«Метрология, стандарттау және сертификаттау» пәнінің



Дата06.02.2022
өлшемі95 Kb.
#80139
Байланысты:
«Метрология, стандарттау ж не сертификаттау» п ніні


«Метрология, стандарттау және сертификаттау» пәнінің
МЕТРОЛОГИЯ
бөлімі бойынша бақылау тестілері

$$$ 1
Физикалық шаманың мәнін тәжірибелік жолмен арнайы техникалық құралдың көмегімен табу - бұл:


A) Өлшеу; B) Табу; C) Сынау; D) Түзету; E) Өзгерту;

$$$ 2
Объекттің тиісті қасиетін сапалық және сандық жағынан идеалды түрде көрсететін физикалық шама мәнін қалай атайды?


A) Физикалық шама; B) Физикалық шаманың шынайы мәні;
C) Физикалық шама өлшемі;
D) Мөлшер; E) Өлшеу;

$$$ 3
Өлшеу негізіне қойылатын физикалық құбылыс немесе эффект - бұл:


A) Өлшем; B) Өлшеу құралы; C) Өлшеу принципі;
D) Өлшеу әдісі; E) Өлшеу схемасы;

$$$ 4
Бір мөлшерлі өлшем - бұл


A) Нәтижелерінің шынайы мәнге жуықтығын білдіретін өлшеулердің сапасы;
B) Нәтижелері заңдастырылған бірліктермен берілетін өлшеулердің жай-күйі;
C) Олар бойынша басқа өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге болатын және үлгілік өлшеу құралы ретінде бекітілген өлшем, өлшегіш аспап немесе өлшегіш-өзгерткіш;
D) Ондай ұғым қолданылмайды;
E) Физикалық шаманың бір ғана мөлшерін ұдайы қайталайтын өлшем;

$$$ 5
Принциптер және өлшеу құралдарын қолдану амалдарының жиынтығы:


A) Шама; B) Өлшеу құралы; C) Өлшегіш-өзгерткіш;
D) Өлшеу әдісі; E) Өлшеу схемасы;

$$$ 6
Физикалық шаманың мәні тікелей тәжірибелік мәліметтен алынатын өлшеу түрі:


A) Тура; B) Жанама; C) Нақты; D) Тәжірибелі; E) Практикалық

$$$ 7
Өлшеу процесінде тұрақты болып қалатын шамаларды өлшеу түрі:


A) Статикалық өлшеу; B) Динамикалық өлшеу;
C) Динамикалық – тексеру өлшеуі;
D) Техникалық өлшеу; E) Жылу техникалық өлшеу;

$$$ 8
Шаманы тікелей өлшеу құралының көрсетуі бойынша алуда негізделген өлшеу әдісі:


A) Өлшеммен салыстыру әдісі; B) Тікелей бағалау әдісі;
C) Орнын басу әдісі; D) Қарсы қою әдісі; E) Сәйкестік әдісі;

$$$ 9
Бірнеше шаманы бір уақытта өлшеу түрі, ізделетін мәнді шамаларды әр түрлідей қосып тікелей өлшеу арқылы алынған теңдеулер жүйесін шығару арқылы алады:


A) Жиынтық өлшеу; B) Жанама өлшеу; C) Тура өлшеу;
D) Тәжірибелік өлшеу; E) Практикалық өлшеу;

$$$ 10
Өлшенетін шаманы өлшеммен ұдайы қайталанатын шамамен салыстыруда негізделген өлшеу әдісі:


А) Өлшеммен салыстыру әдісі В) Қарама қарсы қою әдісі
С) Тікелей бағалау әдісі D) Өлшеу әдісі Е) Алмастыру әдісі

$$$ 11
Өлшенетін шаманы өлшеммен ұдайы қайталанатын басқа белгілі шамаға алмастыруда негізделген өлшеу әдісі:


А) Өлшеммен салыстыру В) Қарама қарсы қою әдісі
С) Тікелей бағалау D) Өлшеу Е) Алмастыру (орнын басу)

$$$ 12
Өлшенетін шама мен өлшеммен ұдайы қайталанатын шаман арасындағы айырымды өлшеуде негізделген өлшеу әдісі:


А) Нөлдік әдісі В) Қарама қарсы қою әдісі С) Дифференциалдық әдісі
D) Компенсациялық әдіс Е) Сәйкестік әдісі

$$$ 13
Мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын өлшеу құралдары пайдалану процесінде неге түседі:


А) Салыстырып тексеруге В) Калибрлеуге С) Сертификаттауға
D) Метрологиялық аттестаттауға Е) Мемлекеттік бақылауға

$$$ 14
Қазіргі кездегі метрология келесі түрлерден құралады:


А) Заңнамалық, теориялық, қолданбалы В) Заңнамалық және тәжірибелік
С) Тәжірибелік және ғылыми D) Міндетті және ерікті
Е) Міндетті және тәжірибелік

$$$ 15
Қатардағы өлшеулер саны бойынша өлшеулер болады:


А) Тура, жанама, жиынтықты және бірікккен В) Тура, жанама
С) Статистикалық, динамикалық және статикалық
D) Бір реттік және көп реттік Е) Тура және қосымша

$$$ 16
Бұл әрекеттер жиынтығын салыстырып тексеруге жатпайтын өлшеу құралдарын бақылау үшін қолданады:


A) Сынау; B) Ұлттық эталонмен салыстыру ; C) Калибрлеу;
D) Метралогиялық аттестаттау; E) Сертификаттау;

$$$ 17
Бірен-саран данада шығарылған немесе шетелден әкелінген өлшем құралдарының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу (растау) былай аталады:


А) Сынау В) Салыстыру С) Калибрлеу
D) Ұлттық эталонмен салыстыру Е) Метрологиялық аттестаттау
Е) Ұдайы қайталану және дәлдік

$$$ 18
Мына анықтама қай терминнің анықтамасы: «Нәтижелері заңмен бекітілген өлшеу бірліктерімен берілетін және өлшеу қателігі белгілі ықтималдықпен бекітілген шек ішінде болуымен сипатталатын өлшеулердің жай-күйі»?


А) Өлшеу В) Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету
С) Өлшеу бірлігі D) Бақылау Е) Сынау

$$$ 19
Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты:


А) Отандық және импортталған өнімдердің, процестердің (жұмыстардың) және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету
В) Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін және экономикасын өлшеулердің теріс нәтижелері салдарынан қорғау
С) Ііргелік зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшеулердің дүрыстығын қамтамасыз ету;
D) Материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің дұрыс есепке алынылуын қамтамасыз ету;
Е) Барлық жауап дұрыс.

$$$ 20
Халықаралық бірліктер жүйесі (SI) бойынша масса бірлігі:


A) кг; B) м; C) А; D) К; E) моль;

$$$ 21
Нақты материалдық объект, жүйе, құбылыс немесе процеске тән физикалық шаманың сандық белгісі:


A) Физикалық шама; B) Метрология;
C) Физикалық шаманың мөлшері;
D) Өлшем; E) Өлшеу;

$$$ 22
Қателіктері нормаланған және физикалық шама бірлігін сақтай немесе қдайы қайталай алатын техникалық құрал - бұл:


A) Өлшем; B) Өлшеу құралы; C) Өлшегіш-өзгерткіш;
D) Өлшеу құрылғысы; E) Өлшеу схемасы;

$$$ 23
Өлшегіш-өзгерткіш – бұл:


А) Нәтижелерінің шынайы мәнге жуықтығын көрсететін өлшеу сапасы
B) Нәтижелері заңды бірліктерімен берілетін өлшеулердің жай-күйі
C) Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету
D) Бұндай ұғым жоқ
E) Өлшеу ақпараты сигналын ары қарай өзгерту, өңдеу және сақтауға ынғайлы түрде шығаруға арналған өлшеу құралы

$$$ 24
Физикалық объектінің сапа жағынан көптеген физикалық объектілерге ортақ, ал сандық жағынан олардың әр қайсысы үшін өзіне тән болып табылатын қасиеті: A) Физикалық шама; B) Метрология;


C) Физикалық шама мөлшері; D) Сандық мән, E) Өлшеу;

$$$ 25
Нәтижесін алу тәсілі бойынша өлшеулер болады:


A) Дәл және жанама; B) Тура, жанама, жиынтық және бірлескен;
C) Тура, нақты және жанама; D) Бөлінбейді; E) Жиынтық;

$$$ 26
Физикалық шаманың мәні осы шамамен функционалдық байланыстағы басқа физикалық шаманы тура өлшеу нәтижесінің негізінде анықталатын өлшеу түрі:


A) Тура; B) Жанама; C) Нақты; D) Тәжірибелі; E) Практикалық;

$$$ 27
Белгілі мөлшердегі физикалық шаманы ұдайы қайталау үшін арналған өлшеу құралы:


A) Өлшем; B) Индикатор; C) Өлшегіш-өзгерткіш;
D) Өлшеу әдісі; E) Өлшеу схемасы;

$$$ 28
Өлшеу процессінде өзгеретін шамаларды өлшеу түрі:


A) Статикалық өлшеу; B) Динамикалық өлшеу;
C) Салыстырып-тексеру өлшемі; D) Техникалық өлшеу;
E) Жылу-техникалық өлшеу;

$$$ 29
Бірнеше бір атты немесе аттары басқа шамаларды олар арасындағы тәуелділікті табу мақсатында бір уақытта өлшеу түрі :


A) Тура өлшеу; B) Жанама өлшеу; C) Біріктірілген (бірге) өлшеу;
D) Тәжірибелік өлшеу; E) Практикалық өлшеу;

$$$ 30
Өлшенетін шама және өлшеммен ұдайы қайталанатын шама бір уақытта салыстыру құралына әсер етуінде негізделген өлшеу әдісі:


А) Өлшеммен салыстыру әдісі В) Қарама қарсы қою әдісі
С) Тікелей бағалау әдісі D) Өлшеу әдісі Е) Алмастыру әдісі

$$$ 31
Шамалардың аспапқа әсер ету эффектін нөлге теңестірілетін өлшеммен салыстыру әдісі:


А) Нөлдік әдісі В) Қарама қарсы қою әдісі С) Тікелей бағалау әдісі
D) Компенсациялық әдіс Е) Сәйкестік әдісі

$$$ 32
Физикалық шаманың іс жүзіндегі мәні – бұл:


А) Өлшеу бірлігімен кейбір сандар түріндегі физикалық шаманың мәні
В) Объект, құбылыс немесе процесті сипаттайтын физикалық шаманың мәні
С) Нөлдік қателікпен өлшенген физикалық шаманың мәні
D) Физикалық шаманың шынайы мәні
Е) Тәжірибелік жолмен табылған және шынайы мәнге жақындығы соншалық, тіпті оның орнын баса алатын физикалық шаманың мәні

$$$ 33
Мына анықтама қай терминнің анықтамасы: «Өлшеулер, олардың бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары және қажетті дәлдікке қол жеткізу тәсілдері туралы ғылым»?


А) Стандарттау В) Квалиметрия С) Метрология
D) Сертификаттау Е) Квалитология

$$$ 34
Өлшенетің шаманың өзгеру сипатты бойынша өлшеулер болады:


А) Тура, жанама, жиынтықты және бірікккен В) Тура, жанама
С) Динамикалық және статикалық D) Жиынтықты және біріккен
Е) Тура және қосымша

$$$ 35
Өлшеу нәтижесін білдіру түрі бойынша өлшеулер болады:


А) Тура, жанама, жиынтықты және бірікккен В) Тура, жанама
С) Статистикалық, динамикалық және статикалық
D) Жиынтықты және біріккен Е) Абсолют және салыстырмалы

$$$ 36
Бұл ғалым бірліктер жүйесін негізгі және туынды бірліктер жиынтығы түрінде құру әдістемесін алғашқы болып ұсынған:


А) Бодо В) Менделеев С) Лагранж D) Джорджи Е) Гаусс

$$$ 37
Метрологияны ғылым ретінде өлшемнің қандай қасиеттерімен сипаттайды?


А) Бірлік пен дәлдік В) Дәлдік және сенімділік
С) Ұдайы қайталану және бірлік D) Сенімділік және бірлік

$$$ 38
Мына анықтама қай терминнің анықтамасы: «Метрологиялық қызметтердің өлшеу бірлігіне қол жеткізу және сақтауға бағытталған әрекеттері»?


А) Өлшеу В) Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету
С) Өлшеу бірлігі D) Бақылау Е) Сынау

$$$ 39
Халықаралық бірліктер жүйесі (SI) бойынша физикалық шамалар үшін бекітілген


A) 5 негізгі бірлік; 2 қосымша;
B) 4 негізгі бірлік; 2 қосымша;
C) 7 негізгі бірлік; 5 қосымша;
D) 4 негізгі бірлік; 4 қосымша;
E) 7 негізгі бірлік; 2 қосымша;

$$$ 40
Халықаралық бірліктер жүйесі (SI) бойынша ұзындықтың бірлігі:


A) кг; B) м; C) А; D) К; E) моль;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет