Екібастұз қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің №28 Абай атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Бақтыгүл Далабайқызы
Тақырыбы: Тіл – өмірдің шырағы
Мақсаты: ана тілінің адам өміріндегі алар орнын, өрлер биігін таныту.Ұлтжандылылыққа туған елін, жерін, дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиедлеу. Өз ойын, көзқарасын ашық жеткізе білуге үйрету.
Түрі: Дөңгелек үстел түріндегі пікірталас.
1-жүргізуші:Тіл құдіреті өте күшті, киелі қасиетті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен еніп қалыптасады.
2-жүргізуші: Тіл адам мен адамды,. Ұлт пен ұлттты жақындастырып табыстыратын қарым-қатынас құралы.
1-жүргізуші: Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Әр халықтың өз тілі өз мәдениеті бар.
ҚР елбасы Н.Назарбаевтың 1989 жылғы 20қаңтардағы жарлығына сай жыл сайын 22 қыркүйек қазақстан халықтарының тілдері күні деп аталады. Бұл мереке - Ұлт тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мейрам.
2-жүргізуші:
Бабамыздың тілі деп
Даламыздың үні деп
Туған елдің тілі деп
Туған жердің үні деп
Қазақ тілін сүйеміз
1-жүргізуші:
Тілден биік асқар жоқ
Тілден асқан байлық жоқ
Тілден терең теңіз жоқ
Н.И. Ильминский қазақтардың сөзді өнерге балап, оған ерекше талап қойып, мән беруін жоғары бағалады. Ол: «қазақтың шешен кісілерін тыңдау бір рақат нәрсе. Олардың сөзі ұйқасты, сымбатты, анық, көркем» деп жазды.
2-жүргізуші:
Құрметі ұстаздар, оқушылар.
Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады
Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады
Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады. Деп Асан қайғы бабамыз айтқан дай
«Тіл – өмірдің шырағы» тақырыбындағы дөңгелек үстелді ашуға рұқсат етіңіздер.Алдымен бүгінгі пікірталасымыздың қонақтарын , өз ойымды айтсам дейтін туған тіліміздің шын жанашырларын дөңгелек үстел басына шақырайық.
Ерғанат: Менің ұраным: Ана тілін білмеген Ақылы жоқ желікбас. Ана тілін сүймеген, халқын сүйіп жарытпас.
Алтынай:
Менің ұраным: Туған тілін білмеген адам өзінің бабасының тарихынан да қол үзеді
Сұлтан
Тіліміз бен үніміз бізге қымбат
Тілім келген секілді ізгі сымбат.
Абай жырын оқитын сәбилердің
Мектептерін кім жапты жүздеп, мыңдап.
Елімізде қазақ тілін тереңдетіп оқытатын мектептер көптеп ашылса деген ұстанымым бар
Аделия: Ана тілін шұбарламай таза сөйлеуді өзіме заң деп білемін
Райымбек: Бабалар жолын таппасам
Інжуін жырдың тақпасам
Қазақтың дана тілінде
Торайғыровша ақпасам
Несіне өмір сүремін
Айжан:Ана тіліміздің мерейі үстем, болашағы жарқын болсын.
Сұлужан:
Болашақтан түңілме
Айналайын замандас
Аралас тілге үңілме
1-жүргізуші: Әр қазақ баласы туған тілін сүйіп өссе, есейгенде олардан ұлтжанды азаматтар шығады Бүгін дөңгелек үстелде жас жеткіншектеріміздің жүрекжарды пікірлерін тыңдайық.
Сұлужан: Қазіргі таңда қазақ халқы армандап, аңсап жеткен тәуелсіздігін алды.Ашық аспанға қазақ ұлтының жалауы желбіреп ілініп.қазақ тілі мемлекеттік тіл болып конституцияда белгіленді, тіл ұлттың аса ұлы игілігі. Әрі оның өзіне тән ажырамас белгісі
Ерғанат: Бәрі жақсы , қазақ тілінің мәртебесі үстем деп айтуға әлі ерте.Мемлекеттік тіл деген аты ғана болмаса әлі орыс тілінің мерейі үстем болып тұр. Кейде мелекеттік тіл орыс тілі ме деп қаласың. Көшеде адамдардың көбі орысша сөйлеседі. Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерін мемлекеттік тілде сөйлетуіміз керек. Ал олар қазақ тілін әлі керек етпей жүр.
Әділхан: Бұл кемшіліктердің барлығы уақыт өте келе жойылады. Мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы ҚР Президенті өз жолдауында былай деген: Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекетттік тілді біліп шығатын болады...
Алтынай:
Ш. Мұртаза айтқан «Біздің кіндігіміз орыстың кіндігіне жабысып қалған ба? – деп. Қазіргі кезде балабақшадан бастап, ұлттық салт дәстүрімізді әдет ғұрпымызды қалыптастырып жандандырсақ дегім келеді. Дүние есігін ашқан сәбиге папа мама деп үйретпей ана әке деп айтқызып бесік жырын айтып әлдилесек қандай жақсы болар еді. Оқушылардың фамилиясы әлі ов ова болып жүр. Жаңа туған нәрестелердің тегі туу туралы куәлігіне қазақша жазылса нұр үстіне нұр болар еді. Құжаттарды ұлттық салт дәстүрге негіздеп өзгертіп жазатын мезгіл жетті.
Мектептерде мұғалімдерді орыс халқына еліктеп әкесінің атын айтпай Жұман ағай Нұргүл апай немесе мғалім деп айтсақ болмас па еді.
Орыстарға еліктемесек ішкен асымыз бойымызға сіңбейтін болды. мысалы чиновникті шенеунік деп айтып жүрміз Қазақтың тілі бай емес пе?қазақта әкім ұлық ақсүйек мырза төре деген сөздер бар емес пе.
Информация деген сөзді өзбектің ахборот деген сөзінен аудара салдық хабар деген сөз жақсы емес пе?Қазақ тілінің болашағына жарқын жол ашуымыз керек.
Басқа мемлекеттерде тұру үшін сол елдің тілін үйрену керек екен. Сол елдің тілінен емтихан тапсыртқызады екен. Ал бізде ондай қатаң шарт жоқ.
Айжан:
Қазақстан кең өлке жазиралы
Қызыға қарйды оған елдің бәрі
Астана бас қаласы гүлдей көркем
Бой түзеп өсіп жайнап келеді әні
Алматы қалалардың анасындай
Көп ұлтты бәрі оның баласындай
Қаласы даласымен үндесетін
Мемлекет ел таныған дәл осындай
Қазақпын деп мен бүгін мақтанамын
Күннен күнге өсуде салтанатым
Қазақстан жері бай, халқы нұрлы
Қазақстан мемлекет бағы басым
Мемлекет басшысы қазақ тіліне, оның артықшылығына ешкім таласа алмайтындығын ашып айтты. «Түбінде барша қазақстандықтар қазақ тіліне көшетін болады. Өзге өркениетті елдерде мемлекеттік тілдің мәртебесі қандай болса, бізде де сондай дәрежеге көтеріледі» деп елбасы кесіп айтты.
Аделия:
Қазақ тілінің болашағы ол кімдер?Ол әрине жастар, яғни біздер..Мемлекеттік тіл бұл біздің ана тіліміз ар ожданымыз.Оны құрмет тұтып қастерлеуіміз керек.Қазіргі жас ұрпақ ата-анасынан орысша тәрбие алады.орыс мектебіне барады. Кейбір жанұялар бар үйінде мүлдем қазақша сөйлемейтін. Олардың сәбилері өз тілін білмей тұрып өзге тілді біліп шығады.Бұл басымызға төнген ауыр қайғы.өзіміздің ата-бабамыздың тілін ұмыту ол тарихымызды дінімізді ұмыту.Бұл адамды мәңгүртттікке алып келетін нәрсе. Біз болашақта ержетеміз жанұялы боламыз. Барлығымыз балаларымызды ойланбастан қазақ мектебіне беруіміз керек. Сонда қазақша білмейтін бір де бір адам болмайды.Бір мемлекетте екі тілдің қажеті жоқ. қазақ тілін бірінші боп өзіміз құрметтеуіміз керек.сонда ғана өзге ұлттар қазақша сөйлейді.
Даниял:
ҚР президенті Н:Н.2007 жылғы наурыз айындағы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты дәстүрлі халыққа жолдауының 26 бабында тіл саясатына тоқталған. Тіліміздің үштұғырлылығының мәдени жобасын кезеңдеп іске асыру тапсырылған.Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға кірігу тілі
Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін.деген Н.Н-тың сөзін алға тарта отырып , достар сендерге мынаны айтар едім. Жалқаулыққа салынбаңдар. Орыс тілі де, ағылшын тілі де керек. Қазір көп сөйлеп шешен болып отырсыңдар, ағылшын пәнінен сөздік жаттауға келгенде ерінесіңдер. Сөзден іске көшетін уақыт жетті.
Жігіттің 9 жауынан сақ бол
Басты жауың жалқаулық Өтірік айтсаң өңмеңдеп
Сорлататын жаныңды Жоғалтасың арыңды
Осалдығың аңқаулық Өсек терсең телмеңдеп
Соқтыратын саныңды Суға кетірер салыңды
Жасқаншақ болсаң ұры алар Көпірме босқа мақтан қып
Қоралап қойған малыңды Түкке тұрмас балыңды
Жалатқызбас жасықтық Көрінгенге жалтақтап
Әзір тұрған балыңды Бола алмассың жағымды
Біреуді алдап арбаумен
Аша алмайсың бағыңды
Сұлтан:
Ана тілін жақсы біліп тұрып бөтенше сөйлесең, бұл сүйініш. Ана тілін жақсылап білмей тұрып бөтенше жақсы сөйлесең бұл күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру бұл зор қате»деп қазақ тілінің бұзылып, бұрмаланып кетуіне алаңдаушылық білдірген алаш қозғалысының мүшесі Х.Досмұхамбетов.
Тілі жоқ жерде халық біріншіден ұлттық бет бейнесінен айырылып қалады.екіншіден рухани тозғындауға ұшырайды. Тілсіз, сөзсіз ақыл мен ойды қозғай алмайсың.Ана тіліне айрықша маңыз беріп оны қастерлеу парыз.дейді
Шет тілін үйренбес бұрын өз ана тілімізді жетік меңгеруіміз керек. Өйткені ана тілін жақсы меңгермеген адамның басқа тілді үйренуі қиынға соғады. Шет тілін үйрену үшін біріншіден өз ана тілінің тіл білімі ережелерін терең меңгергені жөн.
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Әйгерім:
Ұлтқа деген сатқындық ұлттың болашағына сенбеу деген Төлен Әбдіков. Сендер қазақстанның болашағына, қазақ тілінің өркендеуіне сенімсіздік білдіріп отырсыздар, бұларыңыз дұрыс емес. АҚШ тың бұрынғы бірінші ханымы Элеонора Рузвельттің «болашақ – өз қиялының күшіне сенетін адамға бағынады» деп айтқан екен.
Қазақтың бары да, бағы да, бақыты да ана тілі. Әлемге Қазақстан деген алып елдің бар екендігін осы еліміздің тілін, тарихын, әдебиетін, мәдениетін салт-дәстүрін баршаға танытатын біздерміз.
Ана тілім – айбыным
Сенсің менің күліп атар айкүнім
Шөліркеп кеп сусап ішер нәр шырын
Сенсің менің кең жазықты айдыным
Туған тілім арқа сүйер тірегім
Сенсің менің кеудемдегі жүрегім
Өзің ғана таныттың ғой әманда
Өмірдің бар құпиясын қыр сырын
Борыштармын туған елге тіліме
Бас иемін өзің берген білімге
Аман жүрсем ардақтаймын аялап
Жеткіземін ана тілді болашақтың төріне
Алтынай:
Қазір агент, интернет, пейджер феномені жастар өмірінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл байланыс түрін компьютерден немесе ұлы теллефоннан табуымызға болады. Қазіргі заман талабына сай мұндай ғылыми техникалық жетістіктерді меңгергеніміз қуантады.алайда оның жаман тұстары да бар.достарымен күні бойы хат жазысып, басқа заттарға қызығушылығы болмайды,қоғамдағы құбылыстарға араласпайды,белсенділігі жоғалып, талапсыздық пайда болады.Абай атамыз адам баласының ең жаманы талапсыз деп айтқан. Сонымен қатар ол сабаққа да үлкен кедергісін келтіреді.осыдан қоғамымызда білімсіз жастар пайда болады. АГЕНТ АРҚЫЛЫ ТІЛДЕСКЕНДЕ ӘРКІМ ӨЗ ОЙЫН ҚЫСҚА ЕТІП ЖАЗУҒА ТЫРЫСАДЫ.АГЕНТТІҢ САЛДАРЫНАН АДАМДАРМЕН АЗ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖАСАЙДЫ.КӨРКЕМ СӨЙЛЕУ ҚАСИЕТІМІЗДЕН АЙЫРЫЛЫП,ТІЛ БАЙЛЫҒЫНыҢ ЖОҒАЛУЫНА ӘКЕЛЕДІ
Ал тіліміздің болашағы, қазақ тілінің мәртебесін асқақтату біздің қолымызда емес пе
М.Жүмабаев
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін деп сенім артып келген жастардың бүгінгі халі осындай.
Қазақстанның келешегі, тіліміздің болашағы жастардың қолында.
Гректің атақты философы Платон: Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, Қыз тәрбиелей отырып,ұлтты тәрбиелейміз деген екен,
Әділхан:
Людвиг Витгенштейн: «Менің тілімнің шекарасы Менің дүниемнің шекарасы болып табылады» деп айтқан екен.Олай болса біздің мақсатымыз – ана тілімізді дамыту арқылы , тіл шекарасын кеңейту арқылы ұлтымыздың кеңістігін ашамыз, өрісін кеңейтеміз.
Адамдардың ойлау тәсілі өзгермей, дүниені түйсіну әдістері өзгермейді. Ал адамдардың ойлау қабілеті тек тіл өзгерген кезде ғана өзгереді. Заман өзгерген сайын тіл өзгеріп тұрады. 21 ғасырда тұрған біздер тіл тазалығын сақтаймыз деген желеумен ойлау қабілетіміз бен менталитетімізді 19-20 ғасырдың деңгейіне қалдыра берсек заман көшіне ілесе алмаймыз. Тіл – біздің өміріміздің өзегі, қоғамымыздың айнасы.
Бірнеше тілді білу – байлық, өз тіліңді білмеу – қорлық.
Мирас:
Сақтар болсаң халқыңды тілді сақта
Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа
Тілден басқа жиһаздың бәрін түгел
Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса
Сұлужан:
Абайдың өлеңдері жанға азық
Қалдырған ұрпағына мұра жазып
Абайдың жырыменен сусындаған
Бақытты деп ойлаймыз біздің халық.
Сұлтан:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып
Ана тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік
Даниял:
Ақын көзі жұмылмас
Жырдың көзі жұмылмай
Елдің туы жығылмас
Тілдің туы жығылмай
Алтынай:
Жетер енді әркімге бір ермейік
Қазақ болсаң құлашты бір сермейік
Қанға сіңген ана тілін халқым ау
Шұбарлауға ешқашан жол бермейік
Ерғанат:
Туған тілден сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып ақ алыңдар
Райымбек:
Қазақ қазақ болғалы Көргені көп тілімнің
Тіл үшін күрес көргені Мүмкін емен өлмегі
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала
Әр адамда өз анасынан басқа да
Ғұмырына етер мәңгі астана
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана
Туған жері түп қазығы айбыны
Туған тілі мәңгі өнеге айдыны
Жан байлығы салт дәстұрі тірегі
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер
1-жүргізуші: 2-жүргізуші:
Ана тілді ардақта Ана тіл асыл қазына
Өнердің алды қызыл тіл Байлығың білсең ол сенің
Анаңдай оны құрметте Жеткізер өмір жазына
Қажымай, талмай үйрен біл Сонымен өсер өркенің
Асылын сөздің өрнекте
Соңы
Достарыңызбен бөлісу: |