Отбасы әлеуметтануы. Отбасының әлеуметтік мәні



Дата25.12.2016
өлшемі117,79 Kb.
#4754

www.testent.ru


ОТБАСЫ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ.
Отбасының әлеуметтік мәні.
Зерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдардың тәртіп үлгілеріне, ондағы адамдардың атқаратын қызметіне, рөліне баса назар аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы, ондағы ережелрдің, жыныстық тәртіптің, болашақ ерлі-зайыптылар өздерінің туыстарымен қатынасының жиынтығы ретінде қаралады.
Ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы ұатынастар некелесу (үйлену, тұрмысқа шығу) алуан түрлі тәртіп бұзушыларға қарсы қолданылатын жазалау шараларының жиынтығы арқылы реттеліп отырады. Бұл некелесу ұйымы еркек пен әйелдің арасындағы қарым- қатынастарды реттеп отырудың әлеуметтік ережелерінің, олардың арасындағы міндет пен құқықтың жиынтығын белгілейді. Отбасының топ ретінде дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ережелер, оның ішінде міндет пен құқық ережелері құықтық сипатта болады. Ол неке мен отбасы туралы заң мен кодекстер арқылы реттелінеді. Бекітілген құқықтық ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке иелік ету, ерлі-зайыпты адамдар балаларын және бір-бірін материалдық қамтамасыз ету, т.б. Осыған сәйкес бұл жерде некені бұзу туралы ережелердің жиынтығы бөлінеді.
Неке туралы басқа да ережелер бар, олар моральдық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде болады. Олардың қатарына: ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көңілін табу, жағыну ережелері, некені және некелік тәртіпті сұрыптап алу, отбасындағы билікті және міндетті бөлісу, баларды тәрбиелеу, отбасындағы бос уақытты дұрыс пайдалану, т.б. кіреді. Отбасы қатынастарының басқа да түрлері бар. Мысалы, туыстармен, достармен, т.б. қатынасу.
Ережелер мен салт-дәстүрлер отбасының дамуына, өзгеруіне байланысты әрбір кезеңде әр түрлі сипатта көрінуі мүмкін. Отбасы қатынастарындағы мәнді құндылықтар мен ережелердің бөлініп отыруы, сонымен қатар ресмилікке жатпайтын ережелерді бұзушылыққа еліміздің түпкір-түпкірлерінде, әрбір аймағында кездесіп қалады. Бұлардың көбі салт-дәстүрлерге, олардың кейбірі, мысалы, діни наным айырмашылықтарына, көзқарастарға байланысты болып келеді.
Неке әлеуметтік институт ретінде қоғамның дамуы мен өзгеруіне, оның қажеттілігіне, мұң-мұқтажына, талап-тілегіне байланысты өзгеріп отырады.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі талдау оның қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді: қоғамның некелік қатынастарға, тұрмыс –салтына қалай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелрі мен бағалы құндылықтары қалай ерекшеленіп отырады, отбасындағы тәртіп, қатынастар әлеуметтік тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын, т.б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен талап-тілекке отбасындағы тәртіп типтерінің (түрлері) қайсысы сәйкес, қайсысы сәйкес еместігі, т.б. жатады.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде мынандай жалпы ұғымдар қолданылады: 1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілекткр, мұқтаждықтар; 2) отбасының әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б.
Отбасын кіші топ ретінде зерттеу - өзінің құрылымы жағынан азғана адамдар тобының, оның мүшелерінің жалпы әлеуметтік іс-қызметінде бір-бірімен тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық қарым-қатынастың, топтық ереже және топтық процестің қалай пайда болатынын анықтау.
Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу барысында отбасы кішігірім топ ретінде қаралады. Мұндай зерттеу,ең алдымен,ерлі-зайыпты ададамдардың арасындағы қатынастардың серпінін зерттеуден басталады. Бұл тәсіл олардың, туыстардың арасындағы қатынастарды. Некенің бұзылуын және ерлі-зайыптылардың айырылысу себептерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу барысында адамдар арасындағы қарым-қатынастардың қоғамдақ ережелер мен тәртіп үлгісімен құнды нәрселермен тығыз байланысты болатынын естен шығармау қажет.
Отбасын кішігірім әлеуметтік топ ретінде зерттегенде 3 негізгі сипаттамалық тұрпатын бөліп қарау қажет. 1) Топты жалпы сипаттау. Бұған кіретін мәселелер –отбасы тобының мақсаты мен міндеті, отбасының құрылымы мен мүшелері, отбасының өзара іс-әрекетінің сипаттамасы, биліктің құрылымы, т.б.
2) Қоғамның әлеуметтік құрылымы тұрғысынан отбасы тобының басқа өзінен үлкен топтармен байланыс, қатынас түрлерінің сипаты. Қоғамдық қатынастардағы отбасының атқаратын қызметі.
3) отбасының жеке мүшелеріне байланысты мақсаты, міндеті, атқаратын қызметі, отбасындағы индивидтердің өзара іс-әрекеті, қызметі, топтық тәртіп, топтық бақылау, т.б. Индивидтің топқа енуі, оның отбасына енуіне қанағаттануы, ондағы тұрақтылық.
Отбасын зерттеудегі бағыттардың әрбіреуінің өзінше ерекшелігі бар. Мысалы, отбасын әлеуметтік институт (ұйым) ретінде қарағанда әңгіме етілсе, ал, отбасының ішкі байланыс-қатынастарында оны кішігірім топ ретінде зерттеуге итермелейді. Бірінші бағыт, яғни отбасын әлеуметтік институт ретінде қарау – бұл әлеуметтанудың мәселелерінде тығыз байланысты, ал, екінше\і бағытта, яғни отбасы кішігірім топ ретінде қаралғанда, көбінесе оның әлеуметтік –психологиялық мәселелері сөз болады.
Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келе отбасына жалпы сипаттама берейік.
Ерлі-зайыптылық екі негізгі қарым-қатынасқа негізделген: 1) ерлі-зайыптылық; 2) бала туу немесе бала асырап алу.
Отбасы мүшелері бір шатырдың астында, яғни бір үйде тұрады, олар отбасының шаруашылығын жүргізеді. Бұл 2-3 адам ұрпағын жалғастырады. Отбасының жалпы шаруашылығы оның өзінен үлкен бірліктерде болу шеңберіндегі экономикалық іс-қызметпен анықталады. Бұл отбасының шаруашылық қызметі адамдық тұрақты тәртіп үлгеріне және олардың арасындағы өзара әрекетке байланысты өрбиді.
Отбасы мүшелерінің атқаратын рөлі тек қана өзара эмоциялық сезімдерімен ғана емес, сонымен бірге, адамдардың үлкен топтары – мемлекет, мешіт, шіркеу, т.б. институттардың қызметімен байланысты болады.
Сонымен, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар олардың сезімімен (махаббат, сыйласу, құрметтеу), салт-ғұрыппен, ұрпақтан – ұрпаққа берілген тәрбие, ереже, т.б. өлшемдер арқылы анықталады. Осы сыртқы бақылау түрлері отбасының бірлігін сырттан қолдаушы, әрі типі, факторы болып есептеледі. Бірақ, қандай да бір отбасының іштей даму күштері болады.олар жеке қажеттілік, мұқтаждық, талап-тілек, бейімділік, алға ұмтылу, т.б. негізінде пайда болады. Бұлар, яғни ішкі даму күштері сыртқы қысымдарға айтарлықтай қарсы тұра алмайды.
Отбасы өзіне тән жалпы шеңбер (ұлт, мемлекет, мешіт, шіркеу) көлемінде мәдени ортаны жасайды. Осы орта сәби баланың адамдық тұлғасын қалыптастырады. Мұнымен бірге отбасы белгілі бір деңгейде жеке тәртіп тәсілдерін құрып, оған ерекше қасиеттер дарытуы мүмкін. Отбасы типтері қоғамның және өркениеттің әр түрлі, белгілі бір тарихи кезеңінде өмір сүріп отырды.
Жоғарыда көрсетілгендей, отбасы ерекшеліктері қоғамның барлық салалрында, әсіресе, саясатта, экономикада, мәдениетте елеулі өзгерістер тудырады.сондықтан отбасы қоғамдағы барлық институттардың тұрақты назар аударатын мәселесі, мұнсыз, яғни отбасынсыз ешқандай қоғам болуы мүмкін емес.
Отбасының функциясы, яғни атқаратын қызметі әруақытта оның тіршілік ету тәсілінің көрінісі ретінде түсіндіріледі. Осы ретте қоғамның отбасына жасайтын қызметін, ал, отбасының тұлғаға, тұлғаның отбасына жасайтын қызметін бөліп қарауға болады.
Отбасының атқаратын қызиеті қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады.
Тұлғаның дамуына, әрбір ерлі-зайыпты адамдардың бақытты өмір сүруіне,балаларды ізгілікке тәрбиелеуге, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарды жақсартуға қажетті жағдай жасау қажет. Бұл қоғамның әрбір отбасына қойған негізгі талабы мен міндеті. Бұл талап пен міндетті орындау қоғамға да, отбасына да бірдей тиімді. Бұларды орындау: біріншіден, қоғамдық қажеттілікті, талап- тілекті орындауға, қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, басқаша айтқанда, отбасы жас ұрпақты әлеуметтік процеске қатыстыруын іске асырады, бірлесіп өмір сүру ережелерін және қоғамдық өмірдің конформистік (яғни, келісушілік) тетігін енгізеді.отбасы мүшелерінің арасындағы барлық қатынастардың, атап айтқанда, рухани, адамгершілік, билік, бедел (авторитет), т.б. қатынастардың жиынтығы отбасы құрылымы деп аталады.
Отбасы құрылымы және оның іштей ұйымдастырылуы көптеген факторларға байланысты. Отбасы құрылымы, ең алдымен, ерлі-зайыптылардың типіне (яғни, үлгілі түріне) байланысты болады. Тарихта ерлі- зайыптылықтың моногамдық (біркелкілік) және полимамдық (көпнекелік) түрлері болған.
Ерлі – зайыптыларды сұрыптау тұрғысынан қарағанда – некелік эндогендік (яғни, белгілі бір топтың, әсіресе, кастаның ішінен болуы. Бұл алғашқы қауымдық қоғамға тән. Қазіргі уақытта тек қана өз ұлтында немесе діни қауымда болатын некелік) және экзогомдық (бұл, керісінше, некелікті белгілі бір топ немесе кастаның ішінен сұрыптап алуға тиым салу, мұнда некелік әрбір топтан серіктестік негізіндеқұралады) сияқты категорияларда болды.
Отбасындағы билік құрылымы демократикалық немесе авторитарлық деп екіге бөлінеді. Отбасындағы авторитарлық билік әйелдің еркекке қатаң бағынуын, осыдан барып, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар қатаң тәртіп арқылы сипатталады. Отбасындағы демократикалық билік ерлі-зайыпты адамдардың қабілеттеріне қарай басшылық рөлдерді бөлуге негізделген. Мұнда әрбір отбасы мүшесі шешім қабылдауға қатысады, балаларды сендіру, нандыру, көз жеткізу негізінде тәрбиелейді, мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды. Отбасындағы билікті зерттеу ондағы адамдардың арасындағы функцияларды белгілеуге, ал, әрбір отбасы мүшесінің осы рөлдерді қалай орындап жатқанына, сонымен бірге ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы түсінбеушілікті анықтауға әсер етеді.
Отбасының рөлдік(атқаратын қызметі) құрылымы деп, ондағы жеке мүшелердің белгілі бір қоғамдағы ереже – нұсқауларға, әдет-ғұрыптарға, т.б. негізделген өзара іс-әрекет, қатынастардың жиынтығын айтады.
әдет – ғұрып, салт бойынша отбасында әйел адам үй шаруашылығын жүргізу, бала табу және баланы тәрбиелеу қызметін атқарса, ер адам үй және шаруашылық иесі, отбасының тұрақты тіршілігін экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Сөйтсе де еркек пен әйел функциялары өзгеріп отыруы мүмкін. Бүгінгі күні көптеген әйел адамдар өндірісте жұмыс істейді және жалпы отбасылық шешімді қабылдауға қатынасады. Мұның өзі отбасының атқартын қызметінің барлық жағына әсерін тигізеді, әсіресе, демографиялық (туу) тәртібіне зор ықпалын тигізіп, жаңа сәбилердің дүниеге келуін азайтты, некелік айырылысу көбейіп кетті.
Отбасы идеологиясы деп, әрбір отбасында қалыптасқан белгілі бір қарым-қатынастар мен құндылықтар жүйесінің жиынтығын айтамыз.
Неке – бұл қоғам тарапынан ретке келтірілген әлеуметтік қатынастар, мұнда жеке-дара құштарлық сезім тұратылыққа, өзара бейімділікке және неке шарттары ерлі-зайыптылардың нақты әрекетіне айналады. Бейімділік жаңа сәби туғаннан кейін тұрақтылыққа айналады, ол жан-жақты дамыған және толық ұйымдасқан түрге ауысады. Дау – жанжал негізінде бейімділік тұрақты зорлық, күштеу жағдайына да айналуы мүмкін, Ақыр аяғында ол отбасының ыдырауына, некенің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Отбасын құруда табысқа жету, отбасының ыдырауына жол бермеу – бұл маңызды әлеуметтік мәселе. Отбасының береке-бірлігі әр уақытта ішкі және сыртқы күштер ықпалымен қалыптасады. Ішкі күштерге жататындар: балаларға қамқорлық жасау, отбасында еңбекті бөлісу, некені тұлғаның талабын іске асырудың құралы ретінде пайдалану, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы, т.б.
Сыртқы күштер: қоғамдық пікірдің қысымы, экономикалық жағдайлардың қысымы, қоғамдық ортаның баланы қамқорлыққа алуға талап-тілегі, отбасының өзінің әлеуметтік қызметінің орындалу деңгейі, т.б.
Сондықтан некедегі жетістік деп, тұлғалар серіктестігінің, яғни ерлі-зайыптылардың бейімділікке ептілігі, шеберлігі, іскерлігі, ішкі және сыртқы қысымдарды жоюдағы жеңіске жетуі және оның жемісі, т.б. айтамыз. Алуан түрлі адамдар бірлігінде қоғамда некенің мәнін түсінуге байланысты әр түрлі негіздер бар:
жеке бақытқа жетуде некедегі адамдардың бір-біріне толық бейімделуі ерлі-зайыптылардың алдына қойған, тұлғаның жан-жақты дамуына ұласып, ерлі-зайыптылардың алдына қойған мақсатты іске асыруға ұмтылыс басты орын алады;
некелік міндеттерді орындау, яғни балалардың болуы, оларды өз елін сүйетін азаматы етіп тәрбиелеу, экономикалық табысқа жету, мүлік жинау.
Неке өлшемі (критериі): беріктік,төзімділік, субъектитік сезімге қанағаттану; ерлі-зайыптылардың рухани дамуы, бір-бірінің ыстығына күйіп, суығына тоңуы, балаларды қатылез, елгезек, қабілетті, алғыр, белсенді етіп тәрбиелеп, қалыптастыру, т.б.
Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген отбасы толық бақытты бола бермейді. Отбасында ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, бірақ, ерлі-зайыптылардың аоасындағы түсінбеушіліктер біржола жоғалып та кетпейді немесе бейбіт түрде толық шешіліп те қоймайды. Отбасы қатынастарындағы дау –жанжалдардың күшеюі – бұл тұрақтылығымен қатерлі сипат алған, толық шешілмейтін дау-жанжал. Ал, тұрақты шиеленістің арты-ұрыс – керіс жинақтала келе отбасында агрессиялық көңіл күй қалыптастырып – ақыры отбасын ыдыратуға әкеп соғады.
Дау- жанжалдар, олардың күшеюі ата-аналар арасында ғана емес, олардың балаларымен қарым-қатынастарында да болып отырады, бұлардың көшілігі, әсіресе, мәдени, өркениет жетістіктерін пайдалану кезінде жиі кездеседі. Оның себебі, жас ұрпақтар мәдениет пен өркениеттің даму кезеңінің жаңа сатысында өмір сүріп отыр, ал, ата-аналар мәдениет пен өркениеттің бұрынғы жетістіктері кезеңінде тәрбие алған. Жас ұрпақты өткен мәдениет және өркениеттің құндылықтары мен жетістіктері аса қызықтырмайды. Сондықтан ата-аналар жастардың жаңа мәдениет пен өркениеттің жетістіктеріне ұмтылуына, пайдалануына кедергі жасамай, бұл мәселеде ата-аналар белгііл бір келісімге келуі керек. Отбасында шиеленіс асқынған жағдайда отбасының дағдарысына ұласады. Бұл дағдарыстар алуан түрлі болады. Бұлар: некедегі үшбұрыштылық (яғни, бір махаббатта 3адамның кездесуі),мінез-құлықтардың, психикалық сипаттамаларының әр түрлілігі,отбасы мүшелерінің талап-тілектерінің, сұраныстарының сәйкес келмеушілігі, жыныстық қатынастарға қанағаттанбауы, ерлі-зайыпты адамдардың біреуінің әлеуметтік азғынға (яғни, маскүнемдікке салыну, қылмыстық істерге ұрынуы, заңсыз, некесіз бала таптыру, т.б.) ұшырауы. Мұның бәрі отбасы бұзуға, берекесін кетіруге, кесел әкелуге себеп болады, бұл жағымсыз факторлардың ақыры ерле-зайыптылардың өз балаларына деген ата-аналық борыш, міндеттерін орындамауға әкеледі.
Отбасының даму циклдері(кезеңдер). Бұл отбасының өзгеру серпінін-оның пайда болуы мен ыдырауының арасындағы уақытты қамтиды.
Бірінші кезең – некеге тіркелуден және бірігіп өмір сүруден бірінші бала туғанға дейінгі уақыт.
Екінші кезең – ең соңғы баланың мектепке баруымен, ал, үшінші кезең баланың әлеуметтік ер жетуі (бой жетуі), табыс табуы мен оның экономикалық тәуелсіздігі, дербестігі, өз бетінше күн көруі арқылы анықталады. Отбасының тіршілік кезеңдері оның ең басты функциясын орындаумен, яғни адам санын көбейтумен байланысты болмақ.
Отбасының бұдан да басқа өмірлік кезеңдері бар, бірақ, осы жоғарыда көрсетілгендер негізгі кезеңдерін құрайтындықтан осылармен шектелеміз. Кейінгі уақытта жас отбасын зерттеуге жете назар аударылуда. Көпшіліктің ұйғаруымен жас отбасы мынандай белгілен\рмен сипатталады: некеге отырғандардың жасы 30-дан аспайды, бірігіп өмір сүруі 5 жылдан артық емес. Ерлі –зайыпты адамдар бірінші рет некеге отырған. Бұл сипаттама жас отбасын басқалардан ерекшелеп көрсетеді. Жас отбасынан басқа мосқал, кексе адамдардың отбасы бар, ал, толық жетілген отбасы деп мосқал отбасы мен жас отбасы арасындағы отбасын айтамыз.
Индустриялық құрылымының дамуы, демографиялық құрылымының өзгеруі, қоғамдық топтардың, таптардың қайта құрылуы, әлеуметтік өзгерістер әр уақытта отбасының өзгеруіне тікелей әсер етіп отырады. Кейінгі бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдар аралығында жұмыр жер бетін мекендейтін көптеген халықтар мен мемлекеттерде отбасы дағдарысы белең алып бара жатыр деген пікірлер жиі айтылып жүр. Қазіргідей өркениеттің аса дамыған кезеңінде отбасы өзінің негізгі атқаратын әлеуметтік қызметі - өмірге ұрпақ әкелуді қойды, бұл құбылысты отбасын ыдыратушы, құлдыратушы институтқа (ұйым) айналдырды деп даурығады. Дегенмен, әрбір елде неке қидырғандар саны көбейіп келеді. Отбасының іштей байланыс-қатынастары күшеюде, мұның өзі сырт күштердің отбасын белгілі бір әлеуметтік институт ретінде жоюға шамасы жоқ деп батыл болжау жасауға, тұжырымдауға дәләл бола алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет