Ғылыми қор жұмысының негізгі аспектілері туралы мұражай заңдылығы.
Мұражай қорлары түсінігінің маңызы.
Мұражай қорларын ғылыми ұйымдастыру.
ҚР МОМ қорында Қазақстанның ерте заманан қазіргі кезеңге дейінгі тарихын сипаттайтын материалдық және рухани мәдениеттің құндылықтары сақталған. Коллекция бойынша, деректердің түріне, материалына қарай біріктірілген музей заттары 15 қорға бөлінген. Барлық ғылыми бөлімдердің негізгі жұмысы музей қорымен байланысты және бұл жұмыс музей заттарын есепке алу, сақтау, ғылыми тіркеу, ұдайы толықтыру және ғылыми паспорттау мен зерттеуге тікелей бағытталған. Музей қорларын есепке алу – қор жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Барлық музей заты мен коллекциялары мемлекеттік есепке алынады. Музей заттары мен коллекцияларын есепке алу – оларды сәйкестендіру, сақтауды ұйымдастыру, орнын анықтау, сақталу жағдайын бақылау, ғылыми-зерттеу және оларды тиімді әрі ұтымды пайдалану мақсатында арнайы есепке алу-сақтау құжаттарына тіркеу болып табылады. Музей қорын мемлекеттік есепке алу екі кезеңмен жүргізіледі: жаңа түсімдерді алғашқы есепке алу және музей затын ғылыми тіркеу. Осыған байланысты музей заттары алғашқы тіркеуден кейін олардың ғылыми сипаттамасын жасау әрі анықтау сияқты негізігі белгілеріне байланысты ғылыми тіркеуден өтеді. Алғашқыда мұражайларды ғылым мен өнерге байланысты колекцияларын жинақтау оны сақтау орны деген түсінікте болса. Онда XVIII ғасырдан бастап мұражай жәдігерлернің сақталып тұрған ғимараттарын мұражай деп атауға көшкен болатын. Ал XIX ғасырдан бастап мұражай түсінігі бар орындар ғылыми жұмыстармен айналысатын мекемелерге айналды. XX ғасырдың ортасынан бастап мұражайларда педагогикалық жұмыстар кең ауқымды түрде жүргізіле бастады сонымен қоса балаларға және жасөспірімдерге арналған алуан түрлі жобалармен айналыстын мекемеге айналды. Ал жақын арада компьтерлік жаңа технологиялардың пайда болуымен, интернет желісінің қарқынды дамуына байланысты виртуалды мұражайлар кеңінен қанатын жайып келуде. - ғылыми қор жұмысы (қорды толықтыру мақсатында материалдарды іріктеу, оларды өңдеу, фотоға түсіру, сипаттамасын жазу, есепке алу және түгендеу, ғылыми атрибуциясын жасау, паспорт жазу және каталогтау); - ғылыми-зерттеу жұмыстары (көрмелерге және экспозицияларға ғылыми тұжырымдамасын жазу, музей қорындағы, кітапханадағы, архивтегі тақырыпқа қатысты материалдарды табу және зерттеу, оларды осы зерттеудің нәтижесінде музейлік тәжірибиеге қолдану, материалдар іздеу және жинау, әр тақырыптағы құжаттардың базасын қалыптастыру, коллекциялардың каталогын дайындау және жарыққа шығару, монографиялар дайындау, ғылыми мақалалар жазу, экспедициялар және ғылыми іссапарлар ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізу);