Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы



Дата25.08.2017
өлшемі49,39 Kb.
#26502
Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы

Ж.Нұрлыбаев мектебі

тарих-география мұғалімі

Мусаева Айжаркин Дусановна

Тақырыбы: Қазақ хандығына 550 жыл


Білімділігі: Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған хандықтар жайында мәлімет беру.
Тәрбиелік: Қазақ хандарының қазақ тарихындағы алатын орнын анықтай отыра, оқушыларды қаһарман тұлғалардың ерлігін құрметтеуге үйрету, ерлікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Қазақ хандарының қазақ тарихындағы еңбегіне баға беру арқылы тарихи тұлғалардың еңбегін бағалай білуге үйрету танымдық қабілетерін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Репродуктивті, ішінара-зерттеушілік,
Көрнекілігі: Қазақ хандығындағы хандардың суреттері, буклеттер, рефераттар

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) сабақтың мақсаты мен таныстару

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қысқаша видеоролик көру

«Ерден ата»

Психологиялық дайындық «Ұстаз бен шәкірт»

Қазақ хандығына 550 жыл

Әбілқайыр хандығынан 1465 Керей мен Жәнібек бөлініп шығып Қазақ хандығының негізін қалады.

Қасым хан 1511-1518, 1523 жылдары Жәнібек ханның ұлы Қасым сұлтан 1511 жылдан бастап хандық билікті қолына алды. Қасым ханның кезінде Қазақ хандығы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыды. Алыс, жақын елдерге Қасым ханның аты әйгілі болып, Қазақ хандығы қуатты, іргелі елге айналды.

Қасым ханның билік құрган кезіндегі Қазақ хандығының қуаты мен беделі алыс елдерге танылды. Қасым хан – хандықтың кеңеюі мен нығаюына белсене араласып, өз елін алыс-жақын елдердің бәріне танымал еткен тарихи тұлға. Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды. Қасым хан мемлекеттің қоғамдық өмірінде қарама-қарсы қайшылықтарды болдырмау үшін бірқатар заңдар шығарды. Оның заңы « Қасым ханның қасқа жолы» деген атаумен осы күнге дейін ел аузында айтылып келеді.

Хақназар хан 1538 ж.

Қазақ хандығының халықаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның баласы Хақназар хан зор үлес қосты. Хақназар хан (1538-1580) хан тағына отырысымен көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты күшейтіп, өз хандығының саяси белсенділігін арттыруға көп күш жұмсады.

Тәуекел хан 1582-1598 жылдары ханық етті.

Тәуекелдің хандық билікті қолына алған кезінде Қазақ хандығының сыртқы жағдайы өте ауыр еді. XVI ғасырдың аяқ кезінде Қазақ хандығының күш-қуаты артып, халқының саны өсіп, қонысы мен шекарасы кеңіп, аса қуатты мемлекетке айналды.

Есім хан (1598-1628жж.)

Есім сол кездің өзінде-ақ қазақтың көп санды әскерін басқарған. Ташкент, Түркістан аймағын билеген, көрнекті сұлтан еді. Сондықтан та қазақ әскері мен сұлтандардың көпшілігі Есімнің хан болуын қалаған. Есім хан өзінің билігінің алғашқы кезінде Бұхар ханымен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қасым ханның «қасқа жолының» арқасында қазақтың күшті мемлекеті құрылғандығы айтылды. Алайда Қазақ хандығы қайтадан дағдарысқа ұшыраған еді. Осындай қиын кезде Есім хан м емлекет билігін қолға алып, ішкі-сыртқы саясатта тәртіп орнатты. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.

Тәуке хан

Жоңғар әскерлері 1680 жылдары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға қайта баса-көктеп кіріп, бірнеше қазақ ұлыстарын талқандады. Тәукенің хан болу қарсаңындағы елдің саяси жағдайы осындай ауыртпалықта еді. Тәуке жас кезінен-ақ билікке араласқан. Хан тағына отырған соң, Қазақ хандығының асқынған ішкі феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жоюға тырысты. Тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына назар аударып, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды мақсат етті. Сол мақсаттың түп қазығы «Жеті жарғы» еді. Жеті жарғыда мына мәселелер қарастырылды: 1. Жер дауы. 2. Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3. Ұрлық-қарлық, барымта. 4. Бір халық пен ру арасындағы дау. 5. Ұлтын жаудан қорғау. 6. Құн дауы. 7. Жер дауы.

Абылай хан (1771-1781жж.)

Абылай ресми түрде 1771 жылы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін ғана таққа отырды. Абылай өз заманының көреген де ақылды саясаткері, даңқты батыры, өткір ойлы, дарынды дипломаты болған. Ол сонымен қатар мұсылмандық білім алған сауатты билеуші болды. Абылай хан өзінің білгір ішкі, сыртқы саясатымен Қазақ хандығын мықты да біртұтас мемлекетке айналдырды. Абылай хан билік құрған кезеңде мемлекет шекарасы одан әрі кеңейді. Қазақ халқының мерейі тасып, рухы көтерілді. 1781 жылы Абылай хан Түркістанда қайтыс болды. Оның денесі қасиетті Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде жерленген.

Кенесары хан

Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығының тұтастығы мен билігі әлсірей бастады. Кенесары хан қазақ халқының ұлт-азаттық күресін басқарды. Ол кезінде Абылайдың мекені болған Көкшетау өңірінде 1802 жылы дүниеге келген. Қазақтың аты алты алашқа танылған ханы, Абылайдың немересі Кенесарының әкесі Қасым Абылай ханның ең мықты да жау жүрек ұлдарының бірі болған. Кенесарының заманында қазақ жері күннен-күнге тарылып, біртұтастығынан айырылған. Кенесары атасы Абылайдың тұсындағы қазақ жерінің тұтастығын қалпына келтіру үшін күресті. Кенесары Қасымұлы 1847 жылы 45 жасында Алатау баурайында қырғыз манаптарының қолынан қаза тапты.

1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы Исатай мен Махамбет бастаған халық-азаттық көтеріліс.

1836-1838 жылдардағы Ресей үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы халық-азаттық көтерілістің басты себебі жер мәселесі болды. Орыс үкіметіне арқа сүйеген Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің өз қарамағындағы халыққа көрсеткен қысымшылдығына қарсы шаруалар бас көтерді. Бөкей ордасы мен Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы өлке аталады. Бұл қозғалысты Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарды. Исатай қазіргі Атырау облысының Исатай ауданындағы «Тайман жолы» деген жерде дүниеге келген. Жоңғар шапқыншылығы кезінде аты көпке мәлім болған Ағатай батырдың ұрпағы. Исатайдың сенімді серігі әрі досы Махамбет Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданындағы Нарын құмында дүниеге келген. Ол бала кезінен мұсылманша білім алған, сауатты болған. Исатай батыр патша әскерімен болған қанды шайқас кезінде қаза тапқан. Ал Махамбетті көтеріліс күшпен басылғаннан кейін, патша үкіметіне тыңшылық жасаған сатқындар қапылыста өлтіреді.

1914-1918 жж. – Бірінші дүниежүзілік соғыс.

1916ж., 25 маусым – Бұратаналарды тыл жұмыстарына алу туралы патша жарлығы.

1918-1920 жж. – Шетелдік интервенция және Азамат соғысы.

1939 ж., 1 қыркүйек – Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.

1941ж., 22 маусым – Ұлы Отан соғысының басталуы.
Қорытынды

Сабақты ұшақ ойынымен пысықтау.



Ой-танымдық, ұтымды және кері бағыттағы сабақтан алған әсерлерін арнайы смайликтерге жабыстыру.

Оқушылармен қоштасу. Сау болыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет