ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті «Аграрлық» факультет «Өсімдік және мал шаруашылығы» кафедрасы
Орындаған: Төлеш Ж
Тобы: АП-19-7к
Қабылдаған: Байжанов К
Тез бұзылатын өнімдерді тасымалдау және тоңазытқыш көліктеріндегі ветеринариялық санитариялық бақылау
Өсімдік өнімдерін сақтау әдістері
Өсімдік өнімдерін сақтаудың үш әдістемесі көп таралған: құрғатылған күйде, салқындатып сақтау және ауасыз герметикалық қоймада немесе басқа инертті газдарды пайдаланып басқару арқылы.
Бірінші әдіс астықты құрғақ сақтау оның сол күйде демалу үрдісі өте төмен дәрежеде жүруіне негізделген. Көптеген зиянды жәндіктер және микроорганизмдер дәннен өзіне қажетті қоректі заттарды пайдалану қиындайды.
Екінші әдіс – астықты салқындату, оның температурасын 100С-қа жеткізуге болады. Бұл жағдайда астық дәндерінің және ондағы тірі жәндіктердің демалу үрдісі және өсу циклдері тоқтау күйге дейін жеткізіледі.Одан әрі температураны төмендету бұл үрдістерді толық тоқтатуға келтіреді. Бұл әдіс режимдері астықтарды көп уақытқа сақтау кезінде пайдаланылады.
Үшінші әдісті қоймалар герметикалық жағдайда пайдаланады және инертті газдарды қолдану кезінде көптеген микрофлоралар өледі. Ауасыз – анаэробикалық сақтау әдістерін қолдану көлемі ұлғайып келеді. Бұл астықтарды сақтау үшін оған керекті техникалық жабдықталуын қажет етеді.
Азықтың сақталу техникасы
Астықтың сақталу техникасы жай тоқылған корзина, құмыра, терең ыдыстар, жер асты және жер үсті шағын қоймалар, жазық және көлбеу еденді механикаландырылған қоймалар, элеваторлар пайда болды.
Астықты ұзақ сақтау үшін оны құрғақ күйге келтіру тиіс. Осыған байланысты өңдеу үрдістерін әр бағытта техникалық жабдықтарды кең көлемде пайдалану керек.
Қазіргі кезде астықты тазарту, кептіру, салқындату, түсіру, тиеу және оны тез, ұзақ уақыт аралығында сақтауға байланысты қондырғылар бар. Бұлардың арасын құбырлық, транспорттық жүйемен байланыстырып астықтың орындап жүргізу үшін өте қажет.
Астықты сақтаудың техникалық дамуына байланысты астық кәсіпорындары мына түрлерге бөлінеді: механикаландырылмаған қойма; механикаландырылған қойма; жеке тұрған үлкен диаметрі бар металдан жасалған қойма; жүгеріні собығымен сақтауға арналған қабырғасы торлап жасалған апенка; жеке металдан салынған жай қойма; көп қабатты механикаландырылған силос, бастырма, жабылған бурт, механикаландырылған ток, көлбеу еденді механкаландырылған жай қойма, пагауз темір жинап қойылатын қойма, салқындатылатын қорап қойма;
Элеваторлар қоймаларының техникалық жабдықталу түрлері: құбырлы элеватор, бір қанатты конвейерлі элеватор, екі қанатты конвейерлі элеватор, екі мұнаралы элеватор, силостық қабатты элеватор, металды силостар, силосты май қоймалы элеватор, өндірістік ұн заводымен біріктіріліп жасалған элеватор, жеке металдың силостарынан салынған элеватор.Элеватор мен жай астық қоймаларының жұмысын механикаландыру шаралары техникалық сапасы жоғары жабдықтармен қолға алынуда.
Өсімдіктен алынған азық-түлік шикізатының партиясына ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеу кезінде пайдаланылған пестицидтер, азық-түлік қорларының зиянкестерімен күресу мақсатында сақтауға арналған үй-жайлар мен ыдыс фумигациясы туралы ақпарат қоса жүреді.
Өнімнің жарамдылық, сақтау мерзімі мен түрі көрсетілген әр ыдыс орнының таңбалаушы жазба белгісі (затбелгі) жарамдылық/сақтау мерзімі аяқталғанға дейін, өнімді толық пайдаланғанға дейін сақталады.
Объект тамақ өнімдерін сақтау және өткізуге дайындау үшін қойма үй-жайларымен, шикізатты, дайын өнімді, қаптамалайтын және қосымша материалдарды бөлек сақтау үшін тоңазыту жабдығымен қамтамасыз етіледі, олар жеңіл жуылатын және дезинфекцияланатын материалдардан жасалған және биіктігі еденнен кемінде 15 см сөрелермен, стеллаждармен, тұғырықтармен және контейнерлермен, салқындату камералары конденсатты жинау және аластату жүйесімен, ал қажет болған кезде, қалайыланған ілмегі бар немесе тот баспайтын құрыштан жасалған аспалы арқалықтармен жабдықталады.
Өнімдерді дұрыс сақтау және тасымалдау
Тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу шарттарын, мерзімін өндірушінің өнімнің нақты түріне арналған нормативтік және/немесе техникалық құжаттамасына сәйкес сақтайды.
Жылдың жылы мезгілінде тез бұзылатын өнімдерді тасымалдау плюс 6оС аспайтын температура кезінде:
1) салқындататын шанағы бар арнайы көлікте 6 сағаттан асырмай;
2) суық келмейтін изотермиялы шанақтарда 1 сағаттан асырмай жүргізіледі.
Тасымалдау жұмыстары
Тасымалдау авторефрижераторларда: суыған және салқындатылған етті - плюс 6оС температура кезінде, тоңазытылған етті - 0оС температура кезінде жүргізіледі.
Көлікті санитариялық өңдеуді су құбырына және кәріздеуге, ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосылған жуу блоктарында немесе алаңдарында жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізеді. Шанақтың ішкі бетін дезинфекциялау он күнде бір реттен сиретпей жүргізіледі. Өнімді, ыдысты, өнеркәсіптік қаптаманы кәдеге жарату және жою тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады