Метод Case-study в образовательном процессе
Аннотация: Статья посвящена методу обучения case-study. В статье рассмотрены основные особенности современных методов обучения, принцип обучения по методц case-study. Приведены 3 пути реализации метода бизнес-кейс, достоинства и недостатки данного метода.
Бүгінгі күні заманға сай жаңа оқыту әдістері кең қолданыс табуда. Бұл әдістер дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда жоғары эффективті. Заманауи оқыту әдістері келесі сипаттамаларға ие:
- Заманауи оқыту әдістері әзірлеу үрдісі кезінен арнайы педагогикалық мақсатқа икемделеді. Талдама негізінде автордың нақты әдістемелік және философиялық көзқарасы тұрады.
- Әрекет, операция және өзара әрекет технологиялық кезектілігі бойынша күтілетін нақты нәтижені көздейді.
- Әдістерді жүзеге асыру оқытушылар мен оқушылардың бір-бірімен байланысты әрекеттесуін болжайды. Ол келісім негізінде жүзеге асырылады, дифференциалдау және жеке алып қарастыру принциптері, сондай-ақ адам және техниканың потенциалын оңтайлы пайдалану ескеріледі. Бір-бірімен байланыс және диалог әдістің міндетті құраушылары болып табылады.
- Педагогикалық әдістер кезең-кезеңімен жоспарланады, кезегімен жүзеге асырылады. Әдістер кез-келген педагог орындай алатындай, бірақ әр оқушы берілген мақсатқа жететіндей болуы қажет.
- Әдістердің міндетті құраушысы - диагностика бойынша процедуралар, олардың ішінде оқушылар жұмысының нәтижелерін өлшеу үшін қажет құралдар, көрсеткіштер мен критерийлер болуы міндет.
Бүгінде қолданылатын әдістердің ең талап етілетіндерінің бірі - Case study әдісі.
Case study әдісі (нақты жағдайларды сараптау әдісі) оқушылар зерттейтін білім мен қызмет саласында орын алатын жағдайларды толыққанды зерттеп, сараптауға негізделеді. "Case study" терминінің қазақша аудармасы жоқ, негізінен ағылшынша термин немесе қазақ тіліндегі бірнеше баламасы қолданылады: кейс-стади, бизнес-кейс, кейс-әдіс, нақты жағдайлар әдісі, тәжірибелік мысалмен оқыту).
Тәжірибелік мысалдар арқылы оқыту даму әдісі ретінде ерте заманнан бері қолданылады, Спартада ер балалардың бойында көшбасшылық қабілетті тәрбиелеу мақсатында нақты шайқастардың қалай өткендігі сипатталып, сарапталғандығы жайында атап өтілген. Алайда ресми түрде оқыту әдісі ретінде Case study әдісі алғаш рет 1924 жылы Гарвард бизнес-мектебіндегі студенттер мен оқытушылар бар оқулықтар көмегімен бизнесті алып жүру және басқару тәжірибесін үйрену мүмкін еместігіне соқтыққандықтан қолданылды. Кітаптардың орнына кәсіпкерлермен жүргізілген сұхбат пен соның негізіндегі жазылған толық есеп беру (топ-менеджерлердің мәселені қалай шешкендіктері , сондай-ақ олардың жұмысына әсер еткен жағдайды сипаттау) қолданылды. Дәл осылай ең алғашқы бизнес-кейстер пайда болды.
Бизнес-кейс әдісімен оқыту кезінде оқушылар жағдайды зерттеп, мәселенің мән-жайын ұғып, мүмкін шешімдерді ұсынып, ішінен ең дұрысын таңдау керек. Case study сараптау және сындарлы ойлау ды , шығармашылықты дамыту үшін ең үздік әдіс. Case study әдісі қашықтықтан оқыту жүйесінде де өзінің тиімділігін дәлелдеді.
Бұл әдісті іске асырудың үш негізгі жолы бар. Алғашқысы - номотетикалық, мұнда жалқы жалпыға сәйкестендіріледі, зерделеуші нақты жағдайды қалыпты жағдаймен салыстыру негізінде түсініктеме жасайды. Екінші жолы - идиографикалық , мұнда жағдай жалпыға қосуға келмейтін жалқы, ерекше, бірден-бір ситуация ретінде қарастырылады. Үшінші жолы - кіріктіру, "құбылыс-болмыс" байланысын тауып, жағдайды сараптау. Соңғы нұсқаның мәні - сараптауда салыстырудың екі нәтижесі де ескеріледі (ерекше және жалпы), жалпы жағдай әмбебап, яғни жалқының түп мәнін бейнелейтін ұғым ретінде түсіндіріледі. Бұл жағдайда зерттеу моделі "бірегей-жеке-әмбебап" түрінде бейнеленеді. Сипаттау және сараптауды біріктіретіндіктен, кейс-стади тарих ғылымында кең қолданыс тапты.
Әдістің оң әсері - жағдайды және сол жағдайға қатысты мәселелерді эффективті талқылауды ұйымдастыруға және зерделеу объектілерін оқушыларда бар тәжірибемен салыстырып, олардың бойында жоғары ынта қалыптастыру мүмкіндігі.
Әдісті талқылауды ұйымдастыруға деген талаптардың жоғарылығы оны күрделендіреді (кері жағдайда зерттелетін жағдайды сараптау үшін уақыт көптеу қажет болады); барлық қатысушылар жағдайға байланысты облыста компетентті болулары, ал қойылған педагогикалық мақсаттарға жету үшін ұстаздың квалификациясы жоғары болуы қажет .
Әдебиет:
Александров Г.Н. Прогаммированное обучение и новые технологии обучения // ИНФО: Информатика и образование - С.7-19.
Ангеловски К. Учителя и инновации: Книга для учителя. - М., 2001. C.158-165.
Богданова Д., Федосеев А., Христочевский С. Телекоммуникации для образования // ИНФО: Информатика и образование. - 2003. - N 2. - С.27-29.
Инновационное обучение и наука: Науч.-аналит. обзор. - М., 2012. - 52 с.
Инновационные процессы в образовании: Сб. тез. докл. и выступлений на науч.-практ. конф.: "Инновац. процессы в образовании: опыт, проблемы, решения" - Новокузнецк, 1994. - 82 с.
Инновационные процессы в преподавании отдельных предметов: Сб. тез. докл. и выступлений на науч.-техн. конф. "Инновационные процессы в образовании: опыт, проблемы, решения". - Новокузнецк, 2004. - 76 с.
Инновационные технологии в учебно-педагогическом процессе школы и вуза: Сб. науч. ст. - Волгоград, 2003. – С.73-123.
best.ru
Достарыңызбен бөлісу: |