1.Өндірістік цикл сипатталады:
Еңбек процестері мен табиғи процестердің белгілі бір кезектестігінде ұйымдастырылған, ол арқылы шикізат пен материал дайын өнімге айналатын пайдаланылатын технологиялық жабдықтың жиынтығымен;
Аумақтық жекеленген жұмыс орындарының жиынтығымен, онда технологиялық біртекті жұмыс немесе бірдей өнімдерді дайындау жөніндегі әрқилы операциялар орындалады;
өнім немесе өндірістің белгілі бір сатысы орындалатын кәсіпорынның өндірістік әкімшілік-жекеленген бөлімшелерінің жиынтығы;
жұмысшы немесе жұмысшылар тобы өнімді дайындау немесе өндірістік процеске қызмет көрсету жөнінде жекелеген операцияларды орындайтын өндірістік аумақтардың жиынтығы;
еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы.
2. Өнімнің геометриялық формалары, мөлшері және физика-химиялық қасиеттерінің өзгерісі жүретін технологиялық процестер ... деп аталады:
негізгі;
көмекші;
қызмет көрсетуші;
жанама;
қойма.
3.Табиғи процестерге жатады:
өндірістік процесте боялған бұйымдарды кептіру;
құю;
заготовканы штамповкалау;
заготовканы механикалық өңдеу;
термоөңдеу, гальваникалық жабу.
4. Қолданылатын технология сипаты бойынша өндірістік процестер былайша жіктеледі:
механикалық және физика-химиялық;
үздіксіз және үздіктелген;
бірлік, ұсақ сериялық, сериялық, ірі сериялық және жаппай;
қол, қол механикаландырылған, машина-қол, машина,
автоматтандырылған және аппаратуралық;
циклдық және циклдық емес.
6. Шикізатты өңдеумен және оны дайын өнімге айналдырумен байланысты әрекеттердің жиынтығы:
өндіріс;
операция;
басқару;
процесс;
өнімділік.
7. Өндірістік процесті ұйымдастырудың қандай принципі барлық операцияларға технологиялық процесті бір мезгілде орындауды білдіреді?
параллельдік принципі;
пропорционалдық принципі;
дифференциация принципі;
комбинациялау принципі;
ырғақтылық принципі.
8. Өндірістік процесті ұйымдастырудың қандай принципі нақты бұйым өндірісіндегі барлық үзілістерді минимумға әкелуді білдіреді?
үздіксіздік принципі;
ырғақтылық принципі;
автоматтық принципі;
стандарттау принципі;
пропорционалдық принципі.
9. Өндірістік процесті ұйымдастырудың қандай принципі цех, өндіріс аясында белгілі бір бұйым түрін дайындау жөніндегі барлық процестердің бірігуін білдіреді?
комбинациялау принципі;
универсалдау принципі;
мамандану принципі;
параллельдік принципі;
шоғырлану принципі.
10. Технологиялық біртекті өнімді дайындау жөніндегі өндірістік операцияларды орындаудың шоғырлануы өндірістік жүйелерді ұйымдастырудың қандай принципіне жатады?
шоғырлану;
пропорционалдық;
дифференциация;
комбинациялау;
мамандану.
11.Өндірістік процестің қандай түрі жоқ?
қосымша;
көмекші;
қызмет көрсетуші;
ағындық;
негізгі.
12.Өндірістік процесс қандай негізгі сатылардан тұрады?
негізгі, көмекші, қызмет көрстеуші;