынан тосу.Бұл тәсіл лақтыруға қарсы қолданатын тәсіл.Допты лақтырып жатқан ойыншыға жақындап,дәл лақтырар кезде доптқа қарсы шығу керек.
Тойтарыс беру.Бұл тәсіл допты тосуға немесе басқау болмағанда қолданылады.Доптың лақтыруың қолынан босағанын көре сала шапшаң әретпен доптың ұшу траекториясынан алып ұлгеру керек.Бұл тәсілдің сәттілігі әрекеттің өз уақыттылығына және әрект орындаушының секіру биіктігіне байланысты.
Ойын тактикасы
Ережелердің өзгеруі,физикалык дайындыктың деңгейінің әрдайым көтерілуі, күресті баскару формасының әрекеттенуі әрқашанда тактикаға байланысты. Қазіргі заманғы тактика әртүрлі және курестің акылға қонымдылығы, жақсы өтуіне мүмкіндік береді. Екі қарсылас команданың физикалық және механикалық дайындықтарының тең болған жағдайында, спорттық күресті өз және қарсыластарының мүмкіншіліктеріне сәйкес ұйымдастырған команда жеңеді.
Тактика көптеген факторларға байланысты:команданың механикасы, оның еңбек ету қабілеті, психологиялық дайындық, ұстамдық күшін қолдана білу, қарсыластарға өз мүмкіндігін беру т.б.
Командаға қызметтерін бөліп беру әрекетінің ұйымдасуын қамтамасыз етеді.
Қызметті анықтау ойыншының өз міндетіне және рөлін көз алдына елестетуге көмектеседі, қазіргі уақытта қызметтерді төмендегідей бөлу мақсатқа сәйкес келеді. Алдынғы сызықтағы ойыншылар(ортадағы, шеттегі шабуылшылар), артқы сызықтағы ойыншылар.
Ортадағы ойыншы ереже бойынша ұзын бойлы болады. Ол баріненде қалқанға ең жақын орналасады, сондықтан ол шабуылды басқарып, бітіре алады немесе қорғаныста күрес ұйымдастыра алады.Алдынғы сызықтың шеткі ойыншылары кәрзенкеге шабуыл тасталады.
Артқы сызық ойыншылары шабуыл ұйымдастырушылардың рөлін ойнап тәсілді ойын басқару міндетін атқарады.Қазіргі заманда ойыншылардың орындарын ауыстыра білу керек. Алдынғы және артқы сызықтағылар да дәл солай. Уақытты ұту үшін орында тұрып қалған ойыншының қызметін атқара білу керек.
Шабуыл тактикасы.
Жеке әрекет – бұл тактикалық құрылыстың сәттілігінің негізі. Оның әсері ойыншының дәл уақытында, рационалды түрде әрекет жасай білуіне байланысты. Тактиканың негізгі әдісі – физикалық дайындыққа байланысты емес, ол ойыншының тактикалық білімінің болуы, әрекеттәң белсенділігіне, алаңда жан табуға, қарсыласты алаңды білуге байланысты. Жеке әрекет доппен, допсыз болуы мүмкін.
Бүл әрекет мақсатқа көздеген және әсерлі болуы керек. Сондықтан орындалатын әрекет, тез және қарсыластан бұрын болуы керек. Қандай жағдай болса да қарсыласты шатастыра білу керек, ол үшін әрекетті білдірмей жасау керек. Ол үшін кей әрекет әдістердің тактикаларын білу керек. Ұшып келе жалқан допты орында тоспай қарсы алдына шығу керек берілістер қатты,тез және жасырынды түрде болуы керек.Егер әрекет үйлесімді орындалса,әсер болады.Қулық әрекет деп көңіл аударатын және шын әрекеттердін жасыруын айтамыз.Қулықта екі сала бар:көңіл аударатын әрекет,нағыз әрекеттер.
Топтаса жасалатын әрекеттер.Қолданылатын барлық тактикалықәрекеттері 2-3 адамнан тұрады команданың әрекеттілігін територияның қолдану,өзара орналасу және өз ара көмектесу құрайды.Екі ойыншының әрекеттестігі.Әрекеттестіктің екі түрі бар:»Бір де бір шық» және серігіне көмектесу «тосқауыл».»Бір де шық»-әрекеттескен територияға бөлу,дара орналасудан тұрады.Допты беріп қайтадан алу пазициясын алу керек,оны қорғаншының көзі ауған кезде жасау керек.»Бер де шық» әрекеттестігінде мақсатқа көзделген шешім қабылдануы мәжбүр жағыдайлар тууы мүмкін.Егер екі ойыншы қарсыласып,оның бірі доп үшін күрессе,қарсыласы оның серігінің көңілін аударуы керек.Ал өз серігіне допберуге қолайлы жағыдай жасау керек.Егер әрекеттестік алаң ортасында болас,онда оларға диагональді бағытта болу керек.
«Тосқауыл»-бұл әрекет серікке көмектесуден тұрады.Тактикалық белгілер бойынша тосқауыл берілген тапсырманы орындау мақсатына қарай бөлінеді.»Лақтыруға тосқауыл» серікті лақтыруға қарсыласудан босатады.»Кету ұшін тосқауыл» доп ұстаған серігіне қарсыластан қашып құтылуға көмектеседі.»Шығу ұшін тосқауыл» серігіне допты тосуына көмектесу.
Үш ойыншының әрекеттестігі.Үш ойыншының әрекеттестігіне»үш бұрыш»,»үштік»,»кішігірім сегіздік»,»айқаса шығу»,»екіленген тосқауыл» жатады.»Үш бұрыш»-әрекеттестікте үш ойыншы үш бұрыш түрінде тұрады.Ол ауысумен немесе ауысусыз орындалады.Егер олар шегінсе добы бар ойыншы озіне мкөмек сұрап,допты серігіне беру керек.
«Үштік»-«енгізу» және «қиысу» тосқауылына негізделген әрекеттестік. Бұл тәсіл берік қамқорлық жасайтын қорғаушының саны бірдей болғанда қолданылады.»Кішкене сегіздік» – бұл әрекеттестікке ойыншылардың журу жолы 8 санын еске тусіреді. Коп қайталаулардың нәтижесінде қорғаншылар тосқауылға түседі. » Қиылыс шығу» –
» қайшыласу» тосқауылға негізделген әрекеттестік. Әрекеттестіктің басында ойыншылар » үшбұрыш» жасайды. Екі ойыншы үшбұрышының негізін қалап, 3-ші ойыншының алдын қояды. Нәтижесінде үшіншіге қорғаушы соқтығысады, содан олар шабуыл жасай алады.
Командамен жасалатын әрекет. Командалық әрекет жәй және әсерлі комбинациядан тұрады. Баскетболда шабуылдың екі түрлі топтаса жасалу әрекеті бар: екпіндікпен шабуылдау,позициямен шабуылдау.
Екпіндікпен шабуылдың екі түрі бар: «шапшаң жару» және «энеолондап жару». Бағытталған шабуыл. Бұл шабуылда екі жүйе бар:»ортрдағы ойыншы арқылы» немесе «ортадағы ойыншысыз». Әрқайсысының өз нұсқаулары бар. Ортадағы ойыншы арқылы бағытты шабуылдық негізгі жүйесі. Ол ортадағы ойыншының, қызметін атқаратын ойыншылар. Санына қарай неше түрлі нұсқалары бар. Ортадағы ойыншы бойы ұзын болғандықтан қарсыластарына қауіпті. Оның міндеті көбіне соңғы сәтте алып шабуыл жасау болады. Ол үшін ол еркін қалдыру команда ойыншылары шашылып тұру керек, сонда қарсыластардың көңілі бөлінеді. Шабуыл тек ортадағы немесе басқа да ойыншылар арқылы жасалу мүмкін. Ортадағы қарсыластардың көңілін бөліп серіктестеріне көмектесе алады.
«Ортадағы ойыншысыз шабуыл» – бұл шабуыл ортада нақты ойыншы болған жағдайда қолданылады.
Қорғау тактикасы.
Жеңістің ең басты шарты – қарсылас шабуылшымен сәтті жасалған күрес. Өз кәрзеңкесіне еш доп жолатпай жеңуге болады. Қорғаныстағы команда әрекеті шабуылға жауап болып табылады.
Тапсырманы орындау үшін команда тек өз кәрзеңкесін қорғап қоймай шабуыл да жасау керек. Қорғаныс әрқашан екі қызмет атқару керек: бұзу және құру, шабуыл жасауға мүмкіндік құру.
Жеке әрекет. Әр ойыншының дұрыс шешім қабылдауы және оны жасау команданың сәтті әрекетін қамьамасыз етеді. Қорғаушының қандай да бір қатесі қарсыласқа пайда әкеледі, команданың әрекеттерініңұйымсыздығын көрсетеді. Қорғаныстағы әрекеттердің сәттілігі тек техникалық ұсталыққа емес, сенімді және ойынға да байланысты. Жеке әрекеттердің негізгі тапсырмалары төмендегідей:
1.Қорғаныштағыға допты еркін бермеу.
2.Егер қорғаныштағы допты алса, оның әрекеттерін лезде «байлау».
3.Допты тартып алуға әрекет жасау.
4.Бар күшпен шабуылшыға кәрзеңкегк доп салдырмау, қарсы тұру.
Ойыншыны ұстау демек доп басқа команда да болғанда оған қамқорлық жасау. Қорғауындағының жананда үнемі болу қажет.
Бағыт таңдау – қорғаушының сәтті әрекеттерінің шешуші факторы. Допсыз ойыншыны қорғау астына алу. Қорғаушының ең басты міндеті өз қорғаны астындағы ойыншыға допты алуға мүмкіндік беру.Ал егер оған доп келе жатса, допты қағып алу керек. Ойыншыны ұстау екі түрлі болады: ойыншыны және допты ұстау. Қорғаушы қарсыласы допты алған соң күреске түседі. Ал екіншісінде ойыншы допты алмай тұрып қорғаушы онымен күреседі. Допты алатын ойыншының жанынан, алдынан келіп допты алуға мүмкіндік бермейді.
Қорғаушының добы бар ойыншыға қарсы әрекет. Добы бар ойыншыны қорғай отырып қорғаушы әрқашан белгілеп, нақты әрекеттер жасауы мүмкін. Сәтті нәтиже қорғау астындағы ойыншының дайындығына алаңға байланысты. Добы бар ойыншыға әрекет жасауға алдымен оны тоқтатып, содан кейін күресу керек.
Топтасу әрекеттесу. Қорғаныста 2-3 ойыншы арқылы орындалуы мүмкін. Бұл әрекет барлық ойыншылар қорғанысқа енгенде немесе қорғаушы қате жасағанда орындалады.
Екі ойыншының әрекеттестігі бір-біріне көмектесуге бағытталған, оған сақтану, тайып кету, қайта қосылу жатады. Үш ойыншының әрекеттестігі. Бұл әрекеттестік «үштікке», «сегіздікке», «айқаса шығуға» қарсы орындалады. «Үштікке» қарсы шыға отырып 1-ші беріліс жасау мүмкіншілігін қарау керек, ол үшін берілісті алуға дайындалып жатқан қарсыластан бұрын әрекет жасау керек.
Командалық әрекет. Команда түгелімен қорғауға қатыса алса, олар төмендегі қорғауларды қолдана алады: байытылған қорганыс, жылжымалы қорғаныс, аралас қорғаныс.
Байытылған қорғаныс — команданың қорғаған қалқанына жақын жерде орындалады. Ойыншылардың 2-3 жолы болып тұрады. Командалық әрекеттер жеке және зоналық жүйені үйлестіре отырып ұйымдастырады.
Жеке қорғаныс – бұл әрекетте ұйымдастырғанда әр ойыншы қарсылас командадан өзі қамқоршылық жасайтын ойыншы алады. Бұл жерде ойыншылардың үнемі кестесі болмайды. Допты жоғалтқанда барлық ойыншылар өз қалұанына қайтып келеді.
Жеке қорғаныстың жағымды жақтары:
— ойыншылардың бойларына,жылдамдықтарына,жеке қабілеттері не орналастыруға болады.Ол ойыншыларға қарсыластарына шабуыл жасауға қолайлы жағыдай жасайды.
— универсиядалық.Ол барлық шабуыл жүйелеріне қарсы орындалады.
— Күресте белсенділік ұйымдастыру мүмкіндігі және сәтті өз ара көмектесу ұйымдастыру.
— ойыншылардың тез орындау мүмкіншілігі және командалық әрекеттерді шапшаң ұйымдастыру.
Ұнамсыз жағынан қиыншылықтар,энергияаның көп жұмсалуы,қарсыластарды бақылауда қысым болуы және алданып қалу жатады.
Зоналық қоғаныс.Бұл қорғаныс ұйым дастыру әрекетіне териториялық жүйе негіз болады.Әр ойыншы алңнын белгілі бөлігін қорғауы керек.Ол жерлер кәрзенкеге жақын және орналасуы ойыншының практикалық мүмкіншілігіне бағыт болады.Қорғанудың бұл жүйесі тек ойыншылардың сөздеріне тиісті орындарында тұрған және өз жерлерінде белсенді түрде әрекет еткенде әсерлі болады жылжымалы қорғанысының ең белсенді және әсерлі түрі.Ол агресивті болады;ойын барысын тездетуді,команданы жиі қателестіреді,жоғарғы дәрежелі техника,шыдамдылық,жақсы физикалық дайындық қажет етеді.
Жеке прессинг.Ойыншыларды Қорғныс астына алу және қорғаныс негізінде болады.Ойыншы өз қорғауын астына алған қарсыластан команда допы жоғалтысымен барлық жерде бақылайды.Оның негізгі міндетіне қарсыласына демалуға,әрекет жасауғамүмкіншілік бермеу кіреді.Егер бұл міндетті барлық ойыншылар орындаса,қарсыластар ұйымдасқан түрде еш қандай әрекет жасайалмай,қиын жағдайға тап болады.
Ойын техникасының үйрету методикасы.
Ойын техникасы.
Ұйретуді дұрыс ауысудан сонымен қатар тосуды,беруді,лақтыруды,жүргізуді үйретуден бастау керек.
Ауысу.Ауысуды үйретуге әр тәсілдер.Бірінші тоқтап-тоқтап жүгіру,содан кейін секіру мен дұрыс үйретіледі.Әр әрекетке уақыт бөлінбеуі керек,бір тәсіл үйретіліп бола сала екіншісіне көңіл бөлу қажет.
Жүгіру.Жүгірудің табиғи дағдыларды қолдана отырып жүгіру техникасына алаңдап тоқтауды енгізеді жүгірудегі жаттығуларды,төмендегі тапсырмаларының орындалулары шешілмейтіндей кезек-кезек жасу керек:Дағдылы жұгіру,тіке және жылдам жүгіру,бағытты өзгертуге(айқастыра,доғал,бұрылыстар) жылдамдықты үдете жүгіру т.б.Жүгіру жылдамдығына,жүгіріс бастаудағы талпынысқа көп көңіл бөлінуі керек ондай жаттығулар жүйелі түрде жасалуы керек.Алғашқы ойыншылардың барлығы айналып жүгіруі керек.Сонда үйретуші ойыншылардың барлығын бақылап,қателігін түзеп отырады.Барлық жарыс жаттығуларында қолдың ырғақ бойынша қимылдауына көп көңіл бөлуі керек,себеі ол тек жылдам жүгіруге көмектеспейді,доппен жасалатын басқа әрекеттер үшінде маңызды.Мысалы:қолдың ырғақты қимылдауы допты тосу мен берілісте маңызды роль атқарады.
Шабуылдау техникасы.
Доппен орындалатын әрекеттерді үйретуден бұрын оның серпінді қасиеті мен формасы мен танысып алу керек,себебі сондай техника тәсілдері тез игеріледі.Бұл мақсат үшін доп снаряд ретінде қолданылатын ортақ дамыған жаттығуларды қолдануға болады.
Үлгі жаттығулары:
1)Допты қолдан-қолға ауыстыра отырып,оған тимей,денені айналдыра жүру
2)Доп арқада,екі қолда орындалады.Допты бастан асырып,алға лақтырып,сонда тосып алу.Егер допты алдын-артқа лақтырып тосып алу.Осы жаттығуды бір қолмен орындау.
3)Еңкейіп,допты қолға ұстап,аяқтардың арасынан өткізіп алға қарай лақтырып алдынан тосып алу.
4)Допты өкшелерінің арасында қысып ұстап,доппен бірге секіріп,оны аяқпен жоғарыға лақтырып,тосып алу.Осы жүйеге сай көптегекн жаттығулар ойлап табуға болады.
Тосып алу.Допты дұрыс ұстап қалу,тоқтатуды үйрену үшін келесі жаттығуларды қолдануға болады:
1)Ойыншы қолын сзып тұрып білезігін доптың үстінде деп елестету
2)Дәл солай,бірақ отырып,қолды доптың үстіне қойады.Осы жерден көтеріп қолға ұстап тік тұрады
3)Алдағыларды қайталап,допты қолдан түсіреді, ол қайта көтерілгенде білезікті дұрыс ұстап оны тосып алады.
Қолдан-қолға беру. Алғаш болып кеуде тұстан екі қолымен беу мен иық тұсынан бір қолмен беру үйретіледі.Басқа тәсілдер киін сол жаттығулар арқылы үйретіледі,тек әдіске үйрену керек.Техника негізгі орында тұрып бергенде менгеріледі.Бұл жерде көңіл тоқтататын жер бастапқы қалып және жұмыс фазасы(қолмен жасалатын әрекеттердің орындалуы мен аяқтың бір уақытта созылады).Аялдау,жүргізу,бұр-ылысынан кейін жасалатын әрекеттерге көңіл бөлу керек.Төмендегі жаттығулар мен сап түзуеулеріне осы мақсатта қолданылуы мүмкін.
1)Сапқа тұру.Допты жұп-жұп болып бір-біріне беру.
2) Допты бір саптан 2-ші сапқа иректеп кезекпен беру.
3)Дәл солай, тек допты берген соң оқушы қарсы алдындағының орнына барып тұрады.
4)Екі сап қарама-қарсы түрады: доп әр саптан кезекпен беріледі.
5)Ортаға біреуді қойып, барлығы дөңгеленіп тұрады.1-ші доп ортадағы ойыншыға беріледі, ол допты басқаға береді, алдағы ойыншымен орын ауыстырыды.
6)Екі сапқа түзеледі.1-ші жүгіріп шығып допты тосады, сөйтіп оны екіншіге шыққанға береді, ол өзі саптың соңына барып тұрады.
Допты беруді үйрету кезінде алаңнан ұшып көтерілген допты ойыншының тосу кезінде көңіл бөлу керек. Егер қадам ырғағына байланысты қате жасалса, оны келесі жаттығуларды жасау арқылы түзеуге болады:
1)Допты алаңға ұрып, сол мезетте сол аяқпен алға қадам жасау керек. Аяқтың жерге тиюі доптың алаңға тиюі бір мезетте болуы керек.
2)Дәл солай, тек аялдамай,2-ші қадам жасау керек.
Лақтыру. Лақтыруда оның далдігі маңызды. Жақсы техникалық дайындықтың басқа ойынша мергендігін де дамыту керек,себебі лақтырудың дәлдігін көздей білу,нысанаға зейін қою, арақашықтықты анықтау сияқты факторларға байланысты. Допты тапсыруды үйренгеннен кейін лақтыруды үйрену жеңіл болады.Лақтыру үшін қолды дұрыс созуға,қол мен аяқтың әрекеттерінің үйлесуіне,дененің түзелуіне көңіл бөлуі керек.Егер басынан кәрзеңкемен жаттықса үйренушілер допты кәрзеңкеге салуды ғана,ойлап оны жасау тәсілдеріне,ережелеріне көңіл бөлмейді.Кәрзеңкемен жаттығу басталғанда дұрыс көздеуге көңіл бөлінеді.Үйренушілер техниканы меңгергенде,дұрыс көздей алғанда олардың көңілін допты дәл салуға аудару керек.Олардан кейін қимылдай жүріп жақыннан салу үйретіледі.Ол кезде тоса сала кәрзеңкеге қарай көз тастауға көңіл бөлінеді.Төмендегі жаттығулар:
1)Саптан жүгіріп шығып,допты кәрзеңкеге салғандай елестетіп кәрзеңкенің үстіне секіру.
2) Ұйретуші допты ұстап қолын созып тұрады.Ойыншы жер келіп допты кәрзеңкеге салады.
3)Дәл алдағыдай,тек үйретуші допты беріп жатқан кезде тастай салады.
Орташа және қашықтықьан лақтыруды басында бір нүктеден бастау керек.Әр жаттыда 5-10 рет қайталау керек.Жаза ретінде лақтыру бөлек үйретіледі.Бұл әректті ойын ережесі бойынша орындалу тәртібімен үйрету керек.

  1. Айып сызығын баспай бастапқы қалыпта тұрып көздеу.

  2. Дәл алдагыдай,тек бастапқы қалыптан бұрын допты алаңға 2-3 рет ұрып алу керек.Бұл үйретушінің жинақтауға,дәл көздеуге дауындауға көмектеседі.

  3. Дәл алдағыдай,тек лақтырмай тұрып дем тартып,яғни ішке ауа жинап,оны шыгарып,демалмай тұрғанда лақтырады.

Допты алып жүру.Басында допты жай ұрып жүріп басқаруды үйретеді.Алғашқы жаттығулар секіріп жүрген допты дұрыс жүргізуге бағытталады.
1.Ойыншы 1-ші орында тұрып допты жерге ұрып,оны дұрыс тосуды үйретеді.
2.Допты бір қолмен,екі қолмен кезек-кезек ұрып үйренеді.Үйренуші допты дұрыс ұруды үйренген соң,допты тік және ирелектеп алып жүруді үйренуге көшеді.
а)Сапқа тұрып белгілі жерге дейін допты жүгірте отырып барып келу.
ә)Оң мен сол жақтарда орналасқан кедергілерді айналып өту.
б)Допты тоса сала жүгіру.
в)Секіріп жүріп допты жүргізу.
Қорғаныс техникасы.
Үйренушілер доп қолдарында болғанда әдістерді орындағылары келеді,ол допты иелену қиын болғандықтан,олар оны қаламайды.Қорғаныс тәсілдері төмендегідей реттеп үйретіледі:қағып алу,жұлып алу,лақтырғанда жауып алу,қағып алып кету,секірудегі күрес.
Қағып алу.Бірінші орында тұрған ойыншының қағып алуға үйретеді,кейін қимылдағы немесе секіріп жатқан ойыншы қағып алуға үйретеді.
Жұлып алу.Үйрету дұрыс қағып алудан басталады.Үйретуші түсіндірген соң ойыншылар бір-біріне қарап тұрады.Үйретушінің бұйрығымен қорғаушылар добы бар ойыншыдан дұрыс қағып алу керек.Келесіде добы бар ойыншы допты беруге тырысады,қағып алуға өте қолайлы кезең таңдап,шапшаң қимылдау керек.
Лақтырғанда жауып алу.Лақтыру кезіндегі жаттығулармен қатар үйретіледі.Алғашында өте жай үйретіледі,барлығы елестетіліп жасалады.
Қағып алып кету.Алғашында допты қолдан қолға беру кезінде қағып алып кету,кейін допты жүргізгенде қағып алып кету үйретіледі.Үйренушінің басты міндеті қағып алып кетуге қолайлы мезет табу және қате жібермеу болып табылады.
Қорғаныс тактикасы
Команданың қорғану әрекеттері үйренуге қиындау келеді.
Жеке әрекеттер. Қорғанудың сәтті нәтижесі жеке әрекеттердің сәттілігінен байланысты.Әр ойыншының төмендегідей қасиеттері болу керек:әрекет жылдамдығы,іс барысын алдын ала қғыну,әр қашан қандаыда болса әрекет жасауға дайын болу,санай білу,бүкіл алаңды көре білу,бір әрекеттен екіншісіне көше білу.
1.Жұппен сапқа тұру.Шабуылшы бір сызықты қарсы сызыққа қарай допты жүргізеді,қорғаушы допты иеленуге тырысады.
2.Жұппен сапқа тұру.Шабуылшы допсыз бір сызықтан қарсы сызыққа өтуге тырысады,қорғаушы жол бермейді.
3.Жұппен сапқа тұру.Шабуылшы доппен кәрзенкеге бет бұрады.Қорғаушы кедергі болады.
Топтпса әрекеттесу.Шабуыл үшін қолданылатын барлық әрекеттестіретін жаттығулар қайта қосылу үшін,сақтандыру меңгеру үшін де қолданылады.Ойыншылар шабуылшыларының да әрекеттеріне қарсы тұруға тырысады. Жаттығулар үш қтысушы,екі қорғаушы бір шабуылшы болады.Шабуылшы допты қарсы сызыққа отпекші болды.Жақындағы қорғаушы оған белсенді түрде қарсылық жасайды,ол екінші қорғаушы оны сақтандырып тұрады.
Командалық әрекеттестік.Басында байытылған қорғанудың жүйесі үйретіледі.Үйрету жеке қорғанудың жүйесінен басталады,кейін зоналық,прессинг,зоналық прессинг көп уақыт қыжет етеді,бірінші жатығулар командаға қорғану әрекеттерін тез ұйымдастыруды қорғайтын орындарын тез табабілуді үйрету керек.Егер қорғану кәрзенке маңында болса,команда оз қалқанына ұайтып келуі керек.Әр ойыншы өз кәрзенкесіне жақындаған қарсыласына тоқтатуға тырысу керек.Қалай қайта қосу керектігін,сақтандыру керек,т.б айқын түсіндіру керек.
Жеке қорқау. Дайындық кезінде келесі нәрселерге,кезеңдерге көңіл бөлу керек.Қорғайтын жеріне уақытында оралу керек,орнын алу:егер бір ойыншы басқалардан бұрын келсе,қарсыласымен күресе түсуі керек.Егер жеке күреске түссе және жеңілсе,оның қатесін түзеу мүмкіндігі болмайды.
Зоналық қорғау.Басты міндет-ойда болғандай өз жерінде уақытында жету және орнына тұру.Ойыншыларға лаңға дұрыс ауысуды және қарсы әрекетте бклсемділікті үйрету керек орынды томендегідей жаттығыларда көрсете аламыз:Алаңда әр кім өз орнын алады.Зонаға қарсы үштен көп ойыншы шабуылдайды.Олар допты бір-біріне беріп отырыды.Зонадағы ойыншыларға допқа қарай орын ауыстыры білу керек.Үлгі жаттығулары:
1)Алаңның бірінші жартысында кәрсенкеге лақтырусыз дайындық ойыны жүргізіледі.Үйретушінің бұйрығымен шабуыл басталу керек.Келесі команда қайтып келіп белгіленген орынға тұру керек.
2)Ойын үш команда арасында өтеді.Екеуі қорғауға тұрады.Үшінші кәрзенкенін біреуіне шабуылдайды.Егер олар допты жоғалтса,қарсы команда қарсыдағы кәрзенкеге шабуылдайды,ол дрты жоғалтқан команда қорғауға тұрады.Жаттығу қорғауға бағытталған уақыттылы орын алуды үйретеді және белсенді әрекетке дайындалуға мүмкіндік береді.
Қорытынды
Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында,бағытта,түрлі жылдамдықпен орындай отырып,адамағза жүйесінде және ішкі қүрылыстарына жақсы әскр алады.
Адам ойын түрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен қуанышқа болініп,қанағат алады.Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор
Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды имене отырып,өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жктілдіруге,ден саулықты сақтауға,көңіл күйін котеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.Баскетбол ойынымен балалар 9-10 жасынан бастап айналысуына болады.
Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған суреті тапқаннан кейін белгілі болады.
1938 жылдан бастап әйелдер 1-шілігі өте бастады.Италия командасы 1-ші чемпионы атанды қазір Европа чемпионаты 2 жылда 1 рет өткізіліп тұр.
1950 жылы ерлер арасында әлем 1-шілігі өткен,1953 жылдан бері әйелдер арасында өткізіліп келеді.Ерлер арасында әлем біріншілігінің 1-ші жеңімпаздары Аргентинаал әйелдер арасында АҚШ құрамалары ьолды.Қазіргі кезде әлем 1-шілігі 4 жылда 1 рет өткізіледі.
1936 жылы Берлинде өткізілген Олимпиядалық ойындарда ерлер арасында АҚШ құрамасы чемпион атанды.
1976ж Монреалда әйелдер арасында КСРО құрама командасы чемпион атанды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет