Міндеттемені орындау
Міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алган міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушініц талап етуі қуқыгына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата туруы. Міндеттемені орындау көбіне көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді..
Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдык, және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оңың тоқтатылуына әкеледі. (Міндеттемелерді орындаудыңқұқықтық тәртібі АҚ-тін, 272-291 баптарында, міңдеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін (мысалы, сатьш алу-сату, жеткізу, келісім-шарт, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету, жалға беру, мердігерлік жөнет.б.) нормативтік актілерінде бекітілген.
Мшдеттемені орындау Азаттық кодексте бекітілген принциптерге сөйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оған мідеттемені тиісті дөрежеде орындау (272-бап) және міндеттемені нақты орындау (354-бап) жатады. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені зандардың талаптары мен міндеттеме шартына сәйкес орындауын білдіреді. Ал мұндай шарттар болмаған жағдайда — дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.
Жалпы ереже бойынша міндеттемені борышкор орындауы тиіс. Сонымен бірге, занда, міндеттеме шартында, не оның мән-мағынасында міндеттемені борышқордың тікелей өзі орындау керектігі көрсетілмесе, онда борышқор тек өзіне алған міндет-теменің орындалуын үшінші жаққа жүктей алады. Мұндай жағдайда несие беруші борьшқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдауға міндетті (АК-тің 276-бабының 2-тармағы).
Егер міндеттемені орындау борышқордың тікелей өзінен ғана талап етілетін жағдайда (портрет салу, жұмысты жасау, қызмет көрсету жөне т.б.) несие беруші үшінші жақтың ұсынатын орындалған ісін қабылдамауға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |