2019-2020 оқу жылындағы физика пәнін оқыту туралы анықтама.
Физика пәнінінің оқытылу жағдайын зерттеу мақсатында зерделеу жүргізілді.
Физика пән мұғалімі: Л.С. Нұрханова Пән мұғалімі білім көтеру курстарынан мерзімінде өткен. Еңбек өтілі 32 жыл .
«Физика» пәнін 7-11 сыныптарда оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру, физиканың негiзгi заңдарымен танысудан, табиғаттың құбылысын зерттеуден меңгерген білімі және білігін техникада және күнделiктi өмiрде пайдалана білуіне негізделген. 7-11 сыныптарда «Физика» пәнін оқытқанда оқушылардың жас ерекшелігін, оқу үдерісінің логикасын, пәнішілік және пәнаралық байланыстарды ескере отырып тарауларды және тақырыптарды оқытудың сабақтастығы сақталуы ескерілген.
Мектептегі физика , математика пәндері мұғалімдердің қаңтар айындағы өткізген сабақтарына қатысу жоспарланып уақытында сараланды. Мұғалімдер ЖБМБ сабақ өткізу стратегияларын мүмкіндігінше ортаға салуға тырысты. ЖББМ бойынша курстан өткен мұғалімдердің негізгі мақсаты - оқыту үрдісінде ақпараттық-коммуникативті технологиялар мен топтық жұмыс арқылы оқушылардың бағалауға деген көзқарасын өзгертуді көздеді. Себебі мектеп бойынша алынған тақырып топтық жұмысқа байланысты болды.
Мұғалімдердің 5-11 сыныптарда жүргізген сабақтарында бағалаудың формативті, жиынтық түрлерін қолдануы тиімді тәсілдермен жүзеге асты.. Топтық жұмыс барысында оқушылар бір-бірін, жеке өздерін, бірыңғай топ мүшелерін бағалау үшін біршама тапсырмалар орындап шықты.
Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, ұйымдасқан түрде талқылау жүргізілді. Бағалау критерийлері көп сұрақтар туындатты, жоспарлау кезінде де аса көп тебірентетіні де, қиындығы да осы бағалауда екені анықталды.
Әр сабақ жоспарын ұйымдастыру алдында мұғалімдер бір-бірімен келісіп, сабақ жоспарын талқылап, ақылдасып отырады. Мүмкіндігінше белгілі бір модульге сүйене отырып сабақты жүйелі жоспарлауды көздейді. Барлық өткізілген сабақтар өзінің белгіленген мерзімінде және күнтізбелік жоспарға сай ұйымдастырылды. Аталған модульдер негізге алынды және сабақтар барысында тиімді жетістіктерге жету нәтижесі байқалды. Әр мұғалім өзінің шеберлігін дәлелдеуге тырысты, қатысушылардың қызығушылығын арттыруды көздеді және өз нәтижесіне жетті. Әрине, жоспарланған сабақтарда көптеген қолайсыз жағдайларда кездесті, атап айтсақ:
1. Сабақтар жүргізуде мұғалімдердің интерактивті тақтаны қолданбауы;
2. Сабақ өткізуде тәжірибенің аздығынан оқушылардың кейбір тәсілдерге төселмегендігі;
Қазіргі заман талабы, әр оқушы, әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны көбіне өзі игеріп, ізденіп, талдау жасап, пікір таластыру деңгейіне жетіп, үнемі даму үстінде болуын қалайды. Ол үшін мұғалім: Проблеманы қоя білетін, проблеманың шығу жолдарын іздейтін, әдебиеттер пайдалана алатын, ұсыныс пікір айта алатын болуы керек. Осындай ізденіс жұмыстарың нәтижесі білім сапасының көтерілуіне себеп болады. Сондықтан оқушыларды мақсатты түрде өзі тырысып, ізденімпаздық қасиеттерін дамытатындай әдістемені қолдана білуді және үнемі даму үстінде болу – мұғалімнің сабақ мақсатына жетуінің салдары болар еді.
Үлгілі сабақ өткізуде мұғалімдер неге қиналды? Себебі топқа бөлген кезде оқушылар тең бөлінбеді, жақсы оқитын оқушылар бір топқа жиналып, орташа оқитындары белсенділік танытпай отыруы да бір жағынан жұмысты ұйымдастыруда кеткен қателік болды. Бұл жағдайдан есте сақтайтын жағдай – топтық жұмысты жоспарлаған сәтте оқушылардың әр түрлі қырларын танып, біліп отырғызу қажет екен. Өз іс-әрекеттерін бағалауда оқушылардың жазып берген рефлекциясы едәуір көмектесті. Оқушылардың ашық әрі дұрыс айқындалған пікірлерімен бөлісе алуы кері байланыс арқылы жеткен жетістік деп есептеуге болады. Алдағы уақытта да мектептегі шығармашылық топ төңірегінде әлі дамытушылық және танымдық іс-шараларды ұйымдастыру қажет. Өзара сабақтарға қатысу арқылы шеберлігіміз арта түсетіні де даусыз. Сондықтан бұл жұмыс тоқтап қалмай, алдағы уақытта жетіле түсуіне қызмет жасауымыз қажет .
Зерделеу нәтижесіндегі ұсыныстар :
1. Өзара сабақтарға қатысуды жалғастыру
2. Басқа мектептермен тәжірибе алмасу мақсатында кездесулер ұйымдастыру
3. Тәжірибелі мамандардың қатысуымен түрлі жұмыстарды ұйымдастырумен қатар, шебер сыныптарға қатысу, тәжірибемен бөлісу
Достарыңызбен бөлісу: |