Нұрсәуле Рсалиева, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ



Дата25.12.2016
өлшемі1,57 Mb.
#5229

Нұрсәуле Рсалиева,

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Тіл маманы Нұрсәуле Рсалиева Мақсұтқызы зерттеу жұмыстарын І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының ағылшын тіліндегі аудармасына арнап, шығарманың орыс тіліндегі және орысша нұсқасынан жасалған ағылшын тіліндегі аудармаларының қазақ атына келтіретін залалды тұстарын таразыға салып, оның салмағының қаншалықты батпандап тереңде жатқанын ағымдағы баспасөз беттерінде баяндап келеді. Бүгінгі ұсынылып отырған мақала да осы бағытта жасалған ізденіс нәтижесі. Мұнда автор трилогия аудармаларының көркем шығарма аудармаларына қойылатын талаптар деңгейінен көріне алмайтынын нақты ғылыми дәйектерге негіздей дәлелдейді.

Мақала “Сын: уақыт және қаламгер» деп аталатын

Қазақстан жазушылар Одағының 2007 ж. алғаш жарық көрген

әдеби‑көркем сын басылымының тұсаукесер санында жарияланды


Қызыл империяға құлдық ұрған аударма

(І.Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясының орыс, ағылшын тілдеріндегі және орысша нұсќасы бойынша жасалған өзге тілдердегі барлыќ аудармаларын жарамсыз деп тану хаќында)


І.Есенберлин өз естеліктерінде Көшпенділерді” жазғандағы себебін: „...қазақ халқының өткенінің тарихи анықтығы, оның мемлекет болып құрылуын батылдықпен бейнелеп көрсету. Ең бастысы, бұл роман шаманизм философиясына қарсы қойылған. Көшпенді халықтар тарихтарынан айрылған сияқты. „Көшпенділер“ – әр түрлі бұрмалауларға тура жауап. Қазақтың өз мемлекеті болған және біздің тарих өте көне әлемдік тарихтың бір бөлігі болып табылады“ деп жан сырын ашады („Жан сырым“ Ойлар, нақыл сөздер, естеліктер. Дайындаған А.Дүйсенбаев. Алматы, І.Есенберлин атындағы қор. 2001).

Жарты әлемге аты мәшһүр “Көшпенділер” трилогиясы ел президенті Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, „жалпы таралымы үш миллион данамен елу реттен аса шығарылып, қазірдің өзінде отыз тілге аударылған». Әйтсе де, бұл – он жылдың ар жағындағы 1998 жылғы көрсеткіш. Содан бергі уаќытта осы күнге дейін көпшіліктің сұранысын ќанағаттандыру маќсатында трилогияның тек ќазаќша нұсќасы емес, өзге тілдердегі аудармалары да жылма-жыл сансыз таралыммен толассыз жарыќ көріп жатқаны мәлім. Ќазір Р.Ибрагимбековтің сценарийі бойынша түсірілген осы трилогиямен аттас „Көшпенділер“ тарихи көркем фильмінің ғалам кинотеатрларына жол тартуы да бұл шығармаға деген бұған дейін де сейіле қоймаған сұранысты еселей түскен. Міне, „Кочевникидің“ бояуы кеппеген 2007 жылғы басылымы да сөрелерде самсап тұр. Шығарылымның бәрі қолдан-қолға тиместен, дүкен сөрелерінде бетіне шаң түйірі түсіп үлгерместен сатылып кетіп жатыр. Бұл жолғы басылымнан алып үлгермегендерге келесі 2008 жылғы шығарылымды тоса тұруға тура келеді. Жалт-жұлт етіп алыстан көз тартып, бұдан да көрікті болып тағы шығатынына 99 пайыз сенім бар. Олай дейтін себебіміз, 2005 жылдың тамыз айынан бастап «Көшпенділер» трилогиясының аудармаларының қазақ рухына келтіретін залалды тұстарын қанық бояумен көрсетіп, беделі бар деген баспасөз беттерінде ауық-ауық жариялап келеміз. Халқының тарихтан тартқан тауқіметіне табанды тосқауыл тосуға бас қосуға бүгінгі тәуелсіз елдің зиялысында дәрмен жоқ екеніне көз жеткендей. Сонда да... жабырқау жүрек, күз көңіл кей кеуделерде үміт оты өшпеген, бір пайыздың шамасында шала-жансар, маздайды…

Мұхтар Әуезовтің “Аудармалар жөніндегі сын-пікірлердің аќауларының бірі тәуір аудармалардың, тіпті жалпы аударманың тек бірбеткей көлеңке жаќтарын, сұрќай пішіндерін ғана байќастырудан тұрады. …Аудармалардың жетістік жайларын көрмеу немесе оны бағаламау бүкіл аударма теориясының игі және нәтижелі ќасиеттеріне нұќсан келтіреді. …Ал ылғи тек кемістіктер мен кіналарды (сөз дереккөзде осылай жазылған – Н.Р.) теріп айтылған пікірдің өркендеген әдебиет ќозғалысына пайдалы әсері кем болмаќ” деген пікіріне (Көркем аударманың кейбір мәселелері. Маќалалар жинағы. Ќұрастырған Ќ.Жармағамбетов. Алматы, 1957) орала отырып, маќсатымыздың бірбеткей “ќате іздеуден” ќұралмайтынын және о баста «қате іздеу» дегеннің тіпті ойда болмағанын, керісінше, мұның бәрі тек ізгілік іздеп, ағылшын тіліндегі ономастикалық атаулардың жазылу үлгісін өз қажетімізге жаратамыз ба деген игілікті бастамадан бастау алатынын айта кету ләзім деп білеміз. Сондықтан, ізгіліктен күдер үзбей, алдымен мысалды белгілі қаламгер М. Симашконың аудармашылық шеберлігін танытатын тұстардан алайық:

Төрт жыл ќалада оќыдым, ата. Жас адамға төрт жыл төрт күнмен тең ғой… Ал маған… Әлде мен сондай сары уайымшыл болып тудым ба, төрт жылым төрт жүз жылдай ұзаќ соќты… Егер адам ойы теңізге айналар болса, менің ойымнан бүкіл дүниені ќоршаған тірі пенде жүзіп өте алмас мұхит пайда болар еді…” [517-б.] дегенді “Я четыре года проучился, дедушка. Может быть, уродился таким беспокойным, но они мне казались длиннее четырех жизней. Если бы мысли были водой, то я давно бы захлебнулся в том океане, который окружает меня” [489-б.] деп береді. «...Сан ерлер «әттеген-ай» деп қара жерді қаба құлады» [260-б.] дегенді «Тысачи людей проклиная час своего рождения, отдали в этот несчастный день Богу душу» [249-б.] деп, біршама еркіндікке салып жіберсе де, шоқ-шоқ ойларды жалпы сәтті жеткізеді (мысалдар ағ.т. [520-б.], [269-б.] орысшасына ұқсас). Аудармашыға бұл өзінің жазушылық шеберлігінен берілетін жеңілдік. «Кочевники» мен «The Nomads» бойынша мұндай оң нәтижелерді көбіне қазаққа келіп кетер ештеңе жоқ жерлерден кездестіріп отыруға болады. М. Симашконың жазушы ретінде қаламы ұшты ұста екеніне талас жоқ, бірақ осы шығармада ол өз шеберлігі мен күш жігерін саясат тұрғысынан «сапалы» туынды жасап шығаруға сарп еткен.

Мәтін жүйесі саќталмағандықтан, трилогияның орыс тіліндегі аудармасын қазақшасымен салыстыра оќу өте ќиын, түпнұсқада кездескен белгілі бір ойды «аудармасынан» бір жерде болмаса, басқа бір жерде кездесіп қалар деп, көп іздеуге тура келеді. Іздегеніміз бірде табылғанмен, бірде табылмайды. Сырын ұға келе, кейде «мұндайды аудармадан табу неғайбыл» деп болжам жасай беруге де болады. Іздегеніміз табылған күнде кейде кей ұқсастықтарымен бастапқы қалпына тек жобасы келетін, не болмаса тіпті жобасы келмейтін күйде, не болмаса мүлде кері көріністе кезігіп жатады. Аудармашы өзінің аудармашылығынан гөрітырмашылықты емес, жазушылықты , жазушылығына басып кете беретіндіктен, өзгеге ұнамайтын сөйлемдер, түйдек-түйдек ойлар, тұтас-тұтас беттер (деуге болады) көзден ғайып, көңілден таса кете барады.

Кеңес тұсында Кремль ұстанған саясат тұрғысынан аудармаға анау-мынау, жеңіл-желпі жасалатын «түзетулерді» ерсі көрмесек те, кімде-кімнің тарапынан болмасын, дәл мынадай қарекетке бару бүтін бір ұлттың болашағынан үмітін үзген, атап айтқанда, аударманы салыстыра зерттейтін сауаты бар бір жанның халық арасынан шыға қоймасына сенімі кәміл қаскөйдің ғана қолынан келер шаруа ма дерсіз.

Біздің зерттеу нысанымызға алынып отырған 1998 жылы шыққан үлкен көлемді, иллюстрациялы нұсќада «авторизованный перевод с казахского языка Мориса Симашко» делінген. Әйтсе де, «авторизованный перевод» деген сөздің өзі аударманың көптеген басылымдарында көрсетіле бермейді, көбіне «перевод с казахского языка М.Симашко» делініп беріледі. Авторизованный перевод дегенге С.И.Ожегов пен Н.Ю.Шведованың сөздігі: «Авторизовать – Одобрить (-рять) форму, вид своего произведения, изобретения (для воспроизведения, издания, перевода). Авторизованный перевод (одобренный автором)» деген түсіндірме береді. Олай болса, «Шығарманың орыс тіліндегі аудармасы І.Есенберлиннің өзінің көзі тірісінде жасалған емес пе еді, мұндай келеңсіз жағдайдың орын алуы мүмкін емес еді ғой» деген сияқты орынды пікірлерге қандай жауап бар? Әрине, мұндай сауалдың тууы заңдылық. Аударма нәтижесін алғаш көргеннен-ақ ең алдымен алдымыздан шыққан сұрақ осы болатын. Бұл сұрақтың жауабын ҚР ҰҒА академигі, әдебиетшілердің көшбасшысы Рахманқұл Бердібайдың мақалаларымызға берген пікірінің «Ол аудармалар кезінде ұнамды ќұбылыс болып бағаланды. Тіпті ќазаќ жазушылары шығармаларының орыс тіліне және шет тілдерге аударылуының өзі үлкен жетістік деп саналған кездер де болды» деген тұстарынан, сондай-ақ, «жанайқайымызға» бірден-бір баспасөз беттерінде үн қосып жүрген білікті сатирик, білекті қаламгер Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғаббас Қабышұлының «Қазақ әдебиеті» газетінің 2006 жылғы №46 санында жарық көрген «Бетімен кеткенде береке болған ба?» деген мақаласында келтірілген «Қаламнан қолы босамай өткен Ілекеңнің өзі де орысша нұсқасын оқып үлгірмегені анық, егер үлгірсе, аудармашысына (Морис Симашкоға) біраз базына айтса керек еді» деген жолдарынан таптық.

Сонымен, қазіргі күнге дейінгі зерттеулеріміздің нәтижесіне жүгінсек, трилогияның орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармаларының жалпы сипаты мынадай тұжырымдарға саятынына көз жеткіземіз:



  1. ономастикалық атаулар (әсіресе ағылшын тілінде) мейлінше әркелкі жазылып, бұрмаланады, кейде мүлде танылмастай күйге жетеді, кей атаулар тыңнан пайда болып, кей атаулар із-түзсіз жоғалып кетеді;

  2. көптеген реалий (ұлттық) сөздердің мағынасы ашылмайды, түсініксіз ќалпында ќалады, не болмаса бұрмаланады, түсіндірмелерде жүйе жоќ (кездескен сөз бірінші ќолданысында емес, екінші, үшінші ќолданысында түсіндірілуі мүмкін);

  3. аудармасы бар сөздердің де аударылмай ќолданылуы жиі кездеседі;

  4. көптеген тілдік ќұбылыстардың түпнұсќасы мен аудармасы мәдениетаралыќ коммуникация үдерісінде ортаќ мәмілеге келе алмайды;

  5. сандыќ көрсеткіштер кейде саќталады, кейде аудармашының өз «деректері» бойынша беріледі, кейде тіпті берілмейді, дәлдіктен ќашќаќтау бар;

  6. автор афоризмдері мен өзіндік стилі көп жағдайда ескерілмейді, аудармалар лингвистикалыќ тұрғыдан шешім табар мәселелерден гөрі саяси тұрғыдағы мәселелерді «реттеу» ісін маңызды санайды;

  7. ќазаќ хандарының ќол астына ќараған территория сөз болатын тұстарда аудармашылар ел, жер аттарын атамауға тырысады;

  8. ќазаќ ќыз-келіншектерінің сұлулығы мен батыр тұлғалы ер азаматтарының бейнесі аудармаларда кейде суреттелмейді, кейде (ќызды «красавица» деумен шектелу сияќты) жетімсіз күйде ќалады;

  9. ќазаќ табиғатына тән ќасиет, мәдениет (биязылыќ, үлкенге ќұрмет, т.б.) бүркемеленеді;

  10. ќазаќ тапќырлығы, шеберлігі және терең философиясы ашылмайды;

  11. халықтың «Мәдени мұрасына» нұқсан келеді;

  12. ќазаќтың батыр халыќ екені көмескі суреттеледі;

  13. «алтынмен апталып, күміспен ќапталған» қазақ дәулеті аудармашылардың «кеден бекетінен» оңайлықпен өтпейді;

  14. дінге ќатысты тұстар дінаралыќ ќатынасты араздатуға бастайды;

  15. саяси мағынаға ие мәселелер не ќысќартылып, не көзделген маќсатќа «оңтайлы» аударылады, «аударылады» дегеннен гөрі «мұндай беттер тұтас-тұтасымен басќаша жазылады» деу лайыќ;

  16. жаќсылыќты жасырып, жамандыќты асыру көптеп кездеседі;

  17. ел бірлігі деген сөзді ауызға алғысы келмейді;

  18. үрей, аяныш тудыратын көріністердің бояуы ќаныќ суреттеледі, кейде ойдан ќұрастырылады;

  19. «қазаќ – ќанішер, ќаннан басќа көргені жоќ халыќ” деген ұстаным бар;

  20. ел басќарған ерлер мен хандарды біржақты абыройсыз етіп суреттейді, ќаралайды,

  21. бүтін халыќты ќаралайды, қорлайды, халыќќа ќазаќ деген атты да ќимайды;

  22. патшалыќ Ресейдің бейкүнә елді ќырып-жойғанын жасырады, керісінше орысты дәріптеу мүддесі жоғары.

Тұжырымдарды дәлелдейтін дәйектер өте көп болғандықтан, ықшамдалып алынады.
1-тұжырым

Ономастикалық атаулар (әсіресе ағылшын тілінде) мейлінше әркелкі жазылып,

бұрмаланады, кейде мүлде танылмастай күйге жетеді, кей атаулар тыңнан

пайда болып, кей атаулар із-түзсіз жоғалып кетеді;
Ағылшын тіліндегі нұсқада “Translated by Oleg Chorakaev” делінеді де, орысшадан аударылғаны айтылмайды. Мұнда орысша нұсќасынан кеткен келеңсіздік ќайталанғандықтан және ономастикалық атаулардың графикасына мүлде көңіл аударылмағандықтан ќазаќ ұлтының рухани ќазынасына біршама нұќсан келтірілген. Трилогияда кездесетін антропонимдер, топонимдер, этнонимдер, реалий сөздер бірнеше нұсќада жазылып, олардың тіпті өрескел бұрмаланып кетуіне молынан жол беріледі, кейде мүлде танылмастай күйге жетеді. Ағылшын тіліндегі аударма мәтініндегі онимдер транслитерациясы олардың кездесу жиілігіне қарай түрлене береді. Жиі кездесетін есімдер 5-6, 7-8, 9-10, тіпті одан да көп нұсќада графикаланады. Мәселен, ең жиі кездесетін антропоним Шыңғыс хан болса 12 түрлі нұсқада, Қожа Ахмет Ясауи (Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі жазылуы) баба есімі 8 нұсќада жазылады (берілу нұсқалары бұған дейінгі мақалаларда көрсетілген).

Кей есімдер өрескел бұрмалануға бой алдырады. Қазтуған жырау түрлі-түрлі жазылып жүріп, кей жерлерде Kazgutan-Zhyrau [35-б.], яғни Қазғұтан жырау болып түседі. Тәуке хан Tauk-Khan [192-б.], Khan Tauk [195-б.], Az-TaukWise-Tauk [192-б.] деп жазылып, Тәуке емес, тауық болып жазылады. Аќбаланың Арқала, Қаражалдың Қаражала, Қарқаралының Қарақала, Жаңақорғанның Жаңа ұрған Таластың Талақ, Қаракесектің Қарасек, (реалий сөз) жүзбасының жүнбасы болып „дөрекіленіп“ кететіндігі – ешбір ақтап алуға келмейтін, шектен шыққан немқұрайлық нәтижесі.

Ал Әбілқайыр хан трилогияның басынан бастап Khan Abulkhaіr болып келе жатып, кенет 235-беттен Abul-Khayr Khan болып, “имиджін” өзгертіп шығады, 283-беттен ары ќарай қайта қалпына түседі. Бұл бір емес, бірнеше аудармашының бір-біріне ќатынасы жоќ қапаста жасаған жұмыстарының нәтижесінен хабар беретінге ұқсайды.

Тарихи этнографиялық шығармаларда жиі ұшырасатын, жалпы ағылшын тіліндегі мәтіндерде көп нұсқада беріліп жүрген этноним үш жүздің де трилогия аудармаларында берілу нұсқалары назар аударарлық. Ұлы жүз орыс тілінде 2 нұсќада: Старший или Большой жуз [180-б.], Большой жуз [393-б.]. Ағылшынша нұсќалары:

The Elder Zhuz [192-б.]

Greater Guze [192-б.]

The Elder zhuz [287-б.]

The Great Zhuz [270-б.]

The Big Zhuz [363-б.]

The Large zhuz [432 б.]

The Large Zhuz [548-б.]

Орта жүз – Средний жуз –

The Middle zhuz [192-б.]

The Middle Zhuz [228-б.]

The middle Zhuz [229-б.]

The Medium Zhuz [522-б.]

Кіші жүз – Младшый жуз –

The Junior Zhuz [143-б.]

The Little zhuz [192-б.]

Lesser Guze [192-б.]

The Small Zhuz [203-б.]

The Little Zhuz [232-б.]

The Junior Zhuze [275-б.]

The Younger zhuz [286-б.]

The Junior zhuz [293-б.]

Мұндағы Junior, Younger, Elder, Greater, Lesser сөздерінің бәрі бір заттың бір заттан не үлкенірек, не кішірек, (не азыраќ – Lesser) екенін білдіретін ұғымдар. Medium сөзі де бұл жердегі “орта” ұғымына сәйкес емес, “аралыќ” мағынасы басым. Ал the Big Zhuz, the Large Zhuz, the Small Zhuz дегендегі big, large, small лексемалары көлемі жағынан “үлкен, кіші” деген ұғымдарға саяды. Сондыќтан, ¦лы жүзді the Great Zhuz, Орта жүзді the Middle Zhuz, Кіші жүзді the Little Zhuz деп аудару және жазу нұсќаларын ќұптап, тоќтамға келуіміз керек.

Аудармалардан, біздің шамалауымызша, саны 400-ге жуық түпнұсқа атаулары табылмайды. Керісінше, орыс және ағылшын мәтіндерінде саны 100-ге тарта жаңа атаулардың пайда болатындығы байқалады. Атаулардың бар-жоғының есебін дөп баса көрсетуге аударма мәтіндерінің түпнұсқамен жүйелес жүрмейтін «сапырылыстырылған» тұрпаты қиындық келтіреді. «Көшпенділерде» [40-б.]: «Содан кейін қарға бойлы Қазтуған орыс қалаларын шапқан Бонақ, Қотан, Шерухан, Кончак, Сүрбөрі, Құнама, Көбек, Торсық тағы басқа Қыпшақ хандарының әрқайсысының жауынгерлігін, ел аузында аңыз болып жайылған жорықтарын дәріптей келіп, «өз елдері түгіл бөтен елдерге өлмес аңыз қалдырған осындай хан мен батырлар тудырған Қыпшақты кім қор санар?» деп ожарлана жырын тоқтатты». «Кочевникиде» [36-б.]: «Потом перечислял имена множества других ханов прославивщихся своими набегами на русские земли, на волжских болгар и на Византию». «The Nomads» [38-б.] – “Then he enumerated the names of many of the other khans who became famous due to their raids on Russian principalities, the Volga Bulgars and Byzantium” (ағылшын тіліндегі аударманың үзік сызықпен асты сызылған жерінде дұрысы: “the names of many other khans” болу керек – Н.Р.). Көріп отырғанымыздай, орыс тіліндегі және орыс тілінен аударылған өзге шетел тілдеріндегі аудармаларда Бонақ, Қотан, Шерухан, Кончак, Сүрбөрі, Құнама, Көбек, Торсық тағы басқа Қыпшақ хандарының есімдері түгелімен «множества других ханов» сөзімен алмастырылып, аудармалардан мүлдем көрініс таппай қалады. Осы тектес бірнеше себептерден, көптеген есімдер жоғалып кетеді. Келтірілген мысалдағы «на волжских болгар и на Византию» деген жерлерге зер салсаңыз, аудармашы компенсация ретінде түпнұсқаның басқа жерінде не бұрын, не кейін айтылатын нәрселерді кейде осындай тәсілмен қосады. Мұны қосқаны, әрине, мүлде аталмай кеткенен гөрі жөн болған екен дейміз де қоямыз.

Тыңнан пайда болатын онимдерге де бір мысал көрсете кетейік. Неплюевтің қазақ даласына дастархан жайып, алғаш рет арақ әкелетін оқиғасы барысында қазақшада [290-291-бб.] бірде-бір Қирабай деген есім кездеспейді. Орысшада [276-277-бб.]: «Нет... ты скажи, Кира-бай, за что... за что меня не любишь, собака?!», «Будь здоров, Кира-бай!», «А ну, Кира-бай, подай мне ту кругленькую!», «Ох и растение: слезы так льются из глаз... А ну-ка, суньте его в рот моему другу Кира-баю!..» деп, аудармашы шығарма түпнұсқасында болып жатқан көрініске келіңкіремейтін, атына заты сай «ішкен-жегендердің» жайын ойдан құрастырып, тереңдетіп жазады.



Зерттеу нәтижелеріне жүгінсек, кей атаулардың аударма тілдеріне өтпей қалуы:

  1. аудармашы тарапынан маңызды деп танылмаған мағлұматтардың аударылмай кетуінен;

  2. қайсыбір оқиғалардың қысқарып кетуінен;

  3. атаулардың аудармада берілу тәсілінен (генерализация).

Кей атаулардың тыңнан пайда болуы:

  1. аудармашының өз тарапынан берілетін түсіндірмелер барысында;

  2. аудармашының өз тарапынан баяндалған оқиғалар барысында;

  3. атаулардың аудармада берілу тәсілінен (конкретизация);

  4. түпнұсқада бар атаудың аудармадағы графикасының өрескел бұрмалануынан орын алады.

Қорыта айтқанда, кей онимдердің аудармалардан табылмауының да, керісінше кей онимдердің өздігінен пайда болуының да ортақ себебі – аудармашының жөн-жосықсыз еркінсуі (Бұл тұжырымға қатысты толыққанды мағлұмат бұдан бұрын жарияланған бірқатар ғылыми және публицистикалық мақалаларда және «Жалын» журналының 2006 жылғы №12 санында жарияланған «Аудармадан кеткен ағат атаулар» деп аталатын көлемді мақалада қарастырылады).
2-тұжырым

Көптеген реалий сөздердің мағынасы ашылмайды, түсініксіз ќалпында ќалады, не болмаса бұрмаланады, түсіндірмелерде жүйе жоќ (кездескен сөз бірінші ќолданысында емес, екінші, үшінші ќолданысында түсіндірілуі мүмкін)
Реалий сөздер – аударма жұмыстары барысында аудармашыға ең бір ауыр тиер сұрақтардың бірі. Өзге тілдерде баламасы жоќ, ќазаќтың этнографиялыќ реалий сөздерінің бірі – көкпар, ќазаќ туралы жазылған шығармада кездеспеуі сирек құбылыс. Оған біздің аудармашылар біркелкі түсіндірме бермеген, әр жерде берілген түсіндірмелерінің бәрін ќосќанда да оның мағынасы ашылмайды. Сөзді бір кездескенде орысшасы «…во многих конных состязаниях» [135-б.] деп кетеді, мұны ағылшыншада “in many horse races” [148-б.], яғни «көптеген ат жарыстарында» деп береді. Тағы бір кездескенде «кокпар, конная борьба» [137-б.] дейді, ағылшын тілінде «The kokpar, the wrestling on horseback» [148-б.], яғни “көкпар – ат үстіндегі күрес” деп түсіндіріледі. Енді бірде көкпар сөзі «Ќазаќ елі бұл кезде көкпарға тартуға дайындалған серке тәрізді еді» [193-б.] деген сөйлемде кездеседі. Орысшасы: “Страна казахов была похожа на освежеванную жертву, приготовленную к кокпару – древнему празднику козлодрания [178-б.] деп беріледі. Ағылшыншасы: “The country of the Kazakhs was like a freshly skinned sacrifice ready for Kokpar, the ancient festival of slaughtering a goat [190-б.] делінеді. Келесі бір кездескенде ќазаќшасы [209-б.] сайыс, күрес, көкпар, жамбы ату…» болып сөйлемнің бірыңғай мүшелері ќұрамында кездеседі. Мұндағы көкпарды орысша аудармасы [199-б.] «неизменные конные игры с козлодранием» деп түсіндіреді. Ал ағылшыншасы [212-б.] осы ќолданыстың орысшасынан да шыға алмай, оның ойын деген сөзін алады да, әр жерде тым әркелкі түсіндіріліп келе жатќандығын байќаған болу керек, алдыңғы түсіндірмелерге де жүгінетін тәрізді, games on horseback”, яғни “ат үстіндегі ойындар” деп ќолданады. Көріп отырғанымыздай, ќазаќтың көкпарының орысшадан аударылғандыќ салдарынан ағылшынша түсіндірмелері бірде «ат жарыс», бірде “ат үстіндегі күрес”, бірде “ат үстіндегі ойындар” болып әркелкі түсіндіріліп келсе, ең ќатенің дөрекісі сол, кейбір жерлерде «көкпар деген бұл ќазаќта көнеден келе жатќан ешкі союдың мейрамы (не жарысы)» болып беріліп жүргендігі. «Ешкі союдан да мейрам (не жарыс) өткізу» ұғымы “ќазаќ – ќанішер, ќаннан басќа көргені жоќ халыќ” деген трилогия аудармасындағы жалпы ұстанымды растауға үлкен бір айғақ ретінде қабылданады. Бұл Сөз мағынасын анықтаңыз, сонда сіз жарты әлемді адасудан құтқарасыздеген француз ойшылы Рене Декардтың сөзін еске салады.

Жалпы аударма жұмыстары барысында кейде аудармашылар шығарма кейіпкерлері есімдерінің де мән-мағынасын түсіндіріп отырады. Қазақ есімдерінің өзіндік бір ерекшелігі сол, онда мән-мағына тереңде жатады. Сондықтан түсіндірмені шындығында ќажет тұтатын есімдер бар. Ондай есімдер «Көшпенділерде» де көптеп кездеседі. Оның бірі – Асан Ќайғы. Ол «Кочевникиде» Асан-Кайгы [30-б.], Асан-Кайгы – Асан-Горемыка [119-б.] делінеді де, «The Nomads» оны Asan-Kaigy [33-б.], Asan-Kaigy or Assan the Poor Devil [129-б.] деп береді. Әрине, бұл Асан-байғұс-жын-шәйтан деген сөз емес, сонда да the Poor Devil деген көшедегі аянышты итке, не сондай аянышты кісіге айтылатын, бейшара, байғұс деген мағынаны беретін тіркес. Одан гөрі Asan, the Woeful немесе Asan, the Sorrowful деп берілгені дұрыстау болатын еді. Осы мысалдың көрсетілген беттеріне ќарағанда есімнің, не сөз мағынасын түсіндіру ќажеттігі туған жағдайда түсіндірменің екінші, не үшінші емес, алғаш ќолданысында берілуі тиіс болатын аса ќарапайым ќағиданы да аудармашылардың саќтамағаны байќалады.


3-тұжырым

Аудармасы бар сөздердің де аударылмай ќолданылуы жиі кездеседі
«Ќазаќ ономастикасы атауларын ағылшын тілінде беруге жүйе керек» атты маќаламызда («Ана тілі» газеті, №49, 2 қараша, 2004) ««Көшпенділердің» ағылшыншасын тек ағылшын тілін білетін ќазаќтар ғана түсінуі мүмкін» деген пікір айтќан болатынбыз. Дәлелдеуді ќажет ететін сөз. Аудармасы бар сөздер де аударылмай ќолданылады және олардың көбінің мағынасы түсіндірілмейді. Мәселен, Bismillah..! Bismillah!.. [105-б.] “Astargfirallah… astargffirallah!..” [124-б.], kuruk [130-б.], “Ar-r-ruakkh…Ar-r-ruakkh!..” [141-б.], a young dzhigit [148-б.], our aul dzhigit Khasan [149-б.], Zhien-aga [170-б.], –Assalaumahaleikum! –Uahalaikumasalam! [172-б.], Aruakh! Akzyhol («аќжол» деген сөзі екен, «акзыхол» болып оќылып тұр)! [234-б.], the atalyk Dzhalmuhammad [243-б.], bais [287-б.], Oibai-ai [289-б.], Oibayai [298-б.], Astagfir’Allah [298-б.], Oh кokeh-zhan! [329-б.], Kokeh-zhen [329-б.], Akzhol! [350-б.], the Kazakh daulpazes [342-б.], Aruah” [387-б.], Iapyr-ai [391-б.], Yapyr-au!.. [402-б.], chapan [402-б.], Amansyzdar, agalar!.. [403-б.] Ar-ruakh, Tabyn!… [411-б.], –Hi, tokal [456-б.], т.с.с. толып жатќан өзімізге ғана түсінікті сөздер ағылшын тілділерге оќуды да, түсінуді де ќиындатады. Осының бәрі аударылмайтын сөздер емес. Орысшасында аударылмаған соң ағылшыншасында да солай ќалған. Дегенмен де, ағылшын тіліне аударған аудармашы Oлег Чоракаев тым көп кездесетін түсініксіз сөздерді азайту жолында аз да болса ізденгенге ұќсайды. Мәселен, ќазаќшада [49-б.] Жырауды ќошеметтепУай, пале!” деп лепіре ќызынған жұрт тына ќалды деген сөйлем орысшада [40-б.] Собравшиеся, которые до сих пор подзадоривали певца бодрыми крикамиОй, пале!”, сразу осеклись и затихли, как ударившееся о воду пламя болса, ағылшыншада [43-б.]: “Those around who had been encouraging the singer with their cheerful “Come on! Hot it up!” cut themselves short immediately and quietened down like fire does when it clashes with water” делінеді. Осы үш тілдегі сөйлемдерді салыстыра ќарағанда, ағылшын тіліне орысшадан аударылса да,“Ой, пале!”деген жырауға ќолдау, ќошемет көрсету үшін айтылған, орынсыз аударылмай тұрған сөзді аудармашы «Бәрекелді!», «Ќыздыра түс!» (Come on! Hot it up!) деген мағынадағы сөздермен жеткізе алған. Орысшасында да оны «Так держать!», «Браво!» деген сияќты ќолданылып жүрген сөздермен беруге болатын еді, ќандай болғанда да орыс тілді оќырманға бұл сөздер Ой, пале!”-ден гөрі әлдеќайда жаќсы.

«…Что же это за новый орысский царь…», «Ну вот же, при твоей юрте орысы! – сказал жырау, указывая на русских офицеров, наблюдавших за сборами ханского аула», «…Не было этого раньше, когда не построены были у нас орысские города» [347, 348-бб.] деген сөйлемдер ағылшын аудармасында [370, 372-бб.] “…What sort of a Russian czar is it…”, “But here they are, near your yurta! – the bard said, pointing at the Russian officers, who were watching the depature preparations in the aul”, “…It was not like that before, when there was no Russian towns here” делініп, жырау, орыс сөздері аударылып ќолданылады. Аудармашы Олег Чоракаев тарапынан ағылшын тілді оќырман ќамын ойлап, аз да болса ізденіс жасағандыќ байќалады. Орыс деген сөз осылай аударылмаған күйде жиі кездесе берген соң Чоракаев аударып ќолданған болса керек, әйтпесе алдыңғы (мысалдардың беттеріне ќараңыз) «О, страна орысов это не Джунгария [302-б.] дейтін сөйлемнің ағылшыншасында [325-б.] «The Orys land is not like Jungaria» деп, аударылмай да беріледі. Мұндай аударылмаған сөздердің тым жиі орын алуы оќырманға ќиындыќ туғызып, тығырыққа тірейді.

Сөзіміз дәлелді болу үшін осы тұста ќазаќ шығармаларының шетелдік оќырманы, ригалыќ зерттеуші Мария Шуманның «Слова переводимые и слова непереводимые» атты маќаласында (В кн.: Мастерство перевода. Сборник. М.: Советский писатель, 1964.) жазған пікіріне ден қойып көрелік. Деректерінің негізін М.Әуезовтің “Абай жолы” романының орыс тіліндегі аудармасынан алады. Онда да аударылмай ќалған жигит, кыз, хатын, келын, токал, кши-апа, аже сияќты толып жатќан туыстыќ сөздердің мәтінде аудармасыз ќолданылып, тарау басында түсіндіріліп кеткенмен де, ќазаќ жазушының шығармасын бірінші рет оќып отырған адамға оларды есте саќтап отыру мүмкін емес, дейді. Романның төртінші бөлімінен (аудармашылар – Н.Анов, З. Кедрина) “Оппырмай! Абай-ага!”, “Хазр, хазр…– тихонько приговорил Баймагамбет”, “Хоп-хоп! Вы правы…”, “Эй, молдеке!”, “Аманат! Аманат!”, “Аттан! Аттан!”, т.б. аударма да жоќ, түсіндірме де жоќ бірќатар мысалдарды келтіріп, “Пусть читатель справляется с ними как знает!” деп, эмоцияға беріледі. – “Возможно, читатель, проживающий, скажем, в Казахстане и более или менее знакомый с казахским языком, не нуждается в переводе. А вот нам, в Прибалтике, такая небрежность очень досадна. Нам перевод крайне нужен” деген пікірін білдіреді. “Ал романның бірінші, екінші, үшінші бөлімдерінде (аудармашылар – А.Никольская, Т. Нуртазин, Л.Соболев) ќазаќ сөздері әр бет соңында мұќият түсіндіріліп отыратынын айтады, біраќ “Где же вы, аруахи?” дегенше, бірден түсіндірмесіндегідей, “Где же вы, духи предков?” деп берілгені дұрыс болмас па еді?” деп, ќазаќ шығармаларының нағыз шетелдік оќырманы ретінде ой толғайды. Айтылған ойдың “Ведь если не переведенные слова являются единственными выразителями национального колорита, то лучше уж вовсе не переводить” деген тұстарынан оќырманды мұнша әбігерге салып ќинап, ашуын келтіретін аударманы расында да, жасамай-аќ ќойған жаќсы болар деген қорытындыға келеміз.



4-тұжырым

Көптеген тілдік ќұбылыстардың түпнұсќасы мен аудармасы мәдениетаралыќ

коммуникацияда ортаќ мәмілеге келе алмайды
Аударма жұмыстары барысында аудармашы өзінің мәдениетаралыќ байланыстың, этномәдени ќарым-ќатынастың ќызу ортасындағы «төреші» екендігін әрдайым жадында ұстауға тиіс. Біз сөз етіп отырған аудармаларда аудармашылардың бірќатар тілдік ќұбылыстар төңірегінде осындай мәдениетаралыќ коммуникацияда компромисс таба алмай, екі (үш) мәдениет арасындағы алшаќтыќты жуыстыра алмаған тұстарынан мысалдар келтіреміз.

Ќазаќшада Әбілќайырдың Мұќамет-Жөкіге айтып отырған шарттарының бірі [90-б.] – «Ғибадат-Сұлтан-Бегім сұлуды сол ќауыздай жарылмаған, шыныдай сынбаған күйінде менің ќойныма саласың» делінеді. Орысшада [84-б.] «И ты поклянешься, что этот нераскрытый бутон, о красате которого столько говорят в Мавераннахре, будет в моей вазе» деп, автордың ойын аудармашы өзіндік талғамнан туған ұтымды метафорамен көмкере береді. Сөз жоќ, аудармашының шеберлігі көзге түседі. Осыны ағылшын тіліне аударған О.Чоракаев: “Now you must swear that this virgin rosebud of whose beauty they talk so much in Maverannakhr will grace my vase” [91-б.] деп, бұл метафораны одан да әрлендіре, “Сұлулығы Мауереннахрға (топонимді Есенберлиннің жазуы бойынша жазып отырмыз) жыр болған сол ашылмаған гүлдің менің ќұмырамның ажарын кіргізеріне уәде бер» деп аударады. Бұл сөйлемнің аудармаларынан түйетініміз не? Көшпелі өмір салтын ұстанып, жаз-жайлауы киіз үйде, ќысы ќыстауда өткен ќазаќтың өмірінде «вазаға» салынған гүл кездеспеген «көрініс» десек, ќателескен болуымыз да мүмкін. Дегенмен, ќазаќтың басынан кешкен бірде мал ќайғы, бірде жан ќайғы аласапыран тарихын суреттейтін шығармаларында көп кездеспейтін көрініс екені түсінікті де. Ќыстың күні гүл болмаса, жаздың күні киіз үйдің ішінде гүл ќоятын орынның реті болған ба, жоќ па? «Жоќ» жауабы басым. Ал егер (орыс тіліне аударған) аудармашы мына оќиға желісінің нендей заманда өтіп жатќанын ескерген болса, Әбілќайырға ќазіргінің «хандары» айтатындай сөзді айтќызбаған болар еді. Аудармашының өзі ќазаќ халќын түпнұсќасындағыдан бірнеше есе асырып ќанға бояп отырып, тағы «ќайдағы жоќты» айтып отырғаны, оның аудармадағы оќиға ортасынан шығып кетіп, отырыќшылыќ мәдениетке кетіп ќалғандығы көрінеді.



«Схватка превратилась в большую кровавую мясорубку» [237-б.] дегені сияќты М.Симашко кескілескен айќастарды, (кейде өзі ойлап табатын) ќан төгісті суреттеген жерлерінде «ет тартќышты» да ќосып жібереді, жиі ќосады. Ќазаќ етті көп жейтін халыќ болса да, бұл да ќолданысќа кейін түскен ќұрал болу керек, сол кездің оќиғасына І.Есенберлин ќолданған лексема емес екені түсінікті. Мұнда да «байќаусызда» кейінгі өмірге, отырыќшылыќќа өтіп кеткендік көрінеді. «Кенесары бәрін компьютерден көріп отырғандай біліп отырған» деп, мүмкін ќазір пікір айта беруге болатын шығар, біраќ бұл – пікір емес, бұл – аударма. М.Симашконың «мясорубкасын» ағылшын тіліне аударған О.Чоракаев «The battle turned into a mass slaughter» [256-б.] деп, тығырыќтан «жаппай сойылу» деген сөзді ќолданып шығып кетеді, әйтпесе ағылшын тілінде “ет тартќыш” (а mincing-machine) болмай ќалған жоќ еді. «Аударманың» мына бір жерін ќызыќтауға болады. Ќызығының біріншісі – түпнұсќада мұндай жерлердің жоќ екендігі. Морис Симашконың өзі жазған «Кочевникидің» 229-бетінде:

« – Я Кияк-батыр!

  • Не слышал что-то такого имени среди батыров (осыдан былайғы сөздер түпнұсќада мүлде жоќ – Н.Р.). Вот про безродного разбойника Кияка, который непослушен воле наставника веры – эмира Абдуллаха, я кое-что слышал. Помнится, говорили мне, что этот проходимец нападает на ханские обозы, на стада…

  • У казахов обычно иначе называют людей, защищающих свое добро от грабителей, – сказал Кияк-батыр. Не из наших ли сожженных кочевий гнали стада и везли обозы с добром эмирские собаки?!» делінеді.

Ағылшыншаның 245-бетінде:

« – I am Kiyak Batyr!

  • I don`t remember having ever heard this name among those of batyrs. But then I seem having heard something about a rootless robber by the name of Kiyak, who is disobedient to the will of pillar of the faith Emir Abdullah. I recollect having been told that this crook raids the khan`s supply trains and his flocks…

  • Kazakhs have a different name for people who defend their belongings against robbers,­Kiyak Batyr said. – Was it not from our burnt-down encampments that the emir`s henchmen were driving those flocks and supply trains?”.

Диалогтың ойдан ќұрастырылып жатуы мәнсіз емес, әрине, батыр біткен “разбойник, проходимец” болу керек, надан халыќ жаман мен жаќсыны айыра алмау керек, біздің халыќ сондай деп, оны халыќ арасынан шыќќан батырдың аузымен айту керек (20-тұжырымға да дәйек ретінде алуға болады, себебі келтірілген тұжырымдарға мысалдар ірілі-ұсаќты болып бөлінетін болса, аудармашы «ұсаќ деректерді» осындай тәсілмен ќұрастырып, жинайды), көшпелілердің бір-біріне деген «иттігі» (эмирские собаки) арќылы тозаќ өмір еселеніп, аянышты көріністердің арасы сейіліп ќалмау керек (18-тұжырымға «ұсақ» дәйек). Бұл мысалды келтіргендегі біздің негізгі осы 4-тұжырым таќырыбына орай айтпағымыз, екі рет ќайталанып тұрған стада, обозы сөздерінің анығыраќ айтќанда, ағылшынша аудармасында обозы сөзінің supply trains болып, яғни бірінің артынан бірі тізілген жүк тиелген арбалардың пойыз болып аударылып тұрғандығы ќызыќ болып тұр. Пойыз деген ол кездегі ќазаќ даласы түгілі Ресейде де, Еуропада да, әлі еш жерде жоќ нәрсе болатын. Алғашќы паровоздар 19 ғасырдың аяғына ќарай 1870 жылдары пайда бола бастаған еді, сондыќтан бұл сөздің caravan болып аударылғаны әлдеќайда дұрыс болған болар еді.

Ќазаќшада: “Ата мекен жерім ќалады! Оған ќоса сонау менің ќараша үйімнің жанында жайылып жүрген елу ќой, төрт түйе, жауға шабар бір жүйрігім ќалады!» [253-б.], орысшада: “Родина, мой хан! И еще те полсотни овец и четыре верблюда, которые пасутся у моей черной юрты [243-б.], ағылшын тілінде: My homeland, my khan! And also the two score and ten sheep and four camels that are grazing near my black yurt[263-б.] деген сөйлемдер бар (аудармаларының тұжырымға ќатысты тұсын ғана сөз етеміз). Осыған ұќсас ауыл шетіндегі ќаралы үйде жатќан Батыр Баянның кебін киер еді” [349-б.], «…лежали бы сейчас там, в черной юрте на краю ставки…» [329-б.], «…In the black yurta wrapped in the white fabric…» [352-б.] деп келетін жерлер де бар. Білмегенге ќараша үй де, ќаралы үй де ќара болып көрініп тұр. Бірінші жағдайда жәй ғана “в моей юрте” – “in my yurta” болса, екінші жағдайда “в траурной юрте» – “in the mournful yurta” дегеннің ќисыны болар еді. Ќараша үй, киіз үй, ќара үй (айтылуы бойынша ќарүй) ќазаќќа ғана емес, өзге де көшпелілерге тән сөз болғандыќтан, орысшасынан сөздіктерге yurt, yurta болып екі түрлі нұсќада енген. Транслитерацияланып тұрған сөз болғандыќтан, yurt дегеннен гөрі yurta болып ќалғаны жөн болар еді, дегенмен, yurta-дан yurt болып ағылшын тілінің ішкі табиғатына икемделе туған нұсқаның басымдылық алып кетуі мүмкін.

Ќазаќшадағы [450-б.] “– Кенекең тірі тұрса, ұмыттыра ќоймас, – Ожар күлімсіреді де сәлден соң орнынан түрегелді. – Ал көріскенше сау болыңыз” дегенді орысшаға [430-б.] “– Покуда жив Кенеке, разве забудешь эту науку. – Ожар хоть и назвал шутливое прозвище Кенесары, говорил очень серьезно. – У него глаза беркута, с красными жилками…” деп аударады. Кенесарыға (жалпы хандарымызға) жоќты әкеліп жала қылып жапсырып аударудың жай-жапсарын 20-тұжырымда талќылаймыз. Ал мына жерде айтпағымыз, Кенеке деген атаудың шутливое прозвище болып түсіндірілуі – білместік. Ќазаќта керісінше, есімнің алғашќы буынына –еке ќосып сөйлеу сыйлағандыќ, ќұрмет тұтќандыќ белгісі болатын.

¤зінің сорына ќарай, Әбілќайырдың ерке ќызы Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегімнің әкесінің дұшпаны болса да, сұлу жүзді, арыс тұлғалы Жәнібекке көңілі кеткен: “…төрт әйелі бар Жәнібекке неге сонша ќұмар болғанын кім білсін…” [15-б.] – “…да и другие были у него утешительницы при ханской ставке…” [14-б.] – …having other sweeties at the khan`s headquarters always ready to please him” [14-б.]. Осы жерлердегі “әйелі болу” мен “утешительница (sweety)” болуда мағына бір деуге болмайды, мұсылман дінді ќазаќ ұғымында мұның үлкен мәні бар. Бұдан бұрын «Көшпенділердің» аудармалары жөнінде жарыќ көрген маќалаларымыздың бірінде («Көшпенділердің ағылшын тіліндегі аудармасы ќандай? Темірдей ономастикалыќ атаулары неге Аќсаќ?». “Қазақ әдебиеті” газеті. №30 (жалғасы №32), 2005) осы Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегімнің ќазасына байланысты кішігірім оќиғаның орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармаларын салыстыра отырып, түпнұсќадан (ұсаќ-түйегін санамағанда) 7 түрлі ауытќудың орын алғанын келтірген болатынбыз. Соның бірін келтірсек, “жетісін бергеннен кейін…” [15-б.] не болғанын айту үшін орысшасында оќиғаны“Недельные поминки справлялись по ней” [14-б.] деп барып, өрбітеді. Жарайды дедік, біраќ соған орай жасалған ағылшын тіліндегі аудармасында The funeral repast lasted a whole week [14-б.], яғни “ќайғыру ишарасы бір апта бойына созылды” делініп, алысќа аутќып кетеді. Бұл жерде де ќазаќ ғұрпындағы жетісін беру сөзінің мағынасын түсінбегендік көрінеді.

Осы тұжырымды дәлелдеу барысында тағы бір мысалды “астын сыза” айта кетуіміз керек. “Проблемы перевода казахских символов и этно-бытовых знаков на русский язык” деп аталатын кандидаттыќ жұмысы барысында зерттеуші Ә.Айќұлованың зерттеу нысанына алынған бірќатар әдеби туындылардың ішінде “Алмас ќылыш” романынан да мысалдар алынған екен. Аќ пен ќара түстің аудармаларын іздестірген тұста романның орысшасында“аќ түйенің ќарны жарылды” деген ќазаќтың жүрекжарды ќуанышын білдіретін фразеологиялыќ тіркестің “в жертву был принесен белый верблюд” болып аударылғаны көрсетілген (Мысал біздің әдебиет көздерімізде: ќаз.т. 13-б., ор.т. 11-б., ағ.т. 11-б: a white camel was sacrificed on this occasion”). Осы тұста зерттеуші “На наш взляд, перевод М.Симашко достаточно умелый и яркий, грешит досадными упущениями, неточностями, в результате чего нарушается художественное равновесие романа” деген пікір білдіреді. Дегенмен, мұнан соңғы аќ боз үйлер, ќара жалау деген сөздері бар сөйлемнен соң зерттеуші: “Переводчику М.Симашко повезло, на поиск эквивалентов не пришлось тратить много времени, перевод слов – “аќ” – белый, “ќара” – черный имеют абсолютный аналог в обоих языках” дейді. Зерттеушінің “переводчику повезло” деуіндей, сол уаќытта бұл аударманың «аќ-ќарасы» ашылмай кетеді.

Бұл бір ұлттыќ болмыстың бүге-шүгесін, ой-шұќырын екінші бір болмыс өкілінің жете білмегендігінен аударма жұмыстарында жиі орын алып отыратын жағдайлар.

Ал 9, 10-тұжырымдарда «ќазаќ табиғатына тән ќасиет, мәдениет (биязылыќ, үлкенге ќұрмет, т.б.) бүркемеленеді», «ќазаќ тапќырлығы, шеберлігі және терең философиясы ашылмайды» деп тұжырған түйіндеріміздің бір ұшы, біле тұра әдейі жасалған «білместікте» жатса, екінші бір ұшының бір халыќтың этномәдени ќұндылыќтарының өзге мәдениет өкіліне ќұнды көрінбеуінде жатќаны аныќ.

5-тұжырым

Cандыќ көрсеткіштер кейде саќталады, кейде аудармашының өз «деректері» бойынша беріледі, кейде тіпті берілмейді, дәлдіктен ќашќаќтау бар
Аргентиналыќ жазушы Хорхе Луис Борхестің (1899–1986) “Оригинал неверен по отношению к переводу” дегеніндей түпнұсќа авторы мен аудармашылардың күн санау, жыл санаулары, сондай-аќ өзге де сандыќ көрсеткіштерінің сәйкес келмейтін кездері де жиі ұшырасады. Мысалы, “Күйік өлгеннен кейін төрт жылдан кейін, Батуханның өзі де дүние салды” [12-б.] дегенді орысшада “Лишь на восемь лет пережил Гуюк-хана сам Батый” [11-б.] дейді, ағылшыны орысшасындай: “Baty himself lived only eight years after the death of Guyuk Khan” [10-б.].

“…Сүйіншік сұлтанды жиырма бес мың адаммен ¦лытауға жүргізді” [182-б.] – “…сын Абулхаира Суюнчик – с дватцатью тысячами лашкаров…” [168-б.] – “…toward Ulytau with 20, 000 laskars (lashkars деп жүрген сөзі болса керек – Н.Р.) [181-б.].

1-кітаптың 2-бөлімінің 3-тарауы “Келесі жазда Жәнібек уәделескен әскерлердің келуін күтіп Арќаға көшпей ќалды” [144-б.] деп басталады. Орысшасы “Следующей весной хан Джаныбек прибыл на летовку в Сары-Арку и стал ждать прихода обещанных на сходке войск” [133-б.] деп басталады, ағылшыны орысшасынан айнымайды – “The next spring Khan Janibek came to his summer camp at Sary-Arka and began waiting for the arrival of the troops they had talked about at the gathering” [144-б.]. Көріп отырғаныңыздай, осы бір сөйлемнің өзінде Есенберлин жаз десе, аудармашылар көктем дейді, Есенберлин Жәнібекті Сарыарќаға келтірмесе, аудармашылар келтіреді.

Мұндай айырмашылыќтың жиі кездесуімен ќоймай, аудармашылардың тіпті сол сандыќ көрсеткіштерден мүмкіндігінше ќашќаќтайтыны да байќалады. Мысал көп:

Күтпеген жерден жол-жөнекей Күйік екі күн ауырып ќаза тапты” [11-б.] – “В пути неожиданно заболел и умер Гуюк-хан” [11-б.] – “While on the way Guyuk Khan took suddenly ill and died” [10-б.];

«Он баласын, тек Сүйіншік ќана ана екеуінен төрт жас үлкен» [76-б.] – «… своих многочисленных сыновей, …а сын Суюнчик старше их лишь на пять лет[71-б.] – “his numerous sons, … Suyunchik, only five years their senior” [76-б.], т.с.с.

«Қаһарда» [533-б.]: «Алашаханның моласы қазақ елінің ең алғашқы хандық туын тіккен он төртінші ғасырдың аса бір көрнекті ескерткіші» делінеді. «Хан Кене» деп аталатын орысшасында мұндағы сандық көрсеткіштер «Рядом с усыпальницей Алаш-хана, построенной в пятнадцатом веке, находились еще две гробницы – мазары Амбулак-хана и Жусахана, первых после Алаша правителей Қазахского ханства» [500-б.] делініп, қазақшадағы «Алашаханның жанында тағы екі мола бар. Бірі биіктігі он құлаштай шым кірпіштен құйған Әмбұлақ ханның моласы, одан әріректе Алашаханның моласына ұқсаған, тек кішіріек Жошы мазары» деген сөйлемдермен араластырылып «түзетулер» енгізіледі. Мұндайда «он құлаш биіктікті» іздеудің өзі ұят. Бірақ іздемеске болмайтын бір нәрсе бар, ол – Жошының Жусаханға айналып, жоғалып кеткен есімі (ағ.т Zhusakhan [532-б.], орысшасымен бірдей).

Сандыќ өзгерістердің ішінде кәдуілгі мағына өзгертетін мысалдар да жоќ емес: «Ашулы жырауды әлі де болса өз ортасында ұстамаќ боп, Абылай оның алдына өз жылќысынан айдатып әкеп атаќты боз айғырдың үйірінен бір жүйрігін сыйға тартќан» [360-б.] дегенді орысшада [339-б.]: “Накануне, чтобы задобрить певца, Аблай приказал отогнять к нему один косяк своих лучших белых коней. Он знал, что хорошие кони были слабостью сторого жырау” деп жазады. Ағылшыншасы да осылай [362-б.]: “The day before, in order to gain his favor, Ablai ordered a herd of his best white horses be sent to him. Ablai knew that the bard had a soft spot in his heart for good horses” дейді. Жырауға бір жылќы беру мен бір үйір жылќы берудің арасындағы айырмашылыќ бұл жерде, әрине, Абылайдың не байлығын, не жомарттығын көрсету үшін ќызмет атќарып тұрған жоќ, ќалай дегенде де мұны да аудармалардың Абылайға алып берер абыройы болмағандыќ деп бағалауымыз керек (20-тұжырыммен де астасады).


6-тұжырым

Автор афоризмдері мен өзіндік стилі көп жағдайда ескерілмейді, аудармалар

лингвистикалыќ тұрғыдан шешім табар мәселелерден гөрі саяси тұрғыдағы мәселелерді «реттеу» ісін маңызды санайды
«Авторизованный перевод» аудармашыға ќандай “еркіндік” бергеннің өзінде ондағы маңызды мағлұматтар мен автор афоризмдерін аттап өту “әділдік” емес. Автордың жеке стилін ашатын көріктеу ќұралдарын – метафорасы, метонимиясы, т.б. “троптарын” іздеу де осыншама бұрмаланып кеткен мәтін арасынан «ұсаќ-түйекті» түгелдеумен тең әурешілік болды. Аударманың алға ќойған үлкен маќсаттары алдында мұндай тілдік ќұбылыстар расында, көзге ілікпейтін ұсаќ-түйек болып ќалады екен. Себебі, аударма маќсаты лингвистикалыќ тұрғыдан шешім табар мәселелерден гөрі саяси тұрғыдағы мәселелерді «реттеу» ісін маңызды санайды. Десек те, бұл І.Есенберлиннің ќолданған маќал-мәтелдері, афоризмдері мен «троптары» түгелімен аудармаларда көрініс таппай ќалған деген сөз емес, әрине. Сөзімізді мысалдармен әрлейік.

Ќазаќ маќал-мәтелдерінің шығармада жиі ќолданылуы – І.Есенберлиннің өзіндік стилін айќындайтын айрыќша белгілерінің бірі. «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоќ» [78-б.], «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» [111-б.], «Диірменде туған тышќан дүрсілден ќорыќпас» [152-б.], «Ќұм жиылып тас болмас, ќұл жиылып бас болмас» [252-б.] деген сияќты маќал-мәтелдер “Можно отрубить голову, но нельзя отрезать язык” [73-б.], “Кто говорит без осторожности, тот умрет, не болея” [103-б.], «Мышь рожденная в мельнице, не боится грохота» [140-б.], «Из песка не склеишь камня, из рабов не составишь ханство» [242-б.] делініп, жап-жаќсы аударылып беріледі. Ал «Арғымаќ өлсе ќұлын бар, әкесі өлсе ұлы бар» [208-б.] деген маќалдың орысшасын аудармашы «Умирает аргамак, но останется тонконогий жеребенок, который растет и скачет все дальше и дальше в степь» [197-б.] деп береді, бұл өзгертудің мәнісін ќараңыз, кәдуілгі бұрмалаудың халыќ маќалына да “ќол сұға” бастаған тұсы. Әке орнын ұл басады, оның жолын жалғастырады деген ұғымнан адастыру үшін, ќұлынды ќұлдыратып алысќа алып кеткен. Одан әрі “өз ойын” шегелеп, “Разве не по тем же законам живем мы, казахи?” дегенді ќосып ќояды. Бұл мысалдың өзі Хаќназар ордасының төбе биі Аќсопы бидің сөзінен алынады, сөз осылай бұрмаланып, бұрмаланып барып, бидің елді бірлікке шаќырған шешендік сөздерін жоќ етіп жіберуге алып келеді екен (бұл талќыны ел бірлігіне арналған 17-тұжырым дәлелдемесінде жалғастырамыз).

Автор афоризмдерінің де, терең толғамды философиясының да аудармалардағы жай-күйі осындай. «Ќанішер адамның тегі ќорќаќ келеді» [417-б.] деген сөз «Кровожадные люди всегда трусливы» [396-б.] болып жаќсы жетеді, «¤лім деген – ұзаќ жолдың алысы» [208-б.] деген афоризм «Каков бы ни был длинен путь, впереди все равно смерть» [197-б.] болып, аз-маз өзгеріп өтеді. «Ажалсыз аждаћаның аузынан ќұтылады” [15-б.], “Ажал ќашан да ерте” [16-б.], “Ќатеңді досыңнан ќасың көреген” [532-б], т.б.с.с. афоризмдер ескерусіз ќалады.

Данагөй халыќтың аќыл-парасатын жеткізіп тұрғандай автордың «Төгілген ќанды ќалай жапсаң да, бәрібір шүберек бетіне шығады. Заманымыз дүрбелең болды деп, дөрекі іске жол беру күнә. Ќиянатты істеу жеңіл, жою ќиын» [368-б.] дегендей түйдек-түйдек ойлары да жаманды-жаќсылы: «Рано или поздно, но все равно проступает пролитая кровь. Зло легче посеять, чем искоренить» [345-б.] делініп аударылады. Осы арадағы «Заманымыз дүрбелең болды деп, дөрекі іске жол беру күнә» деген сөзден аудармашы аттап кетеді, бұл аударылатын болса, ќазаќтың анау айтќан дөрекі емес екендігі, ќандай ќиын күнде де ұстамды екендігі көрініп ќалуы мүмкін. Сондыќтан, мұндай жерлерді аудару аудармашы ұстанған мүддеге ќайшы келген болар еді.

¤зге халыќтар санатына жетпей ќалған үлкен данагөйліктің тағы бір парасы “Жалған дос көлеңке тәрізді, күн ашыќта жаныңнан ќалмайды, аспанды бұлт торласа ќасыңда ќалмайды” [258-б.], “Жастыќ шаќ, сен ќазір алыстағы ай тәріздісің ғой, сәулең бар, ќызуың жоќ” [504-б.] деген ойшыл жазушының терең философиясын көрсететін көркем тілдік орамдарында жатыр. Айналып өтуге болмайтын мұндай теңеулердің аудармаларда берілмейтіні – мәдениетаралыќ коммуникацияда достыќ та емес, әділдік те емес. Осының тағы бір мысалы 249-бетте: “– Ер азбай, ел азса – айдын көлдің суалғаны. Ел азбай, ер азса – зор бәйтеректің ќұлағаны, – деп бастады Бұќар жырау ќазаќ елінің ұлы шежіресінің бір тармағын. – Бәйтерегің ќұласа ағаш орнына ағаш өседі. Айдын көлің суалса немен толар есесі? Ер бұзылса да ел бұзылмасын. Бұзылғанды түзетеді. Түзелмесін жер етеді” дейтін халыќтыќ дүниетаным, сөз өнерінің ќұдіреті де аударылмайды. Осындай тұстарда І.Есенберлиннің “Іш ќазандай ќайнайды, күресуге дәрмен жоќ” [572-б.] дейтін Кенесарының зарын білдірген (аударылмайтыны белгілі) сөзі еске түседі. Автордың жиі ќолданатын «бие сауым уаќыт» немесе «бесін уаќыты» деген сияќты ќазаќи уаќыт өлшемдерінің аудармалардағы ќолданысын түгелдеп, олардың өзге тілдердегі көрініс табу жайын, түр-түс мағынасын, тұраќты тіркестердің берілу жайын зерделеу сияќты, т.б. толып жатќан ќызыќты зерттеу жұмыстарын жүргізуге мынадай «авторизованный переводтың» мүмкіндіктері шектеулі.
7-тұжырым

Қазаќ хандарының ќол астына ќараған территория сөз болатын тұстарда

аудармашылар ел, жер аттарын атамауға тырысады
«Алмас ќылышта» «…Бату әскері Рязань, Владимир, Суздаль, Киевті шауып, Батысќа жол ашылды. …Бату әскерінің алдында Европа мемлекеттерінің бай өлкелері ќалды. …Польша, чехтар мен мадиярлардың жерін басты. Алдарынан Адриат теңізінің жағасын жайлаған тағы славян елдері көрінді» [11-б.] дегеннің бәрін «куда доходили копыта монгольских лошадей – от кипчакских степей до дунайских долин, … во главе огромного воиска двинулся на запад» [10-б.] деумен тәмәмдайды. Ағылшыншасы [9,10-бб.] айны-ќатесіз осы.

Ал 26-бетте: «Аќсаќ Темір бүкіл Мауреннахрды өзіне бағындырып, Хорезм мен Алтын Орданы шауып, кейін ‡ндістанның астанасы Дели мен Түркияның кіндік ќаласы Анкараны ала алар ма еді?” деген сөйлемді орысшада 28-бетте: Слишком уж большую территорию подмял под себя когда-то Железный Хромец” деп бүге-шүгесіне бармайды, елдердің атын атамайды.



«Ақсақ Темір Иран мен Үндістанның шетін алғаннан кейін барып, пілді кей жағдайларда Орта Азия хандары жауын қорқытуға аздап пайдалана бастаған» [89-б.] – «С тех пор как Тимур завоевал часть Индии, у всех более или менее крупных властителей Средней Азии появились боевые слоны в войске» [83-б.]. Бұл жерде Иран айтылмайды.

Ал 77-бетте Әбілќайыр ханның тұншыќпа (астма) ауруымен науќастанғанында Тибеттен, Ќытайдан, Ќорасаннан, Мысырдан да баќсы-балгерлер алдырғаны туралы сөйлем аударылады да, наќ осы тұста территориядан хабардар ететін «Бір шеті Ќорасан, екінші шеті Жайыќ өзенінен асып далиып жатќан алып хандығының түкпір-түкпіріне білгір дәрігер іздетіп ат шаптырған» деген сөйлем орысшасында да, ағылшыншасында да үшті-гөйлі жоќ.

Ќазаќшада [187-б.]: “Осы айќаста атасы Әбілќайырдың жасына жетпеген, бүкіл Орта Азияны жаулап алған, атаќты Мұхамед-Шайбани хан жекпе-жек жас жолбарыс Шах-Ысмайылдың ќолынан ќаза тапты” деген сөйлем орысшада [172-б.]: “Бүкіл Орта Азияны жаулап алған” деген жерін айтуға болмайтындай, “В этом сражении, намного не дожив до возраста своего деда Адулхаира, погиб в поединке с молодым шахом Исмаил хан Мухаммед-Шейбани” болып аударылады. Мұнда ќазаќтың өз тарихында бармаған бауы, алмаған тауы жоќ екен дегендей ойларды жасырып ќалуға әрекет жасау байқалады.

«Жанталастың» 2-бөлімінің бас жағында І.Есенберлин: «¦шы-ќиыры жоќ сұсты Сібір өлкесінде ежелден-аќ мал шаруашылығымен шұғылданатын, балыќшылыќ пен аңшылыќты кәсіп ететін түрік және монғол тектес көшпелі халыќтар мекен ететін» дейді [245-б.]. Бұл сөйлемді де аудармалардан таппағандықтан айтып отырмыз.

Мысалды келтіре беруге болады. Десек те, 12-тұжырым дәлелдемесінде келтірілген мысалға назар аудармаcқа болмайды. Ќараңыз, орысшаның 480-бетінде территория мәселесіне келгенде ќазаќ үшін жер-су аттарын атамауға тырысатын аудармашы «Все должно склониться перед единым шпицрутеном – от финских хладных скал до пламенной Колхиды…» деген сөйлемді ойдан ќосып, І.Есенберлиннің ќаламымен жер-көктің иесі орыс деп жазған болады.
8-тұжырым

Қазаќ ќыз-келіншектерінің сұлулығы мен батыр тұлғалы ер азаматтарының

бейнесі аудармаларда кейде суреттелмейді, кейде (ќызды «красавица»

деумен шектелу сияќты) жетімсіз күйде ќалады
Ќарасаң көз тоймайтын ќазаќ ќыздарының сұлулығы мен кісі сүйінер батыр тұлғалы жігіттерінің келбетін кескіндеуге келгенде, аудармашылардың сөзге сараңдыќ көрсетуінен кімге келіп-кетер не бар екені белгісіз. Жалпылай айтсаќ, аудармашы көбіне сұлу ќыз-келіншектер сипатын «красавица» деген бір сөзге таңып, өте шығуды жеңіл көреді.

Сүрме ќасты, аќќудай аппаќ, отыз беске келіп ќалса да, әлі де шаңќай түстей жарќыраған сұлу Рабиу-Сұлтан-Бегім…” [58-б.] – «Семнадцатилетней девушкой выглядела четвертая жена хана, хоть было ей уже больше тридцати лет от роду» [49-б.] – “The khan`s fourth wife was already thirty but looked sweet seventeen” [53-б.]. Ќазаќшасында отыз бестегі, орысшасында отыздан асќан, ағылшыншасында, отызға таяп ќалған әйелдің аудармаларында жас көрінетіндігі айтылады, “шаңќай түстей жарќыраған сұлулығы” туралы бір сөз жоќ.

Ал 504-беттегі Айғанымның сұлулығы айтылмайды емес, айтылады, біраќ түпнұсќасындағыдай “Сол тойға арналған балда (Бал Петербургта болып жатыр. – Н.Р.) сұлулыќ жағынан Айғанымнан еш әйелдің аспағаны...» туралы айтылмайды.

13-тұжырым дәлелдемесінде келтірілген Жаған-бикенің сұлулығы сипатталатын үлкен мысалдың да осы тақырыппен байланысы бар.

Батыр Саянмен ұќсас келетін Мұхамет-Жөкінің сипаты ќазаќшада [88-б.]: “Сол ќалың ќабаќ, өткір көз, сопаќтау келген сұрша бет. Бойлары да, дене ќұрылыстары да дәлме-дәл. Сұңғаќ бой, арыс кеуде, жіңішке бел. Жас жолбарыстың аяќтарындай аяќ-ќолдары сомдала біткен. Жалпы ќимылында дене бітімінде секіруге дайындалған жолбарыс тәрізді бір ќауіпті сұс бар…” Орысшада [81-б.]: “Те же густые сросшиеся брови, пронизывающий взгляд, то же бледное, блогородное лицо, что у батыра Саяна. И движения у него такие же – мягкие, тигриные”. Батырдың бітім-келбетін жеткізбеген, мұндай сипат батыр айбарынан гөрі ќыз нәзіктігіне көбірек ұќсайды (ағ.т. [88-б.]).

Ќазаќшада [524-б.] «‡й ішінде көлбей жатуына да себеп бар екен, енді ол малдас ќұрып отырып еді, басы керегенің ұшына тиер-тиместей зор денелі бір алып екен. Адамнан гөрі, ертегіде кездесетін дәулер тәрізді. Тек жалғыз көзді емес, екі көзді және сонау тас ќабаќты ќоңырќай сұсты түсінде бір жылы шырайдың сазы білінеді. Бұл Кенесарының бас батыры Ағыбайдың өзі еді». «Кочевникиде» батырдың келбеті мынадай [494-б.]: «Во взляде батыра, несмотря на суровость, светилась такая простодушная доброта, что обманывать его было невозможно» (ағ.т. [526-б.]). Демек, «Көшпенділердің» орыс тілі арќылы жасалған барлыќ аудармаларында батырымыз осындай «халде» деген сөз.


9-тұжырым

Қазаќ табиғатына тән ќасиет, мәдениет (биязылыќ,

үлкенге ќұрмет, т.б.) бүркемеленеді

Түпнұсќада [418-б.]: “Ќұшбегі ұсынған көгілдір фарфор кесені алып Ханпатшайым сыңғырлай күлді” дегеннің орысшада [397-б.]: “Приняв из его рук пиалу из голубого фарфора, Ханпатшаим вдруг громко рассмеялась” деп, соған орай ағылшыншада [425-б.] “Having taken a blue-china drinking bowl from his hands, Khanpadshaim suddenly began laughing loudly” делінеді. Мұндайды түпнұсќадағы [498-б.] «Келіншек сылқ-сылқ күлді» дегенді «Алтыншаш вдруг громко рассмеялась» [472-б.] – «Suddenly Altynshash burst out laughing» [500-б.] деп, қайталап тұрады. ¤згеге ќымбат болмаса да өзімізге ќымбат көрінгендіктен де болар, аудармашылардың осындағы әйелдің сыңғырлап күлгенін, сылқ-сылқ күлгенін парыќсыз ќарќылдап күлумен айырбастап жібергенін сөз етіп отырмыз. Себебі, ќазаќ үшін әйел затына тән биязылыќ арзан ұғым емес.

Жалпы қазақ жастарын алтыбақан басында «...всегда поют песни – веселые, легкие» [471-б.] дегенді ойдан қосып қойып, жеңілтек, мұңсыз, ойсыз етіп көрсеткісі келеді. Ал шын мәнісінде қазақ әндерінің ішінен жеңіл ән табу қиын, бар болмысымен салмақты, мұңды, сазды болып келеді.

147-бетте: «…Оның үстіне Ќасым да, Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтан да Шыңғыс әулетіне жатпайтын, шешелерінің айтќандарын екі етпейтін мінез көрсеткен. Бұл әрине балаларын жастайынан өздерін сыйлайтын етіп өсірген аналарының ќасиеттерінен туған ерекшелік» дегенді орысшада [135-б.]: «…вопреки принятым среди чингизидов правилам, как султан Касым, так и Мухамед-Шейбани с Султан-Махмудом во всем были покорны воле своих матерей» деп аударғанда ана тәрбиесі – ќазаќ бесігі назардан тыс ќалған ба деп ойлаймыз.

251-беттегі «Келген сайын Тәуекел оған (Жиенбет жырауға – Н.Р.) ат мінгізіп, шапан жаптыратын» деген ќазаќтың нөмірі бірінші ќонаќ кәдесі де аудармаларында берілмейді.

Тағы бір мысалды осы біздің ќолымыздағы үлкен көлемді кітаптарда кей оќиға сәттерінен көрініс беретін суреттер иллюстрациясынан аламыз. Суреттердің астында түсіндірме ретінде үзік сөйлемдер беріледі. Солардың бірі – Ораќ батыр мен Аќќозының оңаша кездесуінен көрініс. Сұлу ќыз бен батыр жігіт бір-біріне бір нәрсе айтып тұрғанға ұқсайды. Ќазаќшада Аќќозының сөзі беріліпті: «– Ќұдай алдында күнәкар, жұрт алдында ќарабет болғым келмейді. Ерімнің асы өтсін, – деген аќќұба беті балбұл жанып, – содан кейін ќайын атамнан рұќсат сұраймын, көнсе шариғат алдында ќосылам». Ал орысша нұсқада: «Аккозы нахмурила свои красивые, вразлет брови…, «выйду замуж только за тебя, мой батыр!» Орак батыр ощутил великую радость…» делінеді. Ал ағылшыншасында не жазылғанын ешкім түсінбейді: «Akkozy khitter her fine arched eyebrows.., “I`ll married only you my warrior!” Orak-Batyr felt a great joy…». Түсінгеніміз: «Ораќ батыр мәз болып ќалыпты». Әлгінде суреттеуден тартынып жатќан аудармашылар мына бейнелерден ќазаќ ќыз-келіншектерінің сұлулығы мен батырларының бітім-келбетін жасыра алмай ќалады, біраќ көріп отырғанымыздай, ќазаќ атына тән имандылыќ, өнеге, ел-жұрт алдындағы жауапкершілік, үлкенге ќұрмет деген үлкен ұғымдарды аудармашылар өзге тілге алып өтуге келгенде бүтіндей бір ұлт аманатын аяќ асты етеді.

Орысшаның 198-бетінде түпнұсқаның еш жерінде кездеспейтін «... от века в степи не имели силы самые мудрые слова» дейтін сөйлем кездеседіазақшаның еш жерінде кездеспейтін . Аудармашы аталы сөзге тоқтаған қазақ қасиетін жоққа шығарғысы келеді. Мұны айтуға қазақшаның 209-бетіндегі қазақ билерінің айтып отырған алуан-алуан асқақ ойлары мен кесек-кесек ұшқыр сөздері себепші болады. Мұнда «Оның (Ақсопы бидің Н.Р.) аталы сөзі мен әділетті тоқтамын екі жақ бірдей ықыласпен тыңдады» деп келетін жерлер бар. Халықтың өз қасиетін өзіне қимай, мүлдем керісінше, сөз дарыған халық емес, аталы сөзге құлақ асқан ел емес деп жазады. Олай болса, «Жүйелі сөз – киелі», «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Аталы сөзге арсыз тоқтамас», «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді» деген сияқты толып жатқан халық даналығы қайдан шығыпты!
10-тұжырым

Қазаќ тапќырлығы, шеберлігі және терең философиясы ашылмайды
Өзіміз үшін маңызы терең тұжырымдардың бірі. Қазаќшада [398-б.]: «Ќазаќ ат ќоюға ќандай шебер. Адамның бойындағы бір жаќсылығын, не кемістігін тауып алады да, соған сейкес не мазаќтайтын, не кекесін, немесе мадаќтайтын бір ат таба ќояды» деген сөйлемнен аудармаларда ќылаң ќалмаған.

Ал 508-беттегі «Кенесарының күшінің өзі осы шапшаңдығында, ќұлан, киік секілді туған даласының ой-шұќырын жаќсы білетіндігінде» деген ќазаќтың ќолбасшы ханының осыншама біліктілігін аудармашы «көрмей» кетеді де, ондай білгірлікті [481-б.]: «Военный губернатор и не заметил, как рядом с этим человеком и сам стал подлинным знатоком края» деп, Перовский мен Генске «сыйлайды». Шынына келсек, түпнұсќасында Генс ќазаќ тарихын, этнографиясын зерттеп білген екен, Перовский оның айтќандарын тыңдап алып, кейін Аќмешітті күшпен басып алуға пайдаланған екен. Осы тұрғыдан бұл кейіпкерлерді де білімді-біліктілер ќатарына жатады делік, тек аудармалардың әділетсіздігі сол, орысты маќтау көп, ќазаќты даттау көп.



«‡мітсіз тек шайтан дейді ќазаќ. Жоќ, ол бекер екен. Ең үмітсіз – көктемі мен жазы өткен, терең тамырлары ќайта жасармастай боп семген кәрілік екен. …әрине, жетпіс екі жас кәрілік пе? Біраќ басымнан өткен ќилы-ќилы кезеңдерге көз жіберсем, мың жыл жасағандаймын. Жоќ, мазасыз ой, бітпес тартыстан, тәнім емес, жаным ќартайыпты. Ал жаныңның ќартайғаны – шын кәріліктің келгені, алдағы үмітіңнің тегіс сөнгені… ‡мітіңнің сөнгені – өл сенің өлгенің! Бұл аурудан жазылсам да, жаным шаршаған кәріліктен жазыла алмайтыным кәміл. Жазылудың да керегі жоќ секілді, біраќ сөйтсе де өлгің келмейді екен, әлі де жер басып, күн сүйіп жүре тұрсам дейсің…» Бұл терең философия Абылайдың Бұќар жырауға айтып отырған аќтыќ сөзінен келтірілді [375-б.]. Біраќ осыншама толғаныстан өкінішке орай, орысшасында [351-б.] «Жить я хочу…» және соған орай ағылшыншасында [376-б.] «I wish to live…» деген ойды ғана аудармашылар ќисынын тауып алып ќалады. Сол уаќытта Абылайға басу айтќан «Иә, хан Абылай, мың жасасаң да өлім әрќашан да ерте» дейтін Бұќардың сөзі де берілмейді. Әрине, мұндай жерлерде саяси маңызды мағлұматтар сіресіп жатпаса да, «мәңгүрт» халыќтың ханынан да, ќарасынан да ғалам ќұлаќ ќояр даналыќ шыќпау керек, мұндай жерлердің аударылмай ќалуының себебі сол ғана ма деп ойлаймыз.

Астарлы сөз айту, сәйкесінше тыңдаушысының сөз астарын ұғуы қазақ ұлтының біте туған табиғаты. Ежелден сөз құдіреті деген ұғым қалыптасқан. «Көшпенділерде» басына іс түскен Сұршақыздың соры қайнап, от басып, тілін табам деп ханға барған тұсын мысалға алып, хан мен қыз арасындағы диалогты назарға алайық [358-б.]:



«– Қандай тілегің бар? – деді Абылай, өзінің қыздарымен шамалас жас сұлуға. – Айт, орындайын!

Тілегім біреу-ақ...



Қыз үнінен ренжігендік сезілмеді.

  • Бір қыздың құшағында бір тайпа елдің тағдыры тұрған жоқ, хан ием... Мұны мен де ұғамын. Бірақ қатты дауылды күні тек қыран құс қана өз бағытынан адаспайды. Жұрттың бәрі қыран емес. Аласапыран кездегі жұртымның бір табансыздық көрсеткенін кешіріңіз!

Қыз сөзі Абылайға ұнады.

  • Жақсы. Ал өз бауырларыңа қарсы садақ безеген ана екі ағаңды қайтеміз?

  • Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң...

Абылай езу тартты.

  • Біз олардың “үйірін тапқанын” қайдан білеміз?

Босатып көріңіз. Егер сізге ерсе, өз айыбын өздері жуғаны.

Ал ермесе ше? деді Абылай.



Қыз қуанып кетті.

  • Онда мейліңіз. Қандай жігіттің тағдыры болса да, өз елінің тағдырынан қымбат емес».

Орысшасына қараңыз [337-б.]:

Ты что-нибудь хочешь от меня? спросил хан.

У меня одна только просьба...

Говори!

Не убивайте моих братьев!..

Что же, кто остался в живых, пусть живет...

Они ошибись, не послушались вас... Тепер они никогда больше не станут этого делать!

Да, это так!усмехнулься Аблай».

Өзге тілдерге өз бояуында жетпеген диалогпен бірге қыз баланың ер азаматтың тілін тапқан қазақ әйеліне тән шеберлігі кете барады, бір ғана «Қандай жігіттің тағдыры болса да, өз елінің тағдырынан қымбат емес» деген сөзінен оның өжеттігін, еліне сүйіспеншілігін және ер азаматты елі үшін ерлікке қанаттандыра алатын асыл қасиеттерін ұғуға болатын еді. Диалог – байқағанға, кәдуілгі қанішермен болып жатқан әңгіме! Әңгіменің бір түрден екінші бір түрге түбірімен ауысып түсуіне де бірден-бір себеп – Абылайдың «олар» жасап отырған «имиджін» ұқыптылықпен сақтау. Ал аяқ асты болып, сақталмай кеткен осыншама кереметті жасап отырған І.Есенберлиннің өзіндік қолтаңбасының обал-сауабы кімге?!

Осы бір мысалдың өзі бірнеше тұжырымға дәлел.
11-тұжырым

Халықтың «Мәдени мұрасына» нұқсан келеді
Бірінші кітаптағы [36-б.]: «Ер Тарғын» қиссасында «бұл – өз өмірінде толғау айтып тоғыз ханды түзеткен кісі» деп келетін бүкіл қазақтың қамын ойлап өткен Сыпыра жыраудың ұрпағы Арғынның ардагері сексеннен асқан қарт Қотан» деген сөйлем аудармада [33-б.]: «А противостоял ему почтенный старец Котан-жырау из аргынов, и это накладывало особый отпечаток на состязания. Из древнего рода певцов и прорицателей был котан (кіші әріппен жазылған Н.Р.), и еще отец его Сыпары-жырау (Сыпыра жырау Н.Р.) горевал о судьбе своего народа, на который свалились неслыханные бедствия...» деп аударады. Ер Тарғын» қиссасы туралы айтылмайды.

«Алмас Қылышта» 187-бетте «Тарихи Рашиди» екі рет аталады. Бірінде: ««Тарихи Рашидида»: «Кім де кім өзгеге ажал азабының шербетін қанша ішкізсе, өзі де сол удан соншалық ішеді» деп айтқандай...» дегенді «Заговоренный меч» [172-б.]: «Вот как говорили об этом историки: «Кто заставляет пить до дна чашу шербета предсмертной агонии, тот напьется сам этой отравы...»» деп береді. Екінші кездескенде шежіренің аты: «Оның (Қасым ханның Н.Р.) Дәшті Қыпшақтың елдік, жауынгерлік даңқын «Тарихи Рашиди» айтқандай, Жошы ханнан кейін бүкіл шығысқа жайған әулетті шағы еді» деген сөйлеммен келеді. Халық мұрасының бір бөлшегі саналатын Мұхаммед Хайдар Дулатиден қалған шежіре атын аудармашылар бір рет те атамайды.

«Жанталастың» 242-бетінде «Бұқар жырау да осы оқиғаға арналған «Тас қамал» атты дастанын шығарып еліне қайтты. Әттең не керек, асыл мұрасын сақтап әдеттенбеген көшпелі ел бұл асылын да бізге жеткізе алмады» деген сөйлем бар, мұндай сөйлемді «Отчаение» мен «Dispair» аудармайды. 243-бетте “Тас қамал” дастаны қайта кездеседі. Дастан кездесетін абзацты түгел алсақ: «Көне заманда өткен арғы бабаларының жазу, сызу таңбалары әлдеқашан ұмытылған. Тек ел көкейінде олардың қайғылы армандары ғана қалған. Кім біледі, халық мұны да ұмытар ма еді, қайтер еді, тек зар жақ жыраулары ұмыттырмаған. Сөйтіп, ел шежіресі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған. Халықтың жырауларды төбесіне көтеріп құрмет тұтатын себебі де, сірә осыдан болса керек. Бұқар жырау да солардың бірі. Сауран қорғанысы жайында жазған “Тас қамал” дастаны кейін сан ұрпаққа тарады. Осы дастаннан ұрпақтардың тағы бір білгені: жоңғар шабуылы басталмастан бұрын орыс саудагерлерінің әкеп сатқан мушкеттері мен оқ-дәрілері Сауран бекінісінің жауға берілмеуіне себепкер болғаны». Осы орыс тіліндегі аудармада [232-б.]: «Забыто древнее искусство письма в его народе, но жива и несокрушима память. На ней держится все, и поэтому столь почитается искусство жырау. Он певец, он рассказчик и хранитель всего того прошлого, без чего не бывает народа. В разных краях необозримой Казахской степи уже поют стихи из его сказания об осаде джунгарами древней каменной твердыни Саурана. Уже прибавлены новые слова, а многие и не знают, что это его сказание. Да беззаветная стойкость таких, как Науан-батыр, помогла отстоять Сауран. А еще помогли порох и мушкеты привезенные русскими купцами. Если бы каждый казахский город имел такие мушкеты, то можно было бы поспорить с шуршутскими пушками...» болып беріледі. Мұны салыстырмалы түрде біз «столь почитается искусство жырау», «необозримая Казахская степь» деген сөздері үшін аударманың ең керемет тұстары деп санаймыз. Әйтсе де, мұндағы «Көне заманда өткен арғы бабаларының жазу, сызу таңбалары әлдеқашан ұмытылған» дегенмен «Забыто древнее искусство письма в его народе» деген сөз тең емес. Орысшасында халықта ұмытылып кеткен көне жазу өнерінің кімдікі болғаны айтылып тұрған жоқ, өз ата-бабаларымыздың жазу өнері деген сөз керек бізге! Ал Бұқар жыраудың «Тас қамал» дастаны аты аталмай «...поют стихи из его сказания об осаде джунгарами древней каменной твердыни» болып ерітіліп жіберіледі (ағ.т. stone citadel [251-б.]).

Үшінші кітаптан да мысал алуға болады, «Наурызбай-Ханшайым» қиссасы [435-б.], орысшасында да [413-б.], ағылшыншасында да [443-б.] аталмайды.

Мұндай келеңсіздікке бүтін ұлттың «Мәдени мұрасына» немқұрайлықпен қарау нәтижесінде ғана жол беріледі.

12-тұжырым

Қазаќтың батыр халыќ екені көмескі суреттеледі
Ќұс ұшып өте алмас шексіз сар далада халыќтың ќаны телегей-теңіз боп тағы төгілгелі тұр-ау! Ќазаќ халќының алдында бір ғана жол бар. Ол – ќан майданда баяғы бабаларынша аянбай шайќасу. Сол шайќаста жан беру, не ел болып елдігін саќтап ќалу. Басќа жол жоќ” дейтін ќазаќшадағы [244-б.] ел ќорғау үшін батыр туған бабалар жолын көрсететін ќазаќ үшін аса маңызды ұстанымның аудармасы [234-б.]: “О, сколько крови еще прольется на родной земле!” деумен бітіпті.

241-бетте Науан ұстаның ерлікпен ќаза тапќаны туралы: “…Бұќар жырау өзіне таяу ќамал шетінде кіндік тұсына жау найзасы ќадалған Науан ұстаны көрді. Жүгіріп ќасына барды. Найзасын суырып алайын деп еді, сұп-сұр боп кеткен ұста оның ќолын кейін итерді.

Тимей-аќ ќой, деді даусы әзер шығып, – бәрібір өлемін. ¤кінбеймін… жоңғардың ќұрығанда жиырмасын жайраттым білем. Әттең дүние, әңгімеңізді тегіс ести алмай кеттім… – Елшібекке ќарады. – Ана артымда ќалған жалғызыма айт: әкең бабаларының жолынан тайған жоќ де… – Соны айтты да Науан ұста сылќ етіп ќұлап түсті” делінеді.

Орысшасы [232-б.]: “…но когда Бухар-жырау добрался до него, то увидел, что лицо у кузнеца совсем белое. Кровью было залито все вокруг, а в груди Науана торчал обломок тяжелой джунгарской пики. Непонятно было, как еще стоит он на ногах. Глаза кузнеца смотрели на жырау.

О мой Науан!..

Бухар-жырау подхватил на руки Науан-батыра, бережно опустил его на камни. Он захотел вытащить вражеское копье из груди, но кузнец отрицательно покачал головой. Губы умирающего что-то щептали. Бухар-жырау наклонился к его лицу.

Мой жырау… Вы… вы так и не закончили рассказ о моих предках… О Кияке”. Осылай аудармашы “Есенберлин естігенін айтып отырған шығар, мен көріп келген адаммын” дегендей, оның айтќандарының біразын жоќќа шығарып, “олай болған жоќ еді, былай болып еді” дейтін түзетулерін енгізеді. “Түзетудің” оны-мұнысына көнуге де болар еді, батырдың “Ана артымда ќалған жалғызыма айт: әкең бабаларының жолынан тайған жоќ де” деген соңғы сөзі – хан тағына бергісіз ќазаќ рухын ұрпаќтан ұрпаќќа жеткізетін сөз еді, оның аудармаларда берілмейтіні жанға батады. Жоғарыда 11-тұжырымда “Тас қамал” дастаны төңірегенде кездескен «Да беззаветная стойкость таких, как Науан-батыр, помогла отстоять Сауран» деген жолдарда ғана бұл ерліктің ұшқыны қылаң береді. Мұны аудармашы жалпылау сөздермен өз жамауларын жабу үшін компенсация есебінде «керек емес» жерге апарып жабыстырып отыр.

Перовский мен Генс әңгімесінен үзінді келтіреміз, ќазаќшада [507-б.]: «– Ќиянат көріп ќорланған халыќ ќашан да болса тәуекелшіл келеді. Бірі онға татиды. Оның үстіне Кенесары секілді тәжірибелі ќолбасшысы болса… – Генс ойға шомғандай сәл кідірді, – Кенесарының Созаќты алатыны сөзсіз. Бекініс ќабырғасына шығатын жүздеген баспалдаќ істетіпті. Ол баспалдаќпен өрмелейтін батырлар ќазаќ жігіттерінің арасынан ќашанда болса мыңдап табылады.

Сөз жоќ, батыр халыќ! – деді Перовский, – тек бастары бірікпейді».

Үзіндінің орысшасы [480-б.]: «– Решиться на такой штурм мог лишь отчаянный человек (халыќ демейді – Н.Р.)! Ну, ему не занимать отчаянности. Вы знаете этого разбойника. И насчет его полководческих талантов сомневаться тоже не приходится. Таких бы людей привлечь к России, а не всякую сволочь из горчаковского окружения. К сожалению, нам этого не позволять сделать. Все должно склониться перед единым шпицрутеном – от финских хладных скал до пламенной Колхиды… А Созак он возьмет, не сомневайтесь. По моим данным, он даже сотню лестниц заготовил для штурма, а кому лезть по ним, у него найдется» болып аударылады. Осы мысалдың өзіне сараптай ќарағанда, аудармашының ќазаќ жігіттерінің арасынан ќашан да мыңдап табылатын батырлардың бірлі-жарымын ғана ќалдырып, халыќтың өжеттігін жасыратынына көз жеткізіп ќана ќоймай, біздің жоғарыда келтірген өзге де тұжырымдарымыздың бірќатарына дәйек табамыз. Территория мәселесіне келгенде ќазаќ үшін жер-су аттарын атамауға тырысатын аудармашы «Все должно склониться перед единым шпицрутеном – от финских хладных скал до пламенной Колхиды…» деген жер мен көкті орысќа алып беретін сөйлемді ойдан ќосады (7-тұжырымға бір дәлел). Ал «Вы знаете этого разбойника» деп, Кенесарыны қалай ќараќшы етіп отырғанын 20-тұжырымда талќылаймыз.
13-тұжырым

Алтынмен апталып, күміспен ќапталған” қазақ



дәулеті аудармашылардың «кеден бекетінен» оңайлықпен өтпейді
«‡стінде көк ќұрыш шынжыр сауыт, ер-тоќым, жүген-ќұйысќандарын алтынмен аптатќан он шаќты жігіт Орда тұсына кеп түсе ќалды» [88-б.] дегенді «Десяток джигитов ехали с ним» [81-б.] – «He was escorted by a dozen horsemen» [87-б.] деп аударғанда «алтынмен апталып, күміспен ќапталған» ќазаќ дәулеті ќайда ќалды? Жоғарыда 8-тұжырымда ќазаќ ќыз-келіншектерінің сұлулығын суреттеуде де сөзге сараңдыќ бар екенін айтќан болатынбыз. Мына жерде Жәнібектей бір ханның ең сүйіктісі Жаған-бикенің түпнұсќада көлемді суреттелген бейнесі толыќ болмаса да аударылған екен, қараңыз [147-б.]: «Жаған ќара торының сұлуы еді. Сұңғаќ бойлы, оймаќ ауыз, көген көз. Екі бала тапса да ќыпша белі әлі де жіп-жіңішке. Ќаќтаған алтынмен жасалған ауыр шолпысы жерге тартып тұрғандай, білектей етіп өрген ќос бұрымының ұшы шұбатылып кілем үстінде жатыр. Меруертпен шытырмалап, гаућар таспен безеген ќызыл мауыты сәукелесі, аш белін ќынаған алтын оќалы ќызыл барќыт камзолының түсін ашќандай жарасып тұр. Жаған иген басын әлі жоғары көтерген жоќ. Сонау бота көзін жауып тұрған ұзын кірпіктері найзадай Жәнібектің кеудесіне келіп ќадалғандай. Жәнібектің ќырыќтан асќанға дейін сан айќаста мызғымаған тас жүрегі, кенет ќолға түскен торғайдай тыпырши ќалды». Орысшасы [136-б.]: «Стройная, с маленьким пунцовым ртом и огромными черными глазами, Жахан-бике казалась девушкой, хоть было ей уже сорок один. Ресницы ее были опущены, а когда она подняла голову, черные их стрелы вонзились в ханское сердце, как много-много лет тому назад. И каменное сердце Джаныбека забилось, затрепыхалось, как воробей в силках». Бұл жердегі күрмеуі күрделі ќазаќ тілінде бояуы қанық сомдалған сұлу бейненің бұлайша ќысќартылып берілуі аудармашының шамасы жетпегендіктен емес, керісінше, қайта айтуға тұрады, аудармашының шеберлік диапазоны кең. Бұл жердегі ќысќартулардың бәрі тек алтын, меруерт, гаућардан ќұралатын «ќазаќ байлығын» ќысќартудың есебінен болып жатыр.

Астан-кестең «аударманың» ішінде Исан-Бұғының ұстап отырған құм алтыны (қаз.т. [106-б.], ор.т. [100-б.], ағ.т. [108-б.]), Самеке ханның 75 мың жылқысы (қаз.т. [243-б.], ор.т. [233-б.], ағ.т. [250-б.]) сияқты қазақтың жиған-тергені жоғалып кетіп жатады.



«Бұл тойға да қазақтың аға сұлтан, асқан байлары шақырылды» [482-б.] дегенді іздеп, жоқ екен деп ойласақ, бұл аудармашы құрастырған «шытырман оқиғалардың» бір жерінде «... сыновей всех приглашенных биев и султанов» [459-б.] дейтін түрде кездеседі екен де, тек «асқан байлық» кеден бекетінен өтпей қалады екен (ағ.т. [487-б.]). Ал осындағы «сыновей» дегені несі екен? Мұны осы той барысындағы келесі тұжырымды растайтын «қызықтармен» бірге қарастырайық.
14-тұжырым

Дінге ќатысты тұстар дінаралыќ ќатынасты араздатуға бастайды
Ќазаќша 101, 102-беттерде Исан-Бұғының діншіл әкесі Уайс ханның “ұлы Моғолстанның ұл-ќызын өз дініне өткізу маќсатымен шіркеу ұстап, күнәкәр болғаны үшін” Аллатағаланың кәпір пендесін Дәниелді дарға асуға және оның “ғибратты жерімізде тоќсан жыл бойы әзәзілдің ошағы болып келген” шіркеуін ќиратуға жарлыќ бергені айтылады. Біраќ аудармаларда бұл себептер бүркемеленеді. Орысшасын [96, 97-бб.] және ағылшыншасын [104, 105-бб.] түпнұсќамен салыстыра оќыған кез-келген кісіге аударманың өзі діні бөлек адам арќылы жасалғаны байќалады. «Аудармашының» реті келген тұста ќолдан келгенше бұрмалаумен ғана шектелмей, өзге (христиан) дін өкілдерінің зығырданын ќайната түсетін, отќа май ќұя «аударған» жерлерінің де барын көру аса көрегендікті ќажет етпейді, салыстырыңыз:

Исан-Бұғыға мұның бәрі ойыншыќ болып көрінген. Тек бертін келе, өзі хан тағының ісіне араласа бастағанда ғана Византия епископы Джавани Мариньолли, Флоренциядан Жетісу мен Гоби ќұмы арќылы Ханбалыќќа (ќазіргі Пекин) бара жатып, бұл шіркеуді Алмалыќта 1340 жылы салдырғанын білген. Уайс ханнан бұрынғы Алмалыќтың хандары мен хакімдері, бұзыла бастаған шаћардағы ешкімге керегі жоќ шіркеудің бар-жоғына көңіл бөлмеген. Рим папасының мұсылман жеріне жіберген тыңшы-діни адамдары шіркеудің мұндай жағдайын астыртын пайдаланып жүрген. Талай мұсылмандарды насрани дініне кіргізіп алған. Тек өте діншіл Уайс хан ғана Жағатай тағына отырғаннан кейін бұл шіркеуді мұсылман дініндегі адамдарды аќ жолынан адастырмасын деп, біржолата ќұртуға жарлыќ берген” [102-б.]. Осыны орысшада [97-б.] былайша ќысќарта береді:

Иса Буга не знал тогда, что эту церковь строили местные жители, часть которых издревле была несторианами. Ханы и хакимы, правившие Алмалыком до Ваис-хана, верны были обычной мусыльманской веротерпимости и не обращали внимания на старую церковь в древней, разрушающейся части города. Но с приходом на ханство Ваиса все изменилось. Фанатичный Ваис-хан решил уничтожить церковь, и сделал он это со всей присущей ему жестокостью”. Ағылшыншасы [105-б.] осындай. Керағар аударманың бәрін ќалай кері ќарай аударғанын, ќысќартќан сөйлемдерінің “бос сөз” емес екеніне зер салыңыз.

Бұл аз болғандай, “Исан-Бұғыға мұның бәрі ойыншыќ болып көрінген» дегенді аудармашылар осы жерде аудармай кетеді де, сол сөйлемнің есесін былай ќайтарады: «Эта смерть нисколько не взволновала тогда Иса Бугу. Как на детскую игру, смотрел он на казнь и даже захлопал в ладоши, когда старец повис в воздухе. Ни жалости, ни страха не ощущал он. Ему понравилась торжественность, с какой говорил мулла, важный и значительный вид всех участников казни». Осылай тыныш тұрған балаға ќол шапалаќтатып, түпнұсќаның еш жерінде жазылмаған нәрселерді ќосып, «импровизация» жасайды. Шіркеуді ќиратќандар аудармада бар дауыстарымен балағаттап, ќала берді ән салып жүріпті, сөйтсек, түпнұсќада олар «тфа, тфа, пәлекет!» деп жүрген екен. Аудармашы сол таң сәрідегі Дәниелдің дарға асылып, шіркеудің ќиратылғанын барынша жауыздыќ етіп, оған басќалардың аяныш сезімін ќамшылап, төзімін сынға салу маќсатында тағы мынадай сөйлемдер ќосады: «Не успело высако поднятся солнце, как от церкви остались лишь груды развалин. Не верилось еще утром здесь стояло красивое белое здание, построенное безвестными мастерами – уйгурами и уйсунями. А напротив все покачивался от ветра труп повешенного старца» (18-тұжырымға да дәйек). Осылай жоќты ойдан ќұрастырып жазғанды ұнататын аудармашы, сол жердегі өзі де бар, маңызы да бар мына сияќты сөйлемдерді аудармайды: «Сүниет дінін берік ұстанған, Арабстаннан, Ираннан келген ќожа, мұфти, ишандардың кеу-кеуімен, кілең ќызба әфенді, мүрит, шейхтер шіркеуді біржола жермен жексен етіп жоќ ќылған».

Әрине, кісі өлтіріп, өзгенің наным-сенімін аяќќа таптаған ханда не мейірім-шапағат болсын. Әрі ќарай одан да ауыр оќиға бар, әлгі дарға асылған шалдың ќызына осы Исан-Бұғы ғашыќ болып ќалғаны үшін Уайс хан «Егер Исан-Бұғы кәпірден ќатын алар болса, түбі насрани дініне бір бүйірінің тартпасын кім біледі?» деп, сорлы ќызды баласының көзінше бауыздап өлтіртеді (оќиғаның жалғасы 19-тұжырым дәлелдемесіне дәйек ретінде ќарастырылады). Шыңғысхан мектебінің үлкен маќсаттары алдында ең асыл деген адам өмірі асќабаќќа тең болыпты (алдаспанның бір тартуынан ќаќ жарылады). Бүгінгінің «хандарында» да бәрі теп-тегіс деу оңай емес. Әлемде шыңғысхандыќ ұстаным әлі де бар. Біздің бұл жерде айтпағымыз тарихтың тереңінде не ќалғаны туралы емес, аудармаға аудармашының пайым-бағамы неге араласуы тиіс екендігі туралы.

Жоғарыда 13-тұжырым соңында сөз болған тойға қайта оралып, аққу-қаздарша сылаңдаған орыс дворяндарының әйелдері мен сыптай боп сәндене киінген орыс офицерлеріне көз тастап тұрып князь Горчаковтың Қоңырқұлжаға айтып тұрған сөзін келтірейік:



«Әрі кетсе бір жиырма бес жылда қазақтың ұл-қыздары да мыналардай болады, – деген жан-жағындағы әйелдер мен офицерлерін көрсетіп.

Сары далада көшіп жүрген қазақтар жиырма бес жыл ішінде мыналардай болады деген князь сөзіне Қоңырқұлжа таң қалған. Ол ойын жасармай:

  • Егер қазақ бұлардай болғысы келмесе не істейсіз? – деп сұраған.

  • Онда, – деп Горчаков ойланбастан жауап берген. – Аюға ақыл үйреткен таяқ деген мақалды естігенің бар ма? Жерінен, билігінен айрылған қазақ айтқанға көнбей қайда барады? Күшпен көндіреміз. Арқасына қамшы ойнатып, соқа жегіп, жер жыртуды үйретеміз. Қол-аяған матап шіркеуге кіргізіп, Иисус Христосқа шоқынуға мәжбүр етеміз» [482-б.] делінген.

«Статные, безупречно одетые офицеры кружили в вальсе своих дам. Князь перевел взгляд на группу одетых в одинаковую форму казахских юношей – сыновей всех приглашенных биев и султанов.

  • Через двадцать пять лет они будут такими же блестящими офицерами! – сказал он. – Все киргизы станут другими...

Конур-Кульджа, хоть и соглашался всегда с начальством, на этот раз не мог скрыть своего сомнения:

  • А если казахи не захотят?

Князь посмотрел на него жестким взглядом:

  • Что значит не захотят, мой дорогой? – Вы – человек просвещенный и понимаете пользу своего народа. Цивилизацию чаще всего приходится вбивать палками, как делал на Руси великий Петр [459-б.]» (ағ.т. [487-б.]) делінеді.

Осылайша, Иисус Христосқа шоқынуға мәжбүрлеуді «цивилизацияға» күшпен келтіру деп жуып-шаяды. Ал «...сыновей всех приглашенных биев и султанов» деу арқылы олардың бірқатарын келтіріп те үлгеруден дәмелі.
15-тұжырым

Саяси мағынаға ие мәселелер не ќысќартылып, не көзделген маќсатќа

«оңтайлы» аударылады, «аударылады» дегеннен гөрі «мұндай беттер

тұтас-тұтасымен басќаша жазылады» деу лайыќ
Аудармашы көздеген маќсатына кедергі келтірмейтін кейіпке келтіргенде сөйлемдерді «Кенекең ел ќамын ойлаған адам, оны төре тұќымы деп санауға болмайды. Ол жалпы ќазаќтың жоќтаушысы» [525-б.] дегендей формадан «Он не такой тюре как другие» [496-б.] дегендей формаға ойыстырып әкетеді. Мысал көп. Мысалдың мынадай бір түрінен де хабардар болсаќ:

Әсіресе Есіркегеннің (өнер, білім ќуған, орысша оќыған жас жігіт – Н.Р.) ќабағынан ќан жауған. “Россияға бағыну керек деймін. Ондағы ойым ұлы халыќ, мәдениетті халыќ, өзімен бірге мұратќа жеткізеді деп сенуімнен шыќќан арман. Ал бағанағы ауылға істегені не? Мүмкін мен ештеңеге түсінбейтін болармын, аќ патшаның да, оның ќарапайым солдаттарының да арманы біреу-аќ шығар. Тезірек ќазаќты ќұртып, жерін емін-еркін пайдалануға асығатын болар…

Сондай-аќ өзі секілді Шоќанның да (Шоќан Уәлиханұлын айтып отыр – Н.Р.) Россия мәдениетіне ќанат ќағып, туған халќын сол Россияға тартќанын, біраќ артынан генерал Черняевтің әскері сол халыќты Россия патшасына отар етемін деп ќырғанда, не істерін білмей, ќызметін тастап, Тезек төренің аулына ќашатынын ќайдан білсін.

Есіркеген ќазір шым-шытырыќ жұмбаќ ойдың шешуін таба алмай шатасуда еді. “Расымен мен ќателесіп жүрмін бе? Түбі жауынан ќұтыла алмайтынын білген жаралы жолбарыс тәрізді не болса да айќасып өлем деген Кенесарыныкі дұрыс па? Мәдениет, прогресс, Россиямен біріксек жарыќ күніміз шығады деп жүргенде, халќымыздың еркіндігі түгіл, өзінен айрылып ќалмаймыз ба? Егер ќазаќты өзіне ќосу әдеті үнемі әлгі ауылға істегеніндей бола берсе, өйткен мәдениеті де, келешегі де ќұрсын!.. Онда су ішсем де, суан ішсем де, халќыммен бірге боламын. Тек соның күні көкке жүзсін, соның ғана сәулесі жарќырай түссін”” [522-б.] Осының бәрінің орнына орысшасы, соған орай ағылшыншасы тіпті керісінше былай деп жазады: “Присоединение, которое в будущем принесет великие плоды!.. Да, несмотря ни на что, он будет бороться за это” [493-б], “Oh, he dreamed about the unification with Russia which would be very advantageous for the Kazakhs. And in spite of anything he would struggle for that idea” [524-б.].

484-беттегі Горчаков сөзі: «Біз ќазаќ елін тек отарымыз деп ќана санаймыз. Кімде-кім бұған көнгісі келмесе, оны ќарудың күшімен көндіреміз. «Азаматтармен келісімге келудің ең дұрыс жолыоларды ќорќытып ұстау». Бұл пікірді соғыс министрі Чернышев мырза да ќолдайды». Мұндай толып жатќан саяси маңызы бар сөйлемдер және ќазаќ ұлтына болысатын сөйлемдер аударылмайды, не болмаса кеңестік цензурадан өтпей қалған. Оларды тізіп шығу мүмкін емес. Мысалдар мына тектес:



  • «…Ќазаќ елі батысынан да, шығысынан да тікелей жәрдем ала алмады. Тек өз күшіне сенуге тура келді» [246-б.]

  • «Иран, түрік, орыс әдебиеттерінде Тәуекел хан деген айбарлы атын ќалдырды» [258-б.]

  • «Осындай мыңдаған белгісіз батырлардың арќасында ќазаќ елі сан жанталаста жеңіп шығып, ғасырлар бойы өзін аман саќтап келеді» [258-б.]

  • «Ќазаќтың батыр ќыздарының жауға ќарсы шабуы жаңалыќ емес» [259-б.]

  • «Бар қазақты бір ханға билетіп, басын қосудың қауіпті екенін ашып айтқан» [397-б.]

  • «…ќазаќтың атаќты ханының бірі Ќасым соғысты жаќсы көрмесе де, ќарамағындағы бір миллион жанның төрттен бірін атќа ќондырып, найза ұстаттырған екен. Екі жүз елу мың әскері бар Ќасым ханның айбарынан сескеніп, еш жауы оған ќарсы соғыс аша алмаған» [541-б.]

  • «Ќамығып тұрды Кене жұртын ойлап» [576-б.], т.с.с. жалғастыра беруге болады.

Соңғы мысалға алынған ќатар – «Ќаћардың» ең соңғы бетіндегі Досќожа аќын айтќан бір шумаќтан түсіп ќалған жол. Шумаќ түпнұсќасында бес ќатар, аудармаларында төрт ќатар, «Ќамығып тұрды Кене жұртын ойлап» деген ќатар аударылмайды, өйткені оған жұртын ойлап тұруға саясат рұќсат бермейді.

Алынып тасталған сөйлемдерден ғана мысал көрсете алу мүмкіндігіміз бар. Өзгеге көзге шыққан сүйелдей сүйкімсіз көрінген көлемі жарты бетті бірден алатын тұтас-тұтас алынып тасталған жерлерді де көрсетер едік, жер-көкке сыйғыза аламыз ба?

Трилогияның соңғы нүктесі қойылған «Ал мынау көш Шыңғыс хан шабуылынан бастап алты жүз жылдан астам өзінің жері, суы, тәуелсіздігі үшін күрескен ќазаќ атты көшпенді көкжалдардың ең соңғы ұлы көші еді» деген сөйлем – үш кітаптың түйіні болатын, оның орысша, ағылшынша кітаптардан ғайып болмауы мүмкін емес-тін.

16-тұжырым

Жақсылықты жасырып, жамандықты асыру көптеп кездеседі
Жалпы есепте 6-тұжырымнан бастап, 21-тұжырымды қоса алғанда, барлық тұжырым дәлелдемесі жақсылықты жасырғандыққа келіп тоғысады десек қате болмайтын тәрізді. Аудармашы мырзаның жолсыздан жол тауып, жанталасып, жамандыќты асырам деген тынымсыз қарекеті де нәтижесіз емес, өзге тұжырымдарды дәлелдеуге келтірілген қаншалаған мысалдар төңірегінде төбесін көрсетіп қалып жатады. Даралай айтатын мысалдар да жеткілікті. Қазаќшада [89-б.]: “Самарќантты бағындырам деп аттанған баяғы алғашќы ұрысында, өздеріне дүрсе ќоя берген үш пілден бүкіл Ќыпшаќ жігіттері жөңки ќашќан. Әскердің арт жағында келе жатќан Әбілќайыр, ұзын тұмсығын оңды-солды сілтеп, кіші-гірім үйдей боп өзіне ќарай тап берген алып пілді көргенде не істерін білмей, ќолындағы найзасын жерге түсіріп алған. Тек ажалдан астындағы жүйрік аќ боз аты ќұтќарған”. Осыны орысшада [83-б.]: “Двадцать пять лет было ему (мұндай сандыќ көрсеткіштерді ќайдан алатынын аудармашының өзі біледі – Н.Р.), когда в первый раз подошел он к стенам Самарканда. Лишь трех слонов (бар болғаны деуіне ќараңыз – Н.Р.) выпустили на него жители города, но все бесчисленное конное войско хана Абулхаира в панике разбежались кто куда. Когда на него самого бросилось, яростно размахивая хоботом, громадное животное, он так струсил, что уронил копье и убежал пешком, бросив коня. Хорошо, что умный конь сам разыскал его в свалке и вынес из битвы” деп аударады. “Жүрегі жарылып сол жерде өлді” деуге де әзір еді, әттең, Әбекең түпнұсќада әзір өлмейді. Не де болса, осы тұста аудармашы ешнәрседен бейхабар оќырманға бір ханды масқара ету мұратына жеткен, мұндай көрініс ағылшын тілді оқырманды да “What a great clown runned the steppe horde!” дегізбей қоймаса керек.

Аудармаларда сол әуелгі соғыста ќандай сайќымазаќ болып көрсетілген болса, Әбілќайырдың өл-өлгенше сондай күлкі болып кеткенін мына сөйлемдердің аудармаларынан көруге болады. «Біраќ жаратылысынан батыр Әбілќайыр «тағдырдың жазғаны осы болса көріп алайын» деп, кейін шегінбеді. Бірінші адамды ат үстінен ұрып түсірді. ¤зі де Бараќтың баласы Шағайдың ќолынан ат жалын ќұшып ќұлады. Жерде сұлап жатќан ханның жанына шапќылап жеткен Бараќ беліндегі ұзын сапты, сүйір ұшты Хиуа ќанжарымен жүрек тұсынан сәл төмендеу жерден ќұлаштап ұрды. Әбілќайыр ышќынып барып, демін алды» [305-б.]. Орысшасы [173-б.]: “Хан Абулхаир самолично зарубил несколько врагов, а потом, увидив скачущего к нему Барак-султана и словно осознав свою судьбу, опустил саблю и закрыл глаза. Подскакавший султан сбил его с коня, прыгнул ему на грудь и вонзил глубоко в седце прямой казахский нож”. Міне, алғашында масќарампаз, ќоян жүрек етіп жасаған кейіпкерінің келбетін аудармашы өлер шағында ќас дұшпанымен бепте-бет келгенге дейін мұќият саќтап, келекелеумен “соңғы сапарына” шығарып салады.

Түпнұсќадағы [504-б.] “Жетпіске таяп ќалған Уәли өзі секілді кілең аќ шашты шалдармен патша сарайының бір салонында карта ойнап отырғанда, бидің дәл ќызу үстінде Айғанымды өз үйіме алып кетіп едім-ау!” дегеннің орысшасы [476-б.]: “Семидесятилетний муж ее Вали-хан днями и ночами не вставал из-за зеленого стола, играя со столь же престарелыми сенаторами. И как-то он, Перовский молодой и блестящий тогда гвардеец, признался ей в любви”, соған орай ағылшыншасы [505-б.]: “Her seventy-year-old husband Vali-Khan spent days and nights at the green table, playing cards with Senators as old as himself was. And Perovsky, a young and brilliant Guard officer then, had once declared his love to her” деп аударылған. Бұл жерде Бірінші Александр патшаның туған күнгі тойында, сол тойға арналған балда болған оќиғаны граф Перовский есіне түсіріп отыр. Туған күн де бір күн, бал да бір күн болса, Уәли ханның аудармаларында ќалайша «днями и ночами» (“days and nights”) «той тойлап» кеткені белгісіз. Жаќсылыќты жасырып, жамандыќты асырғанда да «өтірікшінің» жалған сөздің ќисынынан жаңылыспағаны жөн болатын еді.

«Көшпенділерде» [471-б.] «...қалың қазақ арасына Бұқар жырау айтқан:



Қатын алма төреден,

Қатын алсаң төреден:

Еркегі болар жау жанды,

Ұрғашысы – ер жанды, –

деп басталатын өлең кең тараған» делінеді. Мұны «Кочевники» [450-б.]: «И разве не про родовитых людей сложили шуточную песню-поговорку:

Дочь не отдавай тюре

И не сватайся к тюре:

Там мужья в соседях спят,

Жены – на других глядят»

деп аударады. Аудармашының шумақты сұмдық қылып шығарғанымен қоймай, бір адам айтты десем, әлсіреп алармын дегендей, Бұқар жырау емес, қалп айтпайтын халық айтқан мақал қылмақ ниетіне не дерсіз (ағ.т. [478-б.])?!



17-тұжырым

Ел бірлігі деген сөзді ауызға алғысы келмейді
Ел бірлігі жөнінде Есенберлин де көп айтқан екен, аудармашылар да есесін жібермеген екен. 6-тұжырым дәлелдемесінде үзілген жерінен жалғастырмай, Хаќназар ордасының төбе биі Аќсопының сүбелі сөзінің елді бірлікке шаќырған тұсынан мысал алайық: «Абдолла оңай жау емес… Бұған ќарсы тұру үшін ойдағы, ќырдағы ќазаќ тайпасының бас бірлігі керек. Отыз жылдан бері шалғай ќонып, шет жайлап кеткен Ноғайлы саңлаќтары, сендердің де ќайтадан өз үйірлеріңе ќосылғандарың абзал. Сөйтсек ќана біз ен жайлап, еркін көшкен елдігімізді саќтаймыз. Бұхар мен Хиуаның ќұлаќ кесті ќұлы болудан ќұтыламыз. Басымыз да, ќосымыз да бір болсын, елдігіміз мен белдігімізді бір жерден ойлайыќ, бізге ќосылыңдар. Сырымыз да, сыңайымыз да осы. Ќолмен келсек ќорќытќанымыз емес, жауға ќарсы ќайрат көрсетер күшіміз сендерге де көз ќуанышы болсын деп келіп отырмыз» [208-б.]. Осыншама «құлақтан кіріп бойды алған», тыңдаушысын баурап бойсұндырған сөз өнеріне аудармашы самарқау сыңай танытқан. Кеңістікті “өз сөзімен” толтырады, Ақсопы емес, Есенберлин емес, Симашко сөйлейді. Мынадай бірдеңені айтады: “…И они знали, наши здешные враги, что эта конница в ту же минуту двинется к нам на выручку, считая нас частью единого Казахского ханство”[198-б.]. 9-тұжырымда айтылған «…оның (Аќсопы бидің – Н.Р.) аталы сөзі мен әділетті тоќтамын екі жаќ бірдей ыќыласпен тыңдады» деген сөйлемнің аудармада бұрмаланып, «…Все они прекрасно понимали, что от века в степи не имели силы самые мудрые слова и добрые пожелания, если не стояло за ними войско» дейтіні осы тұста болатын. Осы арада аудармашы ойдан біреуге сұраќ ќойғызады да, онысын тағы «проявил свою глупость» деп бағалап қояды. Бұл – 21-тұжырымға да дәлел, халыќтың ќасиетін бүркемелеп, терісінен көрсету арқылы, тек таяқтан қорқатын жануар іспетті көпті ќаралау, қорлау. Мұның бәрін түгел талќыдан өткізу мүмкін емес. Не де болса, сөйлеп тұрған бидің ел басын біріктіруге арналған шешендігін түгелімен ойдан жасап, сол жұрттың ќолмен келгендігін онымен ұштастыруда аудармашы «ұтќан».

Ары ќарай «…Ел бірлігін тілге тиек еткен нелер әшекейлі толғаулар ортаға салынды. Бір мезет Хаќназар Аќ Орданың басына төнгелі тұрған ќилы-ќилы кезеңдер бар екенін баяндай келіп, Ноғайлының Аќ Ордаға түгел ќосылуын талап етті» деген жолдардың «парафразасын» да аудармашылар өз пайдасына тәп-тәуір шешкен: «…Лишь в конце произнес свою речь сам Хакназар. – Хивинские и бухарские владыки хотят навсегда растоптать наше ханство, – сказал он, указывая на юг. – От наших колен происходят все они, ибо из нашей степи пришли туда Абулхаир и Хромой Тимур. Но такие дети всегда полны неблагодарности, и нечего ждать нам от них пощады. Другая жизнь у них, и другие интересы. Нам некуда уходить из своей степи!». «Ел бірлігі» деген сөз де жоќ, мағына да жоќ, біраќ бір нәрсе көп – ол – осы тұжырымға дәлел болатын мысал.

Түпнұсқаның 424–426-беттерінде Нысанбай жыршының не жырлағаны туралы айтылады, үзіктер алсақ: «...Осыдан соң Нысанбай жыршы әр жүздің әйгілі хандары Әбілмәмбет, Барақ, Нұралыларға қысқа-қысқа сөз тастап, үш жүздің басын қосу жолында күрескенін, кейін Абылай деген атпен хан болған Әбілмансұрға тоқтаған. ... Бірақ Россия қатын патшасы қазақ елінің басын біріктірудің қауіпті екенін ойлап тек өлерінен екі жыл бүрын ғана оны Орта жүзге хан етіп указ бергеніне бір тоқтап, сол Абылайдың жетпіске келгенше ыңғайына қарай біресе Россия иатшасына, біресе Қытай боғдыханына икем көрсетіп, Түркістаннан бастап Есіл, Нүра бойына дейін көшкен қалың қазақтың еркінділігін жоғалттырмай ел ғып сақтап өткенін тағы да бір алуан жыр ғып шырқатты. ... Дауысы қарлығып болдыруға айналған Нысанбай тек ел жатарда ғана Абылайдың қарақалпақ әйелінен туған Уөлидің Россияға қол шоқпар болып кеткенін, қалмақ қатынынан туған Қасым төренің әке жолын қуып, қазақтың басын қосамын деп бәйек болып жүргенін мадақтай келіп, кенет оқшау отырған Кенесарыға қарай...». Оның Кенесарыға қарай не айтпақ болғанын 20-тұжырым еншісіне қалдырайық та, бұл жерден түйгенімізді түйіндейік, қанық бояумен жазылған қатарлардың бірі де аудармаларда берілмейді. Бет алды еркінсіп, аудармашы беттерді өз білгенімен толтырады.

18-тұжырым

Үрей, аяныш тудыратын көріністердің бояуы ќаныќ суреттеледі,

кейде ойдан ќұрастырылады
Осыдан екі ай бұрын Мұхамед-Шайбани Түркістан жерінде ќазаќ саудагерлері сауда-саттыќ жүргізбесін деп жарлыќ берген. Бұнысы бүкіл Дәшті Ќыпшаќќа зорлыќ еді. Ќаладан керек затыңды алма деу әрине, зор ќиянат” [187-б.] деген сияќты сөйлем кездессе болды, осында тұрған зорлыќ, ќиянат деген сөздердің өзі «Только накануне своей гибели Мухаммед-Шейбани распорядился о недопущении кочевников в степи Дешт-и-Кипчак на базары Туркестана. Тех, кто продавал им что-нибудь, ждало наказание, вплодь до лишения жизни. Так дальше продалжаться не могло. И вот время пришло!» [173-б.] деп, «ќолдан жасалған ќара бұлтты төндіруге» жетіп жатыр.

Түпнұсќаның 236-бетінде: “Содан кейін барып зынданда ќұрт-ќұмырсќа жеп жатќан Тахир сұлтанның басын аламыз” десе, орысшада [227-б.] “… а с ним и султан Тахир, который спит сейчас вместе с крысами-людоедами в зиндане!” дейді, ағылшыншасы осындай [243-б.].

Абылайдың аќ бурасы ғайыптан пайда болып, иесіне ќастандыќ жасайын деп жатќан Мүлікті «желкесінен тістеп ап, жерге алып ұрып, аяғымен тарпып-тарпып жіберіп, үстіне шөгіп…» [341-б.] өлтіреді. Мүліктің денесін әлгілердің ќалай жерлегені туралы ештеңе айтылмайды екен. Сол сәтті пайдаланып, орыс тілді аудармашы «А потом к мертвому телу своего одноплеменника пришел глухонемой раб и унес его останки. Он тут же похоронил их по древним законом своего народа» [323-б.] деп, ойдан ќұрастырып әкетеді. Бұлар Ќоќаннан жіберілген екі ќұл, «своего народа» деп бұл жерде өзбек халќын айтып отыр екен, адамды өлген бойда жерлейтін «заңды» ойдан таңады. Ќазаќшасының өзінде мылжа-мылжасы шыќќан, тісі аќсиып кеткен, сыќылыќтап күліп жатќан адам сияќты деп, онсыз да жеріне жеткізе суреттелген мүрдені «Зубы мертвого Малика были оскалены в страшной улыбке» [322-б.] деумен ќоя салмай, көріністі «асќындыру» үшін «денесінің ќалдыќтарын» алып кетіп, «оларды» сол арада жерледі деп, бөлшек-бөлшек адам ќалдыќтарын жерлегендей, оќырманды түшіркендіреді. Осындай тәсілмен егер оќыс, сұмдыќ оќиғалар мен көріністердің арасы сиреп бара жатса, ондайларды аудармашы ауыќ-ауыќ ойдан ќұрастырып отырады.

Ќазаќшаның 241-бетінде: “…Осыншама өшігердей бұларға (жоңғарларға – Н.Р.) айдалада Түркістанның сұрғылт даласында өзімен-өзі болып, тыныш жатќан осынау еңбекші жұрт не істеді екен?” деген, одан әрі т.с.с. әлсіздің ар-намысын күштінің аяќ асты етуді арман ететіндігі туралы өте үлкен “абзац” аударылмайды, олардың орнын аудармашы “өз есебін” түгелдейтін фантазиямен толтырады. Мәселен, осы беттегі «Зеңбірек оќтары бекініс үстіне кеп, тынбай жарылып жатыр» дегенді “Но это была не камнеметная машина “черный дромадер”, два века назад пытавшаяся сокрушить эти стены. Чугунное крутящееся ядро ударило в самый верх крепости башни, отбив один из зубцов, и комья сухой глины посыпались вниз на толпу. Другое ядро перелетело стену и попало в середину площади, убив привязанного к колышу коня” [231-б.] деп, ќұр зеңбірек атылды деп ќоймай, “ұќыпты” аудармашы оның әрбір оғының түсіп жатќан орнына мұќият зейінмен ќарайды. Мұндағы маќсат – үрей, ќорќыныш, аяныш деген сезімдерді еселеу. Ал түптің түбінде бұл халыќќа деген жиіркеніш сезімін тудыру маќсаты жатса да, таң ќалатын еш нәрсе жоќ тәрізді.

Ќазаќты ќанішер етіп суреттеуді ашатын келесі 19-тұжырым да осы 18-тұжырыммен етене байланысады.
19-тұжырым

Қазаќ – ќанішер, ќаннан басќа көргені жоќ халыќ” деген ұстаным бар


«Жанталаста» берілген Бұхар жыраудың бір шумағын аудармасымен салыстырайық:

Ежелгі дос жау болмас,

Шіркеуіште хаты бар.

Ежелгі жау ел болмас,

Көңілінде кірдің таты бар [282-б.].
Никогда не станет твой друг твоим врагом,

Ибо кровь его смешалась с твоей во время клятвы...

И старый враг никогда не станет настоящим другом,

Ибо кровь его пролита твоей рукой! [269-б.].

Ағылшыншасы [292-б.] орысшасымен бірдей.

Түпнұсқаның 205-бетінде «Әбілмансұрдың өткір сұрғылт көздері самай тамырға қадалған алмас қандауырдың ұшындай Бұқар жыраудың бетіне қадала қалды. Бұқар жырапудың бойы шымырлап кетті. «Бәтшағардың көздері қандай өткір еді... Шағатын жыланның көзіндей селт етер емес қой...»» дейтін сөйлемдер бар. Аудармашы: «Юный табунщик смотрел прямо в лицо своими немигающими глазами. По спине у жырау невольно пробежал холодок. «Какие все-таки у него глаза: как у змеи! подумал он. Так же блестят и то же бесстрастие. Откуда это? Наверное, от вампира-деда, которого не называют иначе, как Аблай-Кровопийца»» деп, өз ойын еркін жазып, құмарын қандырады [191-б.] (ағ.т. [204-б.]).

14-тұжырым дәлелдемесінде келтірілген соңғы мысалдың жалғасы [104-б.]: «Ол (Исан-Бұға – Н.Р.) өзінің сүйген адамының көз алдында ќалай ќаза тапќанын көргеннен кейін, жас жаны енді аяушылыќты мүлдем ұмытып, тірі пендеге аяусыз тасбауыр болып алған (Соңынан алғашќы махаббатының өшін талай ќас-жауынан ќайтарған)» деген бір сөйлем үшін орысша аудармасының бір ғана 99-бетінде «…человеческая кровь сделалось для него такой же обычной влагой, как вода в текущей через город речке» деп бір, «В такие дни приговоры были его самыми жестокими, наказывался правый и виноватый. Палачи знали это и, когда хан возвращался с могилы золотоволосой девочки, применяли самые изощренные методы казни. Это были все те же два палача, которые когда-то перерезали ей горло, и менять их хан ни за что не хотел…» деп екі, «Сегодня Иса Буга побывал уже на могиле золотоволосой девочки, но так и не появилось у него желание увидеть чью-то кровь (бұл – «хан жолының мейрімсіз жол екенін есіне түсіріп, толќуын тоќтататын» дегеннің орнына– Н.Р.), – деп үш, – Слишком много забот свалилось в последнее время на его голову. Кровь лилось потоком по всем границам Моголистана» деп төрт, «Нет, никогда не осилить им тех, кто от века живет на этой земле. Кровью предков полита она» деп бес рет ќан төгу сөзін жан түршігерлік тәсілмен ќолданады. Дәл осы рет ағылшыншаның 106,107-беттерінде ќайталанады. Ал түпнұсќада мұның бірі де жоќ!!!

Бұдан соң өзге мысал келтіріп жатудың өзі артыќ.

«Адам ќаны судай аќты» деген сөз ќолданыс І.Есенберлинде де жоќ емес, біраќ М.Симашконың оны «…сама природа карает его (Аблая – Н.Р.) за грехи, ибо не было дня в его жизни чтобы не лилась потоком человеческая кровь [349-б.]» дегеніндей бірнеше еселеп ќолдануы кәдімгі ќасиетті Ќұран кітаптағы тозаќтың сипатын көзге елестетеді.



20-тұжырым

Ел басќарған ерлер мен хандарды абыройсыз етіп суреттейді, ќаралайды
Бірқатар тұжырымдар дәлелдемесінде келтірілген мысалдардан ќазаќ есімдерінің, яғни бас көтерер азаматтарының тегіс абыройсыз суреттеліп, ќараланатыны көзге ұра көрініп отырады.

15-тұжырымда Әбілќайырдың ең алғашқы жорығында ќалай мазаќ болып көрсетілгеніне көз жеткізген едік. Аударманы түпнұсқамен салыстыра оқыған кісі Кіші жүздің ханының сол күйінше аударма бойына бір абырой алып көрместен, өмірінің соңғы сәттеріне дейін мазақ, қорқақ болумен қор болып өткенін өз көзімен көре алады. Енді (ел тізгінін ұстаған ерлерді түгел тізе алмаймыз) Абылай мен Кенесарыға шығарма аудармаларында «жасалған ќастандыќќа» ќысќаша тоќтап өтеміз.

17-тұжырымда сөз болған Нысанбай жыршының ел бірлігін ойлаған қазақ хандарына айтқан мадағынан соң, оқшау отырған Кенесарыға қарай айтқаны мынау болатын:

«Абылай жолы ауыр жол:

Батыр Кене, біліп қой.

Абылайдай берік бол,

Алам десең абырой, — деп үзақ жырын бітірген» [426-б.].

Қызық үшін осы төрт қатар өлеңнің қалай аударылғанына зер салайық [404-б.]:



«Тернистым был Аблая путь,

Не забывай, батыр Кене.

Будь твердым.и когда-нибудь

Аблаем стань в родной стране!»

Екі ханға да ортақ абырой деген сөзді електен өткізбеудің амалын ұсталықпен тауып аударған (ағ.т. [434-б.]).

Абылай хан аты ќазаќ халќы үшін ќаншалыќты асќаќ болса, аудармаларда соншалыќты керісінше – біржаќты ќанішер, татып алар тартымды ісі жоќ, сүйкімсіз, сұмырай болып сипатталады. ¤мірден озып бара жатќанда Бұќар жырау екеуінің ризаласып отырған сәтіндегі ойдан ќұрастырылған үлкен диологтан үзік келтіреміз [351-б.]:

«–…Но каково твое последнее пожелание, хан Аблай?

Разве исполнимо оно, мой жырау?... – Губы уже начали светлеть. – Жить я хочу… Ну, а что говорить об этом. Хорошо бы, если бы люди не пугали детей моим именем». Бірден орысшасын бердік, ќазаќшасымен салыстыра беретін түпнұсќада баламалы мәтін жоќ. Бұл – аударма емес, «мен мұны қалай аударсам екен?» деген ой жоқ, ойдың бәрі – «та-a-ак, мен мұны былай жазайын» деген айлакерлік. Бұл – Абылайды ќадір-ќасиеттен жұрдай етіп көрсету үшін ойдан ќұрастырылған диалог, мазмұны тұтасымен керісінше. Соңғы тілегі – оның атымен балаларды ќорќытпасаќ болды, басќа арманы жоќ екен. Біраќ аудармаларында Абылайдың осындай тілек тілейтініндей бар, алдыңғыларын ќозғамай-аќ ќойғанда, осы соңғы диалогтың өзінде-аќ: «В неестественно больших, пронизывающих человека насквозь глазах Аблая он увидел последние искорки жизни», «…умирающий улыбается», «…какая-то умиротворенность появилась на лице этого страшного человека» деп берілетін жерлер бар. Ќазаќшасында осыған ұќсас «Адамның өңменінен өтетін үлкен өткір көздеріндегі нұрдың сөніп бара жатќанын көрді де ең болмаса сөйлесіп ќалайын дегендей, Абылайдың төсегіне жаќындау отырды», «Абылай езу тартќандай болды» дейтін сөйлемдер бар. Біраќ «ќорќынышты адам» деген сөз жоќ еді, осыншама үлкен шығарма бойына ќаралап келе жатқаны жетімсіз болып ќала ма деген күдікпен, мұндай сөздерді де аудармашы озбырлыќпен ќолданады.

Ќазаќ мәтінінде осы үлкен диологтың ортаңғы бөлігінде [374-б.]: «Артыңдағы ұл-ќызыңа айтар ќандай кеңесің бар?» дегенде Абылай хан: «екі айтарым бар, бірі – ќазаќ аз ел ғой, азып-тозып кетпес үшін, ќолдарынан келсе солардың бірлігін саќтасын. Бірлігі бар елді басќару жеңіл. Екінші айтарым – (ќысќартып алғанда) …Аќ патшамен тіл тапќым келді, …Біраќ «битке өкпелеп тоныңды отќа салма» деген, сол аќ патшамен найза арќылы емес, сөз арќылы тіл табуға тырыссын. Бұлай ету өздеріне сүйеніш болады» деген екен. Осындағы екінші тілекті орыс тіліне аудармашы толығымен және ернеуінен асыра аударады [351-б.]: «И все я делал для того, что сблизиться с русскими царями. Они – наша опора, и пусть султаны всегда помнят об этом…» т.с.с. дегендей… Ал біріншісін аударғанда Абылайдың артында қалған ұрпағына қалдырған өсиеті: «Чтобы легче им было управлять народам, пусть сплавят его в единый брусок. Без пощады пусть карают ослушников, каким бы путем ни пошли!…» болып шыққан екен. Аудармасындағы «ќанішердің» аузынан бұдан басќа тілек шығуы да мүмкін емес болатын.

Аудармашы шығарма «фонындағы» экстралингвистикалыќ аќпаратты да «өңдеуден» өткізіп отырады. «Сөзімді ешкім тыңдап тұрған жоќ па дегендей Абылай жан-жағына ќарады. – Мен бұл арада отырсам, мына жұрт хан етіп ќалдырмайды» [372-б.] – «Теперь Аблай не просто оглянулся. Он даже привстал на носки, чтобы посмотреть, нет ли кого-нибудь за ближайшим холмиком. Только после этого он прошептал: «– Если наши аулы останутся здесь, то нас не останется в живых, мой жырау!» [348-б.] (ағ.т. [372-б.]) Ханға емес, ұры-қарыға тән мінез-құлықты таңу!



Абылайға (сондай-аќ, ќазаќтың өзге де ер-азаматтарына) аудармашының осыншама өшігетініне таңдана ќарауға мәжбүрміз, 234-бетте: «…и трижды проклятое имя Аблая – кровавого деда этого юноши…» делінген, ағылшын аудармасында «үш дүркін ќарғыс атќан» демей, «the accurced name of Ablai» [251-б.] «ќарғыс атќан Абылай аты» күйінде жеткен.

12-тұжырым делелдемесінде айтылған «Вы знаете этого разбойника» деген сөзімізге келейік, Кенесарыға да аудармада аяусыз жала жабылады. «Россия – дария, біз – кішкентай ғана мөлдір бұлаќпыз. Мөлдір бұлаќ суы дарияға ќұйғанда несі ќалады?…Біз Россия патшалығына бағынсаќ, ел деген аттан айрыламыз. Жоќ, ќазаќ бұрын Абылай ханға бағынса, енді оның немересі Кене ханға бағынады. ¤зім билеймін…» [535-б.] деп, елін, жерін өзгеге жем етпеймін деп, ќайтсем ќазаќтың басын біріктірем деп, орыс отаршыларымен арпалысып жүріп, соның жолында өмірін берген ер Кенесары ханымыз соңынан ермеген, онысымен ќоймай екі жүзділік көрсетіп, сатќындыќ жасаған кездерінде күйініп, өз ќазағын да түрліше жазалаған екен. Малын да айдап кетеді, «маған ќосылсаң, ќайтып берем» дейді. Ал алған малын, «өзгеге жем болғанша өз ќазағыма бұйырсын» деп, әлгілер ќосылмаса өз ќарамағындағы ќазаќќа таратып береді екен. Наќты және ќарапайым мысал, Иосиф Гербуртпен сөйлесіп отырғанда, Кенесары «көнбегенді күшпен көндірем, ертең «мынадай» рудан бастаймын» деп, не үшін ќатуланып, ызаланып отырғанының ќазаќшада [535-б.]: «… ру билері көптен бері Кенесарыға екіжүзділік көрсетіп келген. ...Ел басын біріктірем деген Кенесары бұл билердің өз руларында ыќпалды екенін еске алып, жеңіл-желпі күнәларын кеше салатын» деп себептері ашылады, оның бұрыннан біржаќты «ќанќұмар» еместігі айтылады. Аудармаларда (ор.т. [502-б.], ағ.т. [533-б.]) аќтау сөздері алынып тасталады да, бірыңғай даттау сөздері ќалдырылады. Толыќ аќтайтын талай сөйлемдерді айтпай-аќ ќойғанның өзінде, оған тым ќұрығанда мынау сияќты жартылай аќтау сөздері де бұйырмайды: «Бұрын тек өшіккен аға сұлтандардың, би датќалардың ауылын шауып, малын айдап алатын болса, енді олардың ќарамағындағы жазыќсыз елдерді де шабуға кірісті» [537-б.]. Мұндай сөйлемдерді де аудармашылардың бере алмайтын себебі, оларша Кенесары – о бастан ќараќшы. Осы Жүсіп екеуінің әңгімесі барысында Кенесары: «…өз дегенімді істеу үшін ештеңеден де тайынбаймын» деп ќатуланғанында Жүсіптің: «Мұндай мейірімсіз ќара тасты ќалай түсінерсің…Әлде осындай ќара тас болуға ашынғанынан барып отыр ма?» деп, Кенесарыны аќтап алатын ойлары да аударылмайды. «Біраќ Кенесары ешќашан дәл мұндай (оның дұшпандары жасағандай – Н.Р.) шектен шыќќан ќанішерлікті көрсетпеген, – дейді Есенберлин [572-б.]. Оның жанын түсінген ќазаќ «Ќаћарды» оќығанда көзіне жас толып, Кенесарымен бірге ќаћарланып отырады. Ал аудармаларында бұрмалай берудің салдарынан 3-кітаптың «Ќаћар» деп аталу себебі ашылмай ќалады, керісінше басынан бастап Кенесарыны разбойник, грабитель – robber деп бір суреттеп алады да, кітаптың өн бойында реті келген тұстарды тек жібермей, оның басын кесіп әкеліп Эрмитажға ќойғанға дейін әлгі жапќан жаласын ойдан өрбітумен болады. Ойдан ешнәрсе ќосып, алмай-аќ онсыз да, аќ-ќарасы аралас сомдалған Кенесары бейнесін оќырманның өз сарабына ќалдыруға болар еді, оның «алажібінің» біржаќты «ќара жіп» болып өріліп шыќќаны өкінішті! І.Есенберлин қазақтың соңғы ханының қаһармандығын, ел болашағын көксеумен өксіп өткен өмірін көрсету үшін мүмкін кітапты «Хан Кене» деп атай алмаған болар, ал оның тіпті кері мағынасындағы келбетін паш етуге келгенде «Хан Кене» деген аттың жаһанға жар салуын көрмейсіз бе?!

Осылайша сарапшы да емес, тарихшы да емес, жәй ғана аудармашы, не тіл маманы ретінде Абылай, Кенесары сияќты өзге де ќазаќ хандарын аудармада таңылған жаладан арашалап алуға болады (Мұнда келтірілген дәйектер де 15, 16, 17, 19-тұжырымдарға дәлел).



21-тұжырым

Бүтін халыќты ќаралайды, қорлайды, халыќќа ќазаќ деген атты да ќимайды
Ел басқарған ерлері есерсоқ болса, ондай жұрттың жалпақ жамағатынан не үміт?! Тұжырымдар тұтасымен, (14 – 20-тұжырымды қоса) айналып келгенде ќазаќ деген бүтіндей бір халыќты ќаралауға қарай бет алады. Түпнұсќаның еш жерінде жоќ, орысшаның 134-бетінде (соған орай ағ.т. 145, 146-бб.): «…Но разве можно надеяться на всех этих волков и шакалов, которые, гонясь за одним оленем, кусают друг друга за бока?.. Даже волки так не делают. Только имея острые клыки, можно подчинять всех их себе. Силу уважают они!» деген нәрсе айтылады. Іле-шала «А там, где легкомысленные старшины и бии подняли аулы на вооруженное сопротивление, пришлось, по испытанному дедовскому методу, сжечь аулы. Смрадные трупы остались на пепелищах, и долго еще кружили вороны там, где недавно жили люди. И люди эти были казахи…» деп, өзін-өзі жермен жексен еткен дегенге келтіріп, халыќты жаппай ќаралау орын алады.

Ќазаќшада Тәуекел үйге Ќияќты алып кірген бойда сұрап жатыр [239-б.]: “– Ал айтшы, маған ќастыќ ойлардай ќай бауырыңды өлтірдім, ќай ќалыңдығыңды ќорладым?



  • Ќазаќ баласы деген бауырымды өлтірдің, ќазаќ ќызы деген ќалыңдығымды ќорладың!..» (осы жерден ќысќартамыз). Осының өзі қай сұмдықтан кем түскендей? Орысшада [229-б.]:

«– Кого обидел я из твоих родственников?

  • Разве не мои родственники жили в тех аулах, прах которых ты пустил по ветру, багадур? Разве не моих братьев продают сейчас в рабство на всех базарах мира? Разве не моих сестер опозорили твои лашкары, прежде чем продать их в чужие гаремы деп, қара аспанды төндіреді.

Енді бір мысалды тағы Абылайдың аќтыќ сөзінен алсаќ [351-б.]: «Думал я всегда, что казахи – малый народ и должены быть как волки. Посмотри травят волков, уничтожают кому не лень, ставят капканы во всех тропах, но они никак не исчезнуть с лица земли!» дейді. Мұндай сөзді жердің бетінен бір ќазаќ көруді ќаламайтын кісі ғана айта алған болар еді. «Аудармашы» бұл сөзді Абылай ханның аузымен, І.Есенберлиннің аузымен айтыпты. Бұл – шамасы ќазаќшадағы [375-б.] «¤мір бойы ќазаќ тәрізді азғантай ел ќасќыр тектес келсе, сол жөн деп ойладым. ¤йткені ол өз тіршілігі үшін алыса да, жұлыса да біледі. Ќазаќ елі сол ќасќыр тәрізді өз тағдыры үшін күресе алса ғана тірі ќалады деп ұќќам…» деген сөйлемдердің «аудармасы» болса керек. Осындағы ќасќыр деген сөзді ғана алып ќалып, ары ќарай ол ќасќырға не істетемін десе де өзіне ерік береді. Автор кейде «көкжал» сөзін оң мағынасында қолданғысы келсе, аудармашы ондай сәттердің бәрін теріс мағынасына айналдырып, дөңгелендіре әкетеді. Аударма барысында (түпнұсќасында айтылғанды жеткіліксіз көріп) ќазаќты жыланға, мисыз арыстанға, есекке, жалпы хайуанға (подобно зверям дейтін) теңеулер жиі орын алып отырады. Екінші кітап – «Жанталастың» көлемі бір бет болатын прологында ќазаќ сөзі 9 рет ќолданылған [191-192-бб.]. Орысшасында пролог деп берілмейді. 9 рет ќолданылған ќазаќ сөзінің төртеуі аудармада бар, бесеуі тигр, ќасќыр, өгіз сияќты сөздермен ауыстырылып, жоғалып кетеді [177-178-бб.]. Осылайша ханы да, ќарасы да тегіс ќараланған аударма-туындының кульминациясы – аударғандар бұл халыќќа ќазаќ деген атты да ќимайтын тәрізді. Ќазаќшаның 237-бетінде: “– Кешірім етеді деген сөздеріне сенбеңдер! – деді бар даусымен. – Шыдаңдар! Берілмеңдер! Көп кешікпей сендерге жәрдемге Яссы, Сайрам, Отырар, Аќрұќ… Бүкіл ќазаќ даласы келеді” деген сүйретіліп бара жатќанда айтќан Латиф сұлтанның сөзі беріледі. Орысшада [227-б.]: “– Не верьте им! – кричал пленник. – держитесь, и тогда придут к вам на помощь Яссы, Сайрам, Отрар, Архук (осылай жазылған)… Вся степь придет!” делінеді, ағылшыншасы да осындай [243-б.]. Әрине, бұл сөйлемнің аудармасы салыстырмалы түрде ќарағанда, жаќсы. Себебі, сөйлемнің ізі бар. Тек бір сыны – ќазаќ деген сөзді аудармашының атағысы келмейтіні. “¤зге ќазаќ батырлары басќарған әскердің көбі бұлардың соңынан ерді” [256-б.] дегенді [246-б.] “За ними устремились и многие другие отряды, предводительствуемые степными вождями” деп аударғанда да осындай ќазаќ сөзін степь сөзімен ауыстырады (Біраќ осы тұжырымның бас жағында келтірілген мысалдағыша «…И люди эти были казахи» дегендей, «айтќысы келетін» жерлерінде екпін ќоя айтып отырады).

«Оның үстіне төре тұќымы бір әке-шешеден туып, бір емшектен сүт ембесе, бірінің ќызын, ќарындасын бірі алып, күйеуі өлсе оның әкесіне немесе ағасына тиіп шатысады да жатады. Ќара ќазаќтай әйел мәселесінде «ұят», «обал», «ата жолы» деп ар-намысты сылтаулап төрт тағандап жатып алмайды, ќашан да болса бос белбеу, көйлек етегі жеңіл, сыпырма, босаң келеді» [471-б.] дегеннің орысшасы [450-б.]: «…В отличие от простых кочевников, они себе и не такое еще позволяли, что мужчины, что женщины. Это о них в народе говорили, что одежды у тюре скроены таким образом, чтобы в один миг можно было скинуть их». Аударманың бұл бетінде талай «тамаша» бар (оның бірін 16-тұжырымда Бұқар жыраудың бір шумағынан көргенбіз), бірақ осы жерден ќайыруға тура келеді. Бұл жерде қазаќќа тән «ұят», «обал», «ата жолы», «ар-намыс» ұғымдарын аудармашының ауызға алғысы келмейтіндігін 9-тұжырымға тиесілі дәйек деп, көрсете кетеміз де, аударма барысында ќазаќтар сөзінің орнына «кочевники» дегенді де ќолданудың жиі ұшырасатынына логикалыќ екпін ќоямыз.

«Егер орыстың Горчаков, Скоблев секілді генералдарына салсаң, осынау кең далада бірде-бір ќазаќ ќалдырмауға бар” [527-б.] дегенді “…если бы все русские думали так, как некоторые генералы-вешатели вроде Горчакова, то давным-давно не осталось бы в степи ни одного «инородца» [497-б.] деп аударатыны сияќты көп жерлерде ќазаќ сөзінің орнына «инородец», «инородцы» сөздері ќолданылады.

Айта берсек, мысал көп, соның тағы бірін келтірсек:

“– Таң ќалам, – деді ол (Перовский – Н.Р.) сәл кідіре, – жайшылыќта аулы бір ќонып өтетін жерге таласатын ќазаќ рулары, Сібірден ќаптай көшкен осыншама елге ќалай ќоныс берді?


  • Расында бұл таң ќалатын жағдай, – Генс ойлана жауап ќайырды. – Кенесарының күші де осында емес пе? Ол Россия империясының отаршылыќ саясатын өмір бойы бытырап жүрген ќазаќ руларының басын ќосуға пайдалана біліп отыр” [506-б.]. Орысша аудармасында [478-б.] “Так вот: как же могло случиться, что казахи, как называют они себя, (ағ.т. [508-б.]: “…the Kazakhs as they call themselves…”) которые обычно яростно защищают свои пастбища даже от ближайших родственников, без всякого сопротивления пустили на свои исконные земли всю эту массу родов из чужой и на протяжении долгого времени враждевной им Средней орды? Почему они мирно уживаются на пастбищах? Не происходит ли нечто необычное в степи, чего мы еще не в силах понять?» Бұл жерде де барынша бұрмаланып жатќан жағдайларды және Кенесарының өмір бойы ќазаќ руларының басын ќосу үшін күресіп келе жатќаны туралы аударылмай кеткен сөйлемдерді (17-тұжырымға дәйек дей тұрғанмен) даулап жатудың ќисыны жоќ. Бұл жердегі мұның барлығынан да маңызы зор мәселе, аудармашының мәдениетаралыќ коммуникация процесінде аудармашы емес, «іріткі салушы» ќызметін атќаруы, «информационный шум» көтеруі. Наќтыраќ айтќанда, саясаттың ұлтты ұлт ретінде танығысы келмейтіні ашыќ мәтінмен айтылған.

Генс пен Перовскийдің одан әрі ќарай түпнұсќасында бір басќа, аудармасында бір басќа болып, әңгімелері ќыза түседі.
22-тұжырым

Патшалыќ Ресейдің бейкүнә елді ќырып-жойғанын жасырады,

керісінше орысты дәріптеу мүддесі жоғары
Если в Петербурге творился неправый суд, то вдвойне неправым он был где-нибудь в Каратале или Кокчетау” [269-б.] деген орысшаның ќазаќшасы: “Егер Петурбургте әділетсіз сот бір кісінің басын алуға бұйырса, бұл арада “кәрі ќылыш” жасағы сотсыз жүз кісінің басын бірдей домалатќан” (Ќаратал мен Көкшетау түпнұсќада алдын айтылып кетеді – Н.Р.) [282-б.]. 18-тұжырымға кері процесс жүріп жатыр.

«Көшпенділердің» 521-бетінде аќ патшаның «кәрі ќылыш» жендеттерінің ќобызшы Кәрібай шалдың ауылын ќалай кескілеп шауып, «абыройларды» айрандай төгіп, «ау, бұларың не?» деген аќсаќал, ќарасаќал біткеннің бәрін отќа орағаны жарты беттен де үлкен көлемде сипатталса да, аудармада бұл [493-б.] «Всю ночь бушевал пожар, совершались насилия над женьщинами, убийства и грабежи…» деген жалпылау сөздерден құралған бір сөйлеммен беріліп, ќазаќќа аќ патшадан келген жойќын жасырылады.

Патшалы Россия бірте-бірте “халыќтар түрмесіне” айналды” [282-б.], «…¦лы халыќ. ¦лылығы ќазаќ секілді азғантай елді зәбірлегені ме?» [568-б.] дегенге ұќсас сөйлемдердің аудармалары мүлде берілмейді. Оның есесіне реті келсін келмесін, «Көшпенділерде» кейде тіпті керісінше екеніне ќарамастан, І.Есенберлиннің аузымен «Кочевники» және соған орай, «The Nomads» орыстың абыройын асќаќтатады. Көп мысалдың бірін келтірсек, Перовскийдің ойға шомып отырған кезі [503-б.]: «…Көтерілген халыќты Горчаковтай ќанға батырсам, сол өзім сыйласатын, кейде пікірімен санасатын орыс оќығандары не айтады (мұндай жерлер аудармада болмайды)? …Бұл ойды осы Орынбор шекара бастығы боп, көп жылдан бері ќызмет істеп келе жатќан генерал-майор В.Ф.Генс те ќолдайды. Әйтсе де осы генерал-майор ќызыќ адам, өзі Россия патшалығына бағынбадың деп, ќазаќтарға ќарсы соғысады, сөйтіп жүріп олардың жетім балаларын үйіне жинап жетімхана ашады. Және жұрттан жасырып ќазаќтардың тарихы мен этнографиясы жөнінде еңбек жазады» делінеді. Осыны орысшада [475-б.]: «Или взять начальника Оренбургской пограничной комиссии генерала Генса. В карательных экспедициях не раз принимал он личное участие, но никогда не допускал крайних мер. Мало того, на собственные средства открыл приют для оставшихся без родителей казахских детей, учит их грамоте, сам язык их выучил. И еще, говорят, пишет исследование по истории и этнографии орды. Все это не просто так, а с великой человеческой любовью. Вот такова и есть она, Россия!» (ағ.т. [504-б.]: “…That`s what Russia is really like!…”) деп аударады. Әлгінде Кенесарыны біржаќты ќараќшы етіп әңгіме бастап алып, оны реті келген жердің бәрінде ойдан дамыта беретіні тәрізді, Генсті керісінше «Мать Тереза» етіп суреттеп алады да, оның «кереметін» аяғына дейін шығармашылыќ фантазиямен өрбіте береді. Перовский бір күні Генстен Кенесарының Созаќќа неше күнде, ќалай жеткенін, жылќылардың ќалай шыдағанын сұрап отырады. Олардың бес күнде адам төзгісіз шөлмен Алашаханның бұдан төрт жүз жыл бұрын салған ескі сүрлеуімен жеткенін Генс баяндап отырады: «…Кенесары әскері болдыра бастаған аттарына түркмендерше ќойдың ќұйрығын жегізіп» деп ќазаќтың тәжірибесіне ќазаќшасында [509-б.] екі кейіпкер тәнті болып отырады. Орысша мәтінде мұндай тәжірибені ќазаќќа орыс үйреткен болады, Генс: “…уставших лошадей подкармливают, по туркменсккому обычаю, овечьим курдюком. В мою первую научную экспедицию наши казахи научились этому” [481-б.] дейді.

Ќазаќша [242-б.] “Ќазаќтың ежелгі ата-мекен ќонысы Жетісу мен Сырдария бойындағы сан ќаласын, сар даласын Жоңғар басып алған бейбіт ќазаќ елі босып көшкен атаќты «Аќтабан шұбырынды алќа көл сұламаның» аяғы аќ түтек боран, аќ жорға борасын, сары аяз, ќызыл шұнаќ үскірік ќысќа ұласты…» деп басталатын, ќыстың ќаттылығымен бірге жеті ағайынды жұттың келгені, сондағы ќазаќ көрген ауыртпалыќ І.Есенберлин нұсќасынан М.Симашко нұсќасында басќашалау жазылған. Сол басќаша жазылған мәтіннің аяќ жағынан үзінді алсаќ [232-б.], “…Джут перебросился в степь, и смерть косила людей и скот от Каспия до Алтая. Уцелевшие аулы откочевывали к северу, где можно было что-нибудь выменять в приграничных российских городах и как-то перебиться. В сказаниях эти годы остались как “времена велигого бедствия” делінеді. Әліпті таяќ деп білмейтін ќазаќтың сауатын ашќан да орыс, соғыстағы тәжірибелерді үйреткен де орыс деп жазылып келсе, енді тіпті ќазаќ деген көшпеліні сонау ғасырлар ќойнауынан асырап, аман саќтап алып келе жатќан да орыс дегендей осындай сөйлемдерді де аудармашы ойдан ќосып отырады.

¤зінің ойдан ќосќан «экстралингвистикалыќ шығармашылығын» ауыќ-ауыќ растап, сол орыс есімдерін ќазаќ халќы ұрпаќтан ұрпаќќа ќастерлеумен келеді дегенді ќосады. Түпнұсќада [281-б.]: “Рас, орыс генералдарының ішінде әділеттілікті сүйетіндері де, аќылдылары да болды. Олар билеп отырған өлкелерінде ќазаќ балаларына арнап мектеп, аурухана ашты. Алым-салыќ жинайтын шенеуніктері мен почта ќызметкерлерінен жергілікті халыќтың тілін білуді талап етті. Кейбіреулері Петербургке барып, ќазаќ секілді бұратана ұлттарға аздаған теңдік те сұрады. Біраќ мұндай губернатор, генералдар тым аз еді. Ал ќазаќ жеріне келген шын тарих – отаршылыќ тарихы аяуды білмес, ќан шеңгелді, ќатал тарих болатын” дейтін жер бар. Осыны орысшада [269-б.] “Находились чиновники и даже генералы – умные, широкообразованные и мыслящие люди, которые, с присущей русскому широтой характера и его совестливостью, учреждали школы и больницы в подведомственных им краях, требовали от судей, врачей, почтовых работников и других рядовых чиновников, каждодневно общающихся с “инородцами”, обязательного знания языка, нравов и обычаев местного населения. Было не раз, что такие люди ехали в Петербург, чтобы отстаивать там права “инородцев” защищать от произвола и насилия. Казахский народ из поколения в поколение передает имена этих людей и чтит их память. А что может быть более чутким и справедливым, чем народная память!” деп “аударады”. Ал соңғы жағындағы тарихи шындыќты айту үшін аудармашы алдымен үлкен түсінік береді. Түсінікті ќазаќ жеріне келген орыстарды аќтап, олардың кейбіреулері «дұрыс орыстар» емес еді, «вместе с бедными землепашцами, уходящими в Казахскую степь от немыслимого произвола и крепосного угнетения, на новые места, как всегда в такмх случаях, ринулись авантюристы всевозможных мастей и калибров. Здесь же поселяли и отбывших свои сроки уголовных каторжан. Для всех этих людей даже в родных краях закон был не писан. А здесь перед ними возникли широкие возможности…» т.с.с. деп, ұзағынан түсінік беріп, ќорғаштап алады. Шын мәнінде «осындайлар» келіп, ќазаќты басќарған болса, өткен тарихќа ќарау расында, ауыр екен деп ойлаймыз. Сөйтіп, «ќан шеңгелді шын тарихты» қызыл империяға құлдық ұрған аударма «Чем дальше, тем острее становились противоречия между этими двумя сторонами одного и того же исторического процесса присоединения Казахстана к России. И тем скорее привели к революции. В этом и заключается главная прогрессивная объективно-историческая реальность. В этом мудрость истории» деп, өзінше түйіндейді. Ағылшын тіліндегі нұсќасында [292-б.] бұл мәтін наќ осылай жеткізілген.

* * *


Осының бәрі о бастан ұйымдастырылған ќарекет екеніне көз жеткізу үшін ќазаќ, орыс, ағылшын тілдеріндегі кітаптардың аннотациясын салыстырайыќ. Ќазаќшада: «Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында атаќты «Көшпенділер» трилогиясы негізгі орын алады, ол эпикалыќ ќұлаш-ќарымымен, оќиғалардың серпінділігімен, ќазаќ тарихының (тарихындағы болса керек – Н.Р.) жанды әрі ќайталанбас тұлғалардың бейнесімен, тілінің шынайылығымен және айќындылығымен ерекшеленеді. Трилогиясы (трилогия дегені болар – Н.Р.) тарихта ешќандай «жоғалып кетулердің» болмағанын, осы ғасырдың бәрінде де ќазаќ халќы өзінің ежелгі жерінде өмір сүріп, еңбек еткенін сенімді түрде көрсетеді» делінген. Орысшасы «Трилогия Ильяса Есенберлина – многотомное, многоплановое произведение, воссоздающее историю казахского народа с XV века до середины ХІХ века. В нем показен процесс объединения казахских племен после распада империи Тимура, борьба с иноземными завоевателями и дается историческое обоснование добровольного присоединения в ХVIII веке Казахстана к России» деп 20-тұжырымдағыша өз мүддесінен аса алмайды. Ағылшын тіліндегі нұсќада осыншама үлкен кітапќа аннотация берілмейді.

* * *


Ќазіргі деп жаңалық ашудың қажеті болмас, сонау марксизм-ленинизм заманының өзінде қалыптасып үлгерген талай уаќыттан бергі талаптар көркем шығарманың мазмұнын да, стилін де максималды дәлдікпен беруге тырысатын баламалы аударма түрін ќолдайды. Бұл тақырыптағы зерттеулер қазір дамудың өзіндік деңгейіне көтерілген, кенде қалған, тұралап тұрған ғылым емес. Бүгінгі күні қай тілде болмасын бұл тақырыпта жазылған зерттеу жұмыстарының нәтижесі оның жан-жаќты зерделенген техникасын – айла-тәсілдерін, ќиындыќтан жол табу амалдарын, аударылатын мен аударылмайтынды, «аударылмайтынның» берілу жолдарын, аудармашыға берілетін еркіндік пен міндетті талаптарды, т.б. қажеттіліктерді толығымен жасап болған демесек те, бірқыдыру қамдап үлгерген. Бұл тұрғыда өзіндік құндылығы бар, жаңашыл зерттеулердің бірінен саналатын И.С.Алексееваның “Профессиональный тренинг переводчика” деп аталатын (Санкт-Петербург, 2001) еңбегіне жүгінудің жөні бар деп санаймыз. Мұнда: «...поскольку он (художественный текст – Н.Р.) несет отпечаток творческой индивидуальности, переводчику художественного текста приходится всегда сталкиваться с тремя основными проблемами: передача временной дистанции теста, передача черт литературного направления, передача индивидуального стиля автора» (ќаныќ бояумен ерекшелеген біз – Н.Р.) делініп, негізгі талап-тілектің неден құралатыны көрсетіледі. Демек, көркем шығарма аудармасына қойылатын ең басты талап – уаќыт алшаќтығының, әдебиеттегі бағытының және автордың жеке стилінің сақталуы мәселесінен туындайды.

Біз аудармаларымызды бұл талаптардың тезіне түсірмес бұрын өз алдына үлкен сұрақ болып табылатын алғашқы 3 тұжырымды бір бөліп алып, оларға нендей шешім бар екенін қарастыра кетейік. 1-тұжырымда көрсетілгендей, тек шығармада кездесетін атаулардың емес, жалпы қазақ ономастикалық атауларының (әсіресе ағылшын тілінде) әркелкі графикаланып, бұрмалануына алдағы уақытта жол бермеу мәселесі қазақ онимдерін ағылшын тілінде транслитерациялаудың ережесін жасап, заңдастыру арқылы жүзеге асады. 2-тұжырым шешімі қазақ реалий сөздерінің орыс және ағылшын тілдеріндегі түсіндірме сөздіктерін жасау арқылы жолға қойылады. 3-тұжырым шешімі (шығарма аудармалары түпнұсқадан қайта жасалатын уақыт жетсе) «ненің аударылуы керек, нені аударуға болмайды?» деген сұрақ төңірегенде теориялық және практикалық қаруланған маманның біліктілігі арқылы жүзеге асады.

Қалған тұжырымдардың да шешіміне трилогия аудармаларын түпнұсқасынан тиісті маманнның (мамандардың – екі мәдениеттің сенімді, білікті өкілдерінің) қайта аударуы нәтижесінде қол жеткізу мүмкіндігі турасында жалпылай алғанда 3-тұжырым шешімімен байланыстыра қарастыруға болады. Бұл үшін шығарманың осы уақытқа дейінгі өмір сүріп келе жатқан аудармаларын көркем шығарма аудармасына ќойылатын негізгі үш талаптың қалыбына салып, артық-кемін екшеп алу керек. Екшеу нәтижесінде уақыт алшақтығының сақталмайтынын 4-тұжырым дәлелдемелерінен, автордың жеке стилінің сақталмайтынын 6-тұжырымнан бастап 22-тұжырымға дейін келтірілген барлық дәлелдемелерден көруге болады, 6, 10-тұжырымдарда бұл сұраққа арнайы тоқталдық. Жеке стилдің, автордың өзіндік қолтаңбасының сақталуы, сақталмауы жөніндегі сұрақ талқысы былай тұрсын, тұжырымдардың барлығы дерлік автор құқығына үлкен нұқсан келетінін көрсетеді. Ал соңғы талап – шығарманың әдеби бағытының сақталуы мәселесі жөніндегі зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесіне жүгінсек, түпнұсќа реализм бағытында жазылған болса, аудармалар – экспрессионализм бағытында жасалып шыќќан деген қорытындыға табан тірейміз. Бұл тоқтамды (әдебиетші емес) оқырманға түсінікті ету үшін әдебиет бағыттарының (сентиментализм, романтизм, натурализм, реализм, импрессионализм, экспрессионализм, т.б. барлығының емес) біз сөз етіп отырған терминдерінің түсіндірмесін С.И.Ожегов пен Н.Ю.Щведованың сөздігінен аламыз: «Реализм Направление в искусстве, ставящее целью правдивое воспроизведение действительности в ее типических чертах»; «Экспрессионализм – Направление в искусстве первой половины 20 в., провозглашающее основой художественного изображения подчеркнутую, иногда гротескную эмоциональную выразительность образа» деген түсіндірме беріледі (мұнда ќолданылған гротеск терминінің түсіндірмесі: «в искусстве: изображение чего-н. в фантастическом, уродливо-комическом виде, основанное на резких контрастах и преувеличениях»).

Сонымен, аудармашыға ұқыптылықпен сақтауға міндеттелген көркем шығарма аудармасына ќойылатын ең негізгі үш талаптың – уаќыт алшаќтығы, әдебиеттегі бағыты және автордың жеке стилінің – үшеуінің де «Көшпенділер» трилогиясының аудармаларында сақталмайтынына толықтай көз жеткіземіз.



Бұл – шығарманың мазмұндыќ және тұрпаттыќ (формалыќ) тұрғысынан орын алған сәйкессіздік болса, кез-келген мамандыќтың өзіндік моральдыќ нормалары мен үзілді-кесілді бұзуға болмайтын жүріп-тұру заңдары болатындығы тәрізді, аудармашылыќ мамандыќтың этикасы тұрғысынан трилогия аудармашыларына ќандай баға беруге болады? И.С.Алексееваның жоғарыда аталған “Профессиональный тренинг переводчика” атты еңбегінің бір тараушасы «Моральный кодекс переводчика» деген таќырыпќа арналады. Ең бастысы, мұнда ашыќ та, әділ түрде «…Профессиональная этика переводчика в ХХ веке в России, еще не успев окончательно сформироваться, подвергалась почти полному разрушению. На это были свои причины, и в результате все поголовно – и переводчики, и клиенты – знают, что такое перевод, а поводу того, каким он должен быть, каждый волен думать что ему заблагорассудится. Когда-то это аморальная ситуация была кому-то выгодна, сейчас она сильно вредит профессиональному имиджу переводчика и лишает его самого почвы под ногами. Вместе с тем представление о профессиональном кодексе переводчика в мировой практике давно сложилось, и нам кажется принципиально важным его сформулировать. Потому что не может быть особой, национально окрашенной профессии «русский переводчик» (этакое историческое пугало, «русский медведь»). Есть просто такая профессия – переводчик» делінеді (ќазаќ тіліне аудармай, түпнұсќасында бердік, аса маңызды тұстарын қанық бояумен ерекшеледік. – Н.Р.). Сөйтіп, «… и нам кажется принципиально важным его сформулировать» деп, 9 пунктен тұратын аудармашының әлемдік тәжірибеде ќалыптасќан «моральдыќ кодексін» ұсынады. Біз оның біздің жағдайымызға ќатысты тұстарынан үзік келтіреміз (кей сөздер түпнұсқада бас әріптермен ерекшеленген – Н.Р.):

  1. ... ТЕКСТ для переводчика НЕПРИКОСНОВЕНЕН. Переводчик не имеет права по своему желанию изменять текст при переводе, сокращать, если дополнительная задача адаптации, выборки, добавлений и т.п. не поставлена заказчиком.

  2. При переводе переводчик с помощью известных ему профессиональных действий всегда стремится передать в максимальной мере ИНВАРИАНТ исходного текста.

  1. Переводчик несет ответственность за качество перевода, а в случае если перевод художественный или публицистический, имеет на него авторское право, защищенное законом, и при публикации перевода его имя обязательно должно быть указано.

Бұл келтірілген үзіктерден ќорытатынымыз, біздің зерттеу нысанымыздағы аударма барысында аудармашыға (аудармашыларға) жүктелетін ғаламдық талаптардың да, оның моральдыќ кодексінің де өрескел бұзылатындығы өздігінен тайға таңба басқандай айќын болып шығады. Ең бастысы, бұл сөкеттікті «…подвергалась почти полному разрушению. На это были свои причины. ... Когда-то это аморальная ситуация была кому-то выгодна» деп, Ресей ғалымдарының өздері мойындап, бүгінгі биік талаптар тұрғысынан ќарағанда мұндай келеңсіздіктің олардың тарапынан да мүлде ќолдау таппайтындығын көріп отырмыз.

Ал біздің зерттеу нысанымызға алынған трилогия аудармаларының түпнұсќадан осыншама ауытќып кетуін айтпағанның өзінде, оған титімдей болмасын «заќым келтірудің» де бірде-бір норма ќалыбына сыймайтынына көз жетеді.

Сондыќтан, әдеби шығармаларын өзге маќсатќа бұрмалап аудару арќылы ќазаќ ұлтының тарихи шындығына ќаяу түсірген, оны ғалам алдында абыройсыз ету маќсатын көздеген мұндай «аудармадан» ендігі жерде бойымызды аулақ салу үшін трилогияның жарты әлемге тараған «The Nomads» деп аталатын ағылшын тіліндегі аудармасын және соған негіз болған орыс тіліндегі аты әйгілі «Кочевникиді» жарамсыз деп тануға тиіспіз. Оған ќоса, өзге отыз тілдегі аудармаларының ќайсысы болмасын, егер орыс тіліндегі нұсќасы бойынша жасалған болса, онда сол тілдегі аударманы да жарамсыз деп танымасќа болмайды.

Бұдан бұрын «Ана тілі» газетінің 2005 жылғы №41, 42, 43 сандарында 15 тұжырым, «Жалын» журналының 2006 жылғы №1 санында 21 тұжырым төңірегінде аудармалардың залалды тұстарын баян еткен болатынбыз. Десек те, мәселенің мәнісі тұжырым санымен межеленбесе керек. Бір-бірімен матаса-шатаса байланысып жатқан мазмұн мәнімен санассақ, тіпті бір-екі тұжырым төңірегінде келтірілген дәйектердің өзі трилогия аудармаларын жарамсыз деп тануға молынан жетеді деп ойлаймыз. Басқаша айтқанда, мұндай қорытынды жасауға аударманың бір-екі бетін алып салыстырудың өзі жетіп жатыр.

Қазақстан Жазушылар Oдағының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Морис Симашкоға 1986 жылы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы мен Ғ.Мүсіреповтің «Жат қолында» романының аудармалары үшін Қазақ КСР-нің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы беріледі. «Көшпенділердің» жат қолында кетіп, зар заманды басынан қайта кешерін білгенде осылай болар ма еді? «Жат қолынданың» қайда «көшіп» жүргенін анықтап алу жақын болашақтың өз алдына міндетті сұрақтарының бірінен болады.

¤.Айтбаевтың «Аудармадағы фразеологиялыќ ќұбылыс» атты еңбегінде айтылған «Аударманың ќай түрі болмасын, ол – белгілі бір кезеңнің жемісі» деген пікірінің осы тұста толыќтай мәнге ие болғанын көреміз. Тек «Көшпенділер» трилогиясының аудармалары емес, өз кезеңінің «жемісі» болған бүгінгі уаќыттың талаптарына жауап бере алмайтын сандаған сапасыз аудармалар тоталитарлыќ жүйенің қалып кеткен қаңқалары тәрізді сөрелерден тазартылатын болар. «Көшпенділердің» аудармалары қазақтың өзгені өзіндей көретін қас батырға тән аңғал табиғатынан қырық жыл бойы назарға ілікпей келген екен, ендігі жерде бір құрыққа түскен соң, қайда барып құтылсын! «Сабырлылық – жарты иман» екенін есте тұтып, әліптің артын бағалық.

Зерттеу дереккөздерінің бірі ретінде еңбегі негізге алынған автор И.С.Алексееваның біз толықтай келісетін тағы бір пікірін ортаға сала кетейік, ол көркем шығарма аудармасының өзге шығармаларға ќарағанда ќұнды болатынын кейбір оќырмандардың көркем әдебиетсіз өмір сүре алмайтынынан көреді. Оған ќоса, басќа мәтіндер ұзаќ өмір сүрмейді, ғылыми маќала бірнеше ондаған жылдар, инструкция – бірнеше жыл, іскерлік хат – бірнеше күн ғана өмір сүреді. Ал көркем шығарма ғасырлар бойы өлмейді. Оларға адамдар ұдайы оралып отырады, трагедиялары мен соннеттерін 400 жыл бұрын жазған Шекспирге, “Илиада” мен “Одессеяны” 30 ғасыр бұрын жазған Гомерге оқырман ауыќ-ауыќ оралып отырады. Себебі адамды көркем шығармадан алар өзіндік ләззаттан айыру мүмкін емес дейді. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы да – уаќыт өткен сайын ќадірі арта түсетін, оқырманы ауыќ-ауыќ орала беретін, бір ұлт үшін ғана маңызды емес, жалпы тарих пен ұлттыќ ќұндылыќ атаулыға ќұрметпен ќарай білетін адамзат үшін орны бар, бірегей туынды. Оның әлем тілдеріне аударылуының да шынайы мәні осында болу керек болатын.

Сөзіміздің аяғын Абылайдың аударылмай кеткен бір сөзінен алсақ, «Жоғалтқаның көп болса да, үкімің адал екен. Халық намысы ер құнынан артық, ... ата жолы бәріміздікі. Одан таймағының бұл бәріміздің абыройымыз» делінген екен. Сенген азаматтар азаматтық жасамаса, онысына төреші болар Алла бар, бүтін халық түгілі бір пендеде шаң түйіріндей кеткен есенің есебін біледі. Жоғалтқаны көп халық та ендігі жерде қамсыз қала қоймас. Ол үшін хан тағына бергісіз қасиетті ұғым – ата жолының – елім, жерім, тілім, дінім деген берік ұстанымның сақталғаны керек, осы... тек осы жолдан адаспаса ғана қазақ атының абыройсыз қалмасы анық!







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет