Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында тіл дамытудың тиімді жолдары.
Чиркова Гүлмира Нәсіпқалиқызы
ІІ санатты қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Белес ЖОБМ-балабақшасы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім берудің ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке шығармашылық қабілеттерің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу – бүгінгі заманның талабы.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі екендігі баршаға мәлім. Бүгін заман өзгерді, қоғам алмасты, еліміз тәуелсіздік алды, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қайта жанданып жатыр.
Тіл дамыту – қазіргі мектептің оқу тәрбие ісіндегі басты проблема – тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарыншығармашылықпен
жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздеріне қолдана білуіне жағдай жасайды. Оқушының тілін дамыту жұмысы, ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы пәнді оқып үйренсе де, өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады, яғни оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.
Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, туған елінің тыныс тіршілігімен жан-жақты, терең таныстыру, тілдерін дамыту.
Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл – ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір – бірімен достық қарым – қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады.
«Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі» - деп түсіндіреді тіл ғылымдарының ғалымы М. Балақаев.
Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамыту керек. Осы мақсатта тіл дамыту оқушыларға еркін тақырып аясында ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап, көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйретіледі. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Әр сыныпта белгілі бір тақырыптар қайта қайталанғанымен оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық. Осы жұмыстардың ішінде сабақ барысында өте жиі қолданылатыны мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс істегенде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бірақ сол қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсаты оқушыларға айкын болуы керек.
Түсіндіру әдіс -жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. Сондай–ақ қазақ тілі грамматикасының кейбір ерекшеліктері (алфавит бойынша қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды, дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке, ал дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіндігі, екпіннің соңғы буынға түсіп, не істейді? сұрағына жауап беретін сөздердің сөйлем соңында тұратындығы, жалғау, жұрнақтардың жуан, жіңішке, екі вариантта болатындығы, кім? сұрағының тек адамға қойылатындығы, ма, ме, ба, бе, па, пе деген қосымшалардың бірде жұрнақ, бірде сұраулық шылау болатындығы,т.б ) түсіндіріледі.
Болымсыз етістіктің жұрнағы: Сұраулық шылау:
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе Ма, ме, ба, бе, па, пе
Отыр-отырма Сенен сабақ сұрады ма?
Жүр-жүрме Ол келдіме?
Жаз-жазба Айттың ба?
Үз-үзбе Ерте келдің бе?
Айт-айтпа Жазып па?
Күт-күтпе Күліп пе?
Берілген сөздерді жуан және жіңішке дыбыстарына қарай екі бағанға бөліп жазыңдар.
Қазақстан, сәлем, қайырлы, күн, кеш, түн, қазақ, кәріс, ұлт, Алматы, Қарағанды, өте, жазу, аты, жас, туған жыл, мен, кім, азамат, қайда?
Практикалык әдіске ойнау элементтері бойынша тіл үйрену кіреді. Дидактикалық ойындар оқушылардың білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға, жалғауларды дұрыс тауып қоюға жаттығады.
Жақшаны ашып, сөйлемдерді дұрыс көшіру
Мен мектеп... (-та, -те) оқимын. Мектеп... (-та, те) үлкен кітапхана бар. Одан түрлі қызық кітаптар (-ты, -ті, -ды, -ді) алуға болады. Кітапхана
(-та, -те, -да, -де) көп газеттер мен журналдар бар.
Жақшаны ашып, дұрыс жалғау жасап көшірту:
Біз мұғалім... (-мен, -бен) хайуанаттар бағына бардық.
Біз құстар... (-дың,-дің) , жануарлар (-дың, -дің) бірнеше түрін көрдік.
Жануарлар... (-дың,-дің) мінездері әртүрлі.
Олар түрлі тамақ... (-бен, -пен) қоректенеді.
Көрнекілік әдіс –сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Суреттер мен заттарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды, яғни эстетикалық жағынан жақсы, ірі екі немесе үш түстен болуы керек .
Мысалы: «Ұлттық киімдер» тақырыбын өткен кезде киімдердің суретін көрсету арқылы немесе сыныпқа кәдімгі киімдерді көрсету арқылы жүзеге асып отырады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады. Бұл әдіс – «Мектеп өмірінен», «Жыл мезгілдері», «Өзім туралы», «Қазақ өнері», «Спорт» тақырыптарында жүзеге асады.
Сұрақ – жауап әдісі. Балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл әдісті қай сыныпта болмасын, сабақтың қай кезеңінде болмасын қолдануға болады, өте белгілі де тиімді әдіс. Жас ерекшелігіне байланысты сұрақ дайындайды.
Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл – ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір – бірімен достық қарым – қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады.
Қазақ тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар – балаларды қазақша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір – бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Міне, осыған орай оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайықтап беріледі. Кітаптағы мәтіндердің күрделілігі сол мәтіндермен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне сай келу керек. Осыған байланысты мәтінмен жұмыс істеуді түрлі әдістермен жүргізуге болады:
- интерактивті тақта арқылы
мұғалімнің кіріспе әңгімесі;
мәтінді мұғалімнің оқуы;
сөздікпен жұмыс жүргізу;
мәтінді оқушылардың оқуы;
мәтінді оқығаннан кейінгі қысқаша әңгіме өткізу;
мәтінді бөліктерге бөле оқу;
сұрақтарға жауапты мәтіннен тауып оқыту;
мәтінді рөлге бөліп оқыту;
мәтінге тақырып қою, оның мәнін түсіндіру.
Міне, осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтіндермен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Есте болатын бір жағдай оқушылар сабақта жалығып кетпес үшін жаңа сөздерді жаттау, есте сақтау, тіл дамыту жұмыстарын үнемі түрлендіріп отыру міндет. Өтілген сөз, сөз тіркестерін, сөйлемдерді үнемі қайталап отырмаса, тез ұмытылады. Сондықтан жаңа сөздерді үй тапсырмасын тексергенде, суретпен жұмыс жүргізгенде, мәтін оқығанда, сұраққа жауап бергенде, яғни сабақтың барлық кезеңінде үнемі қайталап, еске түсіріп отырған жөн. Сабақты тиімді де кұнды әдістермен өткізу және оны жүйелі де жоспарлы жүргізу сабақ элементтерінің толық қатысуына мүмкіндік береді.
Қазіргі педтехнология талаптары оқушыға білім берудің ең тиімді, ұтымды жақтарын таңдауды талап етеді және үнемі дамыту, жетілдіру, толықтыру сабақ сапасын арттырады. Оқушыны да, мұғалімді де шығармашылыққа жетелейді
Осындай айтылған әдіс-тәсілдерді қолданудың нәтижесінде мынадай білім сапасының көрсеткіштеріне жеттім.
2009-2013 жылдар аралығындағы білім сапасының көрсеткіші.
2009-2010 оқу жылы
|
2010-2011 оқу жылы
|
2011-2012 оқу жылы
|
2012-2013 оқу жылы
|
64 %
|
72%
|
84%
|
87%
|
Міне, біздің жоғарыда айтып отырған ойларымыз баланың тілін мәтіндер арқылы сөйлетуге, сөздік қорын байытуға бағытталған. Бұл әдістерді қолдана отырып, оқушының сөйлеу дағдысын меңгергендігін жоғарыда берілген диаграмма бойынша байқауға болады.
Тілдің қажеттігі оқушының сөздерді түсініуне, есіне сақтау қабілетінің артуына, сөздік қорының молаюына әсерін тигізеді.
Қорыта келгенде тіліміздің мәртебесі – еліміздің мәртебесі, сондықтан сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу біздің мақсатымыз.
Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, орыс тілді мектептердегі оқушылардың қазақша сөйлеу дағдылары қалыптасып, пәнге деген қызығушылықтары артады.
Еліміз жыл сайын білімді, ақылды жасөспірімдермен толығып келеді. Ендеше, болашаққа деген сенімділік те бізде мол.
Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, Отанды сүюге, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарын түсініп, оған жауап беруге, үйренген сөздерін дұрыс айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйрету.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілін үйретуде тіл дамытуды грамматикадан бөле жарып қарастыру мүмкін емес, біріншіден белгілі бір тақырыптарға, екіншіден сөз таптарға қатысты болады, яғни тіл дамыту грамматикамен тығыз байланысты. Кейбір грамматикалық түсініктемелер, жаттығу шарттары орыс тілінде берілетіндіктен, салыстырмалы грамматикаға байланысты мәліметтер де қамтылады. Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарын мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асырамын.
Ол – сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айту, көрнекілік, аударма, кітаппен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, видео касеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтармен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың тілі біршама дамитынына сенімдімін. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Өз тәжірибемде жаңа технологияларды,әсіресе ,сыни-тұрғыдан ойлау технологиясын тиімді пайдаланамын. Осы технологияның әдіс-тәсілдерін оқыту бойынша 2008 жылы курстан өтіп,сертификатқа ие болдым.
Қорыта айтқанда,орыс класындағы тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу арқылы білім сапасын көтеріп,мемлекеттік тілге деген құрметті арттыруға болады.
Әдебиеттері:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, 2008ж.
Ж.Д. Адамбаев «Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» 2000 ж.
Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде журналы 2003, №5; №1, №2,№10, 2010жылы., №2 - 2004 ж
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориасы мен әдістемесі Алматы, 2000жыл .
12 жылдық білім журналы. №4, 2004ж.,№2,2008 ж
Мұғалім журналы. №4, 2012 ж.
«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы №8, 2007ж.
«Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журнал №1 (43), 2009ж.
Балақаев М. Жанпейісов Е. Томанов М. Манасбаев Б . Қазақ тілінің стилитикасы.- Алматы: Мектеп
Достарыңызбен бөлісу: |