Өнім бағасын, икемділік коэффициентін анықтауға Есептер



Дата30.04.2024
өлшемі22,84 Kb.
#201568
Байланысты:
Есептер бага икемділік


Өнім бағасын, икемділік коэффициентін анықтауға
Есептер



  1. Тауар өзіндік құны 400 тг. Зауыт рентабельділігі -15% .Тауар жеткізушінің үстемесі -20%. Дүкен қосымшасы -15% .Қосымша құн салығы 12%. Бөлшек сату бағасын анықта.

  2. Тауардың тұтынушыға сатылу бағасы 550 тг, бастапқы бағаны анықта. Дүкен саудасының үстемесі 33,3% . Сақтау қызметі үшін қойма делдалдан 300 тг ақы алды. Делдалдың бағаға қойған үстемесі 25%.

  3. Станоктың өндірістік өзіндік құны 5 мың тг. Өткізуге байланысты жылдық шығындары 3216 мың тг болды. Кәсіпорынның жоспарлы пайдасы 6% . Станоктарды өткізудің жылдық жоспарланған көлемі - 1000 дана.Станоктың жоспарлы бағасын есепте.

  4. Егер бұйымның өзіндік құны 350 тг.Зауыт жұмысшыларының рентабельділігі 15% . Делдал үстемесі 25%. Дүкен қосымшасы 10% . Бұйымның соңғы бағасын анықта. Қосымша құн салығы 12%.

  5. Өндірістің зиянсыздық көлемін анықта. Баға 120 тенге, бірлік ауыспалы шығын 80 тенге, жалпы тұрақты шығын 1700 000 тенге. Өндірістің зиянсыздық көлемін анықта. Баға 120 тенге, бірлік ауыспалы шығын 80 тенге, жалпы тұрақты шығын 1700 000 тенге.

  6. Өндірістің зиянсыздық көлемін анықта. Өнім бағасы 160 тенге, өзіндік құндағы бірлік ауыспалы шығындар 60 тенге, өндірістік жалпы шығындар 1800 мың тенге, тұрақты шығындар 70% құраған.




  1. Өнім түрі бойынша жоспарлы жылы жалпы өзіндік құнның төмендеу пайызын анықта.




Өнім түрі

Бірлік өзіндік құн

Жоспарлы өнім көлемі

Базалық жыл

Жоспарлы жыл

А

35

32

150

В

26

23

200

С

37

33

220

Барлығы

98

88

570




  1. Есеп беру жылында фрезерлік станоктің зауыттық өзіндік құны 700 тг. Сату бойынша шығыны зауыттық өзіндік құнның 15% -ын құрайды. Көтерме сатудағы бекітілген бағасы – 1500 тг. Материалдардың кейбір бөлшектерін ауыстыру арқылы жоспарлы жылы зауыттық өзіндік құнды 2%-ке азайту болжалынды. Өндірістегі фрезерлі станоктың рентабельділігінің өзгеруін анықта.

  2. Келесі мәліметтер бойынша икемділік көэффициентін анықтау керек: егер бағаны 360 тг-ден 300 тг-ге төмендетсе, онда бұйымды өткізу 1233 данадан 1315 данаға дейін өседі.

  3. Келесі мәліметтер бойынша икемділік коэффициентін анықтау керек. Бағаны 360 тг-ден 300 тг-ге түсіргенде өндіріс көлемін 40%-ға ұлғайтуға болатыны белгілі.

  4. Икемділік коэффициентін келесі мәліметтер арқылы анықтау керек. Бағаны 510 тг-ден 550 тг-ге дейін көтергенде, сату көлемі 1550 данадан 1350 данаға дейін төмендейді.

  5. Өнім бағасы 1 кварталда 300 тг болған.2 кварталда 10%- ға арттыру жоспарланды. Өндірістің жалпы шығындары 1 млн тг. Соның ішінде 20%- ке тұрақты шығындар. Осы шығынды жұмсау арқылы 10000 дана өнім өндірген. Кәсіпорындағы баға өзгерісі зиянсыз өндіріс көлеміне қалай әсер етеді, өзгерісін анықта.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет