Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Педагогика және Психология институты
Орындаған: Логопедия 3курс, 2топ Асылбекова Назерке
Бурханаева Акмарал
Саулетхан Айганым
Турсынова Эльянура
Қабылдаған: Қалмаханбет А Ш Инклюзивті білім беру –мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. Мәселен арбамен қозғалатын балалар үшін мектептерде арнайы панустар өзге де мүмкіндіктер қарастырылуы керек.Бұл индикаторлар 2011-2015жылдарға арналған стратегиялық жоспарда да талап етілген.
Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін қандай арнайы жағдайлар қажет
Ең алдымен даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жасай алатын мамандар даярлау.
Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою.
Білім мекемелерін арнайы тұтқалармен,парталармен, үстелдермен және басқа да компенсаторлық құралдармен жабдықтауды ,көтергіш қондырғылар, пандустар, санитарлық бөлмелердің арнайы қондырғыларын орнататын іс-шаралар кешенін бастау қажет.
Көру қабілеті бұзылған бала жалпы білім беретін мектепте оқытылса, сол сыныпқа сабақ беретін педагог баланың қабілетін жіті тексеріп және денсаулығына байланысты қойылған диагнозына қарай оқытуы тиіс. Бұл баланың көзі көрмейді, не нашар көреді деп ысырып тастауға мүлдем болмайды. Бұл топтағы балалардың диагноздары, көзінің көру мөлшерлері, қабылдауы, ойлау ерекшеліктері, зейіні, есте сақтау қабілеттері әр түрлі деңгейде болып келеді.
Көру қабілеті бұзылған балалар үш топқа бөлінеді.
1-топ мүлдем көрмейтін балалар;
2-топ көру деңгейі төмен балалар;
3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли, амблиопия)
Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім беру
Қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге жүгінсек,жылдан жылға сөйлеу тіл кемістігі бар балалар саны және логопедиялық көмекті қажет ететін балалардың пайызы өсуде.Кез келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс- әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншелігін шектейді.
Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім беру
Инклюзивті мектептегі логопедиялық қызмет жүйесі бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету үрдісінде маңызды орынның бірін алады. Логопедиялық қызмет жүйесінің негізгі мақсаты сөйлеу тілінің әртүрлі ауызша және жазбаша бұзылыстары бар мектеп оқушыларына логопедиялық көмек көрсету, сонымен қатар олардың тілдік дамуының ерекшеліктеріне сәйкес даму мүмкіндігі
шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу және әрі қарай әлеуметтік бейімдеу мен қарым- қатынасының жағымды әрі тиімді жағдайларын құру болып табылады.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға инклюзивті білім беру
Қимыл - тірек аппаратының жүйесі бұзылған балалардың негізгі кемістігі - кимыл–қозғалысының ауытқуы . Осы сияқты аутқулары бар балалардың көпшілігін балалардың церебральдық сал ауруымен ауратын балалар құрайды (89%). Бұл балаларда қимыл - тірек аппаратының кемістіктері көбінесе психикалық бұзылулармен, тіл мүкістіктермен тіркесе жүреді, сондықтан олардың кµпшілігі тек қана медициналық - әлеуметтік жәрдемді ғана емес, сонымен қатар психологиялық - педагогикалық және логопедтік көмектерді де қажет етеді.
Әрбір мемлекет қоғамында мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүріп, білім алып, тәрбиеленуде. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тәуелді. Мүмкінділігі шектеулі балалардың денсаулығын қадағалау дәрігерлердің қызметі болса, тәрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тәрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті.
Назар аударғандарыңызға рахмет !!!