Мешіттер, шіркеулер, деноминациялар және культтар өз өмірінің мәнін діннен көретін адамдарды өздеріне жұмылдырады. Неге және қалай болатынын анықтау әлеуметтанушылар үшін өте өзекті. Бұл адамдар үшін дін дегеніміз не



Дата08.02.2023
өлшемі14,38 Kb.
#167929
Байланысты:
дин психологиясы бож
Бағалау парағы, тізім PISA

Мешіттер, шіркеулер, деноминациялар және культтар өз өмірінің мәнін діннен көретін адамдарды өздеріне жұмылдырады. Неге және қалай болатынын анықтау әлеуметтанушылар үшін өте өзекті. Бұл адамдар үшін дін дегеніміз не? Әлеуметтік деңгейде оның мәні неде? Функционалистер, діннің қандай әлеуметтік мақсаттарға қызмет ететінін анықтауға тырысса, ал қайшылық теориясын жақтаушылар, қандай жағдайда дін таптық жүйені нығайтады немесе оны түбірімен жояды, болмаса алғашқысы мен соңғысының қалыптасуына мүмкіндік береді деген сұрақтың шешімін көрсеткісі келді.
Дін индивидтердің кейбір психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында маңызды әлеуметтік қызметті атқарады. Э. Дюркгейм «діни өмірдің қарапайым түрлері» (1912 ж.) атты еңбегінде, адамдар өз өміріндегі қоғамдық билікті мойындағаннан гөрі дінге сенуді жөн санайды дейді. Қоғамдық өмірді қолдай отырып, оның құрылымы мен нормаларын бейнелейді. «Біз өзіміз ойлап таппаған тілде сөйлеп, өзіміз шығармаған құралдарды пайдаланамыз... Өркениеттің мұндай сыйын біз қоғамнан аламыз» – деген Э. Дюркгейм. Бірақ әрбір кезектегі ұрпақ бұл нәрселерді дайын күйінде алады, оларды қайта жасамайды, өйткені қандай да бір тылсым жоғары күш бар және ол тылсым дүние оған емес қоғамға берілген. «Адам өзінен тәуелсіз қандай да бір белсенді күштердің бар екендігін сезінеді және бақытты тағдырды иеленуге мүмкіндік беретініне сене отырып, оны сол қалпында сақтап өзіне берілген күшті, жоғары бағалауға тырысуы ықтимал». Э. Дюркгейм өзінің қорытындысына австралиялық тайпаның тотемдік дінін зерттеу негізінде келді. Тотем – қасиетті саналатын табиғаттан берілген символ (мысалы, жыландар немесе кеңгіру). Әрбір тотем туысқандық топтың немесе кланның символын көрсеткен. Кландар қоғамның негізгі бірлестіктері болса, ал тотем – клан бірлігінің символы, елтаңбасы болған. Кланның өзіне бас игеннің орнына, оның мүшелері тотемге бас иген. Олардың діндері, өздері өмір сүрген қоғамның құрылымын көрсетті

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет