Оќушылар бойындаѓы бейєлеуметтік мінез-ќ±лыќтыњ алдын алу ж±мысын басќару



Дата23.12.2021
өлшемі41 Kb.
#127898
Байланысты:
doc1544006677
1551006400 (копия), Спорт денсаулық кепілі-2 (копия), 1609182608 (1), 7 сынып тест


Оқушылар бойындағы бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу жұмысын басқару
Экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы ырың-жырың, отбасылық тәрбие деңгейінің жеткіліксіздігі және қоғамдағы тұтас салауатты өмір салтын ұсынбау бүгінде көп отбасыларының кедейленуіне, үлкендер мен балалардың бейәлеуметтік мінез-құлықтарына, жұмыссыздыққа, этиканың, эстетиканың және рухани тәрбиенің төмен деңгейде болуына алып келіп отыр.

Өкінішке орай, бізге қалыптан ауытқып кеткен мінез-құлық дағдылы, үйреншікті жағдайға айналды.

Бұл жағдайды екі категорияға бөлеміз:


  1. психологиялық денсаулық қалпына сәйкес келмейтін мінез-құлық;

  2. бейәлеуметтік мінез-құлық.

Белгілі бір жағдайларда бейәлеуметтік мінез-құлыққа бейім оқушыларды «тәуекел тобына» жатқызуға болады. Зерттеулер мен бақылауларға бағыттала отырып «тәуекел тобының»мынандай түрлерін бөліп айтуға болады:

  1. әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларында тұратын балалар;

  2. педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар;

  3. мінез-құлқында ауытқуы бар балалар;

  4. қиын жағдайларға түсіп қалған балалар;

  5. қарым-қатынас тапшылығын сезініп жүрген балалар.

Сондықтан проблеманы шешу үшін жүргізіліп жатқан жұмысты жүйелей білу қажет және баланы талаптар үлгісіне тықыртуға жол бермейтін, керісінше оның мінез-құлқына өзгерістер енгізіп тұратын, оқушының жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызатын оңтайлы технологияны әзірлеу қажет.

Психологиялық-педагогикалық тәжірибені нақты сараптау негізінде құрылған іс-әрекеттің мазмұны балаларға төмендегідей қауіп-қатер дереккөздерін бөлуге мүмкіндік берді.

Қауіп-қатер дереккөздері.

Отбасы:


  • балаға отбасында асыра қамқорлық жасау;

  • бала қабылдай алмайтын ата-аналарының өмір сүру салты мен мінез-құлқы;

  • отбасындағы зорлық пен агрессия.

Қоғам:

  • ақпараттың көп болуы: БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары), Интернет, теледидар, видео.

Мен өзім:

  • өмірлік бағыттарды, құндылықтарды құрудағы қиыншылықтар;

  • ішкі жалғыздық, адамдардың оны түсініспеушілігі;

  • өзінің жолы болмайтындығына уайымдау;

  • өзін-өзі төмен бағалау,өзін-өзі түсіну қиыншылығы;

  • дұрыс өмірлік мақсатының болмауы;

  • айналасындағылармен өзара әрекет жасай алмауы;

  • эмоционалдық ортаның тұрақсыздығы;

  • денсаулық жағдайы.

Құрбы-құрдастары:



  • өзін-өзі нығайтудың тең құқықтық түрлері;

  • бағыну немесе тәуелсіздік, қорғану принциптеріне негізделген қарым-қатынас және криминалды адамдармен қарым-қатынас.

Бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу жұмысында неге назар аудару керек?

  • оқу орны мен ата-ана қиын балаға тәрбисін беріп қана қоймай, олармен бірге бақылау органдары қадағалаулары жөн;

  • педагогтың міндеті – бала бойындағы жақсы қасиеттерді көре білу және оны дамыта білу;

  • үлгермейтін балаларға басқаша тапсырма беру;

  • баланың қабілетті екенін өзіне сезіндіру;

  • бала өзін-өзі тәрбиелеу керек, сырттан берілген тәрбие оған қонбайды;

  • тәрбие нәтижелі болу үшін баланың жақсы қасиетін өзіне дәлелдеп көрсету керек;

  • өзінің өмірде орны бар екендігін сезіндіре білу;

  • қадағалай бермей, ақыл-кеңес беріп отыру;

  • жақсы қасиетін дәріптеу;

  • ешқашан ешкімнің жамандығын бетіне баспау;

  • көшедегі бұзақы топпен қатынасын үзу;

  • балаға қуаныш сыйлай білу.

Бойында бейәлеуметтік мінез-құлығы бар оқушылармен әңгімелескенде жетістікке жетудегі 5 негізгі жағдай:

    1. Айқын, анық мақсатты алға қою.

    2. Әңгімелесудің өткізілу уақыты мен жерін дұрыс таңдау. Оқушы бір нәрсені бүлдіріп қойғаннан кеінгі жағдайда, біреулердің көзінше немесе жол жөнекей әңгімелесу дұрыс нәтиже бермейді.

    3. Оқушыға деген шынайы сыйластық және мейірбанды қарым-қатынас, педагогикалық оптимизм.

Ешқандай оқыту-үйретуді, жастың үлкендігін, білімнің, тәжірибенің жоғарылығын көрсетуге болмайды.

    1. Тек қана сөйлей білу икемділігі ғана емес, тыңдай білу икемділігі.

    2. Оқушының жеке ерекшеліктерін білу.

Қорыта келгенде, бойында бейәлеуметтік мінез-құлығы бар оқушылармен психологиялық-педагогикалық жұмыс жүргізудің негізі – түсіну, оны қабылдау, көмек көрсету.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет