Орынбек Айгерім ШТА-17 Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы
Түрік заманында Қазақстан жерін мекендеген халық өзінің алақұлалығымен ерекшеленеді. Бұрын-соңды Қазақстан жерінде антропологиялық бет-әлпетінің осыншама ала-құлалығы кездеспеген. Ерте орта ғасырларда да шығыстан батысқа карай қоныс аударған тайпалардың Қазақстан жеріне соқпай кеткені кемде-кем. Дегенмен де түрік заманындағы жерімізді жайлаған халықтың бет әлпетінде сақ, үйсін адамдарының заңды жалғастығының бар екенін баса айту керек.
Сырттан келіп қосылған халықтар сонау сақ дәуірінен бері үздіксіз қалыптасып келе жатқан жергілікті антропологиялық тұрпатты күрт өзгерткен жоқ, тек аздап монғолдандырды. Антрополог О.И.Cмағүловтың есептеуі бойынша, түрік дәуірінде Қазақстанды мекендеуші тайпалардың антропологиялық тұрпаты 20%-ға монғолданды. Сонымен түркі заманында Қазақстан жерінде тұрандық-оңтүстік сібірлік нәсілдік тұрпат қалыптаса бастады.
Монғолдар шапқыншылығы дәуірінде жерімізге азиялық антропологиялық элемент соңғы рет үлкен толқынмен енді. Монғолдар басып алған ғасырларда қазақ халқының бет пішінінде монғолоидтік белгілер айқын байқалған.
Осылайша моңғолдардың келуімен Қазақстан территориясы толығымен Шыңғыс ханның иелігіне өтті. Бұл жаулап алушылықтардан соң хан өзінің балаларына иеліктерін бөліп берді. Ол құрылған хандықтар ішінде Әбілқайыр хандығын атап кеткеніміз жөн. Себебі осы хандықтан бөлініп шыққан сұлтандар Керей мен Жәнібек өз топтарын бастап Жетісу жеріндегі Қозыбасы деген жерге келіп Қазақ хандығының туын тікті. Қазақ хандығы біртұтас, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік құрылым ретінде 1465 жылдан бастап 1847 жылы ең соңғы қазақ ханы Кенесары өмірден озғанға дейін төрт ғасыр бойы өмір сүріп, тарих сахнасында мәңгіге өз еншісін алды. азақ хандығының құрамына енген ру-тайпалардың өзара экономикалық, мәдениет және қоғамдық-саяси байланыстарының нығая түсуі, этностық аумағының анықталуы, осының негізінде ортақ жалпы ұлттық мүдденің калыптасуы және оны сырттан төнген қауіптен ұйымдасқан түрде қорғау қажеттігі белгілі дәрежеде орталықтандырылған басқарушы билік жүйесінің пайда болып, оның ширай түсуіне алып келді. Қазақ хандығының жүйесіндегі тағы бір ерекшелік, елдің билеушісі хан болса, оның жанында билер мен батырлар тұрды. Қазақ хандығының құрылуы саяси жағынан алғанда ХІV-ХV ғасырларда қазақ даласы мен оған көршілес аумақтарда өмір сүрген Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Моғолстан және Мауереннахрдағы Темір әулеті билеген кездердегі саяси қарым-қатынастардың дамуының заңды қорытындысы болып табылады. Қазақ хандығы құрылуының маңызы осындай этникалық саяси дамулармен тығыз байланыста ерекшеленеді. Алайда, Қазақ хандығының құрылуы мәселесі ғылыми жағынан маңызды, өзекті мәселелердің бірі болса да, тәуелсіздік алғанға дейін кеңестік биліктен қаймыққан отандық тарихшылар тарапынан жете көңіл бөлінбегені рас .