Негізгі өндірістің қоршаған ортаға тигізетін зияны
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесі бірініші қатарлардың бірінде тұр. Атмосфераны өндіріс объектілерімен ластау «қышқыл жаңбырлардың» пайда болуына әкелуі мүмкін, ал оның өзі су мен топырақ жағдайына әсер етуі мүмкін. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процестердің қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Сонымен қатар атмосфералық ауада көмір қышқыл газдың көбеюі де ұлғайып жатыр. Сонымен қатар экологтарды Қазақстандағы су объектілерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі ауытқуларына әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда ластағыш қасиетке тән барлық қарастырылған факторлар биосферада болып жатқан процестерге елеулі әсерін тигізіп отыр.
Елімізде 2009 жылдың маусым айында өнеркәсіп көлемі 7,2 пайыға ұлғайды, атап айтқанда маусымда мамырмен салыстырғанда кең қазу өнеркәсібіндегі өндірісі – 6,3 пайызға, өңдеуші өнеркәсібіндегі өндірісі 9,9 пайызға өскен. Сонымен қатар маусымда шикі мұнайды, металл кендерін өндіру, машина жасау, металлургиялық өнеркәсіп өнімдері ұлғайған.
Өнеркәсіп өндірісі қоршаған табиғи ортаның барлық бөліктеріне зиянды әсер етіп жатыр
Атмосфералық ауаның ластану мәселесі негiзiнен Республика халқының жартысына жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк агломераттарға тән.
Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж – 3,1 млн г., 1997 ж – 2,37; 1998ж – 2,33) зиянды заттар шығады. Атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар – 22,7 %, қара металдар – 15,7% береді.
Смог – үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қатты ластануы. Оның екі тұрпаты байқалады:
Түтіннен немес өндірістік газдың қалдықтарынан құралған қалың тұман;
Фотохимиялық смог – өткір газ бен аэрозольдің қою тұмансыз жиынтығы, ол күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен фотохимиялық реакцияға түсіп құралды әрі өте улы келеді.
Сонымен қатар, шетелдік және ұлттық өндірістік компаниялар, елдегі атмосфералық ауа мәселесін одан әрі өршіте түсті. Мысалы, «Қазақмыс», «Испат-Кармет» ірі компаниялары Қазақстан бойынша ластаушы ошақтарды құрайды. Ауаға тасталатын улы заттардың мөлшері апаттық жағдайға әкеліп отыр. Жезқазған қаласының әрбір тұрғынына 6 тонна, Балхаш қаласында 7-8 тонна, Қарағанды қаласында ол көрсеткіш 5 тоннаны құрайды екен. Соған қарамастан бұл компаниялар экологиялық салықтардан жиі босатылады және өте аз мөлшерде айып салынады екен. Осы факторлардын әсер етуінен өндірістік қалаларда аурулардың белгісіз түрлері тараған. Адамдардың өмір сүруінің орта жасы бірден төмендей бастаған, сонымен қатар өлім саны да кенеттен өсіп кеткен. Мамандардың дәлелдеріне сүйенсек, қазіргі кезде халық шегіп отырған зардаптар болашақта бірнеше ұрпактарға үлкен кері әсерін тигізеді.
Өндірістік жұмыс процесінде пайда болатын қалдықтар ізсіз жойылмайтындығы, олар бір формадан екінші формаға ауыстырылады немесе басқа кеңістікке қойылады. Ал оның әсері талай уақытқа созылуы мүмкін.
Қазақстанның аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтары 20 млрд. тоннадан асып кетті, оның ішінде 7 млрд. тоннасы улы заттарды құрайды, әрі олардың ұлғаю үрдісі байқалуда. Мамандардың зерттеу жұмыстарынын қорытындысы бойынша, Қазақстан территориясының радиоактивтік ластану дәрежесі, Чернобыль АЭС-да болған апатының салдарынан территорияның радиоактивтік ластанған дәрежесінен 1,5-2 есе артық. Бұл мәселе қолайлы қоршаган ортаны қамтамасыз ету жұмысын одан әрі шиеленісе түсуіне себепші болып отыр.
Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның iшiнде 8 қала - ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейiнiң себебi – өндiрiсте ескiрген технологиялары, тиiмсiз тазартқыш құрылыстарды пайдалану, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiнiң аз пайдаланылуы. Ауа бассейнiнiң ластануы көмiрсутегi шикiзатының бұрынғы кен орындарын дамытуымен және жаңа кен орындарын игеруімен де байланысты, бұл атмосфераның күкiртсутегiмен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседi. Алауларда iлеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкiрт пен азот оксидтердiң едәуiр көлемiн атмосфераға шығарумен қатар жүредi, кен орындарының төңiрегiнде жоғары жылу аясы қалыптасады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мұнай-газ саласы қарқынды дамуда, сондықтан қоршаған ортаны мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған ағынды сулардан қорғау – бастапқы міндеттердің бірі. Қазақстанда өндіріс орындарының ағын суларын биологиялық әдіспен тазарту негізінен бактериялдық және альгологиялық тазарту әдісімен жүргізіледі.
2020жылдың
9 айы ішінде облыс көлеміндегі мұнай өндіруші компанияларда 2602,3 миллион текше метр ілеспе газ өндірілген. Соның 1205,8 миллион текше метрі факельдерде жанып ауаға тарап кетті. Мысалы тек «СНПС-Ақтөбе мұнайгаз» АҚ өзі 805,3 миллион текше метр көгілдір отын жаққан. «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС болса, 357,59 миллион текше метр газды еш рұқсатсыз ауаға таратып жіберген. Осы мәліметті есепке ала отырып, «Қазаұойл» табиғатты ластап отырған «СНПС-Ақтөбе мұнайгаз» компаниясынан кейінгі ең зиянды өндіріс орны болып саналады.
Қазақстанда өнеркәсібі дамуының басты бағыты кен байлықтарымызды игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген.
Республика бойынша Ақтөбе облысы өндірістік қалдық шығарудан екінші орында болып отыр.
Қазақстанның еңбайырғы мұнай өңдеуші кәсіпорны болып саналатын Атырау мұнай өңдеу зауытының спецификалық қызметі оның стратегиялық дамуында тек өңделетін мұнай көлемін арттыру, шығарылатын өнім сапасын қадағалауды ғана емес, кәсіпорын басшылығынан жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайлы жұмыс жағдайын туғызу, техногенді жағдайлардың алдын алу, әрбір құрылымдық бөлімнен қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттар көлемін азайтуды талап етеді. Мысал келтіре кететин болсам, ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Даму стратегиясы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және оның еншілес ұйымдары мен тәуелді қоғамдары қызметінің негізгі стратегиялық мақсаттары ретінде Компанияның тұрақты экономикалық дамуын, тұтастай алғанда елдің мұнай-газ кешенін дамытудан Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық пайданы қамтамасыз етуді, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруді айқындайды. Осымен қатар Компания қоғамның алдында өз қызметінің қоршаған ортаға әсерін азайту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, Компания қызметінің аудандарында тұрып жатқан қызметкерлер мен тұрғындардың денсаулығын қорғау үшін жауап береді. Компанияның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметінің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: басқару тиімділігі мен қабылданатын шешімдер сапасын арттыру; қауіпсіз еңбек жағдайын және Компания қызметкерлері мен Компания қызметінің аудандарында тұрып жатқан тұрғындардың денсаулығын қорғау; өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін азайту.
Тағы да мысал ретінде, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом Компаниясын алуға болады. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом Компаниясы өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыруда, жұмысшылар еңбегінің қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету, компания қызметкерлері мен компания қызметі аудандарында тұратын халықтың денсаулығын қорғау, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаның қолайлығын сақтау “Қазатомөнеркәсіптің” ең басты мәселелері болып табылады. Компания қызметтері зиянды заттардың шығуы мен тасталуына, қалдықтардың түзілуіне, тазалануына және көмілуіне тұрақты бақылау жүргізеді. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығына зиян келтіретін жағдайларды болдырмау саласында “Қазатомөнеркәсіп” қызметі мына мақсаттарды қояды:
- өндірістік жұмысты Қазақстан Республикасында қолданыстағы табиғатты қорғау;
- заңнамасына және басқа нормативті талаптарға сәйкес жүргізу;
- өндірістік жұмыс әсерінің кәсіпорындар жұмыскерлері мен қоршаған ортаға азаюы;
- еңбек жағдайы мен қоршаған ортаның жай-күйінің үнемі жақсаруы;
- өндірістік және экологиялық апаттардың алдын алу;
- ресурстарды тиімді пайдалану;
- техникалық және экологиялық қауіпсіздік есебімен барды тұрақты жетілдіру және жаңа технологияларды ендіру;
- еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында Мемлекеттік және халықаралық қоғамдармен тұрақты бірлесіп әрекет қылу.
Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi. Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады.
Өндірістің келесі зиянды әсер ету объектісі болып су ресурстары табылады. Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Ертiс, Нұра, Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.