Оқушы аты-жөні: Жалғасбек Нұржамал
11 «Ә» сынып Дүниежүзі тарихы пәнінен ІV тоқсан бақылау жұмысы
Сұрақтарға жауапберіңдер:
«Азияның араб елдері»
Оңтүстік және тропиктік Африка елдері
ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. басындағы халықаралық қатынастар
Жауаптары:
Азиядағы Араб елдеріне Бахрейн, Иордания, Ирак, Йемен, Катар, Кувейт, Ливан, БАӘ, Оман, Палестина, Сауд Арабиясы және Сирия жатады
Африка құрлығында 54 мемлекет бар. Олардың үшеуі монархия, біреуі Федеративті Республика. Негізінен олар Солтүстік, Батыс, Оңтүстік, Орталық, Шығыс Африка елдері болып бөлінеді. Африкада 1 млрд-қа жуық (985 млн) халық тұрады. Ол дүниежүзі халқының 13%-ын құрайды. Бірақ олардың құрылыққа таралуы біркелкі емес. Халықтың 70%-ы ауылдық елді-мекендерде қоныстанған және олардың 90%-ы ауыл шаруашылығында еңбекпен қамтылған. Орта есеппен әр шаршы шақырымға 22 адамға дейін орналасқан. Африканы ғылыми әдебиеттерде екі үлкен табиғи және мәдени-тарихи субрегион: Солтүстік Африка және Тропиктік Африка елдері деп бөліп қарастырады. Соның ішінде Тропиктік Африканың құрамына: Батыс, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Африка енеді. Тропиктік Африканың жалпы аумағы 20 млн ш.ш, халық саны 650 млн астам. Сонымен қатар бұл аймақты халқының басым бөлігі экваториалдық (негроидтық) нәсілге жататындықтан «Қара Африка» деп те атайды. Алайда, этникалық құрамына қарай Тропиктік Африканың жеке бөліктері едәуір ерекшеленеді. Тропиктік Африкада жалпы Африка халқының 1/3 бөлігі қоныстанған, саны 10 млн асатын 10 ірі халық өкілдері тұрады, олар: арабы, хауса , фульбе, йоруба, игбо, амхара, оромо, руанда , малагасийлар (мальгаштар), зулустар.
Тропиктік Африка - дүниежүзі елдерінің дамуы жағынан ең кейін қалған бөлігі. Қазіргі саяси бөлініске байланысты құрамына 49 мемлекет кіреді. Бүгінде материалдық өндірістің негізгі көзі ауыл шаруашылығы болып отыр. Ауыл тұрғындарының жартысына жуығы натуралдық ауыл шаруашылығымен айналысса, қалған бөлігі аз тауарлы ауыл шаруашылығына бейімделген.
Тропикалық Африка – урбандалу деңгейі төмен аймақ. Құрамындағы елдердің тек сегізінде ғана «миллионер» қалалары бар. Оларға: Сенегалдағы – Дакка, Конго ДР-ғы - Киншаса, Кенияда – Найроби, Анголада – Луанда қалалары мысал бола алады. Тропикалық Африка транспорттық жол тораптарының дамуы жағынан да артта қалған. Көптеген елдерінде темір жол қатынасы мүлде жоқ, кеме қатынасы жоқ. Тағы бір қиындық туғызатын мәселе – құрғақшылық, ылғалдың жетіспеуі, шөлейт ацмақтарға айналу, өсімдік пен жануарлар дүниесінің азаюы. Әсіресе Сахель зонасының – Сахараның оңтүстігінен Маврики мен Эфиопия аралығында аумақтың шөл далаға айналуы.
1985 жылы М.С.Горбачев КОКП ОК Бас хатшылығына сайланды. «Қайта құру» бағыты арқылы Батыстың алдында біржақты шегіністер жасады. Кеңес-американ келіссөздері қайта жанданды. 1985жыл-Женевада, 1986 жыл-Рейкьявик, 1987 жыл-Вашингтон,1988 жыл-Минск келіссөздері жүргізілді. 1991 жылы кеңес-американ кездесуінде ОСВ-1қаруларын қысқарту туралы шартқа қол қойды.
КСРО ыдырағаннан кейін НАТО өзінің «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасын жариялады. Бұл Ресейдің қорғаныс жүйесін әлсіретті. Ресей мен АҚШ басшыларының бірнеше (2001, 2002, 2007, 2008) кездесулері нәтижесінде 2010 жылы 27 наурызда шабуыл жасайтын қарулардың 1/3 қысқарту жөнінде 10 жыл мерзімге шарт жасасты.
1991 жылы көктемде ВШҰ мен ЭӨК ресми түрде таратылып, Шығыс Еуропа елдерінің шекаралары Батыс еуропалық тауарлар мен капиталдың әкелінуіне ашық болды. НАТО өз альянсының шығысқа ену әрекетін де ұлғайтты.КСРО-дағы «қайта құру» барлық социалистік елдерде дағдарыс туғызды. Югославия, Словения, Хорватия, Босния, Герцеговина егемендіктерін жариялады. Балқан түбегі мен Орта, Таяу шығыста жанжалдар басталды. Сербиядағы ұлтаралық жанжал, 1980 жылы басталған Иран-Ирак соғысы, 1989 жылғы Ирактың Кувейтке басып кіруі, 2003 жылғы АҚШ-тың Иракқа басып кіруі және 2013 жылғы Сириядағы жағдайлар халықаралық саяси жағдайларды шиеленістірді.
Достарыңызбен бөлісу: |