Нұрлы жол-болашаққа бастар жол



Дата12.03.2018
өлшемі75,32 Kb.
#39225
Нұрлы жол-болашаққа бастар жол
Мақсаты:
 
- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» Стратегиясы және «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жолдауындағы нақты мақсаттарды және Жалпыұлттық идеямыз- Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын түсіндіру.
-Оқушыларды Елбасы жолдауындағы жаһандық сыннан өту үшін бір шаңырақ астында топтасуымыз, тұрақтылық пен келісім Қазақстан болашағының кілттері екенін ұғындыру.
-Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясатының әлемдік экономикаға әсері туралы айта отырып, мемлекетіміздің ішкі-сыртқы жағдайларымен үнемі танысып отыруға дағдыландыру.
-Ұлттық тарихымызды ұлықтап, бүгінгі биіктерімізді бағалап, Отанын сүйетін, толерантты және креативті тұлға тәрбиелеу.
Түрі: Дөңгелек үстел
Көрнекілігі: Елбасының суреті, Ұлттық рәміздер, Елбасының қанатты сөздері, тірек- сызбалар, слайд.
Мұғалім сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар бүгінгі Елбасы жолауын талқылап, насихаттау бағытындағы «Біз жолдауды қолдаймыз» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев 2014жылы 11қараша күнгі «Нұр Отан»партиясы саяси кеңесінің отырысында Қазақстан халқына арнап «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» 2015 жылға арналған кезекті жолдауын жолдаған болатын.Осы жодауда әлемдік сын қатерлерге қарсы тұру үшін бағыт-бағдар берілген.Сонымен қоса «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясат- әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға ауқымды қадам, «Мәңгілік Ел» Жалпы ұлттық идеяны өміршең ететін- Елдің бірлігі екені, табыстың кілті екені айтылған.
І. Ой-қозғау.
1.Жолдау дегеніміз не? (Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы ең басты саяси баяндамасы)
2.Елбасының «Қазақстан-2030» Жолдауы қашан шықты? (1997ж. 10қазан)
3. «Қазақстан-2030» стратегиясындағы ұзақ мерзімді басым мақсаттар:
 
1.Ұлттық қауіпсіздік;
 
2.Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
 
3.Экономикалық өсу;
 
4.Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
 
5.Энергетика ресурстары;
 
6.Инфрақұрылым, әсіресе, көлікпен байланыс;
7.Кәсіби мемлекет.
4. Елбасының «Қазақстан-2050»стратегиясы жарияланған (2012ж, 14 желтоқсан)
5.Елбасы Н.Назарбаевтың 2014ж.17 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған жолдауы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат,Бір мүдде,Бір Болашақ»


6.ХХІ ғасырдағы Ұлы Жібек жолы («Батыс Еуропа- Батыс Қытай» магистральдық көлік дәлізі)
ІІ. «Жолдау жол сілтейді»
1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 1997 жыл 16 қазан. БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ АУҚАТЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫ, ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӨРКЕНДЕУІ
2. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 1998 жыл20 қыркүйек. МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ: ЖАҢА ЖҮЗЖЫЛДЫҚТА ҚОҒАМНЫҢ ДЕМОКРАТИЗАЦИЯЛАНУ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ РЕФОРМА
3. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 1999 жыл 16 қыркүйек.ЖАҢА ЖҮЗЖЫЛДЫҚТА МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІГІ
4.Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2000 жыл 16 қазан.ТӘУЕЛСІЗ, ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМҒА
5. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2001 жыл 16қыркүйек. МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН 2002 ЖЫЛҒА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ
6. Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы. 2002 жыл 16 сәуір.
2003 ЖЫЛҒА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ
7. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2003 жыл 16 сәуір.2004 ЖЫЛҒА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
8. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2004 жыл 19 наурыз. БӘСЕКЕЛЕС ҚАЗАҚСТАНҒА, БӘСЕКЕЛЕС ЭКОНОМИКАҒА, БӘСЕКЕЛЕС ҰЛТҚА.
9. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2005 жыл16 ақпан.ҚАЗАҚСТАН ТЕЗДЕТІЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖЕДЕЛ ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА.
10.Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2006 жыл1 наурыз. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында.
11. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2007 жыл 28 ақпан.ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ӘЛЕМДЕ.
12. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2008 жыл 16 ақпан.Қазақстан азаматтарының ауқатының өсу – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты
13. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2009 жыл6 наурыз. ДАҒДАРЫСТАН ДАМУ МЕН ЖАҢАРТУҒА.


14.Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2010 жыл 29 қаңтар. ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

15. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2011 жыл 28 қаңтар. БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ


16. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2012 жыл 27 қаңтар. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
17.Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. 2012 жыл 14 желтоқсан. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
18. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат,Бір мүдде,Бір Болашақ» атты халыққа жолдауы. 2014ж.17қаңтар.
19. «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жолдауы .1914ж.11қараша.
Мұғалім сөзі: Елбасымыздың «Қазақстан -2030»стратегиясында жоспарланған ұзақ мерзімді 7 бағытты тарихи тұрғыдан алғанда аса қысқа мерзімде шешіп, уақытынан бұрын орындалуына байланысты жаңадан «Қазақстан-2050»стратегиясылық жоспарын ұсынған болатын.
Елбасымыздың «Қазақстан-2050»стратегиясылық жоспарындағы ХХІ ғасырдың жаһандық он сын қатеріне тоқталғым келіп отыр.
1.Бірінші сын-қатер-тарихи уақыттың жеделдеуі
2.Екінші сын-қатер-жаһандық демографиялық теңгерімсіздік
3.Үшінші сын-қатер-жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер
4.Төртінші сын-қатер-судың тым тапшылығы
5.Бесінші сын-қатер-жаһандық энергетикалық қауіпсіздік
6.Алтыншы сын-қатер-табиғи ресурстардың сарқылуы
7.Жетінші сын-қатер-Үшінші индустриялық революция
8.Сегізінші сын-қатер-үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық
9.Тоғызыншы сын-қатер-өркениетіміз құндылықтарымыздың дағдарысы
10.Оныншы сын-қатер-жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

ІІІ. «Қазақстан-2050: Ел үшін, Атамекен жер үшін» 


«Қазақстан -2050» Стратегиясының негізгі айқын нақтыланып, атқарылуы тиіс бағыттар көрсетілген.

ІV. «Елбасының қанатты сөздері»


Оқушы:
 
Қазақстан-зайырлы мемлекет.Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен қоғамға өз бетімен біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады.
Оқушы:
Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді.Біз осыны жете түсінуге тиіспіз.Сондықтан біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия құрғанымыз жөн.
Оқушы:
 
Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды.Мемлекет мен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды.Мемлекеттің басты міндеті осы.
Оқушы:
 
Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады.Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.
Оқушы: «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады».
Бұл-тарих заңы.Сондықтан, «Қазақтың бірлігі- еліміздің кілті», ең басты мәселесі.
Ел бірлігі - ең асыл қасиет.
 
Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге- қазақтарға керек.
Қазақты ешуақытта сырттан жау алған емес.
Қазақ әлсіресе, алауыздықтан әлсіреген, күшейсе, бірліктен күшейген.
 
Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді.
Мемлекетте солай.
 
Оқушы:
 
Әркімнің таңдау құқығы бар.Діни таңдауға өте үлкен жауапкершілікпен қарау керек, өйткені, адамның өмірлік салты, тұрмысы, көп жағдайда бүкіл өмірі соған байланысты.
Бүгінде, интернет пен жоғарғы технологиялар ғасырында, ақпараттар тасқындаған заманда, «сүзгі»адамның ішінде болу керек.
Оқушы:
 
Егер біз күшті болсақ, бізбен санасатын болады.
Егер біз таңғажайыпқа сенсек немесе басқаларға иек артсақ, қол жеткізген жетістіктерімізді жоғалтып аламыз.
Бүгін біз - ең дұрыс таңдау жасауға тиіспіз.
Оқушы:
 
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз.
Үдеудің сыры- бірлікте,
 


Жүдеудің сыры- алауыздықта.
Оқушы:
 
Біз бәріміз бір атаның- қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу- ол қасиетті қазақ даласы.
 
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол- тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
Оқушы:
 
Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болды.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!
V. «Нұрлы Жол –болашаққа бағыт»
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол -болашаққа бастар жол» атты жолдауы еліміздің болашақтағы дамуының бағыттарын айқындап, бірқатар маңызды міндеттерді нақтылады. Бүгінгі әлем жаңа сындармен және қатермен бетпе-бет келіп, әлемдік экономикалық дағдарыс салалары және геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде кедергі болған уақытта, Елбасы жолдауы болашаққа бағыт-бағдар болып табылады.
Елбасымыз алда үлкен де жауапты жұмыстар тұрғанын және жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет екенін, барлық қазақстандықтар арасында сенімді нығайтуға тиіс екеніміз жолдауда нақтыланған.
Еліміздегі 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар бір шаңырақ астында татуда- тәтті өмір сүруіне тұрақтылық пен келісім арқау болғанын, бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік екені, білімді жастар болашағымыздың тірегі, Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашқанын, «Нұрлы Жол», міне, тағыда көрсетті.
«Өз тарихын сыйламаған халық, өзін де сыйламайды» деген сөзін Елбасы нақтылап, тарихымызды білмей,болашақты болжай алмайтынын көрсетіп, тарихи оқиғаларға мән беріп, ұлттық құндылықтарымызды түгендеп, жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Елбасымыз Ұлытау төріндегі сұхбатында да экономика мәселелері, ел тарихы, тіл тағдыры, дін ахуалы төңірегінде айта келіп, Ұлытаудың қасиетті жер екенін, тарихтың куәгері екенін, тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр екенін еске салған болатын.Осы бағытта ұлттық тарихымызды ұлықтап, бүгінгі биіктерімізді бағалауды жолдауда айқын көрсетті.




Каталог: uploads -> doc -> 075d
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
075d -> «Жіктеу есімдігінің септелуі»
075d -> Сабақта қолданылатын ресурстар (көрнекіліктер) : Кеспе қағаздар; смайлдер; слайд; 6 қалпақ; стикер; постер
075d -> Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
075d -> Сабақ тақырыбы: Бір орыннан ұзындыққа секіру. Сабақ мақсаты: Бір орыннан ұзындыққа секіру әдістерін жетілдіру
075d -> Сабақ тақырыбы Сұлу сазды «Гәкку» Сабақ мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет