ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
Ибрагимова М.Н., Нусупбаева С.А., Мәжиқызы Н.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Білім саласында жастарды біліммен сусындатып қана қоймай, олардың көзі ашық, зиялы, адамгершілігі мол, жауапкершілікті мойнына ала білетін тұлға ретінде қалыптасуына көп көңіл бөлінуде. Республикамыз білім ордаларын компьютерлік технологиялармен жабдықтап, маман кадрларды даярлауды қолға алды.
Жаңа технологиялар дамыған заманда түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып сабақ ұйымдастыру жетістікке жетелейді. Әсіресе талапкерлерді жоғары оқу орнына түсу үшін дайындық баланы жалықтырмайтын, шаршатпайтын тәсілдермен жүргізілуі қажет. Үнемі тест жаттап, кітаптан басын алмайтын талапкерлерімізді дұрыс бағытта дайындау қажет. Қазақстан тарихы пәні бойынша білімалушының есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында сабақта тиімді әдістер қолданудың орны ерекше.
Кез келген пән бойынша бұрыннан қолданылып келе жатқан ойын сабақтары білім алушыны сергітеді, белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін дамытады. Төменде Қазақстан тарихы пәні бойынша өткізілген ойын сабағы берілген. Сайыс сабақтарын түрлі жолдармен өткізуге болады. Біз өз тәжірибемізде кезең-кезең бойынша бір сайысты тек тарихи даталар бойынша, келесі бір сайысты тарихи тұлғалар бойынша өткізіп білімалушының есте сақтау қабілетін арттыруға мүмкіндіктер береміз. Кредиттік технология бойынша білім алушының даралануына жол ашып, ойынды өздеріне ұйымдастыруды тапсырамыз.
Сайыс тақырыбы: «Бұл кім?» Кезеңі: Түрік қағанаты мен Қазақ хандығы аралығы.
Сайыс бес айналымнан тұрып, төрт топ қатыстырылды.
І айналым. «Кемеңгер көшбасшылар». Слайдтан кез-келген көшбасшының есімі көрсетіледі, қатысушылар оның қай жылы билік құрғанын тапса 5 ұпай және қай мемлекетті билегенін қосымша айтса екі 10 беріледі. Әр топқа оңайдан қиынға жүретін бес сұрақ бірден қойылады.
1-топ сұрақтары:
Наркеш Дайын – 1160-1203 ж.ж. – Найман мемлекеті
Шегу – 610-618 ж.ж. – Батыс Түрік қағанаты
Сұлу – 615-738 ж.ж. – Түргеш қағанаты
Берке – 1256-1266 ж.ж. – Алтын Орда мемлекеті
Әмір Темір – 1370-1405 ж.ж. – Монғолстан мемлекеті
2-топ сұрақтары:
Есен-бұға – 1433-1462 ж.ж. – Монғолстан мемлекеті
Тон – 618-630 ж. – Батыс Түрік қағанаты
Сақал – 706-711 ж.ж. – Түргеш Қағанаты
Елюй Дашы – 1125-1143 ж.ж. – Қарақытайлар мемлекеті
Өзбек – 1312-1342 ж.ж. – Алтын Орда мемлекеті
3-топ сұрақтары:
Әбілқайыр – 1428-1468 ж.ж. – Көшпелі Өзбек мемлекеті
Едіге – 1411-1419 ж.ж. – Ноғай Ордасы
Меңгу-Темір – 1266-1280 ж.ж. – Алтын Орда мемлекеті
Әли-Арсылан – 960-990 ж.ж. – Қарахан мемлекеті
Үшлік – 699-706 ж.ж. – Түргеш қағанаты
4-топ сұрақтары:
Сатұқ-Боғра – 915-955 ж.ж. – Қарахан мемлекеті
Жәнібек – 1342-1357 ж.ж. - Алтын Орда мемлекеті
Батый – 1227-1255 ж.ж. – Алтын Орда мемлекеті
Жыпыр – 749-753 ж.ж. - Түргеш қағанаты
Тохты – 1290-1312 ж.ж. – Алтын Орда мемлекеті
ІІ айналым. «Тұлғалар портреті» айналымында әр топқа екіден сегіз тұлғаның портреті көрсетіледі. Портреттер арқылы тұлғаның аты-жөнін, туылған жылын табу керек. Аты-жөнін тапса 5 ұпай, ал туылған жылын бірге айтса 10 ұпай беріледі.
1. Махмуд Қашғари – 1030-1090 ж.ж.
2. Қожа Ахмет Йасауи – 1103-1167 ж.ж.
3. Жүсіп Баласағұн – 1021-1075 ж.ж.
4. Әбу Райхан әл-Бируни – 973-1050 ж.ж.
5. Әмір-Темір – 1336-1405 ж.ж.
6. Темүжін – 1155-1227 ж.ж.
7. Әбу Насыр әл-Фараби – 870-950 ж.ж.
8. Геродот – б.з.б 484-425 ж.ж.
ІІІ айналым. «Терминдер» айналымында терминдер көрсетіліп, оның қай қағандармен байланысты екенін табуы қажет. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.
1 «Елхан»---552-жылы Бумын қағанның алған атағы
2 «Селиф»---Тон қаған тұсында салық жинауға бекітілген адамдар
3 «Он-оқ Будун»---Ешбар Елтеріс қаған енгізген билік жүйесі
4 «Мүйізді қаған»---Арабтардың Сұлу қағанға берген атағы
5 «Күй үн чінсан тәйжі»---Шыңғыс ханның Мұқылайға берген атағы
6 «Гурхан»---1201-жылы Жамұқа өзін «гурхан» деп жариялады
7 «Ұыл хас Хажип»---Сүлеймен Арсылан ханның Жүсіп Баласағұнға берген лауазымы
8 «Хакім ата»---Сүлеймен Бақырғани ел ішінде Хакім ата атанған
ІV айналым. «Асыл мұралар» айналымында екі еңбектің атаулары көрсетіледі. Бұл жерде қатысушылар еңбектің авторларын табуы қажет. Екеуін тапса 10 ұпай, біреуіне 5 ұпай.
1-топ:
«Асыл тастар» --- Әбу Райхан әл-Бируни
«Ақиқат сыйы» --- Ахмет Иүгнеки
2-топ:
«Музыканың ұлы кітабы» --- Әбу Насыр әл-Фараби
«Жүсіп-Зылиқа» --- Әли ақын
3-топ:
«Түрік тілдерінің сөздігі» --- Махмуд Қашғари
«Ақыр заман» --- Сүлеймен Бақырғани
4-топ:
«Құтадғу білік» --- Жүсіп Баласағұн
«Даналық кітап» --- Қожа Ахмет Йассауи
V айналым. «Жасырылған тұлға» айналымында мәтінде сұрақ белгі қойылған жердегі ел билеушілерін табады. Әр топқа оңайдан қиынға қарай бес сұрақ бірден қойылады.
1. 552 жылы ? қаза болып баласы ? қаған болды.
2. 552-554 жылдары Қара-Ескенің баласы ? кезінде жужандар бас көтерместей жеңілді.
3. Батыс Түрік қағанатын күшейткен қағандар ?
4. 634 жылы ? билікті өз қолына алды.
5. 741 жылы ? қайтыс болғаннан кейін қағанат ыдырай бастады.
6. 717 жылы ? Таң империясына сапарға барды.
7. 749-753 жылдары қара түргештердің тарханы ? билікті өз қолына алды.
8. 840 жылы жеңістен кейін ? Испиджап билеушісі өзін қаған деп жариялады.
9. Билікті 955 жылы ханның баласы ? алды.
10. Мұса хан қаза болған соң оның орнына ? хан болды.
11. Мемлекет найман ханы ? кезінде дами бастады.
12. Керейіт мемлекетінің шарықтау шегі ? қағандар кезінде болды.
13. 1155 жылы Елюй Дашидің қызы ? ел биледі.
14. 1217 жылы Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға ? жіберді.
15. 1266 жылы ? Кавказ жерінде қаза болды.
16. ? 1327-1328 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырды.
17. 1370 жылы жездесінің билігін қолына алып, ? Мауараннахрды басып алды.
18. 1456-1457 жылдары ? Сығанақ қаласы түбінде Үз-Темір бастаған ойраттармен соғыста жеңіліп қалды.
19. Едігенің баласы ? кезінде Ноғай ордасы өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шығады.
20. Алтын Орданың гүлденген кезі ? мен оның баласы ? билік еткен тұстары болды.
Қорыта келе айтарымыз, тыңдаушыларға дәрісті меңгерту барысында кез-келген әдіс-тәсілдерді қарастырумыз қажет.
Қазіргі уақытта тәжірибе арқылы нәтиже көрсеткен ойын ретінде ұйымдастырылған сайыстарды қайталау сабағында көптеп қолдана бастадық.
Ойын арқылы тыңдаушы нені меңгереді:
1. Тыңдаушылар ойынды құрастыру барысында жауаптылықты сезінеді.
2. Тыңдаушыларға қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді қайталау арқылы нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Уақытқа бағынуды, үнемдеуді үйретеді.
5. Топ болып бірігу арқылы бір-біріне үйренеді.
6. Ойын барысында шешім қабылдау тыңдаушыларды салқынқандылық пен асықпай жауапкершіліпен жауап беруді талап етеді.
7. Ойын материалдары бір тақырып көлемінде болмағандықтан, дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
8. Кітапханада көп ізденуге үйретеді.
Әдебиеттер
Құнапина Қ.Қ., Құмғанбаев Ж.Ж., Махаева А.Ш. Қазақстан тарихынан әдістемелік-анықтамалық нұсқау. 2011-2012 оқу жылы. 214-бет.
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А, 1995, 175-бет.
Қазақстан тарихы:талапкерге арналған оқулық-тест / С.Ш.Талдахметов. Алматы: ШЫҢ-КІТАП, 2015-379 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |