Қоғам өмірдегі саяси жүйе
Жоспары:
Қоғамның саяси жүйесі - дегеніміз жалпы алғанда белгілі бір таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттардың әрқайсысына және бәріне тән мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған: мемлекеттік мекемелер; саяси партиялар және түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді.
Саяси жүйе қоғам қондырмасының басты бөлімі болып табылады. Қоғамның саяси жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгеріске түсіп дамиды. Сондықтан қоғамның алуан түрлі саяси жүйесін талдап жіктеу арқылы; олардың ұқсастықтарына қарай жіктеу жолымен толығырақ түсінуге болады. Саяси жүйені бір ғана мағына, тек бір ғана өлшем тұрғысынан жіктеуді ғылыми деуге болмайды. Саяси жүйелерді әр-түрлі өлшем тұрғысынан жіктеу (типология) мынадай:
- формация мен әлеуметтік экономикалық құрлымы жағынан қарау (құл иеленушілік, феодалдық, коммунистік-әлеуметтік-саяси жүйелер);
мемлекеттігі орныққан саяси тәртіп тұрғысынан(демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық);
әдеттегі саяси жүйеден модернизацияланған жүйеге өту кезеңі тұрғысынан;
саяси мәдениеттер айырмашылығы тұрғысынан;
Ж.Блонделдің саяси жүйені жіктеу түрлері (бес категориялы : либералды-демократиялық, радикалды-авторитарлық, немесе коммунистік, дәстүрлі, популистік, авторитарлы-консервативтік саяси жүйелер ) ;
Саяси жүйелер өзінің ұстанған бағытына, тұрақтылығы мен өзгергіштігіне қарай консервативті және трансформацияланушы болып бөлінеді. Трансформацияланушы саяси жүйелердің өзі керітартпа және прогрессивті мағынада болуы мүмкін. Саяси жүйелер
сонымен қатар ашық және жабық, аяқталған және аяқталмаған, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған және т.б. жіктеледі.
Енді саяси жүйенің құрылымы мен атқаратын қызметіне талдау жасап көрейік. Саяси жүйе өзінің біртұтастығына қарамастан өзгеріп отырады. Қамтитын аумағы да өзгермейтін нәрсе емес, қайта түрлі жағдайларға байланысты бірсыпыра өзгерісте болады.
Саяси жүйеге мынадай түрліше саяси жүйе тармақтары кіреді: институцияналдық, нормативтік, функционалдық, коммуникативтік және мәдени. Институционалдық тармаққа, мысалы мемлекеттік мекемелер, партиялар, қоғамдық саяси ұйымдар жатады. Олардың ең бастысы- мемлекет. Мемлекет - саяси ұйымның жоғарғы формасы ретінде қоғамның саяси жүйесінің ең басты бөлігі, түйіні болып табылады. Мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі. Билік бөліну деген мемлекет өкілеттілігін бөлу. Мемлекеттік билік тұтас, оны бөлшектеу дұрыс болмайды.
Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саясат пен ықпалды топтар қоғамдық, көпшілік істерді шешуге араласуы арқылы мемлекет қызметін атқарады. Бірақ олардың іс-әрекеті мен әдістерінің арасында айырмашылық та бар. Мысалы партиялар мемлекеттік аппартты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар мемлекетік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді.
Діни құрылымдардың саяси ролі олардың әсерінің бұқаралық екендігінде. Сондай-ақ, ол халықтың білім дәрежесіне байланысты. Сол үшін де көптеген елдерде діни және діни емес өкіметтер бір-бірінен ажыратылған. Саяси жүйенің нормалау тармағына саяси өмірді реттеуге қатысатын құқықтық, моральдық мөлшерлер, саяси дәстүрлер т.б. жатады. Функционалды тармақ түрлі саяси процесстерде саяси ісәрекеттің формалары мен бағыттарынан, өкіметтің жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінен көрінеді. Олар кейде “саяси режим”, “саяси орныққан тәртіп” деп те атайды.
Тоталитарлы саяси жүйеінің пайда болуы түрлі себептерге байланысты. Олардың ішінде мыналар: меншіктің жаппай мемлекеттендірілуі; бір ғана саяси партияның орын тебуі және оның мемлекетпен тұтасып кетуі, қоғамның оның ішінде, рухани өмірдің бір ізге ғана түсіріліп, бірыңғайлануы, партияны, көсемді дәріптеу, қоғамдық санада тек бір ғана “дұрыс жол бар” деген түсініктің қалыптасуы және т.б. Сонымен қатар, саяси жүйенің қызметін оның қоғамда өзгерте алатын іс-әрекетінен де көрінеді. Ондай өзгерістер не күштеу қолданылмайтын реформалар арқылы жасалатыны белгілі. Тарихтан бұған қатысты материялдарды көптеп келтіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |