Мұнда қыздың дәурені аяқталып, келіннің міндетін атқарасың. Сол шаңырақты өз үйіңдей қабылдап, ата-енені екінші әке-шешеңдей көресің Осылай бәрінің көңілінен шығуға тырысып жүргенде, күндердің күнінде Ана атанасың
Мұнда қыздың дәурені аяқталып, келіннің міндетін атқарасың. Сол шаңырақты өз үйіңдей қабылдап, ата-енені екінші әке-шешеңдей көресің
Осылай бәрінің көңілінен шығуға тырысып жүргенде, күндердің күнінде Ана атанасың. Бұл ең үлкен жауапкершіліктің бірі. Сол балаң үшін жақсы ана, жақсы дос, жақсы тәрбиеші болу керексің. Баланы дұрыс тәрбиелеп, оны бағып-қағу сенің мойныңда болады. Кез келген бала үшін ең жақын адам – Анасы. Сол балаң үшін отқа да талай түсерсің. Бала ер жетіп, өз таңдауын жасап, мінез көрсеткенде де бар сұрау анадан болады.
Балаңмен бірге мың өле, мың тіріле солардың қамымен болашақ өмірлеріне араласа кетесің. Бір күні қызыңды қияға, ұлыңды ұясына қондырасың. Сол кездегі байғұс Ананың толқулары, уайымдары, баласы үшін шырылдаған жүректері-ай десеңші!
Міне, осылай қыз болып дүниеге келген сен тар жол, тайғақ кешумен басыңды тік көтере мына қысқа қана ғұмырмен арпалысқа түсесің. Қыз бала әйел атанып, ана болып, көптеген жауапкершіліктерді мойнына алып, өмірдің бар ағысы тек өзіңнен басталатынын сезесің.