Қоғалы ауылдық округі әкімінің «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, 2014 жылы атқарған жұмысы және 2015 жылға алда тұрған міндеттер туралы есебі»



Дата27.12.2016
өлшемі152,62 Kb.
#5437
Қоғалы ауылдық округі әкімінің «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, 2014 жылы атқарған жұмысы және 2015 жылға алда тұрған міндеттер туралы есебі»

 

Құрметті округ тұрғындары!



«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 17 және 21 баптарына сәйкес және қазақстандық қоғамдық одан әрі демократияландыру, халықты елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар ету, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігі мен есептілігін арттыру, халықты мемлекеттік басқару процесіне кеңінен тарту мақсатында шығарылған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Жарлығына сәйкес жергілікті атқарушы органдар басшылары халыққа есеп беру кездесулерін өткізуде, осы мақсатта біз Cіздермен жүздесіп отырмыз.

Ардақты ағайын!

Құрметті жиынға қатысып отырған округ тұрғындары!

Міне, 2014 жылда тарих қойнауына кетті. Жаңа 2015 жыл келді. Келген жаңа жыл баршаңызға зор қунышымен, толағай табысымен, әр отбасына амандықпен Бақыт әкелер құтты жыл болсын.

Өткен жылға өкпеміз жоқ. Барлық салада үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, экономикамыз тұрақтанып, қарыштап даму жолына түскен тәуелсіз еліміздің шалғайында орналасқан біздің ауылдық округі тұрғындары да еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Өздеріңізге белгілі осы есепті мерзімде көптеген істер атқарылып, қоғамдық өмірдің барлық саласында тиімді өзгерістерге қол жеткіздік. Елдің әл ауқаты артып, мал басы өсті.

Өздеріңізге белгілі биылғы жылдың ерекшелігі Ел Президенті өткен 2014 жылдың аяғында жыл соңында халыққа арнаған жаңа «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жолдады. Жаңа 2015 жылдың табалдырығын ауқымды жоспарларымызбен, ерекше жауапкершілікпен аттадық. Осы Жолдаудағы тапсырмаларды сапалы сапалы орындауға қол жеткізу үшін тынымсыз еңбек, тындырымды іс атқаруымыз керек.

Бүгін мен біздің ауылдық округтегі жыл бойғы көрсеткіштер мен кемшіліктерді атап өтейін.

1.Ауыл шаруашылығы саласы бойынша
Ауылшаруашылық саласындағы әлеуметтік экономикалық дамудың басты бағыттары бойынша, Қоғалы ауылдық округінде де әр сала бойынша біраз жұмыстар атқарылуда.

Округтегі барлық ірі-қара малы 4636 бас, оның ішінде сиыр -2029 бас;

Қой мен ешкілер барлығы 13554, оның ішінде ешкілер 884, барлық қойлар 12670, аналық бас қойлар 6768 бас, ешкі -530 бас

Жылқы барлығы 1005 бас, оның ішінде биелер 482 бас;

Барлық шошқалар саны 200, оның ішінде аналық шошқалар 52 бас,

құстар барлығы 8140, бал арасы ұясы 320

2014 жылы округ бойынша шаруа қожалықтарындағы ауылшаруашылық техникаларын сатып алу үшін 109млн 118мың 600теңге инвестиция тартылды.

Олар «Ақ-бұйым» ЖШҚ төрағасы Смагулов Мурат «Ақ-бастау» ШҚ-Бекеив Бейбіт, «Ақмарал» ШҚ Бураханова Алма «Сен-Ер» ЖШҚ Тилеулинов Сембаи «Богусов» ЖЩҚ Богусов Шаяқмет.

- Округ бойынша турғындардың негізгі жұмыс көзі мал мен егін

шаруашылығы, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде биылғы жылы жақсы нәтижелер бар.

Округте 493жеке шаруа қожалығы экспликатция бойынша бар, оның ішінде 432 –шаруашылығы нақты жұмыс жасауда онда 904 адам тұрақты маусымдық жұмыстар барысында 1000 нан астам адам жұмыс істеиді.

Округ бойынша 498 ауылшаруашылық техникасы бар, оның ішінде:216 трактор, оның ішінде жеке шаруақожалықтарында – 152 трактор, комбайндар 52, сеялка – 75, соқа-146, ауылшаруашылық егіс- және оны жинау жұмыстарына қатысып ауылшаруашылық өнімдерін өндіріп мерзімінде жиын терім аяқталды.

Округ бойынша барлық жер көлемі 35962 га, оның егістік жер 13523 га, суармалы жер 480 га, шабындық жер 986 га, жайылымдық жер 5484 га.

2014 округтегі 13523 гектар жердің 12787гектарына жаздық дәнді –дақылдар егілді, оның ішінде жаздық бидай 1642 га, жаздық арпа 11120 га, сұлы 25 га, картоп 385 га, көкөніс 46 гектар егілді. Егін жинау науқанында округтегі барлығы 52 комбайн түгел жұмыс жасады, оның сыртында 23- шақты комбайн басқа жақтан келіп егістікті төкпей-шашпай жинап алуға ат салысты. Округтегі біршама шаруа қожалықтары атап айтқанда «Ақмарал» ШҚ-Бураханова А.И, «Дәурен» ШҚ-Есімов Б.С, «Бірлік» ШҚ-Исабаева К, «Ақбұйым» ШҚ- Смагулов М ауылшаруашылық өндірісін өндіруде өнімінің сапасын жақсарта отырып, иновациялық технологияларды ендіріп, жердің агротехникалық шараларын ғылыми негізде жүзеге асыру бағытында жұмыстарын жақсы жолға қойды, өздеріне тиісті жер участкелерін дұрыс пайдаланды. Нәтижесінде жоғары өнім алып және округтегі көптеген жақсы істерге де көмектерін тигізуде.

Бұрынғы жылдармен салыстырғанда астық жинау науқанында комбайн жетімсіздігі болғанжоқ соның нәтижесінде өткен жылы орақ науқаны дұрыс деңгейде өтті. Көбінесе жағдайы нашар, техникасы жоқ шаруаларда қиындықтар болды.

Шаруалар жалпы алғанда жылдың қуаңшылығына қарамастан , округ бойынша жақсы көрсеткіштермен жылды аяқтады.

Округтегі шаруаларды арзандатылған жанар-жағар маймен қамтамасыз ету жолға қойылған.Әр гектарына 40 литрден көктемде егілетін егін науқанына 479тн, көктемде егілгетін егінді жинауға 500 тн жанар-жағар май жеңілдікпен берілді.

Алынған өнім 2013 жылмен салыстырғанда 1 гектарға шаққанда төмендегідей болды: Жаздық дәнді дақылдар бойынша 2013 жылы 20цн-ден айналса, биыл әр гектардан орташа 19 цн-ден астық орылды.

Картоп 385 га егілді, жеке аулалар бойынша бау бақша 50 га екті. Бүгінгі күні барлық тұрғындар картоптарын, аулаларына еккен көкөністерін жинап қысқа дайындап алды.

Қоғалы ауылдық округі бойынша ауылшаруашылығындағы мал басын сапалы көбейту мақсатында малды асылдандыру, үздік селекциялау бағыттары бойынша еліміздегі мемлекет тарапынан ауылшаруашылығын қолдауға бағытталған «Сыбаға», «Ырыс», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларын іске асыруда, мал өнімдерін өндірумен айналысатын жеке шаруашылықтар басшылары және ауыл тұрғындары арасында түсіндіру, үгіт насихат жұмыстары әкім аппараты тарапынан үнемі жүргізіліп келеді.

Нәтижесінде 2011 жылы «Дәурен» жеке шаруа қожалығының төрағасы Б.С.Есімов «Сыбаға» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 20 млн теңге субсидия алып, 133 бас аналық сиыр, 5 –бұқа сатып алды. Олар: ИАС және ИСЖ бағдарламалары бойынша бірдейлендіру базасында тіркелді. Несие беруші «КазАгро» қаржы құрылымы, қайтару мерзімі 2017 жыл. «Дәурен» ШҚ басшысы Б.С.Есімов сиымдылығы 100 бас болатын мал бордақылау алаңын салды, алайда құжаты заңдастырылмаған.

2014 жылы осы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Боранбай» ЖШҚ басшысы Б.Алимжанов мал басын асылдандыру және оның өнімділігін арттыру мақсатында 10,5 млн теңге субсидия алып, оған 47 бас сиыр, 3 – бұқа сатып алды. Олар: ИАС және ИСЖ бірдейлендіру базасында тіркеуге алынды, мал тұқымы «Санта-Гертруда». Несие беруші «КазАгро» қаржы құрылымы. Несие қайтару мерзімі 2021 жыл. «Боранбай» ШҚ басшысы Б.Алимжанов сиымдылығы 100 бас болатын мал бордақылау алаңын тұрғызды, бүгінгі күнде құжаты заңдастырылмаған.

2014 жылы округтегі төмендегідей шаруашылықтар:

- «Данияр» ЖШҚ-С.Абдикеримов;

- «Бірлік» ЖШҚ-К.Исабаева;

- «Алёша» ЖШҚ-Р.Давидюк;

- «Карина» ЖШҚ-Т.Белашова –«Сыбаға» бағдарламасы бойынша Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылында орналасқан «Жақсылық» ШҚ-нан асыл тұқымды қазақтың «Ақ бас» бұқасын алуға келісім шартқа отырды. Алдағы уақытта «Данияр» ЖШҚ-С.Абдикеримов қой шаруашылығын асылдандыруға бағытталған «Ырыс» бағдарламасы және асыл тұқыды жылқы өндірісін дамытуға бағытталған «Құлан» бағдарламасы бойынша жұмыстарын жоспарлауда. «Карина» ЖШҚ-Т.Белашова алдағы уақытта асыл тұқыды жылқы өндірісін дамытуға бағытталған «Құлан» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізуге жоспар құруда.

2.Халықты жұмыспен қамту туралы
Округте 5218 адам тұрады. Халықтың экономикалық белсенді бөлігі-2893,

18 жасқа дейінгілер-1387, зейнеткерлер-792, мүгедектер-146.

2014 ж. жыл басынан 150 жұмыс орындары ашылды.

Жұмысқа орналастыру жоспарда 73, орналасқаны – 80 адам



Бала жастан мүгедек балалар -24, оның ішінде үйден оқылатын 6 баламен 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды.

Округте 1-Ұлы Отан соғысының ардагері, 5-Ауған соғысының ардагерлері, 7- Чернобыль апатына қатынасқандар тұрады. Әкімдік тарапынан бұл кісілерге 2 әлеуметтік қызметкер бекітіліп, ұдайы үй-тұрмыстарының жағдайын біліп, тиісті көмектерін жасап отырады.

Халықты мемлекеттік әлеуметтік қорғау бағытында жүргізілген жұмыстар:

2013 жылы 0-18 жасқа дейін балаларға деген мемлекеттен алатын жәрдемақы 81 жанұядағы 226 балаға 3млн 490мың 764 теңге көлемінде қаржы бөлінсе,

2014 жылы бұл көрсеткіш 0-18 жасқа дейінгі балаларға көмек алатындар саны –66 жанұядағы 198 балаға 2 млн 890 мың 289 теңге төленді.

2013 жылы мемлекеттік атаулы көмек алғандар 4 жанұя, 11 адамға 557 мың763 теңге алынса,

2014 жылы атаулы көмек алатын отбасылар саны –4 жанұя, 11адамға 396мың 533 теңге;

2013 ж. тұрғын үй көмегі-61 жанұяға 2 млн 190 мың 274 теңге алынса,

2014 жылы тұрғын үй көмегін алушылардың саны 79 жанұяға 4 млн 775 мың 347 теңге төленді.

2014 жылы барлығы 11 адам ақылы қоғамдық жұмысқа алынды. Қоғамдық жұмысқа тартылуға тиіс ІІІ топ мүгедектерінен-1 адам, асыраушысынан айырылған-3 адам, туберкулезбен ауыратын-1 адам, көп балалы аналардан-1 адам, жағдайы төмен отбасынан-5 адам, тұрақты жұмысқа-13 адам, маусымдық жұмысқа-60 адам, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына орай 4 адам кәсіби оқуға жіберілді, о.і. 1-бала күтімінде, 3-тұрақты жұмысқа орналасты. Аз қамтылған 3 отбасының балалары барлық әлеуметтік жағдайлары ескеріле отырып, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша арнаулы орта оқу орындарында кәсіби мамандыққа оқып шықты. «Мектепке жол» акциясына байланысты округтегі тұлдыр жетім, жартылай жетім, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан барлығы 72 балаға-500 мың теңгенің көмегі көрсетілді, көмек көрсетушілер: округ әкімі аппараты, мектеп, балабақша, мәдениет үйі, емхана ұжымдары және жергілікті жеке кәсіпкерлер. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша малшаруашылығымен айналысуға 2 адам 4 млн500 мың теңге несие алды.



3.Денсаулық сақтау саласы бойынша

Қоғалы ауылында 45 орынды аурухана, Қоғалы дәрігерлік амбулаториясында 5 төсектік күндізгі жатып емдеу орыны, Шаған ауылындағы дәрігерлік амбулаториясында 5 төсектік күндізгі жатып емдеу орыны бар медицина мекемелері бүгінгі талапқа сай жұмыс жасауда. Күреңбел, Көкбастау, Тастыөзек ауылдарында фельдшерлік пункттер жұмыс істейді.

2014 жылы гепатит және эхинокок аурулары тіркелмеген, бруцеллез ауруымен 2 адам, туберкулез ауруымен 2 адам тіркелген.

4.Білім беру бойынша

Округ аумағында 4 орта мектеп, 2 бастауыш сынып орналасқан.

Мектепте жұмыс істейтіндер саны -245, оның ішінде ұстаздар-158. Барлық оқушылар саны 771- оқушы, оның сыртында сыныптағылар -97

Панфилов орта мектебі 323 оқушы оның сыртында 0 сыныпта 46, Қоғалы о/м. 169 оқушы, оның сыртында 0 сыныпта 17, Тастыөзек о/м 86 оқушы,оның сыртында 0 сыныпта 11 оқушы, Дутов о/ м 177, оның сыртында, 0 сынып 14 оқушы, Күреңбел бастауыш мектебі 11 оқушы, оның сыртында 0 сыныпта 4, Көкбастау б/ м. -5 оқушы, оның сыртында 0 сыныпта 5. Тасымалданып оқитын оқушылар Панфилов мектебіне Көкбастау ауылынан 11 бала, Қоғалы орта мектебіне Күреңбел ауылынан 17 бала тасымалданып оқиды. Балаларды тасымалдауға округ әкімі бюджетінен 2015 ж. 2млн 15 мың теңге қаржы бөлінді.

Қоғалы ауылындағы Қоғалы орта мектебінің жанынан шағын балабақша орталығы

20 балаға ашылып жұмыс істеп жатыр.

Сондай ақ Шаған ауылындағы Дутов орта мектебінде шағын балабақша орталығы 2 топтық 50 балаға арналған жұмыс жасауда.

  2013-2014 оқу жылында округтегі 4 орта мектеп бойынша 56 бала орта мектепті бітірді. Олардың ішінде: ҰБТ тапсырғаны 46 түлек. Жалпы округ бойынша бірыңғай ұлттық тестілеуден орташа 77,1 балл алды.



5.Шағын және орта бизнес

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басты назарында және Үкімет тарапынан лайықты қолдау жасалып отыр.

Шағын және орта бизнес бойынша округімізде 53 сауда орны, 2-дәріхана, 6- қоғамдық тамақтану орыны, тұрмыстық қызмет көрсету орындары -14: 2 шаштараз, 2 жанар-жағар май станциясы, 1 диірмен, 1 наубайхана, 2 сүт қабылдау пункті, 1 тойхана, 1 кафе, 3 автокөлік жөндеу шеберханасы, 1 мәдениет үйі, 1 ауыл клубы, 2 АТС, 3 кітапхана, 1041 жекеменшік монша, 1 аурухана 45 орындық, 1 дәрігерлік амбулатория, 3-ФАП медициналық қызмет көрсетеді, 2 ветеринарлық қызмет көрсету орны, діни қызмет көрсететін 1 мешіт және 1 христиан дінін уағыздайтын шіркеу, 12 такси жүргізушілері бар. Жыл басынан 150 жұмыс орындары ашылды.

Округ көлемінде үнемі қоғамдық шараларға араласып, мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған отбасыларға демеушілік көрсетіп жүрген: C.Есимова, А.Мұжаякова, О.Заболотная, О.Полетаев, Ш.Оспанова,А.Кенжегулов, Р.Абдыкаимова, Э.Бураханова, А.Имадаевтердің есімдерін мақтанышпен атаймыз.


6.Салық салу базасы туралы
Округтегі жергілікті мүлік және жер салықтары:

Мүлік салығы тапсырма 59201 теңге, орынд. 60245 теңге 101,7 пайыз,

Жер салығы тапсырма 395400 теңге, орынд. 401408 теңге 101,5 пайыз,

Автотранспорт салығы тапсырма 4624103 теңге,орынд. 4650248 теңге 100,6 пайыз,

шабындық пен бақшалық жер салығы 1127435 теңге жиналды.

Қоғалы және Шаған пошта бөлімшелеріне арқылы жер, мүлік, автокөлік салықтары, электр энергиясы,телефонға төленетін төлемдер жиналады. Округ тұрғындары 2014 жылы 1252 дана газет-журналға жазылса, 2015 жылға 1258 дана газет-журналға жазылды.



7.Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы

2014 жылы округ көлемінде 41 қылмыс тіркелді, оның ішінде ашылмаған 7 қылмыс – мал ұрлығы. Кербұлақ АІІБ-де әр түрлі санатта есепте тұрған адамдармен жоспар бойынша профилактикалық тексерулер жүргізіліп, қылмыс пен құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында әңгіме өткізіліп отырылады.

Жасөспірімдер арасында қылмыстық оқиға тіркелген жоқ. 

8. Елді мекендердің санитарлық жай-күйі және тазалығы туралы

  Аудан әкімінің қаулысына сәйкес округ бойынша санитарлық-тазалық жұмысын атқаруға округ бойынша комиссия құрылып, әкімшілік мамандары елді мекендерге, көше-көшеге бекітіліп, атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылды. Көктемгі және күзгі кездерде комиссия отырысы жүргізіліп, елді мекендерде жиындар өткізіліп, атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырылды. Бұл жиылыстарға ауыл тұрғындарымен қатар мекеме басшылары, жеке шаруа қожалықтары қамтылды.

Көктемгі тазалық айлығы мерзімінде округ бойынша 1140 ауланың 7 шақырым көше бойы арықтары тазаланды, 44 көше, 4 автокөлік аялдамасы тазартылып, сырланып, ретке келтірілді. Осы атқарылған жұмыстармен қатар ауыл атаулары, мекеме ғимараттары, сауда орындары атаулары жаңартылып, сырланып, әктелді. Оның сыртында сенбілік жұмыстары да жүргізіліп отырды. Осы жұмыстарға айлық кезінде 1820-ға жуық адам жұмылдырылды.

Сол сияқты күзгі санитарлық –тазалық айлығын өткізу кезінде де 5 елді мекенде 37 көшелер, 500-ге тарта аулалар мен мекеме ғимараттарына тазалық жұмыстары жүргізілді. Оның сыртында 80 тұрғын үйлер, 12 әлеуметтік, өндірістік, мәдениет бағытындағы нысандарға көркейту, жөндеу, безендіру, әрлеу жұмыстары жүргізілді. 6 шақырым автомобиль жолдары тазаланып, 1320 метр шарбақтар мен қоршаулар жөндеуден өткізіліп, реттелді және 430 тн күл-қоқыс шығарылды.Күзгі уақытта атқарылған жұмыстарға, өткізілген сенбіліктерге 800-тарта тұрғындар қатысып, ат салысты.


9.Жастармен жұмыс туралы
  Жастар саясатын жүргізу бағытында округ аумағында біраз жұмыстар жасалды. 2014 жылдың басынан ауылдағы жастармен жұмыс істейтін жастар ісі жөніндегі нұсқаушы маман штат кестесі бойынша берілді. 2014 жылдың бас кезінен бұқаралық спорт пен дене тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында округ бойынша спорт нұсқаушысы жұмыс істейді.

Қоғалы ауыл округінде 18-29 жас аралығындағы жастар саны 2014 жылы қайта тізімделді. Олардың жалпы саны 1086 жас.

Округтегі барлық әскер жасындағы жастар саны -206,олардың 89-і денсаулықтары әскерге жарамсыз деп танылып, қайта тексерілді.Тексеру нәтижесінде 22адам салмағы жеткіліксіз,мүгедектігінен 10 адам, 23-адам майтабан.Тұрмыс жағдайының төмендігіне байланысты 34адам.

Жастар арасында 2014 жылы әкімшілік құқық бұзушылар жоқ.

Қоғалы ауруханасының дәрігерлері, жасөспірімдер жөніндегі инспекторлар, учаскелік полиция қызметкерлері бірлесіп мектептерде және әскер қатарына шақырылған жастар арасында салауатты өмір тақырыбына, құқық бұзушылықты болдырмау, құқықтық жауапкершілікті түсіндіру мақсатында жүйелі түрде әңгімелер өткізіп тұрады.

Жастарымыз ауылдың мәдени-спорттық шараларына жоғары ұйымшылдықпен қатынасып отырады. Төрт орта мектептерімен келісіле отырып, әр аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері жастар арасында волейбол секциясы өткізіліп тұрады. Жастармен үнемі кездесу және әр түрлі ән-би кештері, спорт секциялары өткізілуде.



10. Телефонизация

Округ бойынша 1201 телефон нүктесін жеке отбасылары пайдалануда, оның ішінде Қоғалы ауылы-843, Шаған- 220, Тастыөзек-84, Күренбел-34, Көкбастау-20, бұған қосымша «Белайн», «Актив», «Кейсел», «Теле2» жүйесінде ұялы телефондар жұмыс жасайды. Соңғы жылдары округтің барлық ауылдарына сымсыз телефон жүйесі жүргізілді. Округ бойынша 225 үй «Мегалайн» қызметін пайдалануда, жаңадан «Мегалайн» интернет желісін қондыруға 25 үйден өтініш түсіп, бірақ порттың жетіспеушілігінен қанағаттандырылған жоқ.

Округ әкімі аппараты өз жұмысын 2014 жылға арналған жұмыс жоспарына сай, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан-2030 стратегиясын, мемлекеттік қызмет туралы, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы, ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы және Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауын басшылыққа алып, жұмыстар жүргізді.

2014 жылы округ әкіміне барлығы-24 арыз түскен, оның-24 жер туралы, шешілген. Тұрғындардан түскен арыз-шағымдар электронды арнайы бағдарламаға енгізіліп, жауабы өтініш иесіне жазбалай беріледі және ЕУОЛ бағдарламасының есебі және №1-ТӨ нысанды статистикалық есеп аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне ай сайын тапсырылады.

Округ әкімі аппараты бойынша халыққа қосалқы шаруашылығы бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама беру мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Округ бойынша 53-Алтын Алқа, 37-Күміс Алқа иегері бар, олар ай сайын мемлекеттік жәрдемақыларын алып отыр.

 2014 жылы жиналыста айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалысы туралы

1.2014 жылдың 13 қаңтарында Қоғалы ауылдық округ әкімі Самат Сәмиұлы Исабаевтың ауыл тұрғындарымен есеп беру кездесуінде Қоғалы ауылының аймағын қардан тазалау, құм себу керектігін – ауылдық округ ақсақалдар алқасының төрағасы Машалов Нүсіп Уалиұлы проблемалық мәселе ретінде көтеріп, өтініш айтқан еді.

Осы мәселе назарға алынып 2014 жылдың ақпан – наурыз айларында 700 мың тенге бөлініп Қоғалы ауылының көшелері уақытысымен қардан тазаланып, отырылды. Бұл проблемалық сұрақ бүгінгі уақытта толығымен шешуін тапты.
2.2014 жылдың 7 ақпанында Кербұлақ ауданы әкімі Б.Б.Алиевтің Қоғалы округ тұрғындарымен есеп беру кездесуінде Қоғалы ауылының көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы– Қоғалы ауылдық ауруханасының бас дәрігері Кебекбаев Киров Қасқараубайұлы проблемалық мәселе ретінде өтініш айтқан еді.

Осы мәселе назарға алынып 2014 жылғы республикалық және жергілікті бюджетінен 32 млн 600 мың теңге қаржы бөлініп, Қоғалы ауылының Бондаренко, Ш.Айманов, Шәкәрім көшелеріне ұзындығы 2200 метр жолдарға ағымды жөндеу жұмыстары жасалып, асфальт төселді.



Округ бойынша 2015 жылы атқарылатын жұмыстар туралы

- Округтегі елді мекендердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған іс- шараларды нақты жоспарлау;

- Округтегі білім беретін білім ошақтарындағы материалдық техникалық базасын жақсарту мен мектептердегі білім беру сапасын арттырып, жаңалықтар мен бастамашылықтарды үнемі қолдап отыру, ұстаздардың әлеуметтік жағдайының дұрыс болуына , жақсаруына үнемі көңіл бөліп отыру;

- Халық денсаулығын жақсарту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті медициналық мекемелерде орындалуын қадағалап отыру, ауруханаға қажетті дәрігер мамандарды қамтуды және медицина қызметкерлерінің әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын жақсартуға қолдау жасау;

- Ауылшаруашылық егістік жерлердің сапасын арттыру бағытында тиісті агротехникалық, ғылыми тәжірибелік іс – шараларды барлық ауылшаруашылық өнім өндірушілерден талап етіп, жоғары сапалы өнімділікке қол жеткізу;

- Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында әрбір ауылдағы су көздерінің экологиялық санитарлық талапқа сай болуын ұйымдастырып, бақылап отыру;

- Округтегі мал жайылатын жайылымдық жерлердің есебін нақтылап, мал табынын дұрыс ұйымдастыру;

- Ауылға жастарды тұрақтандыру үшін ауылдардағы мәдениет үйлерінің жұмысын жандандырып, өнерлі жастардың өнерін дамытуға түрлі үйірме жұмыстарын ашу;

- Ауыл арасындағы және ауданаралық автокөлік жолдарына қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізе отырып, жолдардың сапасын жақсартуды жүзеге асыру;

- Елді мекендердегі, қоғамдық орындардағы санитарлық -тазалық іс-шараларын ұйымдастырып жүргізе отырып, көгалдандыру мен абаттандыру, безендіру жұмыстарын тиісінше жоғары деңгейде жалпы халықтық сипатта ұйымдастыру.

- Жеке кәсіпкерлер мен орта бизнесті барынша қолдау арқылы халыққа қажетті қызмет көрсету ошақтарын жандандыру;

- Бұқаралық спортты дамыта отырып, халықтың саламатты өмір сүруіне қажетті шараларды ұйымдастырып отыру.

Сөзімді аяқтай келе алдағы уақытта да ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешуге, мемлекеттік бағдарламаларды округте іске асыруға белсенді жұмыстар жүргізуге, көптен толғандырып жүрген халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс жасай береміз.

 2015 жылда атқарылатын әрбір жұмыстың оң нәтижесі сіз бен біздің ауызбірлігімізбен, түсіністікпен жұмыс жасауымызға байланысты болмақ.



ГРАФИК

отчетных встреч акима сельского округа с населением

( с 19 по 23 января 2015 г.)


Аким административно- территориальной единицы


19.01

понедельник



20.01

вторник

21.01

среда

22.01

четверг

23.01

пятница

Когалинский сельский округ
Исабаев

Самат


Самиевич

с.Шаган,

СШ, им.Дутова,

10.00 ч.


с.Тастыозек, Тастыозек-ская СШ,

10.00 ч.


с.Коновал-овка, Кокбастау-ская нач.альная СШ,

10.00 ч.


с.Куренбел, Куренбель-ская

нач.альная СШ,

10.00 ч.


с.Когалы,

СШ, им. Панфилова,



10.00 ч.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет