ОҚо сайрам ауданы Аксукент ауылы №94 жалпы орта мектеп. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Калдыбаева Пернеш Тастанбековна Коучинг сабақтың жоспары Табысты оқытуға қол жеткізудегі диалогтік оқытудың тиімділігі
Мұғалімдерге қима қағаздар таратып, Жүрек, қол, бас суреттері бейнеленген қиындылар арқылы топқа бөлу.
Жүрек, қол, бас суреттері бейнеленген қиындылар арқылы топқа бөлінеді.
Миға шабуыл.
5 мин
Құрастырған суреттері бойынша топ мүшелерінің ойларын білу. «Суретте не бейнеленген? Суреттегі заттың құрылысын жазып шығуды тапсыру.Сурет бойынша өз ойыңызды айтыңыз. Бұл суреттердің бүгінгі біздің тақырыбымызға қатысы бар ма?» - деп қатысушыларға сұрақтар қоямын.
Құрастырған суреттері бойынша топ мүшелері өз ойларын айтады. Суреттегі заттың құрылысын жазып шығады.
Таныстырылым
10 мин
Диалог дегеніміз не? Диалогтің түрлері. Диалогтық оқыту туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру.
Постер сызып, қорғау. «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы топтар бір- бірін бағалайды.
Тапсырмалар орындату. 20мин
1- топ. Ата – аналар жиналысын оқушымен бірге өткізудің тиімді, тиімсіз жақтары.
2- топ. Құстардың жылы жаққа кетуі.
3- топ. Мектеп – кеме, білім – теңіз. 3 топқа 3 түрлі тапсырма беріп, топта талқыға түсіру. Осы тақырыпқа қысқаша мәтін түзіп, қай әңгіме түріне жатқызатынын, басқа топ дәлелдеп береді. Осы мәтінді сіз қай әдіс - тәсіл арқылы оқушыларға меңгерткен болар едіңіздер? Бұл әдісті қолдану арқылы біз оқушының қандай дағдыларын дамытамыз деп ойлайсыздар?
3 топ 3 түрлі тапсырма алып, топта талқыға түседі. Осы тапсырманы қандай әдіс - тәсіл арқылы оқушыларға меңгертетінін ақылдасады. Бұл тапсырмалар диалогтік әңгіменің қай түріне лайық екендігін басқа топ айтады.
Сергіту сәті 2 мин
«Сөз тізбегі» ойыны
Бір сөз айтып, қалғандары оның соңғы буынынан келетін сөз бастайды
Ынтымақтастықта жұмыс істейді.Жауапкершілікті сезінеді.
Қорытындылау 5 мин
«Алты қалпақ» Әрбір қалпаққа тапсырма беру.
Ақ қалпақ: Бүгінгі сабақтардан қанша әдіс- тәсіл көре алдыңыз?
Өз тәжірибеңізге қаншасын енгіздіңіз?
Қызыл қалпақ: Осы сабақтарда сізді не таңқалдырды?
Қара қалпақ: Осы сабақтардың аздаған кемшілік тұстары....
Жасыл қалпақ: Өз тәжірибеңізге қандай әдіс- тәсілдер ала алдыңыз?
Сары қалпақ: Бүгінгі сабақтардың ұтымды тұстары?
Көк қалпақ: Коучингтің қорытындысы.
Қалпақты киген мұғалім өз ойын айтады.
Кері байланыс 2 мин
Табиғат суретіне сабақ барысындағы ойларын жазғызып, ілгізу.
Кері байланыс жазады.
ОҚО Сайрам ауданы Аксукент ауылы №94 жалпы орта мектеп. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Калдыбаева Пернеш Тастанбековна
Мерзімі
04.04.2016ж
Сыныбы: 11 «А,Б,В»
Сабақтың атауы
Тақырыбы: Пікірталас түрлері
Жалпы мақсаты
Пікірталас түрлері туралы түсінік алады. Пікірталастың қоғамдық рөлін түсінеді. Жаттығу барысында пікірталасқа өз көзқарастарын білдіру, ауызекі сөйлеуде сыни ойлауын, тілін дамыту, тілдік тапсырмаларды шапшаң, тиянақты орындауға дағдыландыру;
Міндеттер:
1. Оқушылардың қызығушылығын ояту
2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни - тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау
1. Оқушылар өз алған білімдерін еске түсіріп жауап береді.
2. Сұраққа жауап береді.
Жаңа сабақ 10 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Миға шабуыл әдісі
Оқушыларға мынадай сұрақ қойылады?
ҰБТ – арқылы оқушы білімін анықтау, оқушы білімінің нақты көрсеткіші бола ала ма? – сұраққа жауап алу барысында оқушыларды пікірталасқа түсіру мақсаты көзделеді.
Топпен жұмыс ұйымдастыру
- Оқушыларға ойларын қорытқызу
- Оқушылар өзара пікірталасқа түседі.
- Топпен жұмыс
Оқушылар топқа бөліне отырып, өз шешімдерінің дұрыстығына көз жеткізу үшін үшін белгілі бір пікірге тоқталып, топпен қағазға ойталқы жазады.
бетімен оқып түсіне отырып,сұраққа – жауап береді.
- Дәптерге тиісті мәліметтерді түртіп алады.
Мәтінмен жұмыс 8 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
54 -жаттығуды ұсыну арқылы оқушыларды жақсы
сөйлей білуге жетелеу;
Топпен жұмыс
1- топ жаттығу бойынша жай сөйлем түріне талдау жасату;
2- топ жаттығу бойынша жай сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау;
3- топ ауыспалы мағынада қолданылған сөздерді теріп жазып, мор-қ талдау жасату;
55- жаттығудың мақсатын орындату (ауызша)
54-жаттығуды оқып, мазмұнын түсініп, оқушылар өмірде адамдармен қарым - қатынаста қолданады.
Тілдік тапсырмаларды дұрыс орындайды.
55- жаттығуды оқып,
Тіл тазалығы туралы білімдерін толықтырады.
Шығармашылық тапсырма 5 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
56 – жаттығу бойынша М.Балақаевтың пікірін оқыту,
Жұппен жұмыс :Оқушылар өз жұптарының сөйлеу мәнері жөнінде шағын эссе жазады.
Қорыту Күтілетін нәтиже 5 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Венн диаграммасы ұсынылады.
Тіл тазалығы, тіл шұбарлығына мысал келтіре салыстырады.
Салыстырады. Ойларын қорытады.
Бекіту
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Тіл тазалығы дегеніміз не?
Ой түйін жасайды.
Бағалау
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.
Топ оқушылары өз тобын бағалайды.
Үйге тапсырма 2 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
57 -жаттығуды орындауды; 2 құрмалас сөйлем жазып, синт-к талдау жасауды тапсыру.
Күнделікке түртіп алады.
Пәні: қазақ тілі
Сынып: 11 «А,Б,В»
Мерзімі: 5.04.2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Пікір алмасу (Дискуссия)
Сабақтың мақсаты: Ой-пікірді ортаға сала отырып, мәселенің ортақ шешімін қалыптастыру, Оқушылардың жан-жақты қарау мен талқылау арқылы көпшілік көтерген мәселенің түйінін тауып, ортақ пікірге келуін қалыптастыру.