«Басса-Дарки»әдістемесі. Мақсаты: Бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау.
Бала агрессиясына зерттеушілер әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршағаң орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым куалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лорнед, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрациямен байланыстыратын теориялар да бар (Маллер, Дуб,Доллард).