Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Өсімдіктер (лат. Plantae)— тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар.
Өсімдіктердің 500 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктер тұқымтобының ең үлкені - гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі бар. Өсімдіктер күн сәулесінің көмегімен (фотосинтез) өз қорегін табады. Фотосинтез – (гр.фотос - жарық және синтез) - жасыл жапырақ органоидтері, яғни хлоропласт арқылы күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд тоннадан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұл кезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіріп, оттегін бөледі.
Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Жасыл өсімдіктер әлемі жылына 450 млрд.тоннадай органикалық зат түзеді. Демек, жасыл өсімдік-күн мен тіршіліктің арасындағы дәнекер, яғни тұңғыш рет К.А.Тимерязев қалыптастырған өсімдіктің қосылыстық маңызы осында. 1. Жасыл өсімдіктер амосфералық ауаны бүкіл тіршіліктің тыныс алуына қажетті оттегімен қамтамасыз етеді. 2. Жасыл өсімдіктер тіршілігінің нәтижесінде органикалық заттар мен судан, бүкіл өсімдіктер, жануарлар мен адамдар керекке пайдаланатын, орасан мол органикалық зат қоры түзіледі. 3. Жасыл өсімдіктерде түзілген органикалық заттарда, күн сәулесінің энергиясы жинақталады. Соның нәтижесінде, әлемде тіршіліктің дамуына және адамның өндірістік қажетіне қолданылатын энергия қоры жинақталады. (Мысалы, көмір мұнай, торф және т.б.).
Атмосфераны оттегімен толықтыру жасыл өсімдіктерде жүреді. Өсімдік адамдар тыныс алатын оттегімен ғана емес, оны тіршілігіне қажетті өнімдермен де (крахмал, қант, белок, май, антибиотик, ағаш, дәрі-дәрмек, витаминдер және т.б.) қамтамасыз етеді. Кез келген өсімдіктің құрамында С, О, Н2, N, 45%, 42%, 6.5%, 1.5%. 5%-Mg, Ca, B, Sі, Cl, J, Mz, Zn, Na т.б. кездеседі. Бұл элементтер өсімдікке негізінен топырақ пен ауадан келеді. Олардың табиғатта айналымы өсімдік арқылы жүреді.
Барлық минералды заттардың айналымы әлемдегі тіршіліктің тоқтаусыз жүруін қамтамасыз етеді. Осы процессте өсімдік басты роль атқарады. Жасыл өсімдіктер әлемі биосферадағы тіршілікті, жалпы газ алмасуды және жердегі су балансын реттеуде басқарушы орын алады. Ол климаттың және топырақтың қалыптасуына, жануарлар тіршілігінің дамуына белсенді әсерін тигізеді.