Өмір Есқали Сталиннің қабылдауында болға



бет1/2
Дата02.07.2018
өлшемі0,72 Mb.
#45897
  1   2
Өмір Есқали

Сталиннің қабылдауында болға

Бұл мәселе төңірегінде әңгіме қозғар болсақ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры Зарқын ТАЙШЫБАЙДЫҢ айтары көп. Таяуда біз ғалымға жолығып мынадай сұрақтар қойған едік.

Зақа, 6 монография, 7 оқулық пен оқу құралдарының авторысыз. Олардың ішінде «Абай және баспасөз», «Абайтану арнасында», «Мағжанның Қызылжары», «Алаш көсемсөзі», «Қазақтың ханы – Абылай», «Баспасөз тарихы» секілді сүбелі шығармаларыңыздың орны бөлек. Бұдан басқа елі қатты қадірлеген, халқының сый-сияпатына ерекше бөленген жазушы Сәбит Мұқановтың күрескерлік тұлғасы мен шығармашылығына қатысты індете зерттеп жүрген еңбектеріңіз де бар. Соның бір парасы Сәбең И.Сталиннің қабылдауында болды ма, жоқ па деген дүдәмал сауалдарға жауап беретін сияқты.

– Әлемдік тарихта Сталиннің рөлі туралы тиянақты көзқарас әлі қалыптасып болған жоқ. Көрші елдің өзінде қоғамдық пікір әрқилы. Біреулер оны миллиондаған жазықсыз адамдарды қырып-жойған қанішер десе, енді біреулер жер-дүниені фашизмнен аман сақтап қалған тұлға ретінде дәріптейді. «Өгіз соқа жеккен, ағаш шәркейлі Ресейді 30 жыл қатаң тәртіпке салып, әлем мойындаған алып державаға айналдырған теңдессіз билеуші», Ленин­нің «ұлыдержавалық шовинизмге» қарсы күресін жақтап,патшалық Ресейдің құлақкесті құлы болған ұлттарға, оның ішінде қазақтарға кеңестік автономия әперіп, жер-суын түгендеп берген Ұлттар ісі жөніндегі нарком екені тарихи шындық. Солай бола тұра, Сталиннің аты аталғанда тітіркене қалатынымыз неліктен? Бәлкім, мұндай күйге түсуіміз саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жалған жаламен атылып, Сібірге айдалып кеткен ондаған мың қандастарымыздың қилы тағдырына байланысты болар.

Әңгімені әріден орағытып отырғаным, «пролетарлық жас қаламгер» Сәбит Мұқановтың «халықтар көсемінің» арнайы қабылдауында болғанын жоққа шығарып, қиял-ғажайып ертегіге балайтындар арамызда жоқ емес. Ол жөнінде қаламгердің өзі «Есею жылдары» атты өмірбаяндық кітабында баяндағанымен, 25 жастағы қазақ жігітінің Мәскеуге арып-ашып жетіп, Компартияның Бас хатшысымен ауызба-ауыз тілдескеніне, өлеңдері өз елінде кітап болып шықпай жатқаны туралы шағымдануына шәк келтірушілердің кездесетінін былай түсіндіруге болатын сияқты. Біріншіден, аюдай ақырып, түкірігі жерге түспей тұрған Сталинмен әңгімелеспек түгіл, сырттай атын атауға екінің бірі жүрексінетін. Екіншіден, ол кездегі қалыптасқан ұғым бойынша Сталиннің қабылдауына кіру үшін М.Горький, М.Шолохов, Д.Бедный, А.Лахути сияқты әйгілі әдебиет өкілдері болмаса республиканың бірінші басшысы, не Кеңес өкіметін қолымен орнатқан күрестес серігі болуы шарт. Үшіншіден, ауылдан шыққан батырақ баланы қабылдай қоятындай ол кімнің шікірә еді? Оның үстіне, Сәбеңнің өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер бұл оқиға жөнінде жақ ашпауы күмән-күдікті қоюлата түскен тәрізді. Оның да мынадай себептері болуы мүмкін: біріншіден, адал коммунист, социализм ісіне шын берілген, ел ішінде қадірі асқан Сәбеңнің «қанішер, жауыз» Сталиннен көмек сұрап баруы әрі нанымсыз, әрі сүйкімсіз факт, яки «ұлы көсемнің» қабылдауында болдым деуі – жалған. Өйткені, Кремль қабылдауында болғандар тізімінде «Сәбит Мұқанов» деген жазу жоқ. Бірақ, сәбиттанушылар тарапынан «қарадық, дерек табылмады» деген сөз де естілмеген. Осылайша, жабулы қазан жабуымен қала берген сияқты. Жерлес жазушымыздың бұл оқиғаны ойдан шығарды деушілердің уәжіне тоқталайын десең, естеліктерін елуінші жылдардың соңы, алпысыншы жылдардың басында, Компартияның әйгілі ХХ сьезінен кейін, Сталиннің есімімен мақтану абырой әпермейтін кезде қағазға түсіргенін ескерсек, ойымыз онға, санамыз санға бөлінері анық.



Енді, міне, Сәбит Мұқанов өміріндегі тарихи деп атауға тұрарлық осы фактінің анық-қанығына жетіп отырмыз. Сәбеңді Иосиф Сталин Кремльдегі кабинетінде 1925 жылы 7 қаңтарда қабылдағаны белгілі болды.

Алаш қайраткерлері мен  қазақ зиялылары туралы  не білеміз?

 –



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет