Нейрон түрлері. Тармақтарының санына қарай нейрондар көпүйекті (мультиполярлы), қосүйекті (биополярлы), бірүйекті (униполярлы) болып бөлінеді. Адамның жүлын түйіндерінде биполярлы және жалған униполярлы нейрондар бар
Нейрон түрлері. Тармақтарының санына қарай нейрондар көпүйекті (мультиполярлы), қосүйекті (биополярлы), бірүйекті (униполярлы) болып бөлінеді. Адамның жүлын түйіндерінде биполярлы және жалған униполярлы нейрондар бар. Ал мультиполярлы жасушалар көбіне қозғалтқыш (мотонейрондар) нейрондар арасындағы ең жиі кездесетіндері. Атқаратын қызметіне қарай сезімтал, қозғалтқыш, аралық нейрондар болып үшке бөлінеді. Сезімтал нейрон қабылдағыштарда туған қозуды орталыққа жеткізеді. Бұлар жүлын түйінінде, артқы ашасында, мидың барлық бөлімдерінде кездеседі. Қозғалтқыш нейрондар жүйке серпіністерін орталықтан шеткі ағзаларға апарады. Олар жүлынның сүр затының алдыңғы және бүйір ашасында, ми қыртысының қозғалтқыш аймақтарында (аймақтарында) ми бағанынын ядроларында орналасқан. Аралық нейрондар сезімтал нейрондардан шыққан ақпараттарды (серпіністерді) қозғалтқыш нейрондарға жеткізеді.Сезімтал нейрондар. Олар жоғары сатыдағы омыртқалылар мен адамда жұлын миының екі жағынан орналаскан-арқалык ганглиндер немесе түйіндер деп аталынатын ерекше органдардың құрамына кіреді. Сезімтал нейрондар козуды қабылдайды да, оны жүлын миының артқы мүйізіне кіргізеді. Арқалық түйіндердің арқауы дәнекер тканьнен кұралады. Дәнекер тканьде униполярлы сезімтал нерв клеткалары топтар түзіп, орналасады. Ол нерв клеткалары негізінде биполярлы клеткалардан түзетілетіндіктен жалған униполярлы клеткалар деп аталады Бұл клеткалардың денесінен шығатын өсінді екі тармаққа бөлінеді. Оның ұзындау тармағы шетке қарай бағытталады. Шетте ол тітіркендіргіш қабылдайтын сезімтал нерв ұштарымен аяқталады. Ал екінші қыскарақ тармағы жұлын миына кіріп, шеткі сезімтал ұштардан келетін қозуды жұлын миына өткізуші болады. Мидың ақ затында ол тармақ бөлініп, бір бұтағын жоғары, екінші бұтағын төменгі бағытка таратады. Ол қыска тармактың бұтактары мидың сұр затына еніп, байланыстырушы немесе аралық нейрондардың денесінде аяқталады. Байланыстырушы немесе аралық нейрондар аз таралған кысқа дендриттерден тұратын майда мультиполярлы клеткалар. Олардың жалғыз нейриті сұр заттан ак затқа шығып, бірі жоғары, екіншісі төмен бағытталған бұтақтарға бөлінеді. Арқалық мидың төмен және жоғары орналасқан бөлімдерінде олар қайтадан сұр затка еніп, қозғалтқыш нейрондармен туйіседі. Бұл байланыстырушы клеткалардың тармақтары арқалык мидың сыртына шыкпай, тек ішкі бөлімдерін өзара байланыстырушы болады. Бірақ арқалық мидың артқы муйізі мен сур заты-ның орталық бөлімінде басқа типті де байланыстырушы клеткалар кездеседі. Ол клеткалардың жоғары өрлейтін тармактары ұзын болып, бас мидың бағана бөлімдеріне дейін жетеді. Жалпы алып қарағанда байланыстырушы клеткалар рефлекстің орындалуына қатысатын екінші типті нейрондарға жатады. Байланыстырушы нейрондар-да сезімді импульстер козғалткыш импульстерге ауысып отырады. Ол импулстердің сонғы таралу жолы байланыстырушы клеткалардың өткізгіш талшықтарымен аркалық қозғалткыш немесе моторлық нейрондарға байланысты.