Тақырыбы: «Жеңісім саған, Астанам!» Өткізілетін орны: Спорттық аланда. Спорттық ойын- сауық кешіне қатысатындар: Ересек топтары. Мақсаты: Астана туралы түсініктерін кеңейту.Балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөлу. Спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру. Балаларды туыстыққа,ынтымақтастыққа, достыққа, салуатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдылыққа, шапшаңдылыққа , отансүгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ , ойын, Астана туралы көрме ұйымдастыру. Әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, кейіпкерлер. Қажетті құрал-жабдықтар: музыка әуені,орамал, папаха , қап, лента, сиқырлы таяқ . Ашық алаңда Астана туралы әндер орындалады. Балалардың Астана туралы суреттері ілініп көрме ұйымдастырылады. Балалар музыка әуенімен спорт алаңына кіреді. Жүргізуші: Құрметті балалар, қонақтар! Сіздерді 6 шілде Астана қаласының туған күнімен құттықтаймыз! Астана жас қала.Астана әсем қала! Мәнгі жайна менің сұлу қалам! Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, мол бақыт, елімізге тыныштық әр ұлт өкілдерінің арасына татулық, достық, бейбітшілік тілейміз. Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады? Отанымыздың бас қаласы қай қала?Астана қандай қала?Астана туралы кім қандай өлең шұмақтарын біледі? (Балалар тақпақтарын айтады)Балалар, біздің Отанымызда қандай ұлт өкілдері тұрады? Жүргізуші: Балалар, бүгін мен сендерге Тазша баланың жақсы көретін ақ көгершіндері туралы айтамын. Көгершін бейбітшілік құсы болғандықтан сол елдің адамдары қай кезде де көңілді, денсаулықтары мықты болып, тату -тәтті жүреді екен. Сол елдің тұрғындары әрқашан көгершіндерді өсіріп аспанға ұшырады екен. Барлық күш осы көгершіндерде болса керек. Сол әдемі бейбітшілік құстарын көргілерің келе ме? (Балалардың жауабы) Д/ш нұсқаушысы: Көгершіндер туралы әңгіме айтып, үнемі көңілді жүретін Тазша бала неге көңілсіз? Сұрап көрейкші , Тазша бала, сен неге көңілсізсің? Тазша бала: Хансарайының көгершіндерін Мыстан кемпір сиқырлап тастады. Мен көгершіндерді сендерге әкеле жатқам.Астана қаласының туған күнінде ақ көгершіндер ұшып Қазақстанда тұратың әр ұлт өкілдері тату- тәтті тұрып бейбітшілік болсын деп ойлағанбыз. Енді не істейміз?Біз оларды жоғалтып алдық . Сондықтан менің көңіл күйім жоқ. Мыстан кемпір бәрін бүлдіріп жүреді.Көгершіндер қайда екен? Д/ш нұсқаушысы: Балалар, Тазша балаға көмектесеміз бе? Біз бейбітшілік құстарын құтқарып. Отанымызға тыныштық тілейміз. Балалар: -Иә көмектесеміз. Тазша: Кішкентай достарымның болғаны қандай керемет. Д/ш нұсқаушысы: Олай болса мына кішкентай спортшылармен билейік. Би жаттығулары орындалады. Тазша бала: Өнері балалар екенсіңдер. Рахмет сендерге бойымызға күш қуат жинадық. (Музыка жүреді Мыстан кемпір ұшып кіреді Ха-Ха-Ха күледі сендер не көгершіндерді құтқаруға келдіңдер ме?) Д/ш нұсқаушысы: Мыстан кемпір, сен неге бейбітшілік құстарын ұрлап кеттің? Мыстан кемпір: Мен тату-тәтті тұратын адамдарды жек көремін. Астананың туған күні деп бәрі айтып қуанып жатыр. Менің туған күніме солай қуанса ғой мен риза болар едім.Балалар, сендер де тату -тәтті тұратың адамдарды жек көретін шығарсыңдар? Балалар: Жоқ біз барлық ұлт өкілдерімен тату-тәтті тұрамыз. Мыстан кемпір: Жоқ, жоқ маған олай айтпаңдар! Қазір сендер менің, тапсырмаларымды орындасаңдар, әр ұлт өкілдерінің ойындарын дұрыс ойнасаңдар мен сендерге көгершіндерді қайтарып беремін. Д/ш нұсқаушысы: -Балалар, Тазша бала ойын ойнауға дайынбыз ба? Бәрі бірге: Дайынбыз. Мыстан кемпір: 1 Қазақ халқының ойыны «Ақ сандық, көк сандық» 2 Шешен ингуш халқының ойыны «Орамалды көтер» 3 Украйн халқының ойыны «Сиқыршы» 4 Дағыстан халқының ойыны «Папаханы кигіз» 5 Қырғыз халқының ойыны « Кім алысқа лақтырады?» 6 Қытай халқының ойыны «Айдахардың құйрығынан ұстап ал» 7 Тәжік халқының ойыны «Мылқау ойыны» 9 Орыс халқының «Өзен , көл ойыны» Жүргізуші: Тазша бала, біздің балаларымыз қалай екен? Тазша бала: Тамаша! Мыстан кемпір: Жоқ , жоқ олай болу мүмкін емес, сендердің тапқырлықтарынды тексеріп көрейік «Ұшты, ұшты» ойынды ойнап көрейік. Д/ш нұсқаушысы: Мыстан кемпір, біздің балалар қалай екен? Мыстан кемпір: Барлығы әр ұлт өкілдерімен тату –тәтті ,бір-біріне көмек беріп тұрады екен. Менде сендер сияқты тату-тәтті өмір сүргім келеді.Менде Астана қаласының туған күнін тойлағым келеді. Сендер мені кешіресіңдерме балалар, Тазша бала, Сайқымазақ ? Бәрі бірге: Біз сені кешіреміз.Дос болайық. Мыстан кемпір: Қандай тамаша ! Мен сендерге көгершіндеріңді беремін. Осы Қазақстан мемлекетінде адамдар тату тәтті өмір сүріп, Астана қаласының туған күнінде аспанға ақ көгершіндер ұшып бейбітшілік болып, халқымыз бақытты өмір сүрсін. Д/ш нұсқаушысы: Мыстан кемпір , қандай тамаша ! Олай болса бейбітшілік құстарын бірге ұшырайық! (Барлығы тілектерін айтып, шарға байланғанақ көгершін бейбітшілік құстарын аспанға ұшырады) Ал енді біздің сүйікті биімізді бәріміз бірге билеп алайық «Қара жорға» биін бәрі бірге билейді. (Тазша бала, Мыстан кемпір балаларға тілектерін айтып қоштасып кетеді) Құрметті балалар, қонақтар бүгінгі мерекеміз өз мәресіне келіп жетті Астана гүлденіп жайнай берсін, халқымыз аман сау болсын! Келесі мерекелерде кездескенше аман сау болыңыздар!
Өткізген дене шыңықтыру нұсқаушысы Кибатова Б.Ж.
Достарыңызбен бөлісу: |