Музыкалық ойын-сауық: «Көңілді алақандар» Өткізілетін орны: Балабақша ауласы



Дата10.06.2020
өлшемі14,57 Kb.
#72830
Байланысты:
Музыкалық ойын
Музыкалық ойын

Музыкалық ойын-сауық: «Көңілді алақандар»

Өткізілетін орны: Балабақша ауласы

Мақсаты: Балаларға ойын ойнатып, билетіп, ән айтқыза отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Белгілі бір ойын шартын орындау дағдыларын шыңдау. Әр баланың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру. Ұжымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Барысы:


Жүргізуші:

— Қайырлы күн, балалар! Бүгін біз үшін ерекше күн! Балалар көптен күткен көңілді жаз мезгілі келді. Жаз мезгілі сендерге ұнайма? Ұнайтын болса қол соғыңдаршы. Қане, сендердің алақан дыбыстарын естілмей тұр. Қаттырақ қол соғайық! Міне, керемет! Ендеше, осындай көтеріңкі көңіл-күймен «Көңілді алақандар мерекесін» бастаймыз!

Флешмоб «Топ-топ балақан»

Микки Маус пен қоян самокатпен жүгіріп келеді.

Қоян: — Балалар, балалар, сәлеметсіңдер ме?

Жүргізуші: — Қоян, неге сонша асығыссың? Қайдан келе жатырсың?

Қоян: — Мен бар ғой, мен, мен зообақтан келе жатырмын. Ол жақтан көптеген жануарларды көрдім. Қандай жануарларды көргенімді айтып берейінші сендерге. Соны сендерге айтып, көрсетуге асығып жеткенмін.

«Теңбілдер» жаттығуы

Микки Маус: — Туу, балалар, сендермен жаттығу жасаған қатты ұнап қалды. Тағы да жаттығу жасайықшы.

Хоровод: «Ручки-руки»

Сайқымазақ шығыршықтарын айналдырып келеді.

Сайқымазақ: — Сәлем, менің көңілді достарым! Менің көңіл-күйімнің көтеріңкілігі сонша, сендермен ойын ойнауға асығып келдім. Менің қолымдағы не екенін білесіңдер ме?

Балалар: — Шығыршықтар.

Сайқымазақ: — Ендеше, осы шығыршықтармен ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?

Балалар: — Келісеміз, ойнайық!

Ойын: «Кім жылдам?» ІІ кіші топтар: Құлыншақ, Қошақан, Балғын бөбек.

Мақсаты: Шапшаңдыққа, дәлдікке баулу.

Шарты: Қатар-қатар қойылған шығыршықтарды балалар әуен ырғағымен айналып жүреді, әуен тоқтағанда шығыршыққа жұптасып тұра қалулары керек. Осылайша шығыршықтар саны азая береді, үлгермеген балалар ойыннан шығады.

Сайқымазақ: — Қандай, алғыр балалар! Енді мен мына жердегі кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді балалармен ойын ойнаймын

Ойнаймыз ба.?

Балалар жауабы.

Ойын: «Түрлі-түсті доптар» І кіші топтар: Қонжықтар, Балапан.

Мақсаты: Балаларға түстерді ажыратуға үйрету. Жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.

Шарты: Түрлі-түсті доптарды түстеріне қарай себетке жинау.

Сайқымазақ: -Жарайсыңдар, балалар! Менде жинаймын деп шаршап қалдымғой.

Жүргізуші: —Жарайсыңдар, балалар! Ойын ойнап шаршаған боларсыңдар. Ендеше бір тынығып алайық.

Хоровод: «Бір оңға, бір солға»

Сайқымызақ: -Сендер менімен бірге бүгінгі күнді көңілді өткіздіңдер. Біздің сендерге арналған сыйлығымыз бар. Қош сау болыңдар!

Жүргізуші: -Балалар сендерге көп-көп рахмет келесі кездескенше.

Қош сау болыңдар!



«Флешмоб»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет