Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі9,31 Kb.
#95719
  1   2
Байланысты:
Нұрписова Гүлнұр Бт 102, 11 Өсөж


Тақырыбы: «Қазіргі заман жағдайында қазақ халқының ауызша мұрасы(тарихи дәстүрлерді) мен жазбаша тарихнамасын(Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Қасымұлы Жалайырдың шығармаларын) зерттеу»
Эссе
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати — ХVІ ғасырда ғұмыр кешкен көрнекті мемлекет қайраткері, əскери қолбасшы, атақты тарихшы, əдебиет майталманы. Ол өмірін Орта Азия, Шығыс Түркістан, Тибет, Үндістан елдерінде өткізген. М.Х. Дулати тарихшы жəне қаламгер ретінде екі шығармасымен зерттеуші-ғалымдар арасында кеңінен танымал тұлға атанды. Бірі – бұл кісінің сəулетті даңқын дүние жүзіне əлпештеп таратқан, оның парсы тілінде жазылған «Тарих-и Рашиди» деген кітабы. Осы энциклопедиялық шығармада ұлттық тарихқа, мəдениетке қатысты түйінді ой-пікірлер, терең толғамдар, парасатты пайымдаулар мол. Мұхаммед Хайдар өз еңбегінде тек тарихты ғана жазып қоймаған. Сонымен қатар адамзат құндылықтары, өмірдің мəні мен мағынасы туралы пəлсапалық ойларын түйіндеген. Өмірдің баянсыздығын, оның өтпелі екендігін айта келе бабамыз ұрпақтарын ізгілікке шақырған. Шығарма көркем ойлармен, өлең жолдарымен өрілген. Екіншісі — «Жаһаннаме» атты шығыстық үлгідегі, түркілік дүниетаным биігінен ой толғайтын, даналық сөз айтатын классикалық жыр-дастаны. «Жаһаннаменің» негізгі тақырыбы махаббатқа деген адалдық, адам- гершілік, адамды сүю, қастерлеу, əділдікті ардақтау болып келеді. Шығармада басты тақырып — сүйіс-пеншілік, махаббат тақырыбы болғанымен, осы арнада Хайдар Дулати өз уақытының, өз заманының, өз қоғамының сан алуан тарихи оқиғаларын да айналып өтпейді. Мансап, билік жолын- дағы əмірлер мен сұлтандардың, бектер мен мырзалардың əрқилы тағдыры, мінез-құлқы, іс-əрекет- тері де дастанда желі тартады. Осы арқылы автор тарих таразысына жақсылық пен жамандықты, əділдік пен əділетсіздікті, қиянат пен рақымшылықты қатар қойып, адам болмысындағы қасиеттер құндылығын адамгершілік тұрғыдан ой талқысына салады. Өз үкімін айтады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет