Модернизация технологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы өзгерістердің кешенді процесі. Қоғам өмірінің кез келген саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды



Дата06.02.2022
өлшемі17,49 Kb.
#80684
Байланысты:
Документ Microsoft Word


Модернизация технологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы өзгерістердің кешенді процесі. Қоғам өмірінің кез – келген саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды. Модернизация феномені – бұл саяси жүйені, саяси қызметтің формасын, әдісі мен құрылымын, тәсілі мен технологиясын, сонымен бірге саяси мақсаттарды, доктриналарды, концепциялар мен бағдарламаларды жетілдірудің, жаңартудың, өзгертудің механизмі. Модернизация теориясы – батыстық даму деңгейіне жетуге бағытталған. Оны кейде вестернизация деп те атайды. «Модернизация» ұғымы Батыс әлеуметтануында әлеуметтік – саяси, жалпы қоғамдық даму мінездемесі ретінде қолданылады. Яғни модернизация термині жинақталған мағынада қолданылады. Біріншіден, ол қазіргі индустриалдық қоғамның даму сатыларының түрлерін, екіншіден, дамушы мемлекеттердің ұлттық дамудың өндірістік дамуға көшу процесін айқындайды.
1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңтүстік өлкесінде сақталды. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері А.с-ның ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азамат соғысының тағдыры негізінен Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.[2] [3]
Қазан төңкерісінен кейін Ре­сей­де басталған Азамат соғысы, яғ­ни ақ пен қызылдар соғысының зар­дабы Қазақстанды да шарпыды. Қа­зақ үшін ағы кім, қызылы кім – түсініксіз еді. Ағы кеп қазақ ауылын бір шапса, аққа көмек көр­сет­тің деген желеумен қызылы екі шап­ты. Зардап шеккен – жергілікті халық. Түсі мен идеологиясы өз­герген ақ пен қызыл қазақ үшін сол орыс еді. Қызылдармыз деген бет пердені жамылған большевиктер 1916 жылғы көтерілісте қазаққа кет­кен кегіміз деп кей ауылдарды жермен жексен еткені де ақиқат. Азамат соғысы кезінде көшпелі қа­зақтардың арасында азық-түлік салығы қатаң жүргізілді. Мал шаруа­шылығымен айналысатын көшпелі халықтардың малын күш­теп тартып алу үйреншікті әдетке ай­налады. Астық екпейтін аудан­дарға астық салығы салынады.1916 жы­лы басталған дүрбелең 1920 жыл­ға дейін қазақ ауылдарын сан­сы­ратты. Әсіресе азамат соғы­сы­ның зардабы қазақтарға өте ауыр тиді.
Әске­ри ком­му­низм са­яса­ты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.

Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азық-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лғырты енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді. Бүкілре­сейлік Атқару Ко­митетінің 1918 жылғы ма­мыр­дағы жар­лығымен әскер­ге өз еркімен ба­ру ісі жал­пыға бірдей міндетті әске­ри бо­рыш­ты орын­да­умен ал­масты­рыл­ды. 1918 жыл­дың жа­зын­да өлке­де Қызыл Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды.
Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілгеншаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нəтижесінде Қазақстанда жер мəселесі өте күрделі мəселелердің біріне айналған eді. Ресейдің орталық аудандарынан, әсіресе сталиндік реформа кезеңінде шаруалардың қоныс аударуы Орта Азия мен Қазақстанда отарлаудың құрамды шарттарының бірі болды. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты барысында келімсек орыс шаруалары жергілікті тұрғындардан орасан зор егістік жерлерді басып алды. Тек 1916 ж. өзінде Жетісу мен Сырдария облыстарында қоныстанушы шаруалардың қолында 2659 млн. десятина жер болды. Жергілікті тұрғындардың жерін тартып алу 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу барысында ерекше жыртқыштықпен жүргізілді. Жазалаушылардан қашқан тұтқындардың иесіз қалған жерін иемденумен бірге, шұрайлы егістік жерлерді жазалау шараларын қолданып, қорқытып - үркіту тәсілдері арқылы да иелену кең өріс алды. Осылайша жерді басып алу келімсек шаруалар тарапынан 1920 жылға дейін жалғасып келді. Патша әкімшілігінің тікелей қамқорлық жасауы нәтижесінде орыс және жергілікті шаруаның жер иеленуге деген құқында теңсіздік көзге ұрып тұрды. Жер-су реформасы қарсаңында орыс шаруалары барлық дақылдар егістігінің тең жартысын иемденді және жергілікті тұрғындармен салыстырғанда жермен 15 есе артық қамтамасыз етілді.
Міне, осындай теңсіздік жағдай Түркістанның егінші дихандарын бұрынғы тартып алынған жерлерді қайтаруды талап етуге итермеледі. Басшы органдар кеңес үкіметінің беделін көтеру мақсатында бұл талаптарды түсіністікпен қабылдады. Біріншіден, отаршылдықтың қалдығын жойып, жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болса, екіншіден “ауылшаруашылығы пролетариатының” мүддесіне қызмет жасаған болып, тап күресінің өртін тұтатып жіберу еді. Реформа барысында Кеңес өкіметінің жергілікті органдары бұл міндеттерді іске асыра алды.

Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. [


Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда)
Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді.
Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды.

1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.


Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.
Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.
Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.
Жерді жалға беруге рұқсат берілді.
Несие берілетін болды.
«Қосшы Одағы» құрылды.
1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады.
Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.

** Сауда: сауда еркіндігі еркіндігі қалыптасты. Оған дәлел:


1. 1921 жыл 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылданды.
2. Декрет бойынша айырбас жасауға рұқсат етілді.
3. Жәрмеңкелер ашыла бастады.
Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы:
Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.
Ауыл шаруашылығы дамымай қалды.
Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді.
Өнеркәсіп артта қалды, дамымады.
Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды.
Саяси өмірде демократия бұрмаланды.
Еркіндік мүлде болмады.
1921-1922 жылдардағы ашаршылық
1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды.

• 1921 жылғы қараша – 1млн.508 мың адам,


• 1922 жылғы науырыз – 2 млн.303200 адам аштыққа ұшырады.
Орал, Ақтөбе , Орынбор, Бөкей губернияларын аштық жайлады. 1922 ж маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті.
700 мыңнан астам адамдар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет