«Оқу онлайн сервистары» ықшам семинарға талдау



Дата17.05.2023
өлшемі13,55 Kb.
#176926
түріСеминар
Байланысты:
анализ микро-семинар


«Оқу онлайн сервистары» ықшам семинарға талдау

16.05.2023 жылы информатика және арнайы пәндер оқытушысы Абеуов К.Б. колледж оқытушыларына арнап «Оқу онлайн сервистары» ықшам семинарын өткізді. Микро-семинардың мақсаты: семинарға қатысушыларды қолданыстағы онлайн білім беру сервистерімен және сабақтарда қолданылатын интерактивті тапсырмалармен таныстыру.


Интернет ресурстарды талдау негізінде Абеуов К.Б. жиі қолданылатын онлайн білім беру сервистарын жинап https://bgtk216.wixsite.com/seminar атты сайт құрды. Ол сайтта бөлімдер бойынша сабақтарда қолданылатын әртүрлі интерактивті тапсырмалар, сондай-ақ көрсетілген оқу онлайн сервистарға тіркелу және онда жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтар мен шолулар орналастырылған.
Интерактивті тапсырмалар келесі бөлімдерден құралған: салыстыру, кездейсоқ карталар, кездейсоқ дөңгелек, топтық сұрыптау, хронология, викториналар, белгілері бар диаграмма, сөздерді іздеу, кроссворд, тапсырмалар, анаграмма, жетіспейтін сөз, жұпты табыңыз, бейне файлдардағы сұрақтар, терминдерді үйрену.
Келесі сервистар бойынша нұсқаулар мен шолулар берілген: edpuzzle.com, quizlet.com, spinthewheel.io, wordwall.net, fluentkey.com, flippity.net, joyteka.com, tinytap.com, learningapps.org, brandquiz.io.
Сондай-ақ, сайтта оқытушылардан сабақтарда қолданатын жаңа қызметтерді қабылдау үшін кері байланыс нысаны бар.
Микро-семинарда Абеуов К.Б. жиналған оқытушыларға жоғарыда көрсетілген оқу онлайн сервистері мен интерактивті тапсырмаларды көрсетіп, қолдану тәсілдерімен бөлісті. Микро-семинарға қатысқан оқытушылар саны – 11.
Семинарға қатысушылар семинардан алған жаңа және қызықты мағлұмат үшін және оқу онлайн сервистары мен интерактивті тапсырмаларды жүйелеген үшін алғыстарын білдірді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет