Оқытушы: Кошымова А. О. Студент: Тұрарбек Н. Ж. Тобы



Дата13.12.2022
өлшемі44,62 Kb.
#162557
Байланысты:
Саясаттану срс
himiya-10-synyp-test-sratary-1-nsa.... (1), 2, 13-16, Знакочередующиеся ряды лк, саясаттану сөж(10), саясаттану, 1. Озгеше фигураны табыныз

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары.
Оқытушы: Кошымова А. О.
Студент: Тұрарбек Н. Ж.
Тобы: ММ 22-6

Алматы 2022




Жоспар:
1. Кіріспе;
2. Негізгі бөлім:
1. Қуғын-сүргіннің алғашқы белгілері;
2. Сталиндік қуғын-сүргіннің өршуі;
3. Зардап шеккен аймақтар.
3. Қорытынды.

1. Халық тарихы – мәңгілік категория. Англияның публицисі Эктонның айтуынша, тарих зардап шеккендерге құрмет көрсетпейді, қиянат жасағандарды жазаламайды. Бүгінгі ұрпақтардың парызы - қанішерлердің жасаған қиянаты мен құрбандардың шеккен зардаптарын шындық тұрғысынан саралап, пайымға келу. Мұнын бәрі жоғары әділеттілік пен мәңгілік зерде үшін қажет, өйткені сақталған зерде - мәңгілікке апаратын жол.


XX ғасыр әлемге өркениет дағдарысы мен ауыр қиыншылықтар әкелді. Революциялар мен соғыстар екі мемлекеттік құрылымдарды жойып, жаңаларын құрды, мұнын нәтижесінде адамдардың мәңгілік мәдени құндылыктарға деген, ең алдымен, адамның өміріне деген көзқарастары түбірінен өзгерді.Бұрынғы КСРО аумағында болған азамат соғысының екі жақты "таптық" күш көрсетуі еліміздің бар халқына тараған мемлекеттік қуғынға ұласып, орасан көп бұқара халыктың майдан даласында, революция, көтеріліс немесе бүлік барысында емес, тікелей мемлекеттік қуғын-сүргін салдарынан болған қазасына әкеліп соқты, зұлымдық, жалпы халықтық, қасіретке айналды.
Казіргі кездің зерттеулері анғартқандай, жаңа өкіметтің құрылуы қуғын-сүргіннің жаңа кезеңінен басталып отырған және бұл әр түрлі адамдар топтарын жоспарлы түрде құру болып табылады. Тарих ғылымының кандидаты В.В. Попов Ресей Федерациясының Мемлекеттік мұрағатында (РФММ) (бұрынғы КСРО-ның ЦІГАОР-ы) сақталатын жабық мұрағат көздеріндегі қылмыстық статистикаға жасаған талдауы мен оны жариялауы осыған айқын дәлел. Қуғын-сүргінге ұшыраған әлеуметтік топтар - шаруалар. жұмысшылар, мещандар, көпестер, зиялылар, діни, әскери қызметкерлер. Олар әлеуметтік жағынан ұйымдасқан топтар болғандықтан, жаңа тәртіптің бірден-бір жаулары болып саналған. 30-жылдардың басына қарай шаруалардың қарсылығы түпкілікті тойтарылды.
2. Халықтың жаппай қуғын-сүргінге ұшырауын теориялық жағынан дәлеллеу үшін "тап күресін шиеленістіру туралы" сталиндік ереже "болашақ социализмге" бет алу жолында негізгі әлеуметтік заң болып танылды. "Контрреволюция" туралы бап бойынша жұмыс істейтін шаруалар да, жаңа кезеңге адал "басқарушылар" да сотталды. Өкіметтің тарихи өрескелдігін осы деректен-ақ байқауға әбден болатын еді.
Үнемі және жаппай жүргізілген қуғын-сүргін жалпы қоғамға қарсы жүргізілді, белгілі "тапқа қарсы бағытталған" қуғын болған жоқ, қуғын-сүргіннің салдарынан лагерьлер жаңа жұмыс күшімен үнемі толықтырылып отырды.
Тұрғындардың кең ауқымын шаруаларды: жұмысшыларды және қызметшілерді - "қылмыскерлер" санатына жатқызатын осындай заң актілерін шығару мемлекеттің жазалау саясатының ерекшелігі болды. Айталық, КСРО-ның Орталық атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1932 жылғы 7 тамыздағы "Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұжымшарлар мен кооперацияның мүлкін және қоғамдық (социалистік) меншікті қорғау туралы" қаулысы, халық арасында "масақтар туралы заң" ретінде таныс, дайындаушылардың (жеке И.В. Сталиннің) еркі бойынша елде астық дайындауды сөзсіз орындауға жол ашып, астық, өсірген шаруаларға өз еңбегінің өнімін пайдалануға кедергі жасауға тиісті болатын. Бұл қаулы "Ұжымшар және кооператив мүлкін ұрлағандығы үшін әлеуметтік қорғаудың ең жоғарғы шарасы ретінде барлық мүлкін тәркілеп, ату жазасын беруді және жеңілдік берілген жағдайда барлық мүлкін тәркілеп, кемінде 10 жылға бас бостандығынан айыруды"
соттың қуғын-сүргін шарасы ретінде белгілеген. Мұндайда "ішкі жаулардың" үлкен көлемде болып жатқан мемлекеттік зорлық-зомбылыққа кішкене болса да қарсы тұруы сол сәтте тез және қатыгездікпен басылып отырылды.
Бай және әл-ауқаты орта шаруаларға қарсы бағытталған әкімшілік-қылмыстық шараларға негізделген ұжымдандырудан кейін КСРО Орталық аткару комитеті мен Халық, Комиссарлары Кеңесінің қабылдаған қаулысы 1932-1933 жылдардары қолдан жасаған ашаршылық кезінде сот тәжірибесінде кең пайдаланылды.
Осы Жарлықтың бірінші жүзеге асу жылында ғана Қазақстанда 33345 адам сотталды. Мүлікті кәнпескелеу кезінде бай шаруалардың тағдырын сот емес органдар - "үштіктер" - шешетін. 1929 - 1933 жылдар арасында БМСВ-нің Қазақ АКСР-індегі ӨӨ-нің үштігімен, Қазақстан Республикасы ҰҚК мұрағатының толық емес деректері бойынша, 9805 іс қаралып, 22933 адамға шешім қабылданды, олардың ішінде ең жоғары жазалау шарасына - атуға - 3386 адамға үкім шығарылды, 13151 адам 3 жылдан 10 жылға дейін концлагерьлерге қамауға алынды.
Соғыстын басталу қарсаңында 1932 жылғы 7 тамыздағы қаулының қолданылу күші болмады. Ұлы Отан соғысы жылдары нанға деген мұқтаждықты кәртішкемен нан алатын қала тұрғындары ғана емес, сондай-ақ өздері тікелей астық өндіретін, астық, қоймаларына өсіріп жинаған өнімдерін тапсыратын ұжымшарлар шаруалары да аштыққа ұшырады. Каулыны қолдану тәжірибесі біршама ұлая түсті: енді тіпті аз мөлшерде нан ұрлағандар да сотталатын болды.
Соғыстың салдарынан болған күйзеліс, аштық, 1946 жылғы құрғакшылық астықты, нанды және басқа тағамдарды ұрлау жағдайларын күрт көбейте түсті, ұрлық жасағандар негізінен мұқтаждық көрген әйелдер болды. Олар өздері аш жүрсе де, тамақ ішпеген балаларын сәл болса да тамақтандыру үшін токтан киімдеріне бидай тығып әкететін, ұжымшардың картобын не қызылшасын аздап қазып алатын, астық жиналғаннан кейін бидай масақтарын теретін.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1947 жылғы 4 маусымда қабылдаған "Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы" Жарлығы жазалау шаралары бойынша алдынғы осындай құжатқа көп ұқсас болды, тіпті негізсіз айыптау үкімлдері жиі шыгарылатынды.
Жарлықты жариялаудың арқасында оның мазмұнымен танысуға мүмкін болды. 5-баптың: "Мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті ұрлау ісінін дайындалып жатқанын немесе оның ұрланғанын біліп, өкімет органдарына ол туралы хабарламағаны үшін, осы Жарлықтың 2 және 4-баптарында көзделгендей, екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе бес жылдан жеті жылға дейін жер аударылады", - деген мазмұны коғамда жаппай қорқынышты ахуал орнатып, жасырын сөз жеткізушіліктің жауыздық рөлі туралы қорытынды жасауға мәжбүр етеді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1940 жылғы 26 маусымдағы "8 сағаттық жұмыс күніне, жеті сағаттық, жұмыс аптасына көшу және жұмысшылар мен қызметшілердің кәсіпорындар мен мекемелерден өз беттерімен кетулеріне тыйым салу туралы" Жарлығының күші он алты жылға созылды. Еңбекпен түзеу лагерьлері Бас басқармасының бастығы генерал-лейтенент И.И.Долгих 1951 жылдың қазан айында: "КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1940 жылғы 26 маусымдағы және 28 қарашадағы жарлықтары бойынша сотталып, тұтқынға алынғандар IIМ/IІМБ
УИТЛК-ОИТК-лардың (лагерьлер мен колониялардың басқармалары мен белімдері ) негізгі жұмыс күші болатын", деп жазған. 1942 жылғы 15 сәуірдегі Жарлық еңбек күндерінің міндетті минимумын істей алмаған немесе ауылшаруашылық жұмыстардан бас тартқан ұжымшар жұмысшыларын қылмыс жасаған жерлерінде еңбектен тузеу жұмыстарына жіберуге соттайтын. Соғыстан кейінгі жазалаулар тағылатын айыптың тым ауырлығымен ерекшеленетін.
Азаматтык соттардын РСФСР ҚК-нің баршаға әйгілі 58-бабы және одақтас республикалардың Қылмыстық кодекстерінің тиісті баптары бойынша "контрреволюциялық қылмыстары" үшін сотталған адамдардың саны көп болған жоқ. Контрреволюциямен және саботажбен күрес жөніндегі жалпы ресейлік төтенше комиссияның - Бірлескен Мемлекеттік Саяси басқармасының - Ішкі істер Халық Комиссариатының - Ішкі істер министрлігінің органдары қуғын-сүргінді іске асыратын. Сотқа қатысы жоқ органдар - Ішкі істердің Халық Комиссариатының немесе Бірлескен Мемлекеттік саяси басқарманың үштіктері - үкім шығаратын. Олардың құрамына маман заңгерлер емес, саяси номенклатура
қызметкерлері кіретін, олар белгілі саяси бағытты қолдағандықтан, шығарылатын үкімдер, олардың ішінде ату жазасына кесетін үкім де, заң тұрғысынан ешбір негізсіз және қылмыстық кодекстің тиісті бабына сілтеме жасалмай шығарылатын. Әділ сот функцияларының денін біліктілігі жетіспейтін басқа органдардың орында-уларына жүктелді.
Ресей Федерациясының Мемлекеттік мұрағатында сақталатын КСРО Ішкі істер министрлігінің мұрағат құжаттарында Контрреволюциямен және сабогажбен күрес жөніндегі жалпы ресейлік төтенше комиссияның - Бірлескен Мемлекеттік Саяси басқармасының - Ішкі істер Халық Комиссариатының - Ішкі істер министрлігінің органдарының істері бойынша 1921-1953 жылдары сотталғандардың саны туралы мәліметтер бар, олар мына мөлшерде: КСРО көлемінде ең көп адам 1937 - 1938 жылдар арасында сотталды, олардың саны - 1,3 млн, адам (осы кезенде " контрреволюция" үшін сотталғандардың жалпы санының 33,1 %).Оның ішінде 682 мыңына, яғни жартысынан көбіне, ату жазасына үкім шығарылды. Үштіктер мен Ерекше кеңестердің үкімдері бойынша осы екі жыл ішінде 2/3 миллион адам атылды. Үкім тілінде бұл "бухарин-троцкистік банданы жою" делінсе, халық арасында оны "ежов қолғаптары" деп атады, ал саясаттануда мұны "елдегі басшы кадрлардың ауысуы" деп сипаттады.
Бұл кезеңнің шыңына жаңа 1935 - 1936 жылдардағы жағдай ұласты ол да кадрлардың "ауысуымен" байланысты болды. Ескі бюрократиялық заманды жаңа, советтік заман ауыстырғанға дейін соңғыларға қарсы террор шектеулі сипатта болған. Атап айтсак, лениндік партиялық тазалау ("партия бірлігі ұшін" күрес) барысында қатардағы партия мүшесінен Орталық комитеттің мүшесіне дейін қолданылатын ең ауыр жаза - партия мүшелігінен шығару болды. Ал сталиндік жазалар енді барлық партия мүшелеріне тарады. Тұрғындардың негізгі бөлігі де, жаңа билік жүргізетін таптың жоғары дәрежелі өкілдері де жазалаудан өткізілгеннен кейін ғана, өкімет жүйесі үзілді-кесілді қалыптасты, өйткені осы жүйенің негізін қалайтын қуғын-сүргіннен тыс, қорықпай өмір сүретін бірде-бір адам пролетарлық мемлекетте болмауы керек болды.
"Контрреволюцияның" екінші толқыны 1930 жылға келді 200 мыннан аса адам соттадды, олардың көбі "бай шаруалар" болды, 1933 жылы 240-қа жуық адам сотталды, бұлар - негізінен астық дайындайтын "саботаж бастаған бай шаруалар". Өнеркәсіп өндірісінің өзгеруіне, жаңа өндіріс салаларының пайда болуына, қорғанысқа жұмсалатын шырынның өсуіне байланысты күшпен ұжымдастыру керек болды. Бұған қажетті қаржыны ұжымдық шаруашылық жүйесі арқылы деревнялардан алу керек және муүмкін болды. Кейінгі зерттеулердің көрсетуінше, 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басындағы күшпен астық дайындау жұмыстары КСРО-ның әр түрлі аймақтарындағы аштықтың негізгі себебі болды».
"Контрреволюциямен" күрестің үшінші толқыны соғыс жылдарына келді, ол КСРО Әділет министрлігінің ұйғарымы бойынша "жаудын тылдағы агенттерімен және кез келген жеңіліс элементтерімен табанды күреске" шақырды. Соғыс 1945 және 1946 жылдары сотталғандар санынын өсуіне әсер етті. Бұлардың қатарына, Үкіметтің пікірінше, қалыптасқан жүйеге нақты қауіп төндіретін "әлеуметтік қауіпті" оралмандар және бұрынғы кеңестік әскери тұтқынға алынғандар, власовшылар, оуновшылар және тұрғындардың басқа да санаттары жатқызылды.
КСРО ПМ еңбекпен түзеу лагерьлерінің бас басқармасының құрылымы туралы оның бұрынғы бастығы генерал-майор Г.П. Добрыниннің жаңадан тағайындалған генерал-лейтенант И.И. Долгихқа 1951 жылдың наурыз айында жазған қабылдау-тапсыру актісінен білуге болады, онда Еңбекпен түзеу лагерьлерінің бас
басқармасының құрамына 105 еңбекпен түзеу колониясы мен 9 ерекше лагерь, одақтық және автономиялық республикалардың лагерьлері мен колониялардың 97 басқармасы мен бөлімі, КСРО ПM-нің өлкелер мен облыстардағы басқармалары көрсетілген. Еңбекпен тузеу лагерьлерінін бас басқармасы орталық аппаратының штаттық саны 1953 жылдың наурыз айында 586 адам болды (олардың ішінде 168-і - басшылық құрам). "Еңбекпен түзеу лагерьлерінің бас басқармасының кұрылымына басшылық; 1 -басқарма (тұтқындарды ұстау тәртібін ұйымдастыру, қадағалау, тұтқыннан қашудың, "банда көріністері мен тұтқындалушылардың басқа да бұзушылықтарының" алдын алу жөніндегі агентура-оперативтік
және тергеу жұмыстарына басшылық жасау); 2-басқарма (тергеу түрмелерінен тұтқындарды қабылдап алуды ұйымдастыру және оларды лагерьлерге кезең-кезең бойынша орналастыру, тұтқындалушыларды жеке және олардың жалпы санын есепке алу, "дәрігерлік-санитарлық және тұрғын үй-тұрмыстық жағынан қызмет көрсету"); күзету басқармасы ("лагерьлер мен колониялардың тұтқындалушыларын күзетуді ұйымдастыру"); 3-баскарма (Енбек пен түзеу лагерьлерінін бас басқармасының лагерьлері мен колонияларының өндірістік және қаржы қызметіне басшылық жасау); саясат бөлімі "күзет бөлімінің жеке құрамы және лагерьлердің қызметкерлері арасында саяси жұмыс жүргізуге" басшылық жасаған; мәдени-тәрбие бөлімі "тұтқындалушылардың арасында мәдени-тәрбие жұмысын ұйымдастырумен" айналысатын; ұйымдастыру бөлімі лагерьлер мен колониялардың қызметі мәселелері жөніндегі бұйрықтар мен үкімдердің жобаларын дайындаған; жауапты инспекторлардың тобы лагерьлер мен колониялардың жұмысына бақылау және қадағалау жасаған; хатшылық жалпы және құпия іс жүргізуді ұйымдастырған және оған бақылау жасаған. Еңбекпен түзеу лагерьлерінің бас басқармасының лагерьлері мен колонияларындағы әскерилендірілген атқыштар күзетуінің жеке құрамын КСРО Үкіметі тұтқындалушылардың жалпы санынан 9 % өстіп бекітті, бұл жеке құрамның саны 1953 жылы 201 мың адам болды. Сонымен бірге, ішкі істер министрі С. Н. Круглов Үкіметке жасаған баяндамасында "лагерьлер мен колонияларда күзету қызметін атқаруға екінші дәрежелі орындарға кейбір жағдайларда әлеуметтік жағынан онша қауіпті емес тұтқындалушылар қатыстырылады", - деген. Яғни, сол жүйеге әлеуметтік жағынан қылмыскерлер ең жақын болғаны деп түсінуге болады министрдің осы қисынынан. Еңбекпен түзеу лагерьлерінің бас басқармасының құрамындағы еңбекпен түзеу лагерьлерінің өндірістік және шаруашылық қызметіне басшылық жасау үшін арнайы өндірістік басқармалар болған (1939-1940 жылдары - арнайы өндірістік бас басқармалар): темір жол құрылысының (ГУЛЖДС), орман (УЛЛП), тау-кен металлургиялық өнеркәсібінің (ГУЛГМГ) және басқалары. Осындай мемлекеттік рақымсыз күш миллиондаған құқықсыз тұтқындалғандардың үстінен төніп тұрды.
1953 жылдың басында Еңбекпен түзеу лагерьлерінің бас басқармасының қарамағында 146 еңбекпен түзеу лагері (ЕТЛ),687 еңбекпен түзеу колониясы (ЕТК) және 52 жөнелтетін аралық түрме болды, олардағы тұтқынға алынғандардың жалпы саны 2 млн. 237 мың 961-ге жетті, ал КСРО ПМ Еңбекпен түзеу лагерьлерінің бас баскармасының 10 ерекше лагерінде тағы 210 мыңға жуық
адам қамауда ұсталган.
КСРО Министрлер Кеңесінің 1948 жылғы 21 ақпандағы N416159өқ қаулысымен КСРО Ішкі істер министрлігіне шипионажда, терроризмде, диверсияларда айыпталғандарды, сондай-ақ оң жақтық, троцкистік, азшылдық, эсердік, анархиялық, ұлттық, ақ эмигранттық және антикеңестік басқа да ұйымдардың, топтардың мүшелері мен адамдарын ұстайтын лагерьлер ұйымдас-тыру жұмысы жүктелді. Басқалай қылмыс жасағандарды ерекше лагерьлерде ұстауға тыйым салынатын. Ерекше лагерьлердің жұмысында құпиялық, сақтау үшін оларға шартты атаулар берілді. Айталык, КСРО ПМ-нің 1952 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығымен Павлодар облысында N 11 ерекше лагерь құрылды, ол "Даль-ний лагерь МВД" деп аталды, онда 5 мың адам қамалды.
20 - 50 жылдардағы саяси жаппай қуғын-сүргіннің толқыны Қазақстан мен Ертіс өңіріндегі Павлодар аумағына да тарады. Қуғын-сүргінге әрбір отбасы ұшырады деуге болады, өзінің қиянаттық рақымсыз күшімен ол біздің елімізде тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдерін құрбан етті. Қазақстан халықтарының тоталитаризм кезеңіндегі қасіреті көптеген шығармаларда баяндалған, соның бірі «Азалы кітап» деп аталатын туындыда айтылған болатын.
Осы лагерьлер мен түрмелердің азап жолынан жүз бір қазақстандық өткені, олардың жиырма жеті мыңнан астамы атылғаны мәлім!
Ертістің Павлодар өңіріндегі "ұлы төңкеріліс" заманын жан-жақты зерттеу - болашақтың ісі. Біздің өлке аумағында жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарының нақты санын айту қазір қиын. Бұл аймақтың ертеректе әкімшілік-аумақтық, бөліністерге жиі ұшырауына байланысты осы мәселені зерттеу қиынға түсуде.
4. Павлодар облысы 1938 жылғы 15 қаңтардан бастап жеке
әкімшілік-аумақтық бірлік болғанын айта кету керек. 1928 жылы 17 қаңтарға дейін Павлодар уезі болды. Уезд бен оның болыстары таратылғаннан кейін 1928 жылы 17 қаңтарда құрылган Павлодар округінің құрамына он аудан кірді. 1930 жылғы 17 желтоқсанда Павлодар округі таратылып, бұл жер аудандарға бөлінетін болды, ірі және жаңадан құрылған аудандар оған негіз болды. Аудандар тікелей ҚазАКСР-і Орталық Атқару Комитетіне бағынды. 1932 жылғы 20 ақпанда Ертістің Павлодар өңіріндегі барлық он бір аудан сол кезде құрылған Шығыс Қазақстан облысының құрамына кірді, оның орталығы Семей қаласы болды. Баянауыл ауданы 1934 жылғы 20 шілдеде құрылған Қарқаралы округіне кірді. 1936 жылғы 29 шілдеде бұл округ таратылып, оның аудандары, оның ішінде Баянауыл ауданы да, Қарағанды облысының құрамына енген болатын.
Облыстық "Қызыл Ту" және «Звезда Прииртышья" газеттерінде
1989-1991 жылдары негізсіз қуғынға ұшырағандардың жеке тізімдері жарияланды. 1997 жылы облыстың мұрағаттар басқармасы "Забвению не подлежит" атты кітап шығарды. Байқайтын болсақ Солтүстік Қазақстанның көп өңірлерінде зиялыларымыз көп жұмған. Бір шетінен ойлаймын кейде, сол кісілер болмағанда осы жерлерден де ажырап қаламыз ба деп.
Нәтижесінде таптық көзқарастар қазақ қоғамының дәстүрлі әлеуметтік құрылымын, түйіндеп айтқанда адами құндылықтар жүйесін бұзды. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов сынды көптеген Алаш зиялылары тап күресінің қазақ ұлтының өмір сүруіне зор қауіп төндіретіндігін дәлелдеді де. Тіпті, Алаш зиялылары қазақ қоғамында тап күресінің болмағандығын, оның тамырын жаймау себептерін ғылыми тұрғыдан зерделеді де. Өкінішке орай, кеңестік тоталитарлық тәртіп ұлттық құндылықтарды жою саясатымен қаруланғандықтан, өзіне қарсы келгендерді (отбасы мүшелерімен, туған-туыстарымен қоса) саяси қуғын-сүргінге ұшыратты.
Саяси қуғын – сүргін салдарынан конформизм, бюрократизм, жағымпаздану секілді көптеген адами дамуға кереғар теріс түсініктер өмірден орын алып, тамырын тереңге жайды. Алаш зиялыларының «большевиктер ылаңы көпке кетер, биліктен кеткенше талайды былғап кетер»,- деген мазмұндағы даналығының ақиқатына біз куә болып отырмыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет