Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің басты мақсаты зауыттың өндірістік нысандарында қауіпті оқиғаларды болдырмау мен апатты жағдайлардың алдын алуды көздейді



Дата24.02.2022
өлшемі17,43 Kb.
#133235
Байланысты:
СӨЖ

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің басты мақсаты – зауыттың өндірістік нысандарында қауіпті оқиғаларды болдырмау мен апатты жағдайлардың алдын алуды көздейді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік- өндірістік бақылауды қамтамасыз етумен атқарылады.


Өндірістік қауіпсіздікті бақылау – өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесінің бір бөлігі. Ол зауыттың қауіпті өндірістік нысандарының қызметін қауіпсіздендіру, олардағы апаттық жағдайлардың алдын алу, апатты жағдайлар бола қалған жағдайда, келген зардабын жоюдың кешенді шараларын жүзеге асырады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтауды бақылау шараларының міндеті - зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын қадағалау, сонымен қатар өндірістік жұмыстың ахуалына ықпал ететін, қауіпсіздік талаптарының бұзылу себебтерін анықтау болып табылады.
Химия өндірісі халықтық шаруашылықтың негізгі саласы бллып табылады. Ол ғылыми жетістіктер негізі. Химия өдірісі шикізатты өндіру мен өңдеудің комплексті нышандарына мыналар жатады: Қышқыл, сілті, хлор, аммиак және т.б. заттар алудағы негізгі өндірістер; Органикалық заттар синтездеуші заводтар; Жасанды синтетикалық талшықтар алу өндірісі; Бояғыштар өндіретін заводтар мен комбинаттар; Химико-фармокологиялық дәрілік препараттар жасайтын заводтар; Ауылшаруашылығында көп мөлшерде пайдаланатын минералды тынайтқыштар заводтары да жатады. Химия өндірісінің дамуы күннен күнге қарқындай түспек, себебі кез келген қосылыстар, тамақ өнімдері, киім кешектер осының барлығы химия ғылымының жетістігі болып табылады. Соңғы онжылдық ішінде химия өндірісінде еңбек жағдайларының мәселесі жақсарды. Уланудың жоғары дәрежелі түрлері төмендей түсті, көптеген өндірістерде ауаның құрамындағы токсикалық қосылыстар азая түсті, өндірігш құралдардың автоматизациялануы және механизациялануы да енбек өнімділігін арттырып, адам денсаулығына кауіп төндіруін төмендетті. Өнімнің көптеп шығарылуы, органикалық заттардың синтезделу әдісінің модельдеуі ауа құрамындағы улы қосылыстардың мөлшері едәуір төмендеді. Гигиеналық мәселелер өндіріске күрделі схемалы аппарттардың орнауынан, өнімділі жоғары машиналардың көптеп келуінен, әртүрлі технологиялық заттардың блокировкасынан туындады. Қазіргі танда ауыл шаруашылығы өндірістің маңызды саласы болып табылады. Ол қоғамдағы халық шаруашылығында манызды рөл атқарады.
Өндірістік бақылауды жүзеге асыруда мынадай міндеттер шешіледі:

  • Қазақстан Республикасы құқықтық-нормативтік актілеріндегі және басқа да заңдармен бекітілген өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарының тұрақты орындалуын қамтамасыз ету; 

  • өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының бұзылуына әкелетін себептерді анықтау:

  • зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына сараптау жүргізу;

  • өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының бұзылуы мен үшінші тұлғалардың жасаған залалын жою, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу шараларын жасау; 

  • зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы технологиялық тоқтап қалуды, апаттық жағдайдың алдын алу, хабарлау, жұмысын үйлестіру сонымен қатар болған апатты жағдайлардың залалын жою;

  • қауіпті өндірістік нысандардағы қолданылатын энергетикалық және техникалық құрылғылардың сынағын өткізу, бақылау және өлшем құрылғыларының жөнделі мен уақытында тексерілуін қамтамасыз ету;

  • технологиялық тәртіптердің тұрақты бақылауын орнату;

  • өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тұрақты бақылау орнату және өндірістік қауіпті факторларды анықтау;

  • зауыт еңбеккерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесі бойынша дайындығын ұйымдастыру, тексеру, аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыруі;

  • өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына ықпал ететін бұзылулардың себебі мен салдарларын табу;

  • зауыттың өндірістік қауіпті нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының анализі;

  • өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын жақсартуға және үшінші тұлғаларға, қоршаған ортаға келтірілетін зияндарды болдырмауға бағытталған шараларды әзірлеу;

  • зауыттың өндірістік қауіпті нысандарында авариялар, қақтығыстар, технологиялық іркілістерді алдын ала ескертуге және оларды оқшаулау мен жоюға бағытталған жұмыстардың координациясы;

  • зауыттың өндірістік қауіпті нысандарында қолданылатын тәжірибелер өткізуге, техникалық қондырғылар, энергетикалық жабдықтар, жөндеу және өлшеу бақылау заттарына уақытылы бақылау;

  • технологиялық тәртіпті сақтауды үнемі бақылауда ұстау;

  • өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексерулер өткізу және өндірістік зиянды факторларды анықтау;

  • өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында зауыт жұмысшыларын аттаестациялау және оны ұйымдастыру және бақылау.

Қауіпсіздік техникасы – еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі.Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен құралдарының жүйесі.Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың – стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі.


Қазақстан республикасының еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында тоқталып, еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау – құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз – бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау
-құқықтық
-медициналық
-экономикалық
-техникалық құрамдас элементтерден тұрады.
Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет