Отбасы тірлігіндегі ең мәнді тетік – махаббат.
Антон Павлович Чехов
Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.
Антон Семенович Макаренко
Нұр-Сұлтан қаласы
№51 мектеп-гимназиясы
Аманат көшесі, 5
№51 мектеп-гимназия
1-сынып
ата-аналарына психологиялық кеңестер
2019 жыл
1-ші сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі
Бейімделу – ағза функцияларының, құрылысының, оның органдарының және клеткаларының орта жағдайына ыңғайлануы, бейімделуі. Баланың мектепке бейімделуі жылдам жүрмейді: ол үшін, яғни мектепке толығымен үйренуі үшін бір күн, бір апта талап етілмейді. Бұл барлық ағза жүйелерінің маңызды ширақтылығымен байланысты ұзақ процесс (М.М.Безруких – 5-6 апта, И.В.Дубровина – 4-7 апта, Н.В.Самоукина – 3ай-1,5жыл).
Бұл мәселені шешу үшін келесі әрекеттерді жасау керек:
- Өз балаңызбен жиі сөйлесіңіз.
- Балаға Сіздің онымен қарым- қатынастан ләззат алып тұрғаныңызды көруі қажет.
- Өз балалық шағыңызды еске түсіріңіз. Қиын жағдайларда қалай шешу жолдары туралы онымен өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз.
- Баланың үй жұмысын орындауына жайлы жағдай жасаңыз.
- Баланы белгілі уақытта үй тапысырмасын орындауға үйретіңіз. Бұл болашақта тез бейімделуіне және денсаулығын сақтауға көмектеседі.
- Бірінші сынып оқушысына үй тапсырмасын орындауда көмек көрсетіңіз.
- Балаңыздың еңбегін құрметтеңіз.
- Егер Сізді баланың тәртібінде, оқу үлгерімінде бір нәрсе мазаласа, Сіз әрқашан кеңесті мұғалімнен немесе мектеп психологынан сұрай аласыз.
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР
Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.
Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік жасаңыз (жасамаған жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Сіздің балаңыз бірінші сыныпқа барған кезде бала мектепке бейімделе бастайды. Жалпы бейімделу баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты 2 айдан 6 айға дейін созылады.