Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі



Дата07.10.2023
өлшемі18,19 Kb.
#184079
Байланысты:
Танымдық дағдыларды дамыту


Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық танымдық дағдыларын да қалыптастырады. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы мінез-құлық көріністері олар өсіп-есейгенде де жалғаса береді.
Ойын әрекеті мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда маңызды рӛл атқарады, сондықтан бұл жұмыс ӛзекті болып табылады. Ойын құнды әрекет, ойын арқылы балалардың танымдық саласы кеңейеді, қоғамдағы мінез-құлық нормалары мен ережелерді меңгереді. Педагог ойынды балалар іс-әрекетінің түрлері арқылы тәрбиелеу – білім беру процесінде негізгі әрекет ретінде қолданады. Ойын барысында бала өзі жасай алмайтын әрекетті үйренуге тырысады, құрдастарымен қарым-қатынас жасайды, баланың бойында адамгершілік қасиеттері дамиды. Л.С. Выготский, О. М. Дьяченко, Е. Е. Кравцованың пікірлері бойынша ойынды басқа әрекет түрлерімен алмастыру мектеп жасына дейінгі баланың қиялын дамытуға кедергі келтіреді. В. В. Ветрова, М.И. Лисина, Е.О. Смирнова Л. М. Кларина, В. И. Логинова, Н. Н. Поддяков ойынды басқа әрекет түрлерімен алмастыру баланың құрдастарымен, ересектермен қарым-қатынасының дамуын тежейді, эмоционалды жай-күйін төмендетеді деп санайды. Демек, ойын іс-әрекетін күн сайын ұйымдастыру баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды болып табылады.
Мектепалды топ баларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып танымдық – есте сақтау, бақылау, талдау, зерттеу және қорытынды жасау дағдыларын ойын арқылы дамыту күн сайын және математика негіздерін меңгеру барысында өтеді. Ойын барысында бала өзі ғана емес қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды сол арқылы бір- бірімен өзара қарым -қатынас жасайды. Мұның өзі баланың дамуы үшін маңызды. Балаға ойын арқылы білім беру және танымдық дағдыларын дамыту ұйымдастырылған іс әрекеттерде жүзеге асырылады. Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіру шараларын іске асыруға негіз болады. Сабақтың ортасында ойын – көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, ойлауға ынтасын арттыру жағдайын жасайды. Сабақтың соңында ойын– тақырыпты қорыту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Осы аталған жүйені қолдануда ойындардың түрлерін ажыратып қолдану сапалы нәтиже береді. Баланың меңгерген білімінің сапасын анықтауда «Санамақ», «Пішінді сәйкестендіріп орналастыр», «Заттарды салыстыру», «Не өзгерді» дидактикалық ойындар кеңінен қолданылады.
Баланың көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, ойлауға ынтасын арттыру үшін логикалық және қимылды ойындар қолданылады. Санау әдісін тек тік қатарымен емес санның орын аусуымен жоғалған санды табу тапсырмалары балаларды жылдам ойлануға ынталандырады. Мысалы «Шыршаны сәндеу», «Жасырынған санды ата» логикалық ойындарда балалар сан арасындағы заңдылықты сақтап санау , салыстыру, жалпылау операцияларын орындайды және сандарды орналастыруда жылдамдық таныту қимылдарын орындайды. Ал «Үш мысық» ойынында келіп отырған үш мысықтың құлағы нешеу алдыңғы көрініп тұрған аяқтары нешеу балалар тапқырлықпен жылдам ойлау дағдысын меңгереді. Қимылды ойындар –баланың жүйке- психикалық дамуына жеке басының денсаулығының қалыптасуына зор ықпал береді. Сондықтан сергіту сәттерде қимылды ойындарды қолдану ол балалардың көңіл-күйін дамытуға көп септігін тигізеді. Ойын сабақ тақырыбын қорыту, сабақта алған білімді жинақтау мүмкіндігін береді. Ол үшін рөлдік ойындар қолданылады. Сюжетті-рөлді ойында бейнелеу құралы рөл мен ойын болып табылады. Мысалы: «Дүкен» ойынын ұйымдастырғанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекетінде қарым-қатынас әдебін меңгерумен қатар математикалық ұғымдарды үйренеді, ал «Мектеп» ойыны ұйымдастырылғанда мұғалім мен оқушының әрекетіне еліктейді.
Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп, ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы — балалардың бойында өнердің, білімнің, тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.
Ұлттық ойын – балалардың тілін дамыта отырып қиялын ой-өрісін кеңейтеді. «Бестемше» ұлттық зияткерлік ойыны балалардың санау, епшілдік, сабырлылықты, төзімділікті, ойшылдық, есептегіштік пен үнемшілдік қасиеттерін дамытады. Бестемше - әлемдік мәдениеттің озық үлгілері мен бой теңестіре алатын рухани ойын, қисындық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынына осы ойынның өзі дәлел бола алады. Жасөспірімдердің дене күшінің мол болуымен қатар ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан. Бестемше ойынында ұсақ шарларды ұстау кезінде қол қозғалысы арқылы ми және жүйке талшықтарына әсер етеді. Сонымен қатар, ойын барысында қол қозғалысының жылдамдығы сағатты басу кезінде ойын тағдырына да әсер етеді. Қол моторикасын дамыту – өз саулығыңызды үнемі зияткер ретінде сезінуге мүмкіндік береді.
Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Эмоционалды ойын табиғаты бойынша тіпті ең құрғақ ақпаратты жандандырып, жарқын және эмоцияларға толы ете алады. Ойында әркімді белсенді жұмысқа тартуға болады, бұл пассивті тыңдауға немесе оқуға қарсы тұратын форма.
Демек: ойын-тәрбие және оқыту құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді. Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, санауды, салыстыруды адамгершілік сапаны жетілдіреді. Ұжымдық сезім әрекеттері өсіре түседі. Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады. Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді, дене күшінің жетілуіне көмектеседі. Сондықтан тәрбиеші балдарды ойнатып қана қоймай , олардың ойларының нақты, сөйлеу дағдысы кең, қимыл әрекеті жылдам болуын назардан тыс қалдырмау керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» С. Әбенбаев. Алматы 2004

  2. «Түрлі жас топтарында ойындарды ұйымдастыру және басшылық ету әдістемесі бойынша әдістемелік ұсынымдар» – Балаларды ерте дамыту институты базасында әзірленген, Астана, 2022

  3. «Бестемше» Оқу құралы. Куланова К.К., Марчибаева У.С.,


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет