НАҚТЫ СҰРАҚ ҚОЮДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
Шакенова Гульназ Сапиолдановна
«ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші
Нақты сұрақтар оқуды бағалау стратегияларында негізгі құрал болып табылады және оны
бірқатар жауап алатындай етіп жоспарлау керек. Жақсы қойылған сұрақ оқушыны мазмұн (Кім? Не?
Қашан?) мен үдеріс (қалай? неге) арасында теңгерім сақталған танымдық саяхатқа шақырады.
Нақы сұрақтар қою неліктен маңызды?
Нақты сұрақтар оқыту мен оқу үдерісінің негізгі аспектісі болып табылады, өйткені біз қоятын сұрақтар өзіміз дамытып отырған ой деңгейін анықтайды. Жақсы сұрақтар оқушылардың ойланып, оған жауап бере алуы үшін біршама уақытты талап етеді және оқушылар оқуға қаншалықты белсенді қатысса, олардың қамту деңгейі де соншалықты үлкен болады. Сабақ барысында сұрақтарды қою кезінде тақырыптан ауытқуға жол берілмеу керек, сонда оқушының ойы белгілі бағытта болады және сұрақтар арқылы тақырып талқыланады, оқуға мүмкіндік беріледі. Тапсырманы шешу барысында тапсырманың негізі құрылымдалады және оған басшылық жасалынады, оқушылардың оқуын бағалауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар қате жауаптар қабылданып, мұғалім әрекеті оқушының сенімін жоғалтпай, ынтасын дамыту үшін шешуші мәнге ие болу керек. Ол оқытудың нақты мүмкіндігі ретінде қабылдану керек.
Сұрақтың түрлеріне келер болсақ олардың төмендегідей түрлері бар.
1. Жабық сұрақтар
2. Ашық сұрақтар
Жабық сұрақ дегеніміз оқушылардың жадын тексеруге және фактілерді еске түсіру үшін қойылатын сұрақтар. Жабық сұрақтардың әдетте бір ғана жауабы болады. Кейбір жабық сұрақтар оқушының үлгерімі туралы мазасыздық туындауы мүмкін, яғни дұрыс емес жауап берсем мені кемсітеді деген ой, сонымен оқушының белсенділігіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Ашық сұрақтардың әдетте бірнеше жауабы болады. Бұл оқушының жоғары деңгейде ойлау дағдысын қалыптастырады. Егер сұрақтар нақты дайындалған болса, онда оқушылардың алдыңғы тақырып пен қазіргі нақты мәселенің арасында байланыс орната отырып оқу тәжірибесін байытады. Мұндай кезде мұғалімдер оқушылардың білім мен түсінгендігін тексере алады және функционалдық сауаттылығының артқандығын байқайды, бағалауға мүмкіндік туындайды. Сұрақ қою дағдысын қалыптастыру кезінде Блум таксономиясын қолдануға болады. Мысалы сұрақты қарапайымнан күрделіге қарай тереңдете отырып сатылап жоспарлау. Оларды былай қолдануға болады:
Білім: Кім,не, неге, қайда, қалай?
Түсіну: Сіз осы идеяны қалай түсінесіз?
Қолдану: ... қалай үлгісі бола алады? ... бұл қалай байланысқан?
Талдау: Алгоритм неден тұрады? Алгоритмнің қасиеттері қандай? Қасиеттеріне қарай жіктеңіз?
Бағалау: Алгоритм орындалғаннан кейін не шығады? Сіз осыған қандай идея қосар едіңіз?
Жинақтау: Сіз осы алгоритмді құрған кезде жаңаша қандай тәсіл қосар едіңіз?,-деген сияқты пәнге байланысты сұрақтарды түрлендіріп, тиімді етіп қойса, онда оқушының пәнге деген қызығушылығы артады және тақырыпты меңгеруіне жағдай туындайды.
Сыныпта оқушыларды топқа бөле отырып, осы тақырып және осы пән бойынша не білетіндерін бағалай алатындай етіп, тақырып немесе пән туралы не білгісі келетіндері туралы сұрақ қою
Алдымен олардан өздерінің жауаптарын талқылауды сұрау керек; бұл стратегия ұялшақ оқушыларға жағдай және көп оқушыға «мен ойлаймын» дегеннен көрі «біз ойлаймыз» деген сөзді айтқан оңайырақ болады.
Оқушыларды тарту және ынталандыру үшін ойды белсендендіретін сұрақтар қою және ол
сұрақтарды сабақ соңында тағы да бір рет қойғанның артықтығы болмайды.
Қалған оқушылардың ойларын білу мақсатында жауапты бағалауды сұраңыз. Бұл жауапты
толықтыруға көмектеседі және алғашқы болып жауап берген балаға өз жауабын қайта қарауға мүмкіндік туғызады.
Ойлану үшін уақыт беруді ұмытпау керек, содан кейін оқушыларға өз ойларын өзгертуге және басқа да жолмен жүруге мүмкіндік беру. Бұл оқушыларды терең ойлануға және жаңа ақпарат алуға итермелейді.
Қарапайым, бірақ мүмкіндігінше сұрақтың неге бағытталғанына байланысты, барынша жақсы және дәйекті сұрақтар қорын дайындау қажет.
Кез келген жауапқа оң жауап беру және сапалы жауапты мақтау.
Дұрыс емес жауапты міндетті түрде түзету, оқушыға өз жауабын қайта қарауға уақыт беру.
Мұғалімнің сұрақ қою дағдысының қалыптасқандығын бағалауы қалай жүзеге асырылады?
1. Сұрақтар тақырыпқа қатысты.
2. Сұрақтар арқылы жаңа ақпарат беріледі.
3. Сұраққа жауап беруге барлық оқушылар қатыстырылады.
4. Ойлануға уақыт беріледі.
5. Қате жауаптар қабылданады
6. Сұрақ ойды белсендендіреді.
7. Сұрақ пен жауап сын тұрғысынан ойлауды моделдейді.
8. Қызығушылықты немесе білуге құмарлықты оятады.
9. Сұрақты күрделендіру
10. Бағамдау
11. Түрткі сұрақтар қою.
12. Оқушылардың ойларын бағыттау үшін сұрақтар қою
13. Тақырыпты қайта қарау үшін сұрақтар қою
14. Сұрақты оқушылар қояды.
15. Мұғалім оқушыға сұрақ қою үшін мүмкіндік береді.
16. Сабақта сұрақтардығ құрылымын қолданады.
17. Сабақта тиімді сұрақтар болды ма?
Оқушыларды өзінің оқуын талдауға үйрету.
1. Талдау – бұл қалай жұмыс істеді, не көмектесті? Оны сен қалай орындай алдың? Келесі жолы
не істейсің?
2. Мақсат – мақсат қандай ? сен неге қол жеткізе аласын? Не болады деп білесің? Сен оны
жасаған кезде ол қалай болады?
3. Болжам – сенің ойыңша жетістіктерін қандай болды? Сен қаншалықты алға ілгеріледің?
4. Кедергі- мақсатқа жету үшін не кедергі болып тұр? Қандай қиындық бар?
5. Жоспар- Жоспар қандай? Саған көмек кере па? Мұны топта орындағың келе ме? Осы талдау арқылы оқушының тақырыпты немесе бөлімді меңгергендігі туралы мағлұмат алуға болады.
Қорыта келе нақты сұрақтар оқыту мен оқу үдерісінің негізгі аспектілері болып табылады.
Мұғалімнің сұрақты қалай қоюына байланысты сыныптағы оқу ордасы орнайды және сұрақта қолдану шеберлігі оқушы мен мұғалім арасындағы жағымды қарым-қатынас орнату арқылы оқушыларға өз ойын қайта қарауға, дәлелдеуге және кеңейтуге мүмкіндік береді.