2021-2022 оқу жылына арналған педагог-психолог жұмысының жылдық талдауы.
Педагог-психолог: Дуйсенова Л.Н.
2021-2022 оқу жылы қойылған мақсат: Жаңартылған білім беру аясында рухани дамыған, зияткертұлғаны тәрбиелеу барысында білім алушылардың креативті, функцоналды сауатты шығармашыл, бәсекелестік сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыра отырыпбілім беру әлеуетін көтеру, психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік психоогиялық жағдай жасау және қолдау көрсету.
Міндеттері:
Оқу іс-әрекетінде табыстылыққа ықпал ететін оқушылардың жеке даму динамикасының, бейімделуі мен одан әрі әлеуметтенуінің ерекшеліктерін анықтау.
Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан көмек көрсету.
Білім беру үрдісінде қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.
Әлеуметтік-психологиялық климаттың үйлесімділігіне ықпал ету үшін педагогтардың эмоциялық жануының алдын алу.
Әр түрлі жас кезеңдерінде білім алушылардың тұлғалық және интеллектуалдық дамуына ықпал ету.
Жұмыс келесі бағыттар бойынша салынды:
Диагностикалық әрекет:
Жоспар бойынша барлық диагностикалық іс-шаралар уақытылы жүргізілді, хаттамалар мен оқушылардың жеке карточкалары бар.
«Түзету-дамыту» бағыты бойынша 1-4 сыныптардағы даму деңгейі жоғары және төмен оқушылардың түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.
6-7 сынып оқушыларымен балалар ұжымының ұйымшылдығы, алаңдаушылықты төмендету бойынша тренингтер өткізілді.
Тәрбиелік-профилактикалық бағыты: педагогикалық кеңесте сөз сөйлеу, вебинарлар мен семинарларға, біліктілікті арттыру курстарына қатысу.
Достарыңызбен бөлісу: |