Оралхан Бөкейдің Атау кере повесінде Ерік перзенттік борышын ақтай алды ма?



Дата08.02.2022
өлшемі14,22 Kb.
#123293
Байланысты:
атау кере


Оралхан Бөкейдің Атау кере повесінде Ерік перзенттік борышын ақтай алды ма?
Қазақ халқында баланың ана алдындағы борышын ақтауды, парызын өтеуді ана сүтін ақтау деп айтатынын естіп жатамыз. Перзенттік борыш ол кез келген адамның өз ата анасының алдындағы жауапкершілігінің көрінісі. Баланың ата ана алдындағы борышы ата ананың разылығын алу, ата ананың қалауын орындау, оларды жақсы көру, оларға қызмет істеу, ата ананың батасын алу. Қазіргі уақытта өте актуалды мәселелердің бірі осы ата ана алдындағы баланың перзенттік борышының өтелмеуі, ақталмауы.
Негізгі тақырыбы дәл осы мәселе болатын Оралхан Бөкейдің Атау кере повесі менің соңғы уақытта сүйсіне оқыған шығармаларымның бірі болды. Шығарманы оқу барысында Ерік сияқты кейіпкердің іс әрекеті мені терең ойландырды. Содан Қазіргі таңда, бүгінгі қоғамда осындай Еріктер көп пе деген сұрақ туындады. Менің ойымша, әрине көп. Оған дәлел: Әлемдегі ең үздік елу елдің қатарына қосылып жатқанымызда елімізде қарттар үйлерінің көбеюі бола алады.
Мүмкін Еріктің қатігез, дүниетанымының таяз, ой өрісі сараң, адами құндылықтарының мүлдем басқа арнада болуының негізгі себебі оның жастайынан әкесінен айырылып, әке тәрбиесін көрмей өсуінен де болар.
Бұл шығармадағы ең жағымды кейіпкер Еріктің келіншегі Айна. Менің ата анамнан естіген Балам арам болса арам болсын, келінім адал болсын деген асыл сөздің нағыз көрінісі. Рухы биік, ибалы да инабатты келін Айна арқылы жастарға үлгі болатын нағыз адал жар, адал келін образын көреміз.
Жәннат аналардың аяғының астында, Анаңның көңілі тоқ па, Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада деген сияқты мағынасы өте терең сөздерді жиі естиміз. Осындай бабалар сөзі біздерге, жастарға рухани азық болуы керек.
Қорытындылай келе, Еріктің перзенттік борышын ақтамағандығын түсінеміз. Мен үшін бұл аталмыш шығарма қазіргі таңдағы үлкен қасірет көлеңкесін көрсетеді. Автор осы Ерік сияқты дүниеқоңыз, ана алдындағы парызын ұмытқан, анасының қай күйде оларға не қажет екенін білмейтін, адам баласына қайыры жоқ кейіпкер арқылы өз оқырмандарына осындай керемет шығарма ұсынып отыр. Ең бастысы ата ана өмірдегі ең қастерлі жандар болып саналатынын жадымыздан шығармауымыз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет