Отбасындағы ұл бала тәрбиесі, жігіт сұлтаны



Дата06.01.2022
өлшемі1,46 Mb.
#109819
Байланысты:
Отбасындағы ұл бала тәрбиесі, жігіт сұлтаны


ОТБАСЫНДАҒЫ ҰЛ БАЛА ТӘРБИЕСІ, ЖІГІТ СҰЛТАНЫ

Орындаған ;Кенжебай Жаннұр

Ұл бала тәрбиесі

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік

ерекшеліктері арқылы мәдени

құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз

ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі

отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би,

ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде

әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді

болуына, өнерге, білімге, салтдәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл

бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат –

ата-ананың отын тұтатушы болып

саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі

жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп

сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен

тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше

тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде.

Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу

әдеті жауапкершілік, адамгершілік

сезімдерін туғызған.

Баланы жастайынан отбасында дұрыс тәрбие беріп, оның сабақты үздік оқуына, алдағы уақытта жақсы адам болуына көп септігін көрсетеді. Өзінің отбасында бала тәрбиесі сабағын орындауға көмек беру, баламен бірге көп уақыт өткізу, бірге ойнау, оларға қызықты әңгімелер айтып беру секілді әрекеттермен бірге оларды бір мезгіл үйдегі жұмыстарды жасатуға үйретсе, бала тәрбиесі үшін бұның септігі көп. Осы кезде бала біріншіден оқуға талпынып, екіншіден ол еңбек етуге машықтана бастайды. Ал еңбек және білім бірге жүетін ойдан кетірмеуіміз керек.

Баланың ұяты әкеге , қыздың ұяты шешеге Әкеге қарап ұл өсер, Шешеге қарап қыз өсер . Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер Бақ қонатын адамның ұлы епті , қызы көрікті болады .

Ұл бала тәрбиесі туралы

Ұл бала - қазақта шаңырақ иесі, ер азамат, ата - ананың отын тұтатушы . Ер бала өз ата - анасына іні, қарындастарына қамқоршы, ел қорғаны болып саналады . Қазақ халқы “Жігіт жеті қырлы, бір сырлы“ болуын көздеген .

Әдептілік ережесі

Ұлдарға кеңес

1 Арлы бол , адал бол,ақылды бол!

2 Үлкенге инабатты, Кішіге рақымды бол! 3 Жалған сөйлеме, өтірік , өсек ауылынан алыс бол!

4 Артымда адам атым қалсын десең, абыройды білімнен ізде .

5 Пайдасыз іске бос уақытыңды кетірме . 6 Атаңды көрген кісіден ақыл сұрауға арланба .

Жігіт сұлтаны

МАҚСАТЫ: ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ САЛТ- ДӘСТҮР НЕГІЗІНДЕ БІЛІМІН КЕҢЕЙТУ. АДАМГЕРШІЛІККЕ ҰЛТЖАНДЫҚҚА, ИМАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ,ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. ТАТУЛЫҚҚА ,ЫНТЫМЫҚҚА,БІРЛІККЕ ШАҚЫРУ.

БАЙҚАУ ШАРТЫ:


    • 1 - бөлім. Таныстыру
    • 2 - бөліМ. «ЖІГІТКЕ – ЖЕТІ ӨНЕР ДЕ
    • АЗ»
    • 3 - БӨЛІМ. КҮШ, БІЛЕК – САЙЫСЫ
    • 4 - БӨЛІМ. «МАҚАЛ-МӘТЕЛДІҢ ЖАЛҒАСЫН ТАП»

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет