Геометриялық нивелирлеу. Нивелирлік жұмыстардың түрлері
Нивелирлеу деп өлшеу нəтижесінде екі немесе бірнеше нүктелердің бір-бірінен өсімшелерін (биіктігін немесе төмендігін) анықтауды айтады. Бір нүктенің абсолюттік биіктігі (деңгей беттен биіктігі) белгілі болса, сол арқылы басқа нүктелердің абсолютті биіктіктерін нивелирлеу (нивелир аспабын пайдалана отырып) арқылы оңай табуға болады. ТМД елдерінде абсолюттік биіктік ретінде Кронштадт футштогінің нөлі алынған. Бұл нөлдік шама көп жылғы бақылау нəтижесінде белгіленген.