Осылай ел халқының, келген қонақтардың асыға күткен ескерткіштің ашылу салтанаты басталып та кетті



Дата15.09.2017
өлшемі224,35 Kb.
#33153
Ұлы жеңіске тағзым

Ұлы Жеңіс! Осы бір ауыр сөздің қаншама жүректерге жылылық әкелгенін білсеңіз ғой. Басқыншы жау бейбіт елге баса көктеп келгенде қаншама адамның зардап шеккені тарихтың тереңіне кетті.

Ұлы Жеңіс қазақ халқы үшін де ерекше қастерлі. Соғыстың дүрмегі біздің Баратай елінің аумағында болмаса да, адамзатқа қасірет әкелген алапат қырғынға біздің еліміздің азаматтары да өздерінің сүбелі үлесін қосты

Осы Ұлы Жеңіске тағзым ету мақсатында еліміздің ерен азаматы,Баратай ауылының тумасы, қадірлі ағамыз Көкшетау минералды су қоғамының басшысы Алиев Асқар Қазнауиұлының демеушілігімен 11қазан күні Баратай елді мекенінде биіктігі 7 метр Герман - Жапон соғысына қатысқан 76 соғыс ардагерлерінің аты ойылып жазылған және Мәскеу қаласында арнайы жасалынған ордені бар мәрмәр тастан жасалған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.



Осы ескерткіштің ашылуына қаншама адамдар тер төкті. Атап айтқанда, осы игі істің басынан аяғына дейін басы -қасында болған аталмыш қоғамның бас қызметкері Мұқажанов Серікбай Қашқынбайұлының еңбегі ауыз толтырып айтарлықтай. Сонымен қоса осы ескерткіш авторы әрі дизайнері Қоспанов Ербол Дулатұлына да ел азаматтарының ризашылығы өте мол.

Ескерткіштің ашылу салтанатын ауыл жұртшылығы ыстық ықыласпен қарсы алды. Ауылдың орталық көшесінде отансүйгіштік пен бейбітшілік белгісіне арналған ескерткіштің ашылу мерекесіне жиналған халықтың қарасы көп болды. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бәрі-бәрі осында.

Осылай ел халқының, келген қонақтардың асыға күткен ескерткіштің ашылу салтанаты басталып та кетті.

Мерекенің ашылу рәсімін Зеренді ауданының әкімі Асқар Мұратұлы бастады. Одан кейінгі сөз кезегін ескерткіштің бас демеушісі Алиев Асқар Қазнауиұлы жиналған қауым алдында бұл ескерткіштің қойылу мақсаты елге деген ыстық сезім және ата-анасына деген құрметтен туындаған мақсат екендігін тебірене жеткізді. Бұл ауқымды іс-шара Асқар ағамыздың ойындағы арманы екендігіне халық куә болды. Келесі сөз кезегін сенат депутаты Жабал Ерғалиев одан кейін жұртшылық алдына Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Қазақстан Республикасының парламенті Мәжлісінің депутаты Бақытбек Смағұл сөз алып,Асқар ағамыздың еңбегінің нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжлісінің депутаты Республикалық ардагерлер ұйымдарының үйлестіру кеңесінің төрағасы Халық Қаһарманы генерал-лейтенат Бақытжан Ертаевтың атынан Бауыржан Момышұлының Отан қорғаушы төс белгісімен наградтады. Сонымен қатар Сарыөзек селолық округінің әкімі Есмағанбетов Асылбек Жұмабекұлын , мектеп директоры Садвақасова Толқын Қабдырахманқызын, мектебіміздің аспазшысы Ибраева Гүлнар Әміржанқызын алғыс хаттармен марапаттады. Содан кейін еліміздің азаматы Алиев Шияп Шарапұлы ағамыз және ауыл ақсақалдарының бірі Алпысбай ата сөз сөйлеп, Асқар ағамыздың иығына шапан жапты.Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйінің әртістері майдангерлерге деген шынайы алғыстарын әсем әнмен, мың бұралған билері арқылы жеткізді. Оның ішінде мектебіміздің әнші қыздары 9-сынып оқушысы Аманжолова Жанель және 4-сынып оқушысы Жасұлан Аяжан «Туған жер», «Ауылым- алтын бесігім» әндерімен жұртшылықты тәнті етті.

Ескерткіштің ашылу салтанатынан кейін ұлттық спорттық ойындар, ат жарыс, күрес, кіртасты көтеру ойындары ұйымдастырылды. Ат жарысқа көрші ауылдардан шабандоздар қатысты. Соның ішінде ауылымыздан шыққан шабандоз Едрисов Данияр Берікұлының аты жүлделі үшінші орынды иеленді. Қазақша күрес бойынша 30кг салмақта мектебіміздің 5-сынып оқушысы Бекқожа Айдархан жүлделі ІІІ орынды иеленіп және мектебіміздің түлегі Ахметбек Нұрым 60кг салмақта ІІІ орынды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мерекенің соңында осындай тарихы бар, ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран,бейбіт күнді келер болашағына қанмен алып келген ата-ағаларымызды ,апаларымызды еске алу мақсатында мектебімізде үлкен ас беріліп, құран оқытылды.

Соғыс ардагерлері ешқашан ұмытылмайды!

Ұлағатты әке-шешеден тәрбие алып, іздерін жалғастыруымыз үлкен мәртебе, зор бақыт, біз балалары мың иіліп тағзым етеміз. Енді ешқандай соғыс болмасын! Жастарымыздың дендері сау болып,еліміз көркейе берсін.

Сөз соңында тағы да бір мәрте Асқар Қазнауиұлы ағамызға бас иіп, алғысымызды айтамыз!

Баратай негізгі мектебі

Тәрбие ісінің меңгерушісі:Какенова Жанар Кәрімжанқызы



Тәлімгер:Айтбаева Қ.Ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет