Орамжапырақ тұқымдасы, қырыққабат туысына жататын, бір жылдық шөп тектес өсімдік



Дата24.04.2020
өлшемі15,4 Kb.
#64618
Байланысты:
Рапс



Рапс
Рапс - орамжапырақ тұқымдасы, қырыққабат туысына жататын, бір жылдық шөп тектес өсімдік.

  • Биіктігі 40-50 см-ге жуық.

  • Сабағы жұмыр, бұтақтары көп, жапырақтары кезектесіп орналасқан, құстың қауырсыны тәрізденіп тілімделген, жоғарылаған сайын жапырақтарының көлемі кішірейе береді, сағақтары қысқара түседі.

  • Гүлдері сары, шоғырланып тұрады.

  • Тұқымы майда, дөңгелек, қоңыр және сары түсті дәнектер. Мамыр айында гүлдейді. Жемісі маусым айында піседі.

Құрамы. Құрамында синигрин деген гликозид және мирозин деген фермент бар. Су тисе осы фермент синигрин гликозидімен химиялық реакцияға түседі де, эфир майларын бөліп шығарады. Эфир майлары - өте улы, сондықтан таза күйінде пайдаланылмайды. Өсімдік тұқымының әбден қурап кеткен кезінде иісі болмайды, бірақ жылы суға салып жібіте бастаса, иісі бұрқырап шыға келеді. Әуелгі кезде дәндерінің дәмі жоқ сияқты көрінгенімен, артынша дәндерінде өткір, тілді ойып жіберетіндей дәм пайда болады.Емдік қасиеті және қолданысы. Дәрілік мақсат үшін қышаның тұқымы пайдаланылады. Жасалған дәрілер тамаққа тәбет арттырып, асқазан сөлдерінің бөлінуін көбейтеді де, ас қорыту жұмыстарын жақсартады. Қыша тұқымының 200 грамын алып, жылы суға бұлау жасау үшін де пайдалануға болады. Мұндай бұлаулар қан айналысын жақсартады, қақырықтың бөлінуін күшейтеді. Кейде ваннадағы суға аяқты ғана батырып отырады. Бұл ем көбінесе жоғарғы тыныс жолдары мен өкпе қабынғанда өте жақсы нәтиже береді.
Кейбір жағдайларда қолда дайын қыша болмай қалса, қыша тұқымын ұнтақтап, суға езіп қоймалжың етіп алады да, қалың қағазға жағып кептіреді. Осылайша үй жағдайында жасаған қышаны өкпе қабынғанда арқаға, қан қысымы кенет көтерілгенде жүрек тұсына, желкеге жапсырады. Тек оны алдын ала жылы суға малып алу керек.

Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптары :Қышаның екң түрі де суыққа төзімді. Сондықтан олардың тұқымдары топырақ +1-2С (ақ қыша), 2-3С (көкшіл сұр қыша) қызғанда өне бастайды. Қара топырақтарға сепкенде көкшіл сұр қышадан жақсы өнім алуға болады. Сортаң жерлер мен гранулметриялық құрамы ауыр саздану келетін топырақтарға егудің қажеті шамалы.

Алғы дақыл: Алғашқы кезде баяу өсетіндіктен қышаны арамшөптер басып кетеді. Сондықтан оларды арамшөптерден таза танапқа себу керек . осы тұрғыдан алып қарағанда қышаның жақсы алғы дақылы – күздік бидай. , отамалы және дәнді бұршақты дақылдар болып табылады. Ал қышаны ықтырма үшін пайдаланғанда ол сөзсіз таза сүрі жерге себіледі.

Тыңайту және топырақ өңдеу. Топыраққа қоятын талабы онша болмағанымен қыша өсімдігі органикалық тыңайтқыщтарды ұнатады.


Рапс тақырыбына үй тапсырмасы

1 Рапс морфологиялық сипаттама беріңіз

2 Маңызыдылығын атаңыз



3 Рапс алғы дақылдарын атаңыз

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет