Ойын жүйесінің психологиялық педагогикалық міндеттері



Дата26.11.2022
өлшемі16,97 Kb.
#159907
Байланысты:
1.1 Ойын жүйесінің психологиялық


    1. Ойын жүйесінің психологиялық – педагогикалық міндеттері

Бүгінгі күн - баланың ақыл - ойын дамытуды, ойлау қабілетін жетілдіруді, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыруды, қазіргі заманға лайықты жүйрік етіп тәрбиелеуді талап етеді. Ол үшін баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы болып табылатын ойын әрекетін қолданудың әсері мол. Ойын - баланың дамып, жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс-әрекеттің бірі болғандықтан, олардың дағдылары, бейімділігі, ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасады. Анатомиялық, физиологиялық, педагогикалық, психологиялық жағынан дамып, жетілуде маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын жүйесінің психологиялық-педагогикалық міндеттері: 1.Жаңа материалды зерделеу, дағдылар мен машықтарды қалыптастыру, білімді қорыту және бақылау. 2. Оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу 3. Ұжымдықты тәрбиелеу және қиын проблемаларды шешуде өзара көмек. 4. Өзара оқыту. Көптеген ойындар кеңесші процесті болжайды. Күшті және әлсіз оқушылар жинақталған топта ақпаратпен және дағдыларымен өзара байыту процесі жүріп жатыр. 5. Бір-біріне жанашырлық сезімін тәрбиелеу. 6. Тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
Ойынның тәрбиелік мәнін А.С.Макаренко былай түсіндіреді: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді. Ойынды тек балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараған дұрыс. Оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрлерінде ұйымдастыра отырып, баланың ойлануына, тапсырмаларды өз бетінше зерттеп, орындауына, шешім жасауына, өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүниетанымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады[1].

Мазмұндық, рөлдік , логикалық, дамытушылық, танымдық, қимылды ойындар баланың тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игеруімен бірге ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету, зейін қою қабілеттерімен қоса, танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерін дамытып, қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Сондықтан да ойын оқыту мен тәрбиелеуде жетекші рөл атқарады. «Ойын деген менің түсінігімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған » ,- деп М.Әуезов ойындарға көңіл бөле отырып, осындай пікірін білдірген. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті әрекет. Оқушы үшін психологиялық жағымды. Ол кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті үлгерімі төмен, тәртібі қиын , өз ойын айтуға жасқанып жүрген оқушының өзі ойын барысында түрленіп, берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Олар өздерінің ойларын, пікірлерін, көзқарастарын таласты түрде дәлелдейді[2].


Педагогика, психология ғылымында ойын әрекетінің оқу-тәрбие үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Атақты педагогтар В.А Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой-өрісін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда тәжірибелік маңызы зор екенін айтса, әйгілі психологтар Д.Б.Эльконин мен А.Н. Леонтьев ойынның мінез-құлықтың ырықты дамуының алғашқы баспалдағы, іс-әрекеттегі әдептілікке үйрену мектебі болып табылатынын атап көрсетті. Ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Психология ғылымы оқушылардың психикалық қабілеттерін, ой-санасының даму заңдылықтарын, іс-әрекеттерінің объективті заңдарын және қабылдау, түйсіну, ойлау, пайымдау, қиялдау, психикалық құбылыстарының даму жолдарын зерттейді. Ойынды оқу және еңбек секілді адам іс-әрекетінің бір түрі ретінде таниды[3]. Қорыта келгенде, психологиялық ойын-жаттығулар баланың жан-дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Баланы үлкендермен және достарымен қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойындар мен жаттығулар барысында балалар шешімді өздігінен шығаруға үйренеді. Балаларды ойын арқылы оқыту, психологиялық ойын түрлерін оқу іс-әрекеттерінде және одан тыс уақытта қолданудан тиісті қорытынды шығаруға болады. Бұндай ойындар баланың жалпы психологиясын, есте сақтау, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамытып қана қоймай, қимыл-қозғалыстарын, бақылағыштық қасиеттерін де дамытады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет