Мәуләна Джәләл ад-дин Мұхаммед Руми



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі16,8 Kb.
#124404
  1   2
Байланысты:
Маулана ар Руми


Мәуләна Джәләл ад-дин Мұхаммед Руми.


Толық аты – Мухаммад ибн Мухаммад ибн Хусайн Хусайни Хатиби Бакри Балхи. Лақап аты- Джалал ад-Дин, Ходавандгар, Мавлана, Хамуш. Көбінесе Мәуләна атымен белгілі Джәләл ад-дин Мұхаммед әр-Руми 1207 жылдың 30 қыркүйекте Хорезмшах мемлекеті, Бәлх қаласында дүниеге келеді. Ол – ұстаз, әйгілі ақын – суфий. 2007 жылы ЮНЕСКО деңгейінде ұлы ақынның сегіз жүз жылдығы тойланады. Осыған байланысты 2007 жыл Моулави Руми жылы деп жарияланды.
Моулави, Моулана деген атты Жалаладдин Румиге оның шәкірттері берген. Арабшадан аударғанда «моулави» менің ұстазым, «моулана» біздің ұстазымыз деген мағынаға ие. Моулави Руми ақындықтан бұрын ұстаз ретінде танымал. Кәдімгі ел ішінде, жиын-той, жамағат арасында уағыз айтып, жөн көрсетіп, жол сілтеп отыратын ел ағасы, ғұлама.
Ақынның әкесі Баһоаддин Валед те сондай ірі ұстаздың бірі еді. Моңғол шапқыншылығы тұсында өмір сүрген Моулавидің әкесі туған жері Бәлхтан кетуге ұйғарған. Бәлхтан шыққан жолда Нишапур қаласында Моулави Фаридаддин Аттарды кездестіреді. Аттар сонда жас Жалаладдинге өзінің «Асрарнама» кітабын сыйлап, батасын береді. Бәлхтан шығып, қажылық сапарын өтеген Баһоаддин Валед біраз уақыт Сирия жерінде тұрып, кейіннен Конияға келіп тұрақтап қалады.
Ұстазы.
Моулави Орта жастан асқан шағында Шәмс Тәбризимен жолығады, бұл оның өміріне де, шығармашылығына да ерекше із қалдырды. Тәбриздік Шәмсуддин Мұхаммад Ибн Әли Ибн Малекдод Моулавидің өмірін толығымен өзгерте алған жан. Жалаладдин Руми Шәмс Тәбризиді өзіне ұстаз тұтады.

Моулавидің өлеңдеріне қарағанда, Шәмс Тәбризи көрген түсті де біліп, оның себебі неден екенін айтып беретін сұңғыла болған екен.

Тәбриздік Шәмс — адам жанын зерттеуші, емдеуші, кез келген дертке дауа тапқан жан. Көпшілікке сөйлеген сөздері әдетте түсініксіздеу көрінетін Шәмс — Моулави үшін кемелдікке жеткен толық адамның нағыз өзі, идеал болды. Шәмсті Моулавидің өзіне ұстаз тұтқанын шәкірттері түсіне алмайды. Оларға өз ұстаздарының басқаны ұстаз тұтуы, ол аз болса, өзі белгісіз адамның алдында қызмет етіп жорғалап жүргенін көру ауыр тиеді. Көре алмаушылық пен күндеуге шыдамаған Шәмс бір рет кетіп қалады. Моулави шарқ ұрып іздеу салады. Димашық — Дамаскіде жүрген жерінен тауып алып, жалынғандай болып қайтарып алады.

Екінші кездесу де ұзаққа созылмайды. Өзі кетпейінше Моулавиге басқалардың тарапынан тыныштық болмайтынын сезген Шәмс бір түнде ешкімге айтпастан тағы да кетіп қалады. Бұл жолы Моулави қанша іздесе де оны таба алмайды. Бір деректер бойынша, Шәмсті кетуге мәжбүрлеген ақынның шәкірттері болса керек. Ал тағы да бір деректерде Моулавидің кенже ұлының Шәмстің түбіне жеткені айтылады. Қалай болғанда да, Моулави Шәмсті кездестірген соң, рухани түлеуге ұшырағаны анық. Моулави Шәмсті кездестірмей тұрғанда да өлең жазатын болған.

Бірақ Шәмс ғайып болған соң жазылған жырлар Румиге әлемдік әдебиеттен орын ойып беріп, даңқ сыйлағаны анық.
Семаъ.
Моулавидің Шәмспен кездесуінен кейін қалдырған мұрасының бірі - "семаъ". «Моулавие» сопылық мектебінің негізін қалаған Моулави Руми жаратқанға жалбарынып Шәмсті жоқтап жүріп, ақырындап айналып басталатын, бірте-бірте үдете түсетін, соңынан бас айналып, талып түсетін жағдайға дейін шырқ айналып қозғалатын «семаъ» үрдісін қалыптастырды.
Семаъ — би емес, «семаъ» сөзінің өзі арабшадан аударғанда «тыңдау» деген мағынаны береді. Ал Моулавие мектебінен бермен қарай семаъ — адамның жан тербелісін, жан айғайын, ішкі сезімін сырнай күйімен үндестіре жеткізетін таңғажайып қимылдар жиынтығы ретінде қалыптасты. Ол сырттай қарағанда шарқ ұрып айналған биге ұқсайды. Семаъ сайып келгенде, тәннің емес, жанның шарықтауымен үндесіп жатыр.
Моулави мектебінің алып келген жаңалығы — семаъ арқылы жанның тәнді өзіне бағындыруы болып табылады. Семаъ найсыз орындалмайды.
Най.
Най — қамыстан жасалатын сырнай. Моулави сызылтып тартқан сырнай үнімен семаъның серпіліс күйіне түсіп, шыркөбелек айналып жүріп, алты кітаптан тұратын «Маснави маънави» шығармасын жырлап шыққан. Семаъға түскенде айтқан ақынның өлеңдерін алғаш оның Салахаддин атты мүриді, кейін Хисамуддин есімді хатшысы қағазға түсіріп отыратын болған.

Моулавие мектебі де, семаъ да әлі күнге жалғасын келе жатыр. Түркияда 1924 жылы Ататүрік оған тыйым салғанымен, ол елуінші жылдардан бермен қарай қайтадан жаңғырды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет