Өркениет тарихындағы саяси білімнің даму кезеңдері



бет1/3
Дата30.12.2021
өлшемі23,4 Kb.
#106806
  1   2   3
Байланысты:
Өркениет тарихындағы саяси білімнің даму кезеңдері


Өркениет тарихындағы саяси білімнің даму кезеңдері

Нақтылы бір тарихи дәуірдегі қоғам, мемлекет, құқық, саясат туралы ойларды дұрыс түсіну үшін сол қоғамның, сол дәуірдің белгілі бір әлеуметтік топтары мен таптары үшін, олардың қандай мүдделерді қорғағандығын, бұл ілімнің авторы қандай мақсат пен позиция ұстанғандығын білу шарт. Сонда ғана саяси және сол мемлекеттің ерекшелігіне қарай дұрыс баға беруге болады. Ең алдымен саяси ілімдер тарихының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін және саяси тарихын терең білу шарт.

Саяси ілімдер тарихын хронологиялық және мазмұндық тәртіппен ірі төрт кезеңге бөлуге болады:

желгі замандағы саяси ілімдер тарихы (алғашқы мифтік көзқарастардың пайда болуынан, б.з.д. 3 мың жылдықтан – б.з. V ғасырына дейін).Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ілімдер тарихы (V-XVIIғғ).Жаңа заман және ХХ ғасырға дейінгі саяси ілімдер тарихы.ХХ және ХХІ ғасырлардағы саясат туралы ойлар.Саяси ілімдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтік көзқарастары негізінде пайда болды.

Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп – білгісі келген. Ежелгі Шығыс ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құбылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездеге пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болғаны белгілі. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдыретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің бір ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, Қытайда сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифі бойынша билік құдайдың құдыретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептеледі. Әрине, діни көзқарастар мен парадигмалар ғылыми болып саналмайды, бірақ біз мұны жоққа да шығара алмаймыз, себебі қазіргі кезде діннің қайтадан қоғамда үлкен орын ала бастағанына қарасақ, мемлекеттегі және мемлекет аралық саясаттағы діннің орны ерекше.

Ежелгі шығыстың саяси ойлары (буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, заңшылдар мектебі). Ежелгі Грекия мен ежелгі Римдегі саяси ойлар (Платон, Аристотель, Цицерон). Ортағасырлық Шығыстағы саяси ойлар (Әл-Фараби, Низами, Әлішер Науаи). Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық ортағасыр (Марк Аврелий, Фома Аквинский). Қайта өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар (Н.Макиавелли, Томас Мор, Жан Боден). Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо). ХХ ғасырдағы шетелдік саяси ой-пікірлер (В.Парето, Д.Истон, Г.Моска, М.Вебер, Т.Парсонс, М.Дюверже) Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қарқынды дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құлиеленушілік демократия орын алды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтен теорияға тез ауысты. Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетінін айтады (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания). Олардың әрқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Платонның шәкірті Аристотель (б.з.д. 384-322жж). Еңбектері: «Афины политиясы», «Саясат», «Никомах этикасы». Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға кірісті. Саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады.Әділдіктің екі түрін көрсетеді: теңестіретін және үлестіретін.Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде «арифметикалық теңдік» қарастырылады. Бұл принциптің қолданылу аясы – азаматтық-құқықтық мәмілелер, шығынды қалпына келтіру, жаза және т.б. ал үлестіру әділдігі «геометриялық теңдік» принципі түрінде ұсынылады және бұл принцип ортақ игіліктерді еңбегі мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негізделеді.

Мемлекеттің дұрыс түрлері: монархия, аристократия, полития;

Мемлекеттің бұрыс түрлері: тирания, олигархия, демократия.

Ежелгі Үндістандағы саяси ілім үндіс қоғамында ұзақ ғасырлар бойы олардың рухани және әлеуметтік-саяси өмірінде үстем болған брахмандарға тікелей байланысты болып келеді. «Ману заңдарында» адамдардың варналарға бөлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады. Мұнда да брахмандардың жоғары дәрежедегі жағдайы мен үстемдігі, артықшылығы туралы айтылады. Тіпті патшалар да брахмандарды құрметтеуге, олардың ақыл-кеңестері мен талаптарын орындауға, олардан «Веда» ілімін оқып үйренуге тиісті. Бұл заң бойынша патшаның басты міндеті варна жүйесін қорғау және оған қарсы келгендерді жазалау болып табылады.

«Ману заңдары» бойынша патшаның өкілдігі шектеулі, ол брахмандардың ақыл-кеңестерін тыңдаумен қатар кейбір талаптарға да сәйкес болуы керек. «Ману заңдарының» 3-бабында «ақылсыздықпен өз елін азапқа салған патша уақыт күттірместен өзінің ағайын-туыстарымен бірге елден кетуі тиіс және ол өмірден айырылады» деп айтылады. «Ману заңдарында» жазаға көп көңіл бөлінген, оның басты мақсаты варналарды сақтауға және қорғауға бағытталған. Құдай иелігінің ұлы ретінде жаза (данда) оның жердегі бейнесі «таяқ» деген ұғымды білдіреді. Яғни, жаза өзінің бұл ұғымында «басқару өнері» (данданиттер) деген мағына береді.

Б.з.д. VI ғасырда Будда («данышпан» деген ұғымды білдіреді) деген атпен белгілі болған Сиддхартха Гаутама «ең бастысы – адамның атағы мен шыққан тегі емес, адамгершілігі» деп үйретті. Буддистер үшін брахмандар артықшылыққа ие болған варна мүшесі емес, қарапайым адамдардың бірі.

Будда ілімін жақтаушылар дхарманы табиғи заңдылықты басқарушы әлем ретінде көреді. Саналы мінез-құлық үшін танымның қажеттілігі, табиғи заңдылықты қабылдау және мойындау туралы айтылады. Адам өмірінің мәні байлық пен атақта емес, әрқашан шындықты айтып, мейірімділік пен қайырымдылыққа ұмтылуда екендігі дәріптеледі.

Дхарма түсініктемелерінде адамдардың бір-біріне бауырмалдығы, қайырымдылығы, жамандыққа жамандықпен емес, жақсылықпен жауап беру арқылы ғана бұл әлемді ізгілікті өмірге қол жеткізетіндігі баяндалады. Буддизм ілімі бойынша адамдардың балығы тең дәрежеде.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет